намаз оқу деп намаз ұғымын әлсіретіп, халықты тек бес уақыт намаз оқумен ғана жаннатарға кіресің деп алдайтынын өздері де білмейді. Негізінен әрбір күрделі сөз атуларының екінші, үшінші ұғымдарымен парға айналатын сөз, философия заңдылығы бар. Сонымен намаз оқу ұғымы; сабақ оқу яғни қандай да білімді, ілімді жазылған кітап жүзінен меңгеру дін намазының бір саласы болып шығады. Сонымен бірге дін құлшылық намаз оқуы өзінше еншісін алатын болса, онда сәзжде болып аталып, бес уақыт намазымыз да, нәпіл, уәжіп, айт намаздарын оқу осы сәзжденің ұғымынан кіріп кетеді. Енді масхаб діншілерінің мүлде жоғалтқан сөз ұғымы да намазы да ол ақирет намазын оқу болып, яғни жүректі дем алдыру, дем алу сияқты болып саналып, бұл намаздар тағы екі түрлі жағдайда орындалады. Бірі аруақтарға құран оқу болып пайғамбарымыз; «Мен құран оқушымын» деген астарлы сөзін құранды жатап оқушы қылып өзгертіп жіберген. Бұл қате түсінкіті және аруақтарға бағыштап құран оқу намазын; «Мұхаммед өзіңе уахи етілгенді ғана оқы» деп ескерткен яғни құранның кез келген аятын аруақтарға оқуға болмайды деген ұғым пайда болады. Енді екінші негізгі намаз оқу түрі ол аян, уақи, бата болып, яғни Раббымыздың көрсеткендерін тылысым үнін білім арқылы оқу болып, бұл жағдай кейінгі кезде барлық әлем дін саласынан ресми түрде шығып қалғанымен қазақ елі негізгі осы намазды оқушы, сондықтан кітап берілген халық болып саналамыз. Ясауи бабамыздың сәни дәптерінде; «Көкке шығып періштелермен намаз оқыдым» деп, астарлы түрде сәзжде туралы ұғымды ескертсе екінші бір хикметінде; « Намаз оқып, сабақ алдым» деп, пайғамбарлық аруақтардан бата алып отырғанын яғни кітаптарын алғанын ашық ескертеді. Бұл ұғымды құранда кітап берілу, Раббыларыңнан түсіргендерді намаз қылып орындау болып ескертіледі. Ал енді бір перденің ар жағынан; «Мен аруақ, сен пенде арамызда бір перде» деген мақамен оқылып, жатқан намаз оқу түрлері ерекше мұғжиза болып, сонымен намаз оқудың үшінші жағдайын ескертіп, құран философиялық насихатын толық білдіріп тұр. Ал пайғамбарымыз өзі өлгенен кейін, мұндай хикметермен, мұғжизаларды да жын-шайтаннан дейтін исламда екі жүзді ғалымдар шығатынын; «Расында, Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ білімді ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде бір ғұламаны тірі қалдырмаған кезде адамдар, білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімді болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адстырады.» (85\100 өсиет) Енді надандық дегеніміздің ұғымы да, сөз астарын меңгермей, құран философиясына, пайғамбар өсиетеріне қарсы болып ортақ қосқан шерік қатқан, Алламен бірге тәңір шақырған және жалпы философиялық, психологиялық жан, рух білімдері әлсіз болып, өзін білімді, ғалым етіп көрсетушілердің бәріде кіреді. Қазақ еліндегі осындай надандықтың бірінші себепші қазақ елінің философия мектебінің ұстаздары мен, сөз ғылымының барлық қызметшілері, Абай-Шәкәрім танушылардың осы уақытқа дейін құран тәпсірін қазақтың қара сөзімен де өлеңімен де сөйлетіп кеткенін өздері де меңгермей, халыққа де меңгеруге кедергі келтірген теріс ақылдарының қысқаша жайын осы басылымдарда жеткілікті дәлелдер беріп кетік. Ал енді дінің намазын толық көрсетіп, санмен белгілеп, хикметтерін түгелдеп беріп кеткен Ясауи бабамызды түсінбейтін, бірақ өздерін хазірет, дін ғалымдары деп атағандардың білімі қарапайым ашық түсінікті аятар мен пайғамбар өсиетінің ашық-ашық үгітіне де, ортақ қосумен айналысатынын көбіміз түсіне бермейміз, әлде оларға сондай сенім келтірумен надандар тобын көбейтіп жатқанымызды да білмейміз. Мысалға кеше ғана ораза айы аяқталып, осы басылымды оқып отырған көпшіліктің, жұмаларға қатысып, немесе теле арналардан имамдар уағызын болмаса кітаптарын оқығандар болса, 10-жыл бойы мен барған мешітте; «Ораза ұстап, намаз окушы ғана жанаттық болады» дегенен әлі жаңылған емес. Ал пайғамбарымыз; «Үмметімнің машайықтары жаннатқа намаздың, оразаның және садақаның көптігімен кірмейді. Алланың мархамметі, нәпсінің жомартығы және жүректерінің дұрыстығымен кіреді.» (ибн Әбидүниеден) Деп ескеткеніне қарсы пәтуа берумен пайғамбарымызды өтрікші қылып, және жанына қожа машайық болу түгіл, тәнін жауып, рухын тазарта алмағандарды «намазхан» атап, және бір рет ораза ұстаса болды «роял» деген жаннаттың есігінен кіресің деп, Алланың атын жамылып халықты тұтастай алдайды. Надандық па әлде ашық залымдық па? Өзіңіз ақылыңызға салып бағасын берерсіз. Енді ата жолы қалай философиялық мектебтің негізін қалайды?- десеңіз; Қазақ тіліндегі көптеген сөз атуларын және біздердің сөздігімізден түсіп қалған ұғымдарды бата арқылы тірілтумен және ғұрпымызда араптық шариғаттың әсерінен жоғалып кеткен, мысалы менің жас кезімде ақсақалдардан естіген, әжелеріміз үгіттеген, көптеген қазіргі ырым деп шығарып тастаған, ғұрыптық әдеттердің Құранның, Інжілдің, пайғамбарларымыздың өсиетерімен растап жан ғылымының амалдары екенін жасым қырықтан асқасын барып, бата арқылы ата жолына келіп зертеп, салыстырып қана түсіндім. Ал бұған дейін қазақ тілін, ғұрпын жетік білем деп, осы кездегі ата жолындағы алған білімсіз, 10-жыл бойы құранды зертеп, аяндармен аятын көрген ілімсіз-ақ, дін имамадарын қазақ туралы теріс пәтуа беруден тоса алатын жағдайда едім. Енді қазіргі жағдайымен салыстырсам, ол кезеңдерде надан болыппын да, ал аталар батасымен, хикметті аяндармен қазіргі білім, ілімімді Құран ғылымынмен, көк мүліктерінің құпия сырларымен салыстырып көрсем, әлі түк білмейтінімді мойындаймын. Бұл пәтуаға да сенбесеңіз, бір ауыз сөз арапша білмесем де, аруақтардан ең білімді арап танушының да қателігін сұрап және санмен өлшеп көрсем, дәл шығатына әлі таң қалумен келемін. Сол сияқты осы басылымдардағы және кейбір дін ғалымдарымен, әлем ғылымда да жоқ, алда баяндалатын барлық құпия ақпарттарды жетелеген шәкірттерім, аққуларым және аян, уахилар арқылы және ата жолындағы намаздың ақиретік философия мектебінен намаз оқу арқылы періштелерден сабақ алмасам қайдан пайда болды дейсіз? Енді муфтият ғалымдарының әлі екі жүзділік тәубаның жетегінен шыға алмаған сондықтан сөз, тіл, ой жүзінде «мұнафықтық» болып саналатына ашық мысал бере кетейік. Ораза айында пітір садақаны бидай құнымен есептеп және оны әркімнің өз қалауынша береді деп мешіттер, баспасөз арқылы да насихаталды. Және бұл пәтуаны тек жалқы бір негізде түсіндіргені де рас. Ал бұл жалпы құран ғылымына қарсылық болып, ең болмаса пітір садақаның жұбы болмаса да, тақ санды өлшемдермен пары болу керек еді. Ал енді осы пәтуа туралы Раббымнан сұрап едім, аруақ арқылы мынандай жауап келді; Пітір садақа 3-бөліктен тұрады. 1-мал садақасы болып, ол адам баласының дүниесінен, жалақысынан, мүліктерінен берген зекет-салықтан төленбей қалғаны болса өз орнына тапсыру керек. Яғни біздің табысымызды үкіметтен жасырып, табатын дүние мүлкі табыстарымыздан да өз еркімізбен қосымша төлейтін салығымыз. 2-Жол садақасы, деп жолда қалған аруақтарды көтеру мақсатында, шалған құрбандығың, түрлі ғұрыптық амалдармен оқытқан құраның және мүкіндігінше әулие бастарына барып зияратауың керек. 3-Жан садақасы; мешіт имамдарының көрсеткен мөлшерінде, абзалы дін істерін жүргүзуші орындарға төлеу керек. Осындай жылдың жұмасы болған, ораза айында барлық қарызынан құтылған, әрбір ораза ұстамаған пендесіне де бертін жартқанның нығметі болатынын муфтиятық діншілеріміз халықтан жасырады әлде білімдері жетпейді. Енді ата жолының негізгі қағидасында толық дәретті үнемі сақтамай, яғни тақуалық киімді меңгермей, намаз арқылы нығметті де толық алу мүмкін емес екенін насихатайды. Ал муфтият ғалымдары ораза кезінде әрбір ораза ұстаушы түгіл, жағдайы жетпей ұстай алмағандардың да төбеден, аяқ астынан зейнетелуіне, тек толық дәретті кешке дейін бұзбаған жағдайда ғана, өзінің ар сауытының, бойының шамасына қарай ғана жаратқаның жанатынан нұр түсетінін біліп, түсіндірмейді. Және мешітке жұмадағы берілген, жәшікке салынған садақаны пітір садақадан бөлек деп түсіндіреді. Сонда бұл үгіттерінің астарында да сөз жүзінде алдау, қосымша дүние талап ету жатқаны да сөзсіз. Бұл тек намаз оқып, мешіттегі құлшылық амалдарына байланысты қысқаша пәтуаларына талдау жасағандағы шықан қайшылықтары, ал егер бүкіл муфтият пәтуасын осылай құран аяттарымен, пайғамбар өсиетімен салыстырып өтсеңіз, онда мүлде дінен шығып сектаға айналып кетуі де хақ. Егер бұл дін қандастарымыздың тарапынан бұл пәтуаға келіспейтін болса, хабарын жеткізіңіздер, арнауылы санмен белгілеп, талқылап көрсетуге дайынбыз және болашақта құранның арап тілінде пайғамбарымыздан кейін қағазға көшіру барысында, бір таңбадан кеткен қателігі болып, осыдан құранның көптеген аяттарының насихаты түсініксіз болып келгенін дәлелдейтін арамыздан бір арап тілін жетік меңгеруші сұңқардың әулие бабаларымыздың дайындап жатқаны да сөзсіз. Сол кезде, осы кездегі толып кеткен аудармашылардың халыққа көріне алмай, жерге қарап үйден де шыға алмасы да шындық болар, егер екі жүзділік тәуба құрсауына құтыла алса. Енді бір екі жүзділік масхабтық имамдарымыздың өздерін шариғат білімін жоғарыдағыдай білімен меңгергеніне қарамай, өздерін ұстазбыз, яғни тура жолға жол көрсетушіміз деп санайды. Сонда бас хазіретіміздің өзі әлі тура жолдың қандай болатынын, білімін білмейді екен де және сөз жүзінде қазіргі арнаулы жоғарғы білім болған философтардан, жазушылардан да әлде қайда төмен тұрып; хикметсіз, ашық дәлелсіз, мұғжизасыз пайғамбарларымызбен, сахабарымызбен өздерін тең дәрежедегі дін имамы, хазірет, тиелог ғалым атайтынына менің жеке басымның ақылы жетпейді. Әлде мұндай екі жүзділікке алдануды жаным түгіл, үнемі өзгеріп жетіліп жатқан рухым да да қаламайды. Енді ел басшылардың жазушы зиялы қоғам арасында, дінді жетік меңгердім деп, түрлі тақуалық амалдармен масхабты тек сыртай сөз жүзінде мойындағанымен, бірі ахмедеия, бірі ясауи-зікірші, бірлері нахшпанди тарихатшы болып жүргендеріміз жеткілікті. Әзірге мен танитын ешқайсысының атын атмай-ақ, негізгі философиялық ұстанымдары ұқсас, тура жол қағидасы Матрубилік, Имам Ағзам масхабы және олардың ата жолына жақын жері де аруақ заңдылығын мойындағанымен, бірақ жаратылыста әуелі Мұхаммед пайғамбар аруағын жаратып, Адам атамыз қызғаныш білдіріп, бірақ оны жанатта көміп тастады дегендей пікірлермен пәтуа береді. Ал құран философиясында ондай ұғым жоқ және аруақ барлық періштелердің ақ-қара аралас періштелік қуаттарынан тұрып, тек Адам атамыздың жаннаттан кейінгі құлшылық арқылы жанатқа көтерілумен ған қалыптастынын сандар тағлымен де, астарлы сөз ұғымдарымен де ашық көрсетіп қойған. Алтыншы басылымда аруақтық қуаттардың білімін жазғанбыз, енді 7-ші басылымда аруақ білімінен тағы мысалдармен толықтыра жатармыз, әзірге бұл философиялық көзқарасты біздің ұстазымыз болған, ешқандай құран немесе масхаб білімін зертемей-ақ, тылсым арқылы намазбен сабақ алып жазған «Мәңгілік заңы» атты өлеңіде; «Шексіздікте шекаралар бола ма? Болашағы адмзаттың қолда ма? Жаратылыс сырын ашу сұраққа, Надандыққа салу керек томаға. Жылды құрап, күнді айналып жер шары, Тәуліктерде күн мен түннің құрамы. Сыр сандығы жұлдыздардың жарығы, Осы болар мәңгіліктің қазығы.» деген насихатпен Темір қазық жұлдызына барлық жартылыс қозғалыс сырының байланып тұрғанын ескертіп; «Адамзаттың мәңіліктің бұтағы, Пенде менен аруақтан тұрады. Пенделердің ақыл, ойы, ниеті, Аруақтан бастау алар бұлағы.» деп барлық жаратылыс судан басталып, ал ақыл, ой, ниетті тек судың буы көлеңкеміз аруақтан ғана алып, осындай ақылды, білімді жер егесі болғанымызды түсіндіреді. Әрбір пенденің пары ол аруақ екенін де ескертеді. Яғни пендеге қарап аруағының шамасын білуге болады да, керісінше аруағын көріп, пенденің ішкі болмысын анықтауға болды екен. Сондықтан аталарымыз бұл жағдайды; «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деп жан ғылымынан хабар берген. Аруақ білімі ала жіп, сондықтан ала жіпті атағандарды құдай жазасын береді деп ескерткен. «Жер бетінде ай саналар сыңары, Күн мен түндер бірін-бірі қуады. Тылсымнан аруақтар қолдаса, Жер бетінде пенделердің тұрағы» деп аруақтың білімін білгің келсе, айға қара, қалай өсіп, солады аруағыңда сондай сыңарың яғни ай сияқты барлық жер бетінің тіршілігін қамтамасыз ететін болса, сенің пенде болып жүргенің, су несібең парыңның арқасы деп түсіндіреді. Енді аруақтың жұмбағын шешкіңіз келсе; «Жер мен айда байланыс бар жұмбақ, Бір-бірінсіз бола ма екен сұрақ тұр? Ай бетінен күн шуағын шашқанда, Сызат салып ай туады аспанда. Пенде менен аруақта байланыс бар жұмбақ сыр, Пенде болмай аруақты тумақ кім? Жолын ашып Алла нұрын шашқанда, Мәңгіліктің жолындағы адамзатта жұрнақ бір.» Жер мен айда қандай байланыс және ай жермен салыстырғанда қандай өлшемде, құрамда болса аруақта пендемен салыстырғанда сондай дәрежеде болады деп түсіндірген. Ал айдағы элементер жерден алты есе жеңіл болса, аруақта пендедегі негізгі элементерден тұрып алты есе жеңіл болады. Және Шәкәрім атамыз мұсылмандықты меңгерген адам баласында 6-айдың болатынын ашық ескертіп және оның он саулықпен, ақ жаулықпен байланысты ғана пайда болатынын астарлап көрсеткен. Аруақ арқылы айдан нұр алған пенденің енді өз аруағын туатынын және Ғиса пайғамбарымыздың, інжіл аяттарының көптеген астарлы әңгімесін шешіп, құрандағы«...Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,- де. Алла олардың қосқан шеріктерінен пәк, жоғары.» (10-18) деген аяттың біздің жанымыздың жұрнағында пайғамбар аруағының белгісі болатынын және « Күдіксіз мен мұсылман болған кісінің тұңғышы болуыма бұйырылдым» де Және әсте ортақ қосушылардан болма.» (6-14) деген аятты дұрыс түсінбей адасқан, дін ғалымдарының да философиялық түсінігін Ақ ұлымыз қазақтың қара өлеңімен суреттеп кетіпті. Бұл жерде осындай дін сопылырымыздың ел басқарған ақылды, ойлы азаматтардың Мұхаммед пайғамбар Адам атадан бұрын жартылды дегендерін, керісінше Адам атамыздан бастап қана пенделік істерге байланысты ғана аруақ тіршілігі болатынын және әрбір пенденің өз дәрежесінде аруақты туыушы (жаратушы емес) яғни Хау анамызды 11-қабырғасынан ұрық қылып, жұбы 12-ші қабырғасы қылып туған Адам бола алатынын, ата жолдағы философиялық терең сырдың батаның құдіретін дәлелдеп берген. Ал жоғарыдағы дін танушы Бейбіт мырзаның ата жолына топырақ шашып; «шерік қосылады, кәпір жын кіреді» деген пәтуасына да Ақ ұлымыз алдын ала жауап та беріп білімін көрсеткен. Енді осы өлеңге ғана жүгінсек, некемен пайда болған, «еттен» жының да бірге туылып, енді өзің етіңді араммен былғасаң, онда кәпір жынды өсіріп шығарып, оны кейін малға айналғанын өзің ет қылып қайта жейтінің даусыз. Сондықтан осындай шерік қатып, тілмен, сөзбен, оймен арамдық жасап, ел арасына шайтаның салатынын таратқан пенделерге; «Өз туысқандарыңның етерін өздерің жейтін құзғын болмаңдар» деп ашық ескерткен Раббымыз. Алдағы басылымда бұл сырларға қайта оралып, жан ғылымен дәлелдеп көрсетеміз, әзірге ата жолының барлық діни ғалымдық пен философиялық пәтуадан, тақуалықты меңгерген аққу, сұңқардан ғана көркем сөзге айналып шығатын, аруақ батасының құдіретімен, әрбір пенде санасын ашып, тазараған жүрек көзімен көріп, рухын тазарту үшін 4-түрлі намаздарын оқумен (мәсхабтық бір сипаттағы намаз оқумен емес) ғана құлақ көзімен тыңдағанан артық түсіндіре алмайтынымды да ескергендеріңіз жөн болар. Ал енді масхабтық өздерін «намазхан» атағандармен, ата жолына алғашқы түсірілген пенделердің тәубасы көп жағдайда ұқсас болып келеді. Мысалы тілмен айтып, оймен сеніп, иман келтірдім деп жалаң аяқ, жалаң бас, бойын, ар сауытын қалыптастырмай 100-жыл мешітте отырған намаз оқушымен, ата жолының осындай жағдаймен немесе зиярат басына барғанда, шырақ жаққанда ғана сақтап, өзін Алладан қорқушы болып, мейлі қандай да аққу, сұңқар дәрежесінде болсын, қылықтық, мұсылмандық әдеп және шариғат тұрғысынан да екі жүзді «Мұнафықтық» тәубенің дәрежесінде болары да шын. Ал енді сыртын түзеп, өздерін тура жолдамыз деген имамдармен, тағы басқалай масхабтық діншілермен, ата жолыныңда дәретін толық сақтаушы, бірақ әлі алғашқы 3-жылдық рухани өлім дәрежесінен сынағынан толық өтпегендер арасындағы тәубелік иман дәрежелері де бірдей деп санауға болады. Себебі ата жолындағылардың мұндай сатылардан өтумен, ұйқы кезіндегі түс, аян арқылы намаз оқулары болғанымен, қалған бес уақыт намаздары ұлттық масхаб, ғұрыптық әдеттері, ана тілінде жетік меңгермей және ой мен тілдің арасын бөліп, яғни сөздің ұғымын бұрмалап, шүлдірлеп сөйлейтін болса, онда бәрібір тәубелік дәрежесі төмен, екі жүзділік болып, ұлттық иман, ар-намыс жүзінде «мұнафақтық» қылықтық, әрекеттік белгі сақталады. Абай атамыз мұндай 3-жүзді толық меңгере алмаудан қазақтың екі жүзді имандылығын; «..Жоқ қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, өнерлі, малды түзеп, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй не болсын!..Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірі-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» деген астарлы насихатпен және 24-ші нұр сүресінің, рухани өмір сағатымен белгілеп қойыпты. Сол сияқты жалпы қазақтың масхабтық діншілері осы тәубенің реттік санымен екінші, ал негізгі рухани сүнетелудің бірінші сатыларынан жалпы әлі өте алмағанына да, осыдан 10-жыл бұрынғы әдеттерімен салыстыру түрінде ақылмен өлшеп көрсеңіз белгілі болмақ. Мысалы; Бүкіл мешіттерде осыдан 3-4 жыл намазадан соң, таспих тартылып, аруақтарға құран бағышталмақ түгіл, аруақ ұғымын мүлде адасқандық деп қабылдап, өздерін тура жолдамыз деп түсіндіретін еді. Ал қазіргі таңда құдайға шүкір толық болмаса да түзеліп келеді. Яғни қызыбастық жолдан көрі ата жолға жақын әдеттер пайда болып, халықтың да мешіттерге ден қойған ықыласы да арта бастады. Жақында «Ислам өркениеті» атты басылымды алып оқып көріп, шамалы да болса жүрегім жылыды. Бұрын осыдан бір жыл бұрынғы басылымдарда; «Алла+ақ тағала» деген, Алламен қосып шайтан «лағын» (лақ, лаһ) қосып жазу, яғни Алламен қосып тәңір шақырып, шерік қату, шерік қосу қалыпты жағдай болып, мұндай шығармашылықты рухани өлім дәрежесінен өтіп сөз қуатын жүрегімен сезген, адам баласының жанын түршіктірумен оқу мүмкін болмай, ал мен өз басым тек жылына бір-екі рет философиялық бағыттарын бақылау үшін қана қарайтынмын. Енді бұл қателіктерін толық болмаса да, халыққа білдірмей түзеп жатқан түрлері бар. Бірақ әлі масхабтық дін танушы атаған өздері «Алла+ақ тағала» деп көгілдір арна төрінен де сөйлеуді әлі тиыған жоқ және осындай өрескел қателіктермен шыққан діни кітаптары әлі басылып көбейтіліп жатқаны да бар. Демек бұндай, тіл ғылымы сөз ұғымы жөнінде қайшылықтарын былай қойғанда, қарапайым мұсылмандық тәубенің негізгі шартын, ашық қателікті, ашық түрде мойындап; «біз бұрын «Аллақ» деп қате айтып, жазып және көп істерде ұлттымызға сай дұрыс пәтуа бермеген екенбіз, тіптен әулие басына зияраттау да «шерік, қураған сүйектерден не аласыңдар?- деп, хазіретімізден бастап тиым салып едік, қателесіппіз, енді ғана тура жолымызды таптық»- деп, пәтуасын берсе, біз сияқты бәрін ине жіпке тізіп жүргендер де өтірік алдана салар едік те, оларға бір қадым болса да үшін тәубенің дәрежелену сөзсіз болар еді. Ал тәубенің иман сандарымен дәрежеленуі ғана келесі бір ақыл-ойдың кедергісінен өту болып, яғни сіз бұрынғы өткен күнәләріңізді айқын түсініп мойындаумен сенім қуаты, иман дәрежесі толысады. Ал сенімнің, ниеттің тазалығы тек әрекеттерге, істерге айналған тәуба мен, қайырмен көрнекті болмақ. Ал қандайда бір дінші, «намазхан», тарихатшы, сопылық ағымдағы топтар немесе ата жолдық сарбаз болсаңыз да, тілімен айтып, қолмен істеп, тіршілік жүзінде намаздарын, амалдарын толық орындай білмей, немесе шала орындасаңыз да ол тәубенің алғашқы сатылары ғана болып саналады. Негізінен сенім, ниет тазалығы 3-түрлі сипатта; қылық, тіл, сөз және ойлау яғни естілік дәрежелерімен өлшенеді. Енді бір жыл бұрынғы істеген мінез, қылықтық қателіктеріңізді ашық мойындап тәубеге келсеңіз, онда бұл тағы осындай 3-ші сипаттық сатылармен екінші дәрежеге көтерілгеніңіз болады. Ал жаздағы қателікті, қыста яғни 6-ай, сосын, 3-ай, бір ай, бір жеті, сосын бір күн, бір сағат, бір минут сияқты ақыл-ойдың таразысының өлшемін меңгерумен бұрынғы іс, сөз жүзіндегі қателігіңіз түгіл, іштей білінген ой жүзіндегі қателігіңізді де дереу түсіне қойып, іштей «Астапыралла» деп тәубеге келіп, өзіңізден де кешірім сұрай білсеңіз, онда мұнафықтықтан құтылып нағыз, тақуа сұпы болғаныңыз. Ал толық қанды мұсылман болуды пайғамбарымыз; Туыстарыңа, жолдастарыңа 3-күннен артық ашуланбау керек,-деп өсиет етіп кетіпті. Ал енді біздің муфтияттық дін қандастарымыздың 3-күн түгіл, 17-жылдан бері өзгеріссіз келе жатқан, діни сауаттылық қателіктерін құрандағы ашық аяттарды көрсетіп сынағанымызбен, тәубеге келіп, сөзді зерттеп ашық мойындап, өкінішін ашық білдіріп, «әлхамдулла», келісім тәубе дәрежесіне келмек түгіл, ғұмырлық ата-баба ортақ дін намазын ордамауларын былай қойғанда; «Ата жолының бухгалтериясын 15-жыл бұрын тексеру керек еді» дегендей, дінді дүниемен бағалап, жоғалтқан өзінің емес, біреулердің қалтасынан шыққан ақшаға өкініп, немесе біздерден де артық алып қойдыма деген қызғанышпен, шайтан жамағатына айналып және ел басшыларына жақындықтарын пайдаланып, ыза- кектерін ашық көрсетуін қалай түсіну керек? Пайғамбарымыз; «Өзіне тиесілі емес дәулетке көз алартушы-бізге жат адам. Ол өзіне тозақтан орын дайындай берсін» (774-өсиет) Енді халықтың ортақ намазынан, садақадан салық талап етіп, өздерін діннен бөлек және халықтың тілегіне мұқтаж еместігін білдірген, екі жүзді елге басшыларына, ондай араммен жинаған қазынаны тазартуға да, және екі жүзді пенделердің жеке бастарына да келетін ескертуді аятта; «Мұнафықтықтар әр жыл бір екі рет сыналғандарын көрмей ме? Сонда да олар тәубе қылмайды, үгіт те алмайды.» (9-126) деген аяттың үкімі жылда қайталанып, от, су, ауру, шегіртке т,б сияқты апаттармен бірге, көктен су бермей қойыу сияқты сынақтардың әрқайсысы үнемі жылына бір, екі рет қазақ жерінде қайталанғанмен, ел басшыларымыз да, дін басшыларымызда жинаған дүние байлығына сенім артып, өткен іске, қателіктеріне көздеріне шұқып тұрып жазып, тылсымнан өздеріне аянмен оқылып, көрсетіліп жатса да, жорып амал қылуды былай қойғанда, өткен істеріне мүлде өкіну сипаттары да байқалмайды. Яғни онда құдайдың хикметін азабын, себебін түсініп қорқу жоқ болса, онда иман да әлсіз және екі жүзді болып саналады. Астанада екі рет ата-аналарымызға көше бұрышына шашын жайдырып, жалаңбас шашын алып тастап, бас киімсіз мүсін қойып гүл шоқтарын қойған исламдық дінімізді мазақтаған әрекетеріне; көктен шелектеп су құйып, көшелердің бәрін суға толтырып, екінші жолы дауылмен төбе шатырларын да жұлып және көктен ұшақтарын құлатып, жолдардан апатармен көптеген шейіттер алып ескертсе де керісінше, осыдан кейін де құдайға ашық соғыс жариялаудың сипаты болған; Павлодар өңіріне бас филосовымыз бастап Абай атамыздың мүсінін қойып қадірлеудің, дініміздің салты осы дегендей тағы гүл шоқтарын қойыумен ол жаққа да пәле шақырып және бұл әдеттің Алматыда да қайталауымен арты от апаттарымен хикметті жағдайда; «Шоқынған шөптерің оттың азығы» деп ескертілсе де, оны ұғынып, тәубеге шақыртатын хазірет, дін ғалымдарымыз, философ абыздарымыздың аты бар да, заты жоқ. Пайғамбарымыздың; «Кімде-кім мұсылман дінінде жоқ жаңалық ойлап тапса ол жоққа шығарылады» (770-өсиет) деген ескертуіне айқын белігі болып түскен мұндай елді қайғы-қасіретке қарай азғырушыларды; «Бала шағаларынан аулақ, бастарына келіп, істеріне өкініп, тәубеге келіп, өмірден өздерінің ақиреттік несібесімен ақ өліммен өлсе екен» деген тілегеніміз де дұрыс болар. Енді мұндай ел басқару ісінде жүрген мұнафықтық қандай да пенделердің тобының өздері оңаша жиналып, келісіп алып, қателіктерін байқатпай түзеп, жылда пәтуалары өзгеріске ұшырап отыратын қарапайым жақсылыққа қарай бағыталатын да белгісі болады. Егер ата жолында намазыңыз да басқалай масхаб амалдарыңыз да, ғұмырлық істеріңізде толық болып, құранды өз бетіңше қазақша аудармадан оқып зерттеп жүрсеңіз, онда бұндай екі жүзді ілімі жетілмеген сенімнің жағдайын аққу, сұңқарларымыздың да арасынан да байқап, бірақ олардың кейде ай сайын пәтуалары өзгеріп, алға қарай басқанын көрсеңіз өтірік иланып, бұрынғы өткен қателігін бетіне баспағанда иманға лайық. Егер бетіне бассаңыз, онда «мұнафықтық» мінездің яғни ата жолының 6-жылда ғана келетін рухани өлім сатысынан өте алмай және өзіңізге ондай қасиетті пенделердің тазармаған жындылығы да имандарына қауіпті болып: «Мен сендерді қорғап, иманға жеткізушімін, мені кім дейсің? Сендер үшін күнәларыңды арқалап, жамандықтан қорғап, қызмет жасап жүрмін. Сынақ салып жіберемін» дегендей, өздерін құдай, тәңір қылып, немесе аруақтың орнына қойып алып, иманын жойып алуына себеп болып, сізде «Мұнафықтық» ойды жеңе алмағаныңызды, яғни жаныңызға байланысты 3-дәрежелі иман сатысын, сабыр қуатын меңгере алмағаныңызды байқатып қойуыңыз әбден мүмкін. Ал енді муфтияттық мазхабтық топтағылар өздерін; «аллақ, ал-лақ тағала ыстықпарда болу, мағфират ету, ғалексалам, әнху» т,б түрлі арап атауларымен шерік қатудан тиылып, өздері бармаса да ата жолының зиярат қағидасын мойындап, қазақтың ғұрыптарына келумен, енді ғана даңғыл жолға түстік деп, баспасөз беттерінде ашық мойындағанымен де, құран ғылымының философиясын және көптеген арап сөз атауларының ескі тәпсірін пайдаланумен ой жүзінде, яғни тілмен сөздің арасын бұзып сөйлеп, солай пайымдап, құран аяттарын тәпсірлеумен, бәрібір өздерінің атақ, тақ шен ғалымдық дәрежелерімен салыстырмалы түрде «мұнафықтық» болып есептеледі. Ал, ата жолында да аққу, сұңқар аталып, 9-жылдық тәубе сынағынан алғашқы берілген жеңілдіктермен тек ғұмырлық
Достарыңызбен бөлісу: |