Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы



бет2/6
Дата28.02.2023
өлшемі77.92 Kb.
#470199
1   2   3   4   5   6
Дидар

ӨТIНIШ

  • Маған 200___жылдың «____»____________ бастап __________________күнге кезектi еңбек демалысымды беруiңiздi сұраймын.

  • Қолы Күні

  • Үлгі 1. 

  • Астана қаласы бойынша
    Кедендік бақылау
    департаментінің бастығы

  • ___________________

  • Өтініш

  • Отбасы жағдайыма байланысты 2012 жылдың тамыз айындағы кезекті демалысымды қараша айына ауыстыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.

  • 20__ жылғы «___» ____________ қолы __________________


  • Үлгі 2.

  • Астана қаласы
    Көліктік бақылау
    басқармасының басшысы


  • Өтініш 

  • Сізден 2012 жылдың 14-16 мамыр аралығында отбасы жағдайыма байланысты Көкшетау қаласына автокөлікпен шығуыма рұқсат беруіңізді сұраймын.

  • 20__ жылғы «___» ____________ қолы __________________

    Үлгі 3.

    Астана қаласы


    Экономикалық сыбайлас
    жемқорлыққа қарсы күрес
    жөніндегі департаментінің
    бастығы_______________
    Өтініш
    Сізден 2012 жылдың 3 қазанынан бастап денсаулығыма байланысты қызметтік міндетімді атқарудан уақытша босатуыңызды сұраймын. Сырқаттану қағазын емделіп болғаннан кейін ұсынамын.
    20__ жылғы «___» ____________ қолы __________________
    Үлгі 4.
    Астана қаласы
    Ішкі саясат басқармасының
    басшысы ____________
    Өтініш
    Мені 2012 жылғы 21 қыркүйектен бастап 30 күнге кезекті еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын. 
    20__ жылғы «___» ____________ қолы __________________

    2.2Баяндамау хат
    ХАТТАМА - бұл ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда қаралған жиналыс, отырыс, кеңестің болған жерін, өткізудің мақсат-міндетін, уақытын, қатысушылардың құрамын, жасалған баяндамалардың мазмұнын, сөйлеушілер мен қаралған мәселелер бойынша шешімдерді жазып отыратын ресми құжат.
    Мәжілісхат қысқа ғана мазмұнды немесе кең көлемді болуы мүмкін. Оның көлемі жиналыста қаралған мәселедердің мән мазмұнына байланысты.
    Мәжіліс (кеңес,жиналыс) дайындауда алдын-ала жұмыстар жүргізіледі. Олар мекеменің жұмыс жоспарымен (уақыты көрсетілген, қаралатын мәселе анықталған) сәйкес жүргізіледі. Жиынның күн тәртібі бір апта, кейде одан да көп уақыт бұрын жасалады. Онда талқыланатын сауалдар тізімі көрсетіледі.
    Бұйыру іс қағазының құрылымдық бөліктеріне немесе басшы қызметкерлеріне жүктеледі. Жауапты адамның аты-жөні іс қағазының соңғы пунктінде көрсетіледі. Басшы адамдардың қадағалауы жауапкершілікті арттырады.
    Мәжілісхаттың құрама бөліктері:
    1. Қағаздың орта тұсына құжаттың аты, рет саны (қатар нөмірі) жазылады.
    Мысалы:


    Хаттама
    ..........................................№.................................
    2.Оның астынан мекеменің, ұйымның, оқу орындарының т.б. аты жазылады.
    Мысалы:
    ОҚМУ-нің филология факультеті ұжымының мәжілісі.
    3. Қала (ауыл, аудан орталығы т.б.) аты, жиналыс (мәжіліс, кеңес) болған күні,айы, жылы жазылады. Мысалы:
    Шымкент қаласы 12 наурыз 2000 жыл.
    4. Жиналыс басқаруға сайланған төраға мен хатшының аты-жөні жазылады.
    Мысалы:
    Төрағасы: ..........................
    Хатшысы: .................................
    5.Оның төменгі жағынан қатысқан шақырылған адамдардың тізімі (саны) жазылады.
    Мысалы: 1) факультет деканы: ..........................
    (аты-жөні)
    2)
    3)
    6. Күн тәртібіндегі мәселелер берілді.
    Мысалы:
    1) Курс аралық өнер конкурсының қорытындысын
    шығару тыңдалды: Тасболатов Б.М...........................
    баяндаманьщ тексі қоса беріліп отыр.
    2) Сөйлегендер:
    С.А.Махатова...............сөздің қысқаша жазбасы
    А.Б.Ералина ..........................
    ХАТТАМА ҮЛПСІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ ХАТТАМА
    ..........................................№.........................................
    Шымкент
    ..................................................................................
    жөніндегі комиссия мәжілісі

    Төрағасы- Т.Т. Таласов С.С.Ахметов
    Хатшысы- С.Ж.Айдаров Ж.К.Садықов
    Қатысқандар 20 адам (тізімі қоса беріліп отыр)

    Күн тәртібі: 1.
    1. Тыңдалды; Б.М.Кәденовтің баяндамасы
    .........................................................................................
    Баяндама тексі қоса беріліп отыр
    Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістеріңде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.
    Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін.
    Қысқа хаттамалрда (оның мәтінінде) күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сейлеген сөздерінің тақырыбы және қабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздерінің толық мәтіні келтірілмейді.
    Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі.
    Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қам-тамасыз етілгенін көрсетеді.
    Мәтіннің кіріспе бөлігілде қатысушылардың құрамы күн тәртібі, негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сөйленген сөздер және қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.
    Осындай үлгі бойынша басқарудың алқалық органдарының ресми мәжілістерінің хаттамалары жасалады (17, 173).
    Кәсіпорынды құру туралы хаттаманы машинкада басып толтырудың формуляр-үлгісі мынадай:
    ХАТТАМА
    00.00.00. № 1
    Алматы
    Құрылтайшылар жиналысы
    Аты
    Төраға — тегі, есімі, әкесінің аты
    Хатшы — тег, есімі, әкесінің аты
    Қатысқандар — аты-жөндері
    Күн тәртібі:
    1...................құру туралы
    2...................Жарғысын бекіту туралы
    1. ТЫНДАЛДЫ СӨЙЛЕГЕНДЕР
    ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ
    2. ТЫҢДАЛДЫ СӨЙЛЕГЕНДЕР
    ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ
    Төраға қолы Қойылған қолдың анықтамасы
    Хатшы қолы Қойылған қолдың анықтамасы

    Хаттамалар жыл бойына нөмірленіп отырады. Келесі жылы қайтадан 1-ден бастап нөмірленеді. (Хаттама –тақырыбы ретінде алқалық ұйым аты және алқалық қызмет түрі жазылады. Ол құжат атымен сөйкестіре жазылуы керек. Мысалы, педагогикалық кеңес отырысы. Хаттама мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі.
    Кіріспе бөлікте төраға туралы, хатшы туралы, күн тәртібі, шақырылғандар, қатынасқандар туралы мәлімет жазылады. Фамилиялар алфавит тәртібімен, иерархиялық тәртіппен беріледі, я болмаса олардың жалпы саны көрсетіледі. Ал ат - атымен жазылған тізім хаттамаға қосымша тігіледі. Мысалы, қатынасқандар саны: 43 (тізім беріледі).
    Белгілі бір кворум болу міндетгі отырыстарда қатынасушылардың жалпы саны және шешім қабылдауға тиіс қатысушылар саны көрсетіледі.
    Күн тәртібіндегі мәселелер маңыздылығына қарай нөмірленіп беріледі. Хаттаманың негізгі бөлігі мынадай үш пункттен тұрады:
    1. «ТЫҢДАЛДЫ» 2. ЖАРЫССӨЗ. 3. ҚАУЛЫ.
    «ТЫҢДАЛДЫ» бөлімінде қаралатын негізгі мәселе сөз болады, "ҚАУЛЫ" бөлімінде шешім жазылады. Бұл сөздер бас әріптермен азат жолдан жазылады. Сөз сөйлегендер мәтінінің мазмұны үшінші жақ, жекеше түрде жазылады. Қаулы мәтіні нақты және не істеу керектігі, орындаушы-сы, мерзімі көрсетіледі.
    Толық редакцияланған және безендірілген хаттамаға алқалық ұйым төрағасы мен хатшысы қол қояды.
    Алқалық ұйым шешімдері орыңдаушыларына өкілетті құжат ретінде (бұйрық, шешім, қаулы) немесе хаттамадан көшірме я үзінді ретінде жеткізледі.

    Баяндаухат - жазылып отырған мекеменің немесе жоғарғы ұйымдардың басшыларына қандай да бір мәселені жан-жақты айтып ұсыныс жасайтын, өтініш ететін іс қағаздардың түрі.
    Баяндау хат ұйымның өз ішінде жазылса баяндаушының оң қолымен ақ қағазға жазылып, қол қойлады, күні, айы көрсетіледі.
    Егер баяндау хат сыртқы, басқа жоғарғы ұйымдар мен мекемелерге жазылса, онда ол арнаулы қағазға машинкаға теріліп,мекеме басшысьшың қолы қойылып, күні, айы, нөмері, тақырыбы көрсетіліп жіберіледі.
    Сонымен бірге баяндау хат еңбек тәртібінің бұзылуына байланысты, яғни келісім шартын дұрыс орындалмауы немесе басқа осы сияқты келісілген мәселелердің бұрмаланған кезінде де жазылады.
    Баяндау хат мынандай жағдайларда жазылады:
    Келісім шарттың дұрыс орындалуы.

    БАЯНДАУ ХАТ
    Қазақстан Республикасы Халыққа білім беру министрі__________жолдасқа
    Бізді4 мәлімдемсміз бойымша Қазақтың, мемлекеттік қыздар институты мына төмендегі жас мамандарды жолдамамен арнайы жіберген болатын.

    1. Мұсабаева С.Қ.
    2. Рахманқұлов Ш.С.
    3. т.б.
    Бірақ осы уақытқа дейін олардың келмеуіне байланысты оқу жұмыстарын жүргізуде үлкен қиындықтар туып отыр. Жас мамандарды қызмет орнына келтіру жөнінде Сіздің көмегіңізді сұраймыз.

    Оңтүстік Қазақстан облыстық
    Халыққа білім беру
    Басқармасының бастығы:- (қолы)
    2.3 Қызметтіқ хат Қызметтік хат – мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу т.б. ресми мақсаттарда қолданылатын ісқағазының бір түрі.
    Хаттар басқа мекемелермен және кәсіпорындармен әртүрлі сұрақтар бойынша жедел байланыс орнату үшін жазылады.
    Қызметтік хаттар өзіне тән ресми, кеңселік стилімен ғана емес, тұрақты қолданылатын, қалыптасқан сөз тіркестерімен және өзіне тән терминдердің жиі қолданылуымен ерекшеленеді.
    Қызметтік хаттар:

    • Сенімді;

    • Қысқа;

    • Нақты жазылуы керек.

    • Бір сөз максимум ақпарат беру керек.

    Функционалды белгісіне қарай 2-ге бөлінеді:

    • Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар.

    • Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар.

    Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар:
    Өтініш хат, ұсыныс хат, үндеу хат, талап хат.
    Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар:
    Бұйрық хат, ескерту хат, алғыс хат, дәлел хат, шақыру хат, жарнама хат, ақпараттық хаттар т.б.
    Қызметтік хаттар 3 бөлімнен тұрады.
    Кіріспе бөлім. Дәлелдеме бөлім. Қорытынды бөлім.

    • Кіріспе бөлімде хатты жазуға түрткі болған негізгі себептер жазы- лады.

    • Дәлелдеме бөлімде хатты алушыға сұрақтың дұрыс қойылғандығын дәлелдейтін және оның оң жауап қайтаруына түрткі болатын сандық мәліметтер, логикалық қорытындылар және т.б. дәлелдемелер жазылады.

    • Қорытынды бөлімде сұрақтың мәні, негізгі ойы айтылады: келісу немесе бас тарту, ұсыну немесе сұрау және т.б.

    Рәсімдеу:

    • Хаттар бланкіде толтырылады немесе А-4 форматты қағазға жаз- баша жазылады.

    Орынғазы Әбутәліп

    • Хат тек бір сұрақ бойынша құрылады.

    • Хаттың ұсынылатын көлемі – 1 бет (мүмкіндігінше хатты бір бет- ке сыйдырған дұрыс. Егер хат бірнеше беттен тұратын болса, бет нөмірі қағаздың оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады).

    • Хат 2 данадан жасалады, хаттың түпнұсқасын кәсіпорын бланкісінде, ал көшірмесін таза стандартты қағазға (А-4) жазады.

    • Хат кәсіпорынға, кәсіпорын бөлімшесіне, лауазымды тұлғаға не- месе жеке тұлғаға жіберіледі.



    Мәтінді құрастыруда мынадай тірек сөздер пайдаланылады:
    Өтінемін, кәсіпорын өтініш жасайды, басшылық пен еңбек ұжымы өтініш жасайды, ұсыныс енгіземіз, ұсынамыз, хабарлаймыз, түсіндіреміз, мәлімдейміз, т.с.с.
    Қызметтік хаттардың түрлері:

    Өтініш хат
    — Ресми хат
    — Ұсыныс хат
    — Сұраныс хат
    — Жолдама хат
    — Баяндау хат
    — Ақпарат хат
    — Циркуляр хат

    — Шағым хат
    — Бас тарту хат
    — Хабарлама хат
    — Жауап хат
    — Ілеспе хат
    — Ескертпе хат
    — Талап ету хат
    — Түсінік хат т.б.

    Қызметтік хаттардың құрылымы:

    1. Кәсіпорынның атауы.

    2. Кәсіпорын бөлімшесінің атауы (кейбір жағдайларда).

    3. Кәсіпорын туралы анықтамалық деректер.

    4. Күні, айы, жылы.

    5. Тіркелім нөмірі.

    6. Хатты алушы.

    7. Мәтінге тақырып.

    8. Негізгі мәтін.

    9. Хат жіберушінің аты-жөні, қолы.

    Қызметтік хаттар - бұл қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын, әр түрлі мазмұндағы құжаттардың үлкен тобының жинақталған атауы.
    Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар мен түсінік хаттар, арыздар т.б. жатады. Ішкі, тысқы ақпараттық -анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын құрайды.
    Бастамалық хаттарға мыналар жатады: сұрау салу хаттары, өтініш хаттары, ескерту және хабарлама хаттары, жарлық хаттар, ілеспе хаттар. Жауап хат түрлері: ақпараттық, түсіндірме, рұқсат, тыйым салу хаттары т.б.
    Жоғары мекемелер мен ұйымдардан түсетін хаттардың мазмұны әдетте нұсқау, түсіндіру, ресми сұрау салу түрінде болады. Салаға бағынышты мекемелер хабарлар, сұратулар жібереді. Тең дәрежедегі қатарлас мекемелер өтініш, ұсыныс, растау, хабарлар т.б. алмасады.
    Хаттар арнайы қағаздарға (Қосымшаны қараңыз) толтырылады және мынадай деректемелерден тұрады: қабылдаушы, бұрыштама, бақылау белгісі, мәтін тақырыбы, мәтін, қосымшаның бар екені туралы белгі, қолы, орындаушы туралы белгі, мәліметтердің магнит таспасына аударылғаны туралы белгі, хаттың келіп түскені туралы белгі.
    Хат мәтіні, әдеттегідей, екі бөліктен түрады. Алдымен хатты жазуға себеп болған жағдайлар (фактілер, оқиғалар, өзге құжаттарға сілтемелер) көрсетіледі, содан кейін қорытынды, ұсыныс,өтініш- тілектер жазылады.
    Мәтінді қүрастыруда мынадай грамматикалық үлгілер пайдаланылады: өтінемін, өтінеміз, кәсіпорын өтініш жасайды, басшылық пен еңбек ұжымы өтініш жасайды, Жіберілетін (шығыс) хаттарға мүдделі лауазым иелері.

    3.1 Қолхат-Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, көрсететін ресми құжат түрі.
    Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.
    Қолхат – белгілі бір іс-әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша не құндылығы төмен заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат.
    Қолхат бір дана болып жасалады. Қолхат алушыда сақталады.
    Кейде қолхатта қатысушы куәлер көрсетіледі. Ондай жағдайда куәлер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды.
    Ақшаны немесе затты қайтарған жағдайда қолхат жойылады.
    õЕрекшелігі:

    • Қолхат құқықтық дәрежесі төмен құжат екендігі.

    • Қолхат нотариалдық кеңседе көп жағдайда куәландырылмайтын- дығы.

    • Мөр басылмайтындығы.

    6 Құрылымы:

    • құжаттың атауы;

    • қолхат беруші туралы мәлімет (аты-жөні, мекенжайы немесе жұмыс орны);

    • қолхат алушының аты-жөні;

    • алынған заттың атауы (егер ақша болса – сомасы санмен де, жазба- ша да көрсетіледі, зат болса оның құны көрсетіледі);

    • қайтарылатын нақты уақыты;

    • қолхат берушінің жеке куәлік нөмірі;

    • қолхат жазылған күні, айы, жылы;

    • қолхат берушінің қолы;

    • куәлердің қолы (кейбір жағдайда).

    1-үлгі
     

     
    Қолхат
     
    Мен, Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 12 үй, 34 пәтердің тұрғыны Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы, азамат Дәуітбеков Уәлихан Өскенұлынан Nokia Xpress Music 5610 маркалы ұялы телефонын уақытша пайдалануға алдым. Бағасы 38 000 (отыз сегіз мың) теңге тұрады.
    Алған ұялы телефонды 2009 жылдың 10-шы қыркүйегінде қайтаруға уәде беремін.
    Жеке куәлік №1234567989.
     
     
    10.08.2009. Ұ. Ерғазин

     
    2-үлгі
     

     Қолхат
     
    Мен, Алматы қаласы, Шәкәрім көшесі, 47 үй, 10 пәтер тұрғыны Жандосұлы Жасұлан, азамат Арман Мұхитұлынан 50 000 (елу мың) теңге алдым.
    Ақшаны 2010 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қайтаруға уәде беремін.
    Жеке куәлік №123456789.
     
     
    13 шілде 2010 жыл Жандосұлы Жасұлан —————-
    Куәгерлер: Берік Дәлелханұлы —————-
    Жарас Ахметжанұлы —————-

    3-үлгі
     

     
    Қолхат
     
    Мен, Халықаралық Бизнес Академиясының Тілдер кафедрасының оқытушысы Нарысбеков Дидар, университет кітапханасынан сабақ кезінде пайдалануға 10 (он) дана «Қазақ тілі» оқулығын алдым. Әрқайсысының бағасы 1200 (бір мың екі жүз) теңге тұрады.
    Оқулықтарды 10 күнде қайтаруға уәде беремін.
    Жеке куәлігімнің нөмірі №1234567989, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 23 мамырда берген.
     
    13.07.10. —————- Нарысбеков Дидар

    3.2 Сенімхат Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының бір түрі.


    Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, ме- кеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам та- рапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.
    Сенімхат, негізінен, мынандай жағдайларда беріледі:
    Жалақы алуға, жәрдемақы алуға, зейнетақы алуға, шәкіртақы алуға, банктегі есептерді пайдалануға, пәтер сатуға және сатып алуға, пәтерді жеке адамдарға жалға беруге, көлік иемденуге, заттай корреспонденция- ларды алуға, құжаттар алуға, мұрагерлік құқық туралы куәлік алуға, қол қоюға т.б.
    Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдіруші мен сенім білдірілген тұлғалардың жеке куәліктері арқылы жеке бастары анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Нотариус сенімхат мәтінін дауыстап оқып, тізбеге тіркейді, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, мөрі басылады.

    • 14 жасқа толмаған балалардың атынан сенімхатты олардың ата- аналары толтырады.

    • 14 жас пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер сенімхатты ата- аналарының келісімімен толтыра алады.

    • Жасөспірімдер өздерінің шәкіртақысына немесе жалақысына бай- ланысты сенімхатты ешкімнің келісімінсіз толтыра алады.

    Сенімхат мерзімі, әдетте, сенімхатта белгіленеді.
    Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай.
    Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 жыл.
    Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, онда ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады.
    Сенімхаттың жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.

    • Сенімхат 1 дана болып дайындалады.

    Сенімхаттың құқықтық дәрежесі жоғары. Себебі міндетті түрде нотариалдық кеңсенің жазбасы арқылы расталады.
    Сенімхаттың ерекшелігі:

    • Жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

    • 3 түрге бөлінеді.

    Сенімхатты мынандай түрлерге бөлуге болады:

    1. Бас сенімхат.



    2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет