Атырау облысы білім беру басқармасы


Кәріліктен болған белсіздік



бет43/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
акушер умк

3. Кәріліктен болған белсіздік. Бағып-күтімі, азықтануы дұрыс болғанның өзінде, жасы асқан малдың жыныс органдарында атрофия немесе дистрофия-дегенеративті үрдістер басталып, оның жыныстық қабілеті нашарлап, белсіздікке ұшырайды. Бұл қезең бұқада 13-15 жасында қошқарда 6-7 жасында, айғырда 18-20 жасында, қабанда 7-8 жасында байқалады, ал бағып - күтімі нашар болса, мерзімінен әлдеқайда ертерек жарамсыз болып қалады.
4. Симптомдық белсіздік. Аталық малды белсіздікке ұшырататын аурулар көп, оның ішінде ең көп кездесетін жыныстық органдардың аурудары:
а) Ұма терісінің аурулары (дерматиттер, экзема, күйіп қалу, үсіп қету, жарақаттану). Ұманың терісі мұндай жағдайда ісініп, құс болып температураны реттеу қызметін атқара алмайды да, шәуеттің сапасы күрт төмендеп кетеді.
ә) Шат жарығы және ұма бөсірі. Ұма іщіне шат арнасы арқылы ішек немесе шарбы май жылжып түсуі мүмкін, кейде ұма ішіне қан немесе жай трассудант жиналады. Ұма үлкейіп жерге салбырап түсіп тұрады (қошқарда), ұстағанда былқылдаған сұйық немесе басқа ұлпа бар екені білінеді, ауырмайды. Аурудың сипатын анықтай түсу үшін тік ішек арқылы ірі малдың тесігін ұстап көруге болады, ұманы инемен тесіп көру керек.
Мұндай жағдайда ең, ең қосалқысы атофияға ұшырауы мүмкін, спермиогенез процесі бұзылады.
б) Орхит (оrсһіtіs), эпидидңмит (еpididimitis), периорхит (рeriorchitis), Ен, ен қосалқысы мен ен қабығының қабынуы. ұстап көргенде, бұл органдардың өте қатты және ауыратындығы, жоғары-төмен жылжымай сыртқы қабығына, терісіне жабысып қалғаны, білінеді.
в) Фимоз, парафимоз, баланопостит. Күпектің жарақаттанып қабынуы (портит), көбінесе, оның сыртқы тесігінің тарылуына әкеліп соғады. Бұл көбінесе, айғырларда кездесетін ауру.
Қошқарлардың күпегі жаздың күні құрттап (вольфартирз) кетеді. Кейде айғырлардың қасары қатты соғылып жарақаттанғандықтан ісініп үлкейіп кетеді де, қайтып күпектің ішіне кірмейді (царафимоз). Күпек пен қасаның (қамшының) бірдей қабынуы баланопостит деп атайды.
Бұл аурулардың себебі, зақымдануымен қатар көбінесе, инфекция болып табылады. Атап айтқанда, трихомоноз, вибриоз (кампилобактериоз) және басқа да жұқпалы вирусты аурулар. Аталық мал мұндай ауруларды табиғи шағылысу кезінде
немесе ұрық алу кезінде мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтамаудан жұқтырады.
Баланопостит болған малды емдеу мынандай бағытта жүргізіледі: алдымен күпектің ішін 2% сода ерітіндісімен, фурациллин (1:5000) марганец қышқылы калий (1:1000), этокридин
лактат(1:1000) немесе Люголь ерітіндісімен жуып тазалайды. Әрбір 2-3 күнде бір рет стрептоцид, синтомицин эмульциясын жағып отырады, күніне 2 рет бұлшық етке 1-1,5 млн. әб пенициллин мен стрептомицинді қосып салады. Күпек ішіне йодилон жіберсе де болады.
Фимоз, парофимоз ауруларына операциялар жасап емдейді.
г) Қосымша жыныс бездерінің қабынуы. Простата (бадана безі, көпіршік бездері мен купер (сақина) бездерінің қабынуы көбінесе, ішектің (проктит, парапроктит), қуықтың немесе ұрық зәр өтетін арнаның ауруларының жалғасы болып табылады.
Қабыну үрдісі катаральді, іріңді түрде өтеді, без паранхимасында былқылдаған абсцесстер пайда болады. Тік ішек арқылы қол салып қарағанда, бұл бездердің көлемі үлкейіп, бір жері қатты, бір жері жұмсақ бұжырланған дене болып білінеді, мал ауырсынады, шәуеттің құрамында көкшіл түсті ірің араласқаны байқалады.
Ауру малды емдеуге антибиотиктерді, сульфаниламидті препараттарды қолданады. Емдеу барысында шәуеттің сапасы жақсармайтын болса, аталық малды жарамсыз деп таниды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет