Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт
15 қазан, 2010 жыл_ Алматы қаласы
Алматы қаласы, Достық даңғылы, 88 үй, 77 пәтер тұрғыны 2004 жылы 12 мамырда Қазақстан Республикасының ІІМ берген №5487962131 жеке куәлік иегері Әміреев Ерлан Елдосұлы;
Алматы қаласы, Бағанашыл ықшамауданы, 56 үй, 15 пәтер тұрғыны 2002 жылы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының ІІМ берген №25082005 жеке куәлік иегері азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы;
төмендегі осы келісімшартты жасадық.
1. Мен, азамат Әміреев Ерлан Елдосұлы, мекенжайым: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 30 пәтерді саттым;
Мен, азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 30 пәтерді сатып алдым.
2. Көрсетілген пәтер:
— 2005 жылы 24 қазан айында жасалған сату-сатып алу келісімшартының негізінде;
— келісімшарт №9 тізбеде тіркеліп, Алматы қаласының №9 нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырған;
— ТИБ-те тіркелген (Тіркеу инвертаризация бөлімі, жылжымайтын мүлікті тіркеу). Жекеменшік құқығы бойынша азамат Әміреев Ерлан Елдосұлына тиесілі. Пәтердің жалпы пайдалы аумағы: 120 шаршы метр, 4
бөлмеден тұрады.
Пәтердің инвентарлық құны: ТИБ – 2005 жылғы 5 қазанда №6 бланкіде көрсетілген анықтамасы бойынша жүз жиырма мың (120000) доллар тұрады.
3. Мен, азамат Әміреев Ерлан Елдосұлы, көрсетілген пәтерді (Ал- маты қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 30 пәтер) азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлына осы келісімшартқа қол қою кезінде төленетін жүз жиырма мың (120000) долларға саттым.
4. Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жоқ, қарыз өтеуге, салыққа берілген жоқ және дау-таласта болған жоқ, талап қойылған жоқ.
5. Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» Заңында белгіленген, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы жүргізеді.
6. Сатылған пәтерді азамат Әміреев Ерлан Елдосұлы беруі және оны азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы қабылдап алуы екі жақ қол қоятын беру актісінің негізінде жүзеге асырылады.
7. Қолданылып жүрген заңның…..-бабының мазмұны түсіндірілді.
8. Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Әміреев Ерлан Елдосұлы төлейді.
9. Келісімшарт 3 дана етіп жасалды, оның бір данасы – нотариалдық кеңсенің №4 тізбесінде сақталады, екінші данасы – сатушыда, үшінші да- насы – сатып алушыда сақталады.
Тараптардың қолы: Сатып алушы/ Сатушы/
Осы келісімшартты мен, 2000 жылы 4 ақпанда ҚР Әділет министрлігі берген №0001546 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласы
«Бақыт» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Бекболатов Дидар Мақсатұлы 2010 жылы 15 қазанда куәландырдым.
Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды.
Тараптардың жеке басы анықталды, олардың құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі және сатылатын пәтердің Әміреев Ерлан Елдосұлына тиесілі екендігі тексерілді.
Келісімшарт техникалық инвентаризация бюросында тіркелді. Сату-сатып алу жөніндегі келісімшарттың мәтіні дауыстап оқылды.
Нөмірі №65 тізбеде тіркелді. Тариф бойынша 500 (бес жүз) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус (қолы) (Мөр)
|
Алдымен келісімшарт толтырылады, кейін сіздің жеке электрон- ды поштаңызға хат жіберіледі. Өзіңіздің келісіміңізді білдіру үшін, бағдарламашыға хат жіберіңіз. Бағдарламашы келісімшарттың нөмірін қол қою үшін жібереді. Келісімшартқа қол қойып, компанияға тіркелгеніңізден кейін болашақта компанияның қоймасынан арзан бағамен алу және үйге жеткізу мүмкіндігіне ие боласыз. Келісімшарт ин- тернет арқылы жүргізіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексі (10.01.2022 ж. өзгертулер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық іс жүргізу кодексі (10.01.2022 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
3. М. ч. Қоғамов Қазақстан Республикасының 2014 жылғы қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктеме. 2 Том. Ерекше бөлігі. Алматы: Жеті-Жарғы, 2015. – 888 Б.
4. Жүрсімбаев С. К. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы: оқулық-Алматы, 2011. – 484 Б.
Достарыңызбен бөлісу: |