Ақтікендер тұқымдасына жататын көп жылдық



бет2/3
Дата27.05.2023
өлшемі2 Mb.
#474339
1   2   3
Өсімдіктер

Киікоты  (Hypecoum)




Көбінесе шөлейтте өсетін майда, биіктігі 70см-ге дейін жететін көп жылдық. Гүлдері майда, сыпырғы тәрізденіп жиылған, қызыл күлгін түсті. Мамыр айынан тамыз айына дейін гүлдейді. Оның жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезде жинап алады. Орман етектерінде,бұталардың арасында, жол жиегінде, тау етектерінде кездеседі. Құрамында илік заттар, эфир майлары, аскорбин қышқылы, пигменттер бар.
Киікотының қайнатындысымен асқазан мен ішек және кеңірдек ауруларын, ақ жатыр ауруын емдейді. Бірақ киікотын екіқабат әйелге пайдалануға болмайды. Ас қорыту жүйелерінің жиырылуы, созылу қасиеті перистальтикасы бұзылғанда пайдаланады. Киікоты тұнбасын жөтелге, етеккірді реттеуге де пайдаланады.

Құланқұйрық


Құланқұйрық – сабағы түп жағынан бұтақтанып өсетін, мал жемейтін улы өсімдік.


Қоянсүйек (Ammodendron)


Қоянсүйек – бұршақ тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұталар, кейде ағаштар. Қазақстанда 6 түрі өседі. Ең көп тараған түрі – ақшыл Қоянсүйек (Ammodendron argenteum). Биіктігі 30 – 150 см. Жапырағының сағақтары жапырақшаларымен бірдей, ұшы тікенекті, қосалқы жапырақтары үшкір, ұсақ, көбінесе қурап түсіп қалады. Жапырақтары дара, ұзынша, сопақ (ұзындығы 10 – 25 мм), ені 4 – 10 мм, екі беті де жібектей жұмсақ, аппақ, қалың түкті. Гүлі қара күлгін, гүлшоғыры қоңырқай сары түсті. Мамырда гүлдеп, маусым – шілдеде жеміс салады. Гүлінен бал аралар бал жинайды, тамырынан өндіріске қажетті бояу, илік заттар алынады. Қоянсүйекті гүлі әдемі болғандықтан әсемдік үшін өсіреді. Сондай-ақ, құм тоқтату үшін пайдаланады.


Селеу (Aristida)



Селеу – астық тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық өсімдіктер.Маңғыстаудың шағылды-төбелі құмдарында өседі. биіктігі 30 – 40 см. Гүлшоғыры бытыраңқы жапырақ қынабымен қабысқан. Бұтағы қабыршақты, қауырсын тәрізді. Масақтанғанша – мал азығы. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Масағының ұзындығы 2 см-дей. Селеудің құм тоқтатудағы маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет