Атыра облысы Құлсары қаласы Жылыой ауданы №5 Абай атындағы орта мектеп


Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар



бет3/4
Дата19.11.2023
өлшемі83.5 Kb.
#483654
1   2   3   4
Физикадан дарынды оқушылармен жұмыс жоспары

Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:

  • дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

  • оқушымен қарым-қатынастың болуы;

  • нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;

  • дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы.



Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

  • пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

  • қызмет нысанын, педагогикалық үрдісті білуі;

  • жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі;

  • заман талабына сай жаңа технологияларды білуі;

  • дарынды оқушының оқуда ғана емес, басқа да көрсеткіштеріне көңіл бөлуі;

  • шығармашылық тапсырмалар дайындай білуі т.б.



Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

  • дарынды анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

  • дарынды оқушыны (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, тұрақты жұмыс жүргізе алуы;

  • дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

  • оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі;

  • оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі;

  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасай білуі;

  • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатында деңгейде дайындай алуы;

  • дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық психологиялық көмек көрсете білуі.



Дарынды балаларды анықтау:

  • баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу;

  • дамытушылық жағынан ықпал ете отырып баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;

  • баланың дарындылық белгісін оның психологиялық дамуының нақты деңгейіне ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау;

  • жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-ананың сипаттамалық бағалары;

  • түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып бала қабілетін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет