Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы



бет5/6
Дата28.02.2023
өлшемі77.92 Kb.
#470199
1   2   3   4   5   6
Дидар

СЕНІМХАТ
26 ақпан, 2010 ж., Шымкент қаласы
Мен, Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 12 үй, 34 пәтердің тұрғыны, 01.12.2006 жылы ҚР ІІМ берген №1234567989 жеке куәліктің иегері Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы,
Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 54 үй, 32 пәтердің тұрғыны, 28.01.2008 жылы ҚР ІІМ берген №1234567989 жеке куәліктің иегері Омаров Қанатқа, «ШНОС» мұнай өңдеу зауытының директор қызметін, менің атымнан жүргізуге сенім білдіремін.
Бұл үшін мен Омаров Қанатқа:
– менің атымнан қол қоюға,
– банктегі есептерімді пайдалануға,
– тиісті құжаттарды рәсімдеуге,
– келісімшарттар жасауға өкілетті етемін.
Сенімхат 2011 жылдың 26 ақпанына дейін берілген.
26.02.2010 ж. Ұ.Е. Ерғазин 
Осы сенімхатты мен, 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы- ның Әділет министрлігі берген №1234567989 лицензия негізінде әрекет жасаушы Шымкент қаласы, «Аманат» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Маратов Рауан 2010 жылы 26 ақпанда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді. Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №1234 тізбеге тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус (Қолы) 
( Мөрдің орны)

Бланк түрі

Сенімхат
(сенімхаттың берілген жері және күні жазумен)
Мен, мекенжайында тұратын азамат(ша)
(аты-жөні),жекекуәлік№ , жылы (жеке куәлікті берген орган) берген  мекенжайында тұратын азамат  (аты-жөні) меншік құқығы маған тиесілі
мекенжайында орналасқан тұрғын үйді және
кв.м. (шаршы метр) көлемдегі жер телімін сыйлауға және өзінің қалауы бойынша бағаға сатуына сеніп тапсырамын. Бұл үшін менің атымнан өтініш беріп, қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға, сату- сатып алу келісімшартына қол қоюға, сыйлауға, маған тиесілі ақшаларды алуға, шартты жергілікті орындарда тіркеуге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық әрекеттерді жүргізуге құқық беремін.
Сенімхат үш жыл мерзімге берілді.
Осы Сенімхатты мен, ,
(нотариалдық кеңсенің атауы, лицензияның № , берілген күні)
нотариусы « » 20 ж. растадым.
Сенімхатқа менің қатысуыммен азамат(ша)
 (аты-жөні) қол қойды.
Жеке басы анықталды, қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.
тіркемеге тіркелді.
Тариф бойынша: теңге алынды.
Нотариус: 
(қолы)
(Мөрдің орны)

4.Келісімшарт - Келісімшарт – жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын рес- ми құжатМысалы: сату – сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және т.б.


Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады.
Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және күні, айы, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекен- жайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Яғни, пәтерді сату-са- тып алу туралы келісімшартта пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те (Тіркеу инвертаризация бөлімі, жылжымайтын мүлікті тіркеу) тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағандығы, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары тараптарға беріледі.
Келісімшарт мынадай жағдайларда жасалады:

  1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу-сату туралы; ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;
б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

  1. Жер телімдері туралы мәмілелер:

а) жер телімдерін сыйға беру туралы келісімшарт; ә) жер телімдерін ауыстыру туралы келісімшарт;
б) жер телімдерін сатып алу-сату туралы келісімшарт.

  1. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автомашинаны сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт; ә) автомашинаны кепілге беру жөніндегі келісімшарт;
б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт.

  1. Ақша қаражатын заемға алу-заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт; ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт.
Келісімшартты тағы да мынандай түрлерге бөлуге болады.

  • Ұжымдық келісімшарт;

  • Неке келісімшарты т.б.

Ерекшелігі:

  • Екі жақты және одан да көп жақты болуы.

  • Негізінен, мемлекетішілік құжат (кейбір жағдайларда мемлекетаралық қарым-қатынастарда да жасалынады).

Құрылымы:

  • құжат атауы;

  • күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);

  • тараптардың (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);

  • келісімшарттың мәтіні;

  • тараптардың қолы;

  • нотариалдық кеңсенің жазбасы;

  • нотариустың аты-жөні, қолы, мөрі.

Ұжымдық келісімшарт
Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы
493-1 Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы Заңына сәйкес ұжымдық келісімшарт – бұл бір немесе бірнеше жұмыс берушілер мен бір немесе бірнеше жұмысшы арасындағы жазбаша түрдегі еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу үшін жасасқан құқықтық акт.
Неке келісімшарты
Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 17 желтоқсан №321-I Заңында «Неке және отбасы туралы» айтылған.
Неке келісімшарты – некеге тұрғандардың немесе жұбайлардың ажырасу барысында мүліктік құқықтарын және екі жақтың міндеттерін анықтаушы тұлғалардың келісімі.
Неке келісімшарты некеге дейін немесе некеден кейін рәсімделуіне болады, келісімшарт өз күшіне некеге тұрғаннан соң енеді.
Келісімшарттың нотариуста расталынуы үшін мына құжаттар қажет:

  • нотариалды мекемеге екі жақтың да келуі;

  • неке туралы куәлік;


  • екі жақтың да жеке куәліктері (төлқұжаттары);

  • бар мүлікке келісімшарт түзілсе, мүлікке құқықтары бар құжат- тар.

Мысалы, пәтердің мәселесі көтерілсе, Жылжымайтын мүлік орталығынан тиісті құжаттарды беру қажет, осылардың арқасында келісімшарт түзіледі.
Неке келісімшартында мына мәселелер қаралмайды:

  • үй шаруашылығын жүргізу;

  • ажырасқаннан кейін балалармен қарым-қатынас және олардың жауапкершілігі үшін міндеттерді нақтылау мәселелері (мысалы балалар- ды кім жатқызады немесе таңертең күлімдеп ояну) т.б.

Неке келісімшартын өзгертуге және бұзуға болады:
Неке келісімшартын ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша қалаған уақыттарында бұзуға болады. Неке келісімшартын өзгерту және бұзу но- тариуста жүзеге асады.
Үлгі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет