Атырау облысы білім беру басқармасы


Еркек мал жыныс мүшелерінің аурулары



бет41/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
акушер умк

2.5. Еркек мал жыныс мүшелерінің аурулары
1. Аталық малдың белсіздігі
2. Белсіздіктің жіктелуі, емдеу шаралары


Аталық малдың белсіздігі. Малды өз төлінен өсіру жұмысында аталық малдың үлкен маңызы бар, тек оның жыныстық қабілетінің қаншалықты жарамды екенін дұрыс анықтай білу керек. Аталық малдың жыныстық қызметінің жарамсыздығын белсіздік (импотенция) деп атайды. Импотенция екі түрде өтеді:
1.Аталық малдың жыныстық рефлекстері дұрыс өз дәрежесінде көрінбеуі.
2.Шәуеті жоқ немесе оның сапасы нашар.
Аталық малдың қабілетін дұрыс бағалау үшін оны мұқият зерттеуден өткіземіз. оны андрологиялық зерттеу деп атайды. Ол мынандай ретпен жүреді:
1.Аталық малды тіркеу. Малды тұқымы, жасы, аты, тірілей салмағы, малдың иесі, мекен – жайы жазылады.
2) Анамез мәліметтері. Қай жақтан келген мал, бағып-күтімі, азықтандырылуы қалай, мінез-құлқының қандай ерекшеліктері бар, бұрын жыныстық қатынасқа түскен бе, жасанды қынапқа ұрық бере ме, ұрығының сапасы қандай, қанша мал ұрықтандырылды, қанша төл, алынды, қашан ауырды, кім емдеді, немен емдеді деген сұрақтаға жауап алу керек. Шаруашылықтың жалпы мал дәрігерліқ-санитарлық, эпизоотикалық жағдайына да көңіл бөлген дұрыс.
3) Жалпы клиникалық зерттеу. мұнда малдың жүріс-тұрысына көңіл сергектігіне, айналасына деген реакциясына дене температурасы, тамыр соғу, тыныс алу жиілігіне көңіл бөлеміз. Малдың қоңдылығы, дене бітімі, үсті-басының бүтіндігі
(жарақаттар, ісіктер) тістері, көрінетін кілегей қабықтары (көзі, аузы, мұрын қуысы) мен сыртқы лимфа түйіндері тексеріледі.
4) Рефлексологиялық зерттеу. Аталық, малды күйлеп тұрған ұрғашы малдың қасына әкеліп, оның жыныстық рефлекстерін көрсетуін байқаймыз. Аталық мал ұрғашы малға екпіндете жетіп келіп, оны иіскеп, қарсыласқан бойда көп кешікпей үстіне асылуға ұмтылады. Бұл кезде аталық малдың жыныс мүшесі (қаса, қамшы, шыбық, шүкі) қатайып, күпектен шығып эрекция жағдайында болады. Жыныстық қатынас рефлексі де әр түлік малдың өзіне тән; ерекшеліктерімен өтіп, эякуляция (шәуеттің бөлініп шығуы) рефлексімен аякталады. Мұньщ бәрі дені сау малға тән қасиеттері
5)Жыныстық мүшелерін зертеу. Тексеруге жататын органдар: ұма, ұманың ішіндегі ен, ен бауы, ен қосалқысы, күпек, қаса (қамшы) және, қосалқы ұрық бездері, атап айтқанда, көпіршек бездер, простата (сақина безі) және купер (бадана) бездері.
Ұма мең ен, ен қосалқысын, ен бауы мен күпекті сырттай қарап, қолмен ұстап тексереміз. Бұл органдардың көлеміне, сыртқы пішініне, температурасына, тығыздығына, ауырсуына көңіл бөлеміз.
Айғырдың қасасын күпектің ішінен қолмен суырып тартып шығарып қараймыз, бұқаның қамшысын шығару үшін оған М. И. Воронин әдісімен немесе Н.Ф. Фадькин әдісімен 2-3 % новокаин ерітіндісін қолдану арқылы анестазия жасайды. Сондай-ақ М. Д. Машковский мен И. Е. Мозговтың ұсынысы бойынша венаға аминазин жіберсе де болады, (0,5-1 мг./кг). Қосымша жыныстық бездерін тік ішекке қол салып тексереміз.
6. Зертханалық зерттеу
а) Шәуеттің сапасын тексеру: көлемі, иісі түсі тұтқырлығы, қоюлығы, белсенділігі, қанықтылығы, тыныс алу коэффиценті, потологиялық спермийлер мен өлі және тірі спермийлердің % қатынасы;
ә) Шәуетті, қанды, күпек шайындысын, трихомоноз,
кампило-бактериоз, бруцеллез, туберкулез, паратуберкулезі липтоспироз листириоз, маңқа, жұқпалы анемия, дейкоз ауруларына тексереді;
б) Қанды жалпы биохимиялық зерттеуден өткізіп, зат алмасу процесінің деңгейін (белок, көмірсулар, каротин, сілтілік қоры, макро-мйкроэлементтер) анықтайды;
г) Жемшөптің сапасын агрохимзертханадан тексеріп өткізу.
Белсіздіктің негізгі себептсрі және көріну түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет