Аты – жөні: Аманбек Нұржан


VI. Сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы және оның әсері қандай



бет3/13
Дата15.11.2022
өлшемі0.52 Mb.
#464907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Тәрбие папкасы Аманбек.Н

VI. Сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы және оның әсері қандай:
Сыныпта жыл басында тәрбие жоспары құрылып, бекітілді. Тәрие сағаттары әртүрлі әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылды. Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін түрлі қызықты сабақтарды өткіздім.
Әр сабақтан оқушылар өздеріне қажеттіні алып отырды. Өткізген тәрбие сағаттарының барлығы оқушыларға ұнайды. Түрлі достық туралы тәрбие сағаттарымен бір-біріне деген сыйластықты, адамгершілік, ауызбіршілік сияқты құндылықтар жөнінде түсіндіріп әрі олардың ой саналарына жеткіздім деп ойлаймын. Осындай жұмыстардың нәтижесінде сынып оқушылары бір-бірімен ұйымшыл.
VII. ОҚУШЫЛАРМЕН ЖЕКЕ ЖҮРГІЗГЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНА ТАЛДАУ:
Сыныпта оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасап отырдым. Мысалы, Игисинова Айзада, Қайырбай Нартай, Берекеева Сағыныш, Машрапов Мадияр, Кенжебай Мирхан деген оқушылар өте дарынды әрі жан-жақты. Сондықтан бұл оқушылармен жеке тапсырмалар беріп, жұмыс жасадым. Түрлі олимпиадаға, жарыстарға, пәндер бойынша қатыстырып отырдым. Алдағы уақытта басқада оқушылардың жеке қасиеттері мен таланттарын ашып, олармен жұмыс жасаймын.
Сыныпта оқу үлгерімі нашар оқушылардың ата-анасымен бірігіп жұмыс жасаудамыз. Оқушылардың барлығы әртүрлі мінезді, әрі білімдері мен қабілеттері де әртүрлі, сондықтан әр оқушымен жеке жұмыс жасау кезінде үлкен жауапкершілікпен қарадым.
VIII. Ата-аналармен жұмыс:
Сынып оқушыларының ата-аналарымен әрқашанда байланыстамын. Барлық ата-ана келіп немесе телефон арқылы байланысып отырады. Сыныптың әртүрлі мәселелеріне өз ойларын айтып, көмектерін береді. Оның ішінде Берекеева С, Қуанышбай Е, Жұмантай Е, Асылбек Арсеннің ата-аналары өте белсенді. Мұғалімге әрқашанда қол ұштарын береді.
I тоқандық қорытынды бойынша болған ата-аналар жиналысына 100% ата-аналар whatsapp платформасы арқылы қатысып жүрді және бір ауыздан келісіп, барлық іс-шараларға көмектесіп отырды.
IX. Тәрбие жұымсының нәтижесі
I тоқсандық қорытынды бойынша оқушылармен жұмыс жасауды жалғастырамын, ата-аналармен тығыз байланыс құрып оқушылардың тәртібі мен білім деңгейін көтеруді жоспарлап отырмын.


4 «Е» класының тәрбие жұмыстарының жетістіктері:

- Өткен жылда мектепішілік жобалар олимпиадасына белсене қатысып 4 «Е» сынып оқушылары грамоталармен марапатталды.


- Игисинова Айзада І орын иеленді.
- Берекеева Сағыныш ІІ орын иеленді.
Басқада қашықтықтан олимпиадаларға қатысып жүлделі орын алған оқушыларымызда бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет