Атырау облысы білім беру басқармасы


Бартолини бездерінід қабынуы



бет39/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
акушер умк

Бартолини бездерінід қабынуы (Ваrtolinitis). Көбінесе, сиырда кездеседі. Қынап кіреберісінде көлемі әртүрлі ұсақ-ірілі, кейде қаздың жұмыртқасындай күлтілдеген ісіктер пайда болады. Олар кейіннен абсцесске айналады.
Бартолини күлдіреуіктерін тіліп немесе жуан қан алатьш инемен, трокармен тесіп, ішіндегі экссудатты сорып алып тастап, орнына йодтың 1-5 %-дық ерітіндісін жібереді. Қейбір жағдайда ісік орналасқан жердің, қілегейлі қабығын тідіп, астындағы күлдіреуікті, түгелдей ойып алып (экстирпация) тастайды. Алдымен, жергілікті немесе эпидуральді анестезия жасау керек, содан кейін хирургияның асептика антисептика ережелерін сақтай
отырып, операцияға кіріседі. Күлдіреуіктер көп болса олардың бәрің жарып, йод немесе карбол ерітіңдісімен күйдіреді, де, қілегейлі қабықты түгелдей синтрмицин, левомицетин, стрептоцид майымен майлап қояды.
Гартнер түтікшесінің қабынуы (Gartneritis). Жатыр мойнына жақын тізбектеліп жатқан бірнеше күлдіреуіктерді және кілегей қабықтың жолақтанып қайталаған жерлерін көреміз. Гартнер түтікшесі саусақтың жуандығындай болып, кілегей қабықтың астында иректеліп жатады. Қалыпты жағдайда ол көрінбейді, қолға білінбейді.
Күлдіреуік-ісіктер әдетте тығыз келеді. Ұстағанда мал ауырсынады, нәжіс-зәр бөлігі шығарғанда да белін бүкшитіп, қиналады. Гартнер түтігінің ісіктерін жарып, ішін экссудаттан тазартқан соң, оны Люголь ерітіндісімен күйдіріп, майлы дәрілер жағады.
Жатыр мойнының қабынуы (Сеrvicitis). Аурудың себебі негізінен жатыр мойнының туу кезінде жарақаттануы; патологиялық процестің қынаптан, жатырдан ауысуы-немесе шағылысу және қолдан ұрықтандыру кезінде инфекцияның түсуі болып
табылады.
Клинкалық белгілері. Жатыр мойны ашық, одан шырышты немесе іріңді экссудат ағып шығып тұрады. Кілегей қабығы қызарып, қанталап, қатпарланып ісінген. Тік ішек арқылы қол салып тексергенде жатыр мойны үлкейеді, қатты болып білінеді. Патологиялық үрдіс жіті түрде өтетін болса, оның қызуы көтеріліп және малдың қатты ауырсынғанын байқаймыз. Ауру ұзаққа созылғанда, дәнекер тканьнің өсуіне байланысты жатыр мойнының арнасы бітеліп қалуы мүмкін.
Емдеу шаралары. Жатыр мойнын фурацилин (1:5000), риванол (1:1000), маргенец қышқылды калий (1:2000) немесе 1 – 2 % қос көмірқышқылды сода ерітіндісімен тазалап жуады. Қолданар алдында ерітіндіні дене температурасына дейін қыздырады. Содан кейін жатыр мойны арнасына май дәрілерге малынған анжа салып қояды немесе экзутер, метромакс, фуразолидон таяқшаларын қолданады.
Осылай етіп 5 – 6 күн бойы емдейді. Мал қатты ауырсынатын болса, алдын ала эпидуральді анестезия жасаған дұрыс. Цервициттің бұрыннан келе жатқан созылмалы түрі болса, қосымша физиотерапиялық емдеу тәсілдерін де қолданған жөн, атап айтқанда, қынап ішіне ыстық балшық, озокерит салып емдесе, оның нәтижесі біршама жоғары болады.
Жатыр мойны индурациясы (Induratio cervicis). Кілегейлі қабаты мен етті қабатының торшалары өліп, орнына дәнекер ұлпаның өсуін айтады. Бұл патология ұзаққа созылған цервициттің нәтижесі болып табылады, кейде жарақаттанудан да болуы мүмкін.
Жатыр мойны серпіліп – жиырлау қабілетінен айырылған, айналасындағы ұлпаға жабысыр қалғандықтан сол орнынан жылжымайды, тастай қатты, ауырмайды. Жатыр мойны арнасы өте тар, кейде мүлде бітеліп қалады.
Жатыр мойны индурацияға ұшыраған мал, өсіп – өндіруге жарамсыз деп есептелігіп етке өткізіледі.
Жатырдың кілегейлң қабатының созылмалы қабынуы (Endometritis chronica).
Патологиялық үрдістің және жиналған экссудаттың сипатына қарай бұл ауру:
1.Созылмалы катарльді эндометрит;
2.Созылмалы іріңді – катаральді эндометрит;
3.Созылмалы жасырын (субклиникалық) эндомтерит болфп бөлінеді. Ауру бірнеше айға созылуы мүмкін.
Себептері: Ауру көбінесе жіті эндометриттің жағласы болып келеді, атап айтқанда, шу түспей қалғанда, аборт болғанда, субинволюциядан кейінгі жатырдың қабынуы, созылмалы эндометритке айналуы мүмкін. Сондай – ақ шағылысу кезіндке, немесе қолдан ұрықтандыру кезінде жатыр ішіне шәуетпен бірге инфекция түсіп кеткенде, жіті эндометритті дұрыс емдемегенде, туберкулез, боруцелез, трихомоноз (мүйізгек), кампилобактериоз сияқты жұқпалы ауру кезінде де, созылмалы эндометритті байқаймыз.
Клиникалық белгілері. Ауру малдың жыныс органдарынан сыртқа қою ақ немесе сарғылт тартқан іріңді, шырышты экссудат (жалқаяқ) ағып жүреді. Малдың жалпы көңіл – күйіне көп өзгеріс жоқ, жыныс циклі ретімен келіп отырса да, бірнеше рет ұрықтандырып ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайды.
Қынап арқылы зерттегенде жатыр мойны көбінесе, ашық, кейде жабық болуы да мүмкін, қызарып, қанталап, ісініп тұрады.
Тік ішек арқылы зерттегенде жатырдың көлемі үлкейіп, ішіне жалқыаяқ жиналғандықтан былқылдап тұрады. Жатыр қабырғасы қалыңдаған, тығыз. Жатырдың екі тармағы да үлкейіп, құрсақ қуысына салбырап түсіп тұрады. Ұстап сипалап қарағанда, жатыр ауырмайды, жиырылуы әлсіз ғана білінеді.
Кейде ауру малдың жыныс органдарынан ешқандай экссудат ақпайды, жатырдың көлемі әдеттегідей жамбас қуысында, тек мал күйлеген кезде, оның жыныс органдарынан әдеттегіден тыс көп мөлшерде қою бұлыңғыр түсті шырыш ағып тұрады, құрамында ақ түйірішіктер болуы мүмкін. Мұндай жағдай созылмалы жасырын эндометритке тән белгілер.
Диагнозды дұрыс қою үшін мұндай жағдайда эндометрияға биопсия жасап гистологиялық зерттеулер жүргізеді. Жасырын эндометрит болса, кілегей қабығының эпителийі дистрофиялық өзгерістерге ұшырап көшіп түсіп жатқанын көреміз. Одан басқа биопроба жасап көруге болады.
Ол үшін төсеніш шыныға шәуеттің бір тамшысына жатырдан аққан шырыштың бір тамшысын араластырып микроскоппен қарағанда, спермиялардың белсенділігі күрт төмендеп, бүрісіп өле бастайды. Бұл жатырда жиналған спермиятоксиндер мен спермиолизиндердің әсері, яғни мал ауру деген сөз.
Ауру ұзақ уақытқа; созылғандықтан жатыр эндометриясында қайтып қалпына келмейтін, терең морфологиялық өзгерістер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мал ұрықтанбайды, ұрықтанған жағдайда буаздық көпке бармай үзіледі, яғни эмбриональді аборт болады. Патологиялық процесс онша тереңге кетпей тұрғанда емдеуге кіріссе, ауру мал жазылып, төл беру қабілеті қалпына келуі мүмкін.
Емдеу әдістері, негізінен:
а) Оқтын-оқтын-жатыр ішін жиналған экссудаттан тазартып отыру;
ә) Ауру қоздырғыш Микробтардың зиянды әсерін әлсіретіп, немесе мүлдем тоқтату;
б) Жатырдың тонусын күшейту;
в) Организмнің-жалпы резистенттігін көтеру бағытында жүргізіледі.
Жатыр ішін жуып-шаю үшін әртүрлі дезинфекциялық ерітінділерді пайдалануға болады, атап айтқанда, марганец қышқылды калий 1:100; фурациллин 1:5000; этакридин лактат 1:1000; қос көмірқышқылды натрий 2 % (сода) ерітіндісін қолданады. Бұған қосымша жатырды уқалап массаж және ыстық қынап ваннасын жасайды.
Жуып тазартылған жатыр ішіне микробтарға қарсы препараттар саламыз, бұл мақсатта көбінесе, антибиотиктер мен антимикробты препараттар қосылған май дәрілер қолданылады, атап айтқанда, Вишневский бальзамы, синтомицин, левомицетин, стрептоцид, йодвисмутсульфат эмульсиясын 50-100 мл шамасында 2-3 күнде бір рет салып отырады, сондай-ақ Вагитол, Люголь ерітіндісі де пайдалы.
Жатыр тонусын күшейту үшін питуитрин, окситоцин, эстрофан, энзопрост сияқты препараттар салады. Созылмалы эндометрит кезінде жатыр мойны көбінесе, жабық болғандықтан алдын ала синэстрол жіберген дұрыс.
Тек қанажатырдың тонусын күшейтіп қою жеткіліксіз, сонымен қатар бүкіл организмнің тонусын, резистенттілігін, күшейту керек. Ол үшін рационңың сапасын жоғарылату кереқ, малды күнделікті серуенге шығарып отырады, әсіресе, күні бойы далада жайылымда болғаны өте пайдалы. Бұған қосымша күре тамырға глюкоза , хлорлы кальций ерітіндісін бұлшық етке витаминді препараттарды салады ,ихтиолдың 7% ертіндісін , Попков сұйығын , өз қанын өзіне құю , тері астына уыз , АСД- нің 5% ерітіндісін жіберу , сондай-ақ новокаин тосқауылдарын қолдану да жақсы нәтиже береді .Әрине , оларды қолданудың әртүрлі варианттары болуы мүмкін .
7-кесте .Созылмалы эндометриттерді емдеу нобайы

Препараттар

Қолдану әдісі

Мөлшері

Емдеу күндері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет