Аталған құралдың көмегімен әрбір студент өз деңгейін анықтай алады. Ол үшін


Қазақстандағы аграрлық және жер-су реформасы



бет4/4
Дата18.09.2023
өлшемі26.89 Kb.
#477842
1   2   3   4
Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында

Қазақстандағы аграрлық және жер-су реформасы. 20-жылдардың бас кезіндегі Қазақстанда жүргізілген аграрлық реформалар ауыл шаруашылығының дағдарыстан шығуында маңызды рөл атқарды. 1921 жылдың ақпан- сәуір айларында Қазақ АКСР OAK қазақ еңбекшілеріне қоныс аудару басқармалары патша укіметі қазақ әскерлерінің пайдасына 1916–1917 жылдары тартып алған, помещиктер мен капиталистерге кеткен, қоныс аударушылар заңсыз басып алған жерлерді қайтарып беру жөнінде декреттер қабылдады. Бұл декреттермен жер пайдаланудың әділетті тәртібі орнатылды. Қазақ еңбекші шаруалары бұл декреттерді қуанышпен және алғыс сезіммен қарсы алды. Қазақтарға Ертіс өзенінің бойындағы он шақырымдық алқап пен бұрын қазақ әскерлеріне тиісті болған Жайық өзенінің сол жағалауындағы жерлер қайтарылды. Бұл аумақтардағы барлық қазақ және шаруа шаруашылықтары осы аудандар үшін әдеттегі мөлшердегі жер үлесін пайдалану құқығын сақтады. Кейінірек Жайықтың сол жағалауындағы жерлердің бір бөлігі межеленіп, қазақтардың пайдалануына шұрайлы жайылымдар берілді. Көкшетау уезіндегі барлық бос жатқан жер қорын Кеңес қазақ еңбекшілеріне берді.

  • Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-і қүрамына біріктірілуі. Қазақстандағы отаршылдық саясаттың ауыр мұрасы — өлкенің жекелеген әкімшілік-аумактық бөліктердің арасында бөлшектеніп кетуі еді. Қазақ АКСР-інің құрылуы қазақтар мекендеген барлық жерлерді біріктіру проблемасын қойды. 1921 жылы Қазақстанның батысы мен солтустігінде және Батыс Сібірде шекаралық мәжелеу болып өтті. Орталық Азияны ұлттық-аумақтық жағынан межелеу мен қазақ жерлерін біріктіруді шешу жөнінде ірлкен дайындық жұмыстары жургізілді. Түркістанның кұрамына кірген Жетісу мен Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу жөніндегі идея Азамат соғысы кезеңінде- ақ пайда болған-ды. Осы облыстардағы қазақтар солтүстік облыстармен бірігіп, бір республиканың құрамында болу тілегін білдірді. Бұл ұлттық республикалардың күшеюіне мүдделі болмаған орталық өкімет орындарының жоспарларына сай келді. 1924 жылы 16 қыркуйекте Туркістан. OAK- нің Төтенше сессиясы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік тұргыдан межелеу жөнінде қаулы қабылдады. Межелеудің нәтижесінде Қазақ АКСР-іне бұрынғы Түркістан, Хорезм және Хиуа республикаларының 1,5 млн-дай адам тұратын 40% аумағы берілді. Қазақстан аумағы 1920 жылғы. 2 млн шаршы шақырымнан 1925 жылы 2,8 млн шаршы шақырымға дейін артты. Қазақ АКСР іне оңтустік аумақтарды қосқан соң оның халқы 1920 жылғы 4,8 млн-нан 1925 жылы 6,5 млн адамға дейін өсті. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеудің нәтижесінде қазақ жерлерін біртұтас кеңестік қазақ мемлекетіне біріктіру аяқталды. Осыған орай Қазақстанның халық саны ұлғайып, аумағы кеңейді, зкономикалық күш-қуаты артты.

    Қазақ халқының аумактық жағынан бірігуі казактардың одан әрі біртұтас ұлт болып қалыптасуында, Қазақстан экономикасы мен мәдениетін дамытуда, республиканың ұлттық саясатында маңызды рөл атқарды. Барлық қазақ жерлерінің бір республиканың құрамына бірігуі қазақ халқының тарихындағы айтулы кезең, сол уақыттағы қиыншылықтарға қарамастан қазақ мемлекеттілігінің құрылуындағы өте маңызды қадам болды. Нәтижесінде Қазақ АКСР-інің аумағы едәуір дерлік ұлғайды. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар Қазақстанның барлық халқының 61,3%-ын құрады.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет