5. Қолдан жасалған белгісіздік. Аталық малда белгісіздіктің бұл түрі екі жағдайда кездеседі:
а) дұрыс пайдалана алмағандықтан оның жыныстық рефлекстері бұзылып, оның үстіне бөгде, шартты рефлекстер пайда болуы мүмкін. Айталық, жыныстық қатынасқа түсер кезде ұрғашы мал оны теуіп жіберсе немесе жасанды қынапты ұрық алуға дұрыс дайындамаса, ұрық алатын техник тәжірбиесі аз, епсіз жылдам ала-алмаса, келесі жолы аталық малдың эрекция және асылу рефлекстері өз деңгейінде өтпейді, малды қашыра алмайды.
ә) жоспарлы түрде еркек малды піштіріп жіберу, күйіттеуші малды дайындау әдейілеп қолдан жасалған белгісіздік болып табылады.
Жас бұқаларды, еркек қозыны, еркек торайды 4-5 айдан қалдырмай, еркек тайды 10-12 айында піштіріп тастайды:
Ерте жасында піштірілген еркек малдың жыныстық рефлекстері дамымай қалады. Сондықтан күйлеген малды іздеп табатын арнайы күйіттеуші бұқа (қошқар) қажет болғанда жыныстық рефлекстері жақсы жетілген өте белсенді, дені сау малды
пайдаланады.
Күйіттеуші малды дайындаудың бірнеше әдістері бар:
1) Вазэктомия әдісі бойынша аталық ұрық жолын немесе ен қосалқысының құйрық жағын кесіп алып тастайды. Мұндай малдың шағылысуы (мал қашыру) қабілеті сақталғанмен, спермийлер бөлініп шықпайды. Мұндай күйіттеуші малды тек қана күйлеген малды табу үшін ғапа емес, күйлемей жүрген қысыр сиырлардың жыныстық қызметі серпілдіру үшін де (биологиялық қоздырғыш ретінде) пайдаланады. Вазэктомия операциясын А. Я. Красиицийдің, В. С. Шипиловтың, В. Я. Андреевтің немесе Ю. Г. Казаевтің тәсілдері бойынша жасайды.
2) Пенисті (қамшы, шыбықты, қасаны) орнынан ауытқыту әдісі. Бұл операцияның мәні аталық малдың жыныстық мүшесін (қамшы, шыбығын) күпегімен, бірге түрған орнынан 70-80° бұрышпен оң ңемесе сол жаққа бүйіріне ауытқытады. Шағылысу кезінде мұндай аталық майдың жыныстық мүшері күйлеген малдың қынабына түспей, жанап өтіп кетеді.
3) S - тәрізді имекті тігу. (В. С. Шипилов әдісі) Аталық малдың ұмасыңың сағағының 10-15 см шегініп теріні, тері асты ұлпаны тіліп қамшының (пенистің б әріпі тәрізді имегін тауып алып, сыртқа тартып шығарады да, екі жағынан 3-4 жұп тігіс сатып жабыстырып тігіп тастайды.
Егер де шаруашылықта жұқпалы ауру бар болса, шағылысуға түсе алмайтын күйіттеуші малды пайдаланған тиімді.
Аталық малда да туа біткен белсіздік (инфантлизм, гермофродитизм, криптохизм) және ауа райының (климаттың) қолайсыздығынан болған белсіздік болады. Бұл айтылған
белсіздіктердің өрбуі (патогеңезі) және күрес жолдары сиырлардағыдай өте ұқсас (гинекологияда айтылған).
Бақылау сұрақтары:
Импотенция дегеніміз не?
Андрологиялық зерттеу дегеніміз не?\
Белсіздіктің негізгі себептері?
Белсіздік түрлері?
Достарыңызбен бөлісу: |