Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!



бет19/24
Дата17.06.2016
өлшемі1.71 Mb.
#142170
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
перделерінің нұрланып ашыла бастауымен, бүкіл денеде қуаттардың ағысы болып, кейде дауыл соғып бұрқанған көлдей толқынды, кейде сарқыраған өзендей адуынды қуаттардың алмасуымен, алақанның бір ысып, бір суып, түрлі пайдалы, пайдасыз өрістерді шығарумен, тәндік зат алмасуын да, түрлі иістердің тәнен бұрқырап шығуына да әсер беретін еді. Сондықтан мұндай жағдайда қасиетті әйел мен ер арасындағы неке төсегі арқылы да және ордаларда тазарту емшілік істерін меңгеру де тиісті болып, ескі қуаттарды, отынды уақытылы жағып, алақан жылуын, діл қуатын да өз ара алмасуымен, пенделер арасында да бір-бірлерін тазартуға қуаттар алмасуын қажет ететін. Бірақ, көптеген ордаларда мұндай жағдайдың қалыптаспай, білімі де болмай және кейінгі кездерде тәнді күнәлі рухтардан тазарудың негізі болған қамшыға да, ата жолының басқарушылары тарапынан да тиым салынды. Ата жолында тек батаның ғана кереметін жеткізе білудің арқасында ғана халықты жалпы керуенге шақырумен атқарылып, ал негізінде әрбір ата жолына келген пенденің әулие басынан шығатын нұрдан қандай шипа және рахмет алуына ғана байланысты болып қалды. Бірақ бұл шарлардың да азғындыққа түсуіне жәрдемге шайтан араласып, өз жамағаттары арқылы дәретсіз, арсыздықпен зияратарды аралаудан, әлі ештеменің мәнісін түсінбейтін пенделер түгіл, енді ондай арсыз істерді аққу, сұңқарлар және өз бетінше зияратаушы емшілер, қатындар да болып, оған «шортымен» яғни шайтан дамбалмен, жалаңбас жүретін ерлердің азғындары, аузы боқтан босамайтын, жүректері сезбейтін хайуанға айналғандары да үлгі көрсетіп, мұндай көк суының ақ бұлақтарының қазақ елінде шөп, шалам түсіп былғанбаған әулие басы қалмағаны да хақ. Енді осындай зияраттардан нұр, ар суын ала да білмейтін ер, әйел затының да бой киімін сақтамаудан неке төсегі арқылы бір-біріне беретін сыйы, зейнет киімі яғни жыныстық ұрығының ар киімі де ластанып, жұбайларына төсек арқылы азық болып енумен ар сауытының арамдануы да сөзсіз. Мұндай жағдайда әуелі әйел затының шайтанын өсірумен, жынды мінезді қылығын да ойлау қабілетін де, діл білімін, сезім қуатын тазартып жетілдірмей керісінше еркеке бертін теріс қуаттары да жетіліп, ерінің қанын да аздыратыны да даусыз. Ал Ақ ұлдың жеке басына жұбайларының мұндай қасиеттермен, тақуалықты сақтамауы мүлде қауіпті және жаратылыстан тағдыры мықты болып, жоғарыдан келген әулиелік, періштелік дәрежедегі аманат жанға қатерлі де еді. Негізінен қарапайым қасиетті меңгерген сұңқарлардың 9-жыл сынақтан өтуіне қарай ғана жан мен сезім және сезім мен көк нәрселерінің, мүліктерінің арасындағы перделердің толық ашылуы қандай дәрежеде мөрмен байланысты хикметтерді меңгеру рух, тән, жан тазылғына байланысыты өлшеніп берілу тиісті болды. Ал Ақ ұлдың негізгі мөрдің сақтаушысына мұндай перденің бастан ашық болып, қуатты, тазармаған жанға қауіпті ақпараттардың келуі де мөр мұғжизасына байланысты, маңдайдағы басқарушы жанның періштелік дәрежесі «жұлдыз»-насыр болып, Раббымыздан белгілі бір кезеңдерге дейін қорғалған еді. Және 9-жылдық сынақтардан өту барысында тән, рух, жан тақуалығын, ар сауытын толық қалыптастырып үлгеру тиісті болды. Енді Ақ ұлдың 9-жыл сынақтан өтуге байланысты, бұл перделердің толық ашылып және бастапқы аманаттарды «насыр» жанды, күзетші періштелерді өз орнына қайтарып, ата-анамен тәнмен, рухпен тіршілік барысында қалыптасқан мал қуаттарын меңгеруге және соған байланысты туылған аруақтың да жоғары періштелікке дәрежелікке қарай толық тазартуға арналаған сынақ кезеңі басталған да еді. Негізінен дінің сопылық жолындағы барлық адам баласына берілетін, мұндай сынақтардан өтуге арналған ішкі жан сағаты 3-кезеңнен, 10-күнен, 6-айлық рухани малдық, қуаттық түрлерінен және 4-мезгілді сынақтардан да тұрып Шәкәрім атамыз оның негізі ортасы маңызды әрі қауіпті деп ескерткен. Сол орта өмірдің екінші сағаттың зейнетелуі 48-жаспен аяқталып 49-жастан бастап, адам баласының рухани қажылығы яғни 97-санды қабілеті пайда болу керек. Бұрынғы замандарда мұндай белестерді толық меңгермей және аруақтардан жол салмаса өз бетінше қажылыққа да дүние шашып та бармаған. Егер аянмен қажылыққа шақыру келмесе құлшылғым әлі жеткіліксіз деген аталарымызда ар білімі болған. Сондықтан да бұл сатыны Інжіл кітабында; «Назареттік ант» деп бастағы періште жанмен қоштасу, мойынмен дененің толық жалғанумен де қауіпті кезең болып және бұл сынан, рухани дәрежедегі қажылық өліммен кездесу сатысынан өткен жағдайда шашты сыпырып алдырып, «басым ақиреттік болды» дегендей және денені мойынды да толық жауып тұратын арнаулы киім де киген. Осы жастан ғана бастап, сопылық істерді меңгеру және бұрынғы адал нәрселердің күмәнға айналып, тамақтың да өзі сол замандарда абайлап ішу дағдысы да қалыптасқаны сөзсіз. Және ендігі масхабтық «халал стандарт» дегенің өзі құран аяттарына қарсы, барлық дінде де жалған пәтуа. Негізінен шерік қатып, дінді бөлшектеу амалына, шайтан жамағатының әрекеттеріне жатады. Енді осындай қатерлі тура жолға шығуға байланысты пайда болатын сынақтардан кезінде барлық әулие аталарымыз өткендігі және ондай жағдайда Абай атамыз: «Сопылық қылып дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған бір тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған сопылық?» деп дін бақташысы шопан болып, сезім қуаттарын жетілдіріп, сопы-дәуріштік хикметерді меңгеру үшін, әуелде көңіл қуатын тек тақуа әйел затының жанынан келетін сенім қуатын және жүректе толық тыныштық, қоғамдағы, ортадағы тұрмыстық жағдайдың да бірқалыпты болуымен міндетті екенін ескерткен. Бірақ Абай атамыздың сондай ала сапырын уақыттарда да сопылықтың ғылымын бағып, құранды тәпсірлеп кетуінің өзі жар, жұбайларының сенім қуатының неке, көңіл суының, от басылық тұрмысының тақуалығы тазалығы да болғандығын көрсетеді. Ал Ясауи бабамыздың жер астына кіру хикметі мен, көптеген әулие бабаларымыздың Шопан ата, Пір Бекет аталарымыздың елден жырақта таудан мешіт салып өмір сүруімен және Шәкәрім атамыздың мүлде қатын, баласында тастап, жырақта тау кезіп кеткендігі осы сопылықтың жанға қатерлі дәуріштік хикметтерін меңгерумен, жан қуатының жаңа сапаға дәрежеленіп жетілумен байланысты болған. Бірақ ата жолының ерекшелігі де, мұндай сынақтардан халық арасында жүріп, ерекшеленбей-ақ қарапайым жағдайда да өтуге болатын. Мұндай дәрежеге жету жолындағы діл білімі болған, еркек иманының қуаттының жартысы болған, тура жолдың сопылық дәрежелердің бұрынғы замандарда үлкен сынағы болып саналатын әйелдердің де жүрек ашу мұғжизасына байланысты күнәларынан тазаруға қасиетте, нұрда тегін сыйға берілуімен аққу, сұңқар жұп болып, мұндай хикметті істерді меңгеру ата жолында тіптен оңай болды. Және осындай ата-бабамыздан қалған үлгі-өнегені қайта заманға сай қалыптастыру үшін де, Ақ ұлдың жанындағы жоғарғы дәрежемен сый берілгендерге де осындай ділдік қуаттарын жетілдіру үшін де, алдын-ала ондай еркектерге ескертілумен және тек аққулар арасынан ғана өздеріне екінші әйел, көмекшілікке тоқал алуға да міндетелген еді. Бірақ қашанда пендешіліктің басым болатынынан, мұндай жеңілдікті олар керісінше дүние қызығымен алмастырып, сабырмен аян арқылы құпия көрсетілумен, Алланың бұйрығымен ғана некеленуді, өздерінің сезіміне бой алдырумен алмастырып алғаны да сөзсіз. Сондықтан енді мұндай жағдайда діл тазалығы сақталамай, сана қуаты да толық жетілмей, жоғары тазалықты, сенім қуатын, иман дәрежесін тақуалықты ғана қажет ететін хикмет несібелерінің, аят үкімдерінің шындықтың аян, уахи болып көріне де алмауына байланысты берілетін сый, хикмет көрсететін ақ бақсылық қалыптасуы да, ерекше қасиеттердің көктен берілуі де, ата жолындағы ондай пенделерге мүлде тоқтағаны да даусыз. Және ата жолына бұрыннан түсіріліп, көрсетіліп жатқан хикметтермен, бата, аян болып оқылып жатқан аяттар мен аруақ кітаптарының ашылуына қарай, оған қарсы күнәлі қара күштердің де жетілуі болып, көмекшілері сахабалық қасиеттерді меңгеруге тиістілердің, сенім артқан иықтастарының мұндай хикмет күштерін меңгере алмау себебінен де, Ақ ұлға да мұғжиза қуатын сақтап күтуге де қауіп төнумен, әулиелер тарапынан ескерту бата беріліп; Көпшілікпен бірге тамақтануға тиым да салынды. Бұған негізігі себеп, енді Ақ ұлдың 9-жылдық сынақтан өтуімен сезім қуатының тазарып, негізгі әулиелікке жеткізген жанның өз міндетін атқарумен аманатты өз орнына тапсыру сағаты да соққан еді. Яғни екінші өмір сағаты да аяқталып, үшінші сағатқа ауысу сынағы да басталған еді. Аятта; «Сендер бір жағдайдан екіші бір жағдайға өтесіңдер» деген аяттың үкімі де ата жолында және жалпы қазақ елінде рухани дамудың, қиямет мезгілінің, тура жолдың дәрежесіне бірінші болып Ақ ұл көтерілуі тиісті болды. Сонымен бірге ата-анадан берілген рухани жанның өз еншісін алып; бірге көке періштелерге, кітаптарға, уақиларға, жаңадан түсетін ата жолының үкімдеріне тікелей жалғану кезеңі басталған еді. Осындай жағдайларға байланысты да, ата жолының мөр мұғжизасына байланысты да, қазақ елінде ақпараттық, аруақтық жетілудің де жалпыға бірдей екінші дәрежелі қуаттарды толық меңгеру сынақ кезеңі басталып, тарихаттың терең қойнауынан пайғамбарлық дәрежедегі жағалы бабаларымыздың бастары көтеріліп, әлемдік кеңістікті де ақпараттық жаулаумен, көптеген тарихи құпиялардың да өз сырын, хақиқатын көрсететін кезеңі де басталған еді. Бұл біздің шаруашылық істерде жүрген ел, көш басшыларының да рухани жетілуін қалыптастырумен бірге, қазақ елінің жалпы өкениетінің дамуын ілгерлеткені де хақ. Ал дін ілімі саласындағы, мұндай жағдайдағы теңіздің терең түбінен келетін сырларды, қуаттарды меңгеру жолындағы тақуалықты меңгермегендер және аманат қасиеттерді дүниемен айырбастап алғандар үшін, керісінше жүректердің жабылуы, батаның ақпараттық дәрежесінің азайып, аян, уахилардың да көмескіленіп, оқылып жатқан кітаптар да құпияланып жабылуы да болды. Сондықтан бұрынғыдай ашық ескертуге, үнемі батамен жетелеп отыруға, жеңілдік алғандар да, енді мұндай хикметтердің тоқтауымен жолынан адасу басталып, кейбіреулеріміз бағытынан мүлде басқа жаққа қарай, тура жолдың қисығын таңдап, дүниелік істермен ғана шұғылданып кетуі де заңдылық болды. Сонымен бірге, Ақ ұлдың мағрипаттық, хақиқаттық ақпараттарға жалғанумен, мөрдің үшінші сатысы толық күшіне еніп, енді мағрипаттық білімді жалпы қазақ еліне аян болып оқылып, білім-ғылымның да бұлақтары ашылуға, жағалы дана бабаларымыздың аруақтарының бастары көтеріліп, ұрпақтарын ерекше дарынды қасиеттерді меңгеруге негізделген құранның құпия сырлары, аяттары айқын болып көрінумен, жалпы біздерге әлі жұмбақ болған хикметтері де көрсетіліп, ата жолын әлем алдына көрсетуге дайындық кезеңі басталып еді. Енді мұндай құпия сырлардың ашылуымен бірге, оны көктен жеткізетін жанның да қорғаныс қабілетіне, жанына қосымша нұрдың келуімен, бұрынғы жалпыға бірдей болған істермен, әрекеттердің кейбіреулері, енді мұндай іске шақырылғандар үшін күмәнді, әрі ескермесе қауіпті жағдайға апаратын сынақтармен де байланысты болды. Мұндай жоғары дәрежелік елшілік қабілет, қасиеттерді Алланың қадірін, құпия жан білімін меңгеру барысында тек үнемі ораза ұстап, жұртқа адал болғанмен, саған күмәнді болған барлық тағамнан бас тартумен тазарған, қолы ағарған, намаз оқушы, ар сауыты жетілген некелі әйел затының ғана қолынан жеке тамақ ішіп, үнемі нәпсіні күзетумен және ондай көмекші әйелдің қырағылымен, күзетшілігімен, жәрдемімен ғана іске асатыны сөзсіз еді. Болмаса ас, тағамдар арқылы шерік қосылу қаупі зор болмақ. Бұ жағдайдың пайғамбарымыздың да басында болып, жары болған аналарымыздың тақуалықтарының арқасында ғана ислам дінінің қазынасы толық түсірілуге, кітаптарының оқылуына септігін тигізген ислам дініндегі аналар еңбегі мен қадірін де өз орнымен бағалай да білген жөн. Бұндай жағдайда адам баласы ақиретке кітабының жалғануымен, пір болған әулиелер жетегімен ғана өзін жетілдіру әрекеті ғана сынақтан, кедергіден сүрінбей өткізе алатын еді. Бұған байланысты масхаб діншілері және хазіреттері ұсынған шариғат білімі де, «намазхандығы» да жеткіліксіз және Құдай ісі болған пайғамбар шапағатына жалғанып, тікелей бағдар, бағыт алып отырмаса адасып кету де қауіпті болмақ. Сондықтан діншілердің қаралай әулиелерді зираттағанан шерік, жын қосылады деген сөздері жалған болып, керісінше тазарған жын періштелік қуатарын үнемі киелі жерлерді, ойпатарды тылсым пірлерінің көрсетумен зияраттап, жанға қосымша қуат алып, рухын жаңалап, ескіргенін тазалап отырмаса, хаж-нұрмансыз тағы да қауіпті болмақ. Ал, ата жолының шеріктер қағидасы да, ар сауытын қалыптастаруы мен, мектебтік, бағыттық, дүниелік, ақиреттік, сауаптық намаз сабақтары масхаб діншілері ұсынған шартарынан мүлде басқа және күрделі де.

Ата жолының және масхаб ұстанымының шерік қосылу қағидалары.

Енді жалпы шерік қосу дегеніміз шариғат ұстанымы бойынша; арам тамақ жеуден, некесіз жыныстық қатынас жасаудан және түрлі жағдайда жаратылыс түнек күштеріне, жалған тәңір қуаттарына табынудан пайда болады. Бірінші жағдайда тән бұзылып, еттердің өліп, иістеніп сасумен бірге, жараларға айналумен түрлі ауру, азаптарға душар етсе, екінші жыныстық қатынас арқылы рухани азғындық пен ақыл-ойдың жетілмей қалуын, әйел жатырынан пайда болатын теріс қуаттары арқылы еркек санасының жабылуын туындатса, керісінше еркектің белдік тазармаған теріс жыныс қуаттары арқылы әйел сезімінің қараңғылынып, нәпсі күш алып, шайтандық қылықтарының жетілуімен, алақаннан пайда болатын сенім қуаты, алқан жылуы да жоғалуы, керісінше мұндай некелі әйел затының қолының улануы даусыз. Ал жыныстық тазалықты, бойлық, арлылық тақуалықты меңгермеген әйел затының ұрпақтарының да мәңгүтенуін туындатып, аруақтық серігіне де зиян келтіреді. Және барлық рух пен тән, тәнмен жан, жанмен сезім аралық перделердің де қараңғылануымен, өз ара қуат алмасу арналары (натрий жолдары) жабылуымен, әйел затында құйрық майлардың қоңырланып жетіліп, ал еркектерде іш майлары өсіп, арамдануы, ұрығының азуы болып, сондықтан жалпы пенделердің семіздіктерге де ұшырап, қан суы көбейуімен түрлі ауруларға себеп болып, жан қараңғылыққа түсіп, жүректерге мөр түсіп, сана жабылып, жалпы адам баласының ұрпақтарының да өсіп-өнуіне де тағдырына да кері әсерін тигізеді. Адам баласының мұндай жағдайда қандай да бір намаз оқушы немесе өзін тура жолдамын деп тілмен иман келтіруші дінші болсын, екі жүзділіктің қапанына түсіп, ақыл азап, естілік, сана қуаттары жоғалып, нәтижесінде оймен тілдің арасы қосылмай, түрлі жағдайда кедергілерге де түсуі даусыз. Яғни мейлі аққу, сұңқар болсын сөз мінезінде, батада да түйсік, сезім қуаттарының араласуымен шерік қату, яғни Алланың үкімдерін, аяттарын теріске алу, қағыс есту, сияқты оқиғалары жиі кездесіп, солай түсінгендіктен; «Аруақ былай көрсетті, атам айтып тұр» дегендей ақпарттарды бұрмалап, шайтанның сыбырын, аруақтан деп түсінетін шерік қату басталады. Енді қандай да бір дәрежелі сопылық жолдамын, дін танушы ғалыммын немесе қазіргі таңдағы хазірет, шейхтар болсын, мұндай некелік екі жақты да тазалықты, тақуалықты сақтамай «Ман» қуатының негізгі 31-әуреттік сипатын тазартып алып, жеті атаға жалғанып; «Лұқмандық» дәрежесін меңгермеуден де шариғат білімін жаттап алып, масхабты қанша жақсы меңгерсе де, егер сөз ғылымын меңгеріп, тілін тазарта алмаса, онда тарихаттық, мағрипатық дәрежедегі шерік қату деген адам ойы мен тілінің арасын бөлінуін, жан өсімін тежейді. Яғни қазіргі таңдағы хазірет, дін ғалымы болып аталғандар қандай дарынды, қасиетті болса да иманның 60-бұтақты дәрежесін меңгергенмен, тілмен, ойдың арасын бір рет бұзумен де 70-бұтақты иманның бірніші сатысын яғни намаз-хандықты, абыздықты меңгеру мүмкін емес. Бұндай аталарымыз меңгерген қарапайым дін білімі, ашық құран философиясы біздердің муфтияттық масхабымызда қарастырылмайды немесе әдейі шайтаннан қарсылық, теріс көрсетілумен ұмытырылған. Себебі сөз атауларын, үнді бұзып сөйлеу, жан ғылымына сәйкес пәтуа бермей, білімсіз құран аяттарын теріске алу сияқты және арап тіліндегі күрделі сөз атауларын сол қалпында аудармай пайдаланып, ана тіліндегі сөз астарын да меңгермеуден пайда болатын атаулар ұғымын жойып, сөз, тіл ғылымына кері әрекеттерді шерік қату деп атайды. Ал шерік қату болған жерде жан өнімін беріп, сезім қуаттары да толық жетілмейді, көк мүліктеріне жаннатарға, кітаптарға жалғану да болмайды. Алда, болашақ басылымдарда да бұл ұғымды жиі пайдаланып, тереңдетіп отырамыз, сондықтан негізгі белгісін жадыңызға тоқып алыңыз. Бұндай тәсілмен хазіретімізден бастап, барлық имамадар да, дінші ғалымдарымызда тұрақты түрде айналысатын кәсібі болғандықтан, бұл жағдайды талқылауды кейінге қалдырғанымыз да жөн. Сонымен Ақ ұлымыздың жағдайына қайта оралсақ, жанның қосымша білім алуымен болатын және кейбір ерекше мықты тағдырмен да берген таңдаған құлдарына Алланың үкімін тойтарушы болмайтынын ескерсек, мұндай қуаттың келіп енуінен тәннің, екінші рухани негіздегі еншісін алып, үй-жанның дайын болмауынан, үшінші дәрежелі өліммен кездесу арқылы жаннаттан келген жоғарғы қуатқа, сәулеге жанның жанып өртенуімен не ажал жетіп, не арпалысқа түсіретін сынақтың келуі де тағдыр ісі болмақ. Мұндай жағдайдағы тағдырдың міндетті хикметерін мегеруші болып, елшілікке тұрғандардың жанындағы шәкіртерінің де, жұбайларының да тақуалығының тазалықтарының да болуы міндетті және жанының күзетшісі, етіннің тазартушысы болуға, жанына қосымша азық, төменгі жіңішке жиіліктегі әйелдік қуат беріп дайындауға тиісті жұбайларының өзін-өзі күтіп, өзгелерден де тақуалығы әлде қайда жетілген болу керек. Бірақ Ақ ұлға аруақтар тарапынан жәрдемге шақырылған, некелі жұбайларды былай қойғанда, таза ақпарттарды жетікізіп отыруға тиісті аққулардың да, уақиды алып, келген аяндарды, батаны қадағалап, жорып түзетіп отыратын көмекшіге тұрған сұңқар сарбаздардың мөрдің үшінші дәрежесін мағрипатын алмақ түгіл, ата жолының негізгі міндетті бірінші, екінші қағидасы болған ғұрып-ғұмырлық, шариғат ұстанымдары мен тақуалық намаз орындау мен тұрмыстық әрекеттерді де толық орындай алған жоқ. Керісінше бастарын шүберек орай салған, келте етек, болмаса шалбарланған, тырнақтары өскен, иісумен тәнін улап, кәпір жындарды шақырып, европалық барлық зейнетерін мақтанға айналдырған, тілдері мүкіс шұбарланған, керісінше қасиетті жұбайының жинаған кісілік, бойлық иман қуатын, қасиет сезімдік қуаттарын ұрлаушы жын, шайтандық көрністерінен Раббымыздың пайғамбарымызға ескерткен аятта; «Әй Пайғамбар! Егер саған мүмін әйелдер, Аллаға еш нәрсені ортақ қоспауға, ұрлық қылмауға, зинашы болмауға баларын өлтірмеуге, қол-аяқтарынының арсынан жала жапауға және ізгілік істеуге, өзіңе қарсы келмеу үшін келген кезде сертін қабыл ал. Олар үшін жарылқау тіле. Өйткені Алла тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.» (60-12) Енді бұл аяттағы пайғамбарымызға абай бол, деп ескерткен әрбір әйелдің етегін жапай, немесе әурет жерлерін көпшілік жерде көрсетіп жүруінен, жан зинасы болып, жатырдағы рухани несібе еркекке беретін көңіл суы да өліп және керісінше некелі жұбайына аяқ арасынан қанға берілетін, шайтандық өріс «жала» теріс қуаттарымен «хараммен» жанын азықтандырып және басын, қолын күтпегенде барлық дастархандас болуға қонаққа шақырып дәм татырған еркектерге де тамақ арқылы теріс қуат шеріктердің қосылатынын ескертеді. Мұқағали атамыздың өлеңінде; «Қарасазда шыбығын жел тербеген..Тағдырымды мен сонда табыстаппын.Сезімі бар сенімі жоқ алақанға..» дегендей өзі баптап өсірген шыбықтардың енді талға айналып, керек емес бұтақтарын, шайтан мүйіздерін кесіп, орнын тазартып, баптап күтпегендіктен жыныс тоғайға (нәпсілік сезім қуатына) айналған, жарларынан да, ақуларымен, сұңқарларынан да таза сенім қуатын таба алмай, онымен өзі де бірге азықтанумен және «Жау жағадан алғанда, ит етектен тартадының» кебі келіп, осындай жағдайда Ақ ұлдың ата жолына үстін-үстін келіп жатқан сынақтардың шешімін іздеп, торға түскен арыстандай арпалысқан уақытарында; аруақтар тарпынан «Айша ананың батасы жүрегіне жетпей жатқан жайы бар» деген ескертуді естігенмен, бұл жағдайды өз басым жорып, толық түсіне алмағандықтан, барып ескертуге де талпынбағаным рас. Осы кездерде ғана белгілі болған жағдай; мұндай тақуалық жолда, Алла жолында мал-жанымен соғысқан; мейлі пайғамбар болсын, ібіліс әскері әйелдер арқылы торуылдап, шеріктерін ендіру арқылы ақпарттарды ұрлап, кітабын оқу үшін де; тамақ, төсек арқылы қанға өтіп, тура жолынан құлатуға әрекет етуіне, осындай әйелдердің тәнін жалаңаш ұстап, жынмен өрістік дәрежеде тылсыммен жаны зина жасап, қанындағы өсіп жатқан шайтанмен қосып, түсінде бөтен еркектермен төсектес болуымен және оның белгілері жанына өтіп, сонан тәнінде бейнеленіп, иістеніп, еркекке жын-шайтан түріндегі сөздің теріс қуаты, иісті «жала» түрінде енуіне қызмет жасайды екен. Сондықтан мұндай әйелдердің шариғатты бұзбақ түгіл, сөзі ғана бұзылып, үгітке көнбегенінде; «Сабаңдар яғни қамшымен тазалаңдар, болмаса төсекте қалдырыңдар.» яғни ондай әйелді төсекке де жолатпаңдар деп ескерткен жағдай ата жолында керісінше кең өріс алып, мұндай зинақор, жалақор «аққулар» әлі де, талай қасиетті өз от ағасының санасын жауып, шайтандық теріс сенім, сезім қуатымен азықтандырып, төрдегі басын есікке сүйреп және рухани көлеңке балаларын өлтірумен бірге, әулие бастарын да арамдап, жаратқанның лағнетін елімізге шақыруға жәрдем беріп жүргендері жеткілікті және дін жолында, ел, көш басқарушылардың, шабыт егелерінің, жазушы қауының арасында да. Сондықтан тек ата жолындағы жағдай екен деп қуанбаңыз, керісінше ата жолында көпшіліктің терең құзға құламауына жасаған жалпы сауап амалдары, көтерілген аруақтары қорғап, жеңіл сынақтармен әйтеуір жалпы жағдайымыз мүфтияттық та, тарихаттық та діншілерден де, ел басқарушы, зиялы аталған қауымнан да рухани өлімнен өту дәрежесі әлде қайда жоғары тұрғаны даусыз. Ал шындығына келсек; білімді, ғылымды және ел басшыларының біздердің арамыздағы мектеп білімі де жетімсіз қатындардан да төмен, аруақ заңдылығын, тылсым хикметін және аянмен берілетін анық білімін меңгеру тарапынан әлде қайда төмен, тіпті алғашқы тәубелік сатысында қалған ел, көш басқарған мәңгүттеріміз елбасшылары арасында да жеткілікті. Ондайлардың негізінен, ақылы ары жетіп, өз қатындарының басын жабу түгіл, шалбар кигізіп қойып, қолының да, аяғының да арасынан келетін жаламен азықтанатын және аз болса шайтан қатындарды, дүниемен ақшамен сатып алатын, өздері бөріктің қасиетін біліп, басымен дос бола алмай, мүйіздері қарағайдай өсіп кеткенін аңғармай жүргендердің қайдан аянмен, аятқа жалғанып, ақ өлімге жолығып жандары ұйқыдан оянып таза білім ала алады? Бұндай пенделер көбіне імүндік жетімсіздікпен, қан ауруларының белгісімен және қуық, жыныстық бездерімен бүйрек ауруына міндетті түрде ұшырап отырады. Бірақ дүниесі барларға мұндай ауруларды жасырын түрде қымбат дәрі дәрмектермен емделу қолдары ұзындығына байланысты біздер оны біле бермейміз. Осындай жағдайларға душар болған қандайда қасиетті, білімді, ілімді, тақуа, намаз оқушы еркек болсын, терең сырлы құпия, қара күштерді жеңуге бағытталған жанмен және мал-жынымен соғыс қағидалары болған, ғайыптан келетін, құпия сырлы уақидың тоқтауымен, немесе терең құпиялануымен, оның шешімін жорып, білу өте қиынға соғып, жоғарыдағы Айша ананың батасының Ақ ұлға жүрекке енбей жатқан себебі де осыдан пайда болады. Яғни тақуа бес уақыт намазын үзбей, бөтен еркек көзінен тәнін, абыройын, зинадан қорғаушы әйел заты ғана мұндай елшілік істерін меңгеруші еркектің жанының жартысы және азығының қорғаны бола алып, және жын қуаты болып үнемі енетін еттерінде, қанын да теріс ақпарттардан үнемі тазартып, санасын ашып, уақидың аян болып көрінуін қамтамасыз етеді. Егер оқыған болсаңыз Пір Бекет атамызбен әжеміздің арасындағы астарлы әңгіме де осындай біздерге сабақ болсын деп қалдырған атамыздың мағрипатық білімі еді. Және мұндай тақуа әйелдің малдық қуаты қашанда тылсыммен ардағы ақпараттық көпірі және ерекек жанының көлігі болып қалана алады. Болмаса бұрынғы сопылардың өмірден баз кешіп, християндық дінде «монахтық» үдістердің пайда болуы мен Інжілді теріске алуы да, осындай іс шараға байланысты қорғанбақ ниетен пайда болған. Дәуіт пайғамбарымыздың жұбайы, Сүлеймен пайғамбар анасы өмірі еркек көзіне көрінбеген екен дегенде сөз бар. Ал, Ясауи бабамыздың жер бетінен қашып, нәпсісін шауып, тірідей өліп, тек екі айда бір рет қана тамақ ішумен, сопылықтың жоғарғы дәрежесін көрсетіп, ақиқатқа жетуі де осы жан сырының тылсым құпиясына көк мүліктеріне, қанатты періштелерге тікелей жалғанумен, жер бетіндегі мал-жандық қуаттық, ақпартардың кері әсер тигізу ажал қаупінен қашумен байланысты болды. Бұл жағдайды да жетік меңгерген Шәкәрім атамыз; «Надан шал қайдан білді деп, Езуіңе күлкі кеп. Мақтаншақ деп өкшелеп, Сезе алмасың сырымды. Қатыным кәрі, балам жас, Қасымда тұрма, бәрің қаш. Балалар емес замандас, Болады қайтып ол мұңдас.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет