Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
Арнайы сенімхат.
Бас сенімхат дегеніміз – белгілі бір тұлғаға толықтай құқық беретін құжат. Мысалы, көлік жүргізуде көлік иесімен бірдей құқықта болады, яғни көлікті сатуға, айырбастауға, сыйға беруге т.б. болады.
Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат дегеніміз – әртүрлі іс-әрекеттер орындауға белгілі бір мерзімге ғана құқық беретін құжат. Мысалы, көлікті жүргізуге ғана, пәтерді уақытша пайдалануға т.б. бола- ды.
Арнайы сенімхат дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында сенім білдірушінің атынан қандай да бір іс-әрекеттер орындауға құқық беретін құжат. Мысалы, мекеме басшысының іссапарға кетуіне немесе басқа да жағдайлармен байланысты өз құқығын орынбасарына уақытша беруі.
6 Құрылымы:
Құжат атауы;
Күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);
Сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
Сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен- жайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
Берілген құқық немесе алынған зат туралы мәлімет;
Сенімхаттың жарамдылығы (cенімхаттың қандай мерзімге дейін күшін сақтайтыны туралы);
Сенімхат берушінің қолы;
Нотариалдық кеңсенің жазбасы;
Нотариустың аты-жөні, қолы, мөрі.
Сенімхат өз күшін мынадай жағдайда жоғалтады:
Сенімхат мерзімі аяқталғанда;
Сенім білдіруші сенімхат күшін тоқтатқанда;
Сенімхат берілген тұлға сенімхаттан бас тартқанда;
Сенімхат берушінің өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз болғанда;
Сенімхат берілген тұлғаның өлімінен кейін немесе еңбекке жа- рамсыз болғанда.
Орынғазы Әбутәліп
, 1-үлгі. Пәтерді сату туралы
Достарыңызбен бөлісу: |