Атырау облысы білім беру басқармасы



бет42/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
акушер умк

1.Алиментарлық белсіздік Рационда дәрумендердің, макро-микроэлементтердің, белоктар мен көмірсулардың жетіспеуі. Малдың қоңдылығы өте нашар (арық), жыныстық рефлекстері жоқ, шәуеттің сапасы төмен (тератоспермия, олигоспермия, некроспермия, аспермия деген құбылыстармсн кездестіреміз). Малдың қозғалып, жүріп-тұруы да баяу, буындары ісініп, ауырсынады. Егер де ен, ен қосалқысы мен қосалқы жыныстық бездеріне терең морфологиялық (атрофия, дегенеративті) өзгерістер болмаса, малдың жағдайын жақсарту арқылы оның жыныстық қызметін калпына келтіруге болады.
Ол үшін рационның құрамына жаңа орылған шөп, таза сапалы жоңышқа пішен, сәбіз, бөрігіп өнген дән, тауық құмырқасын, тартылған сүт, сүзбе, балық майы, сүйек ұны мен микроэлементтердің қоспасын енгізсе, витаминді дәрілерді салса, 20-30 күннің ішінде-ақ аталық малдың жыныстық қабілеті орнына келеді.
2. Бағып-күтімнің нашарлығы мен дұрыс пайдаланбаудан болған белгісіздік. Аталық малды күн көзіне, таза ауаға шығармай қараңғы-қапас лае, сасық қорада ұзақ уақыт ұстап отыру; шамадан тыс ұрық алу (жыныстық зорығу), аталық малмен жұмыс істеген кезде оны ұрып-соғып дөрекілік көрсету, жасанды қынапты дұрыстап дайыңдай алмау және т. с. с. аталық малдың жыныстық рефлекстерінің тежелуіне, шәуетінің сапасының нашарлауына әкеліп соғады.
Белсенділіктің бұл түрімен күресу үшін аталық малды күнде серуенге шығарып, жеңіл жұмысқа жегіп үсті-басын жуып-тазалап жаздыгүні шомылдырады. Бұқалардан күніне 1 рет қосарланған эякулят алады, ұрық алу арақашықтығы 10-15 минут. Айғырдан аптасына 4-5 рет, қабаннан аптасына 2-3 рет қана ұрьтқ алу кёрек. Қдшқардан тэулігіне (маусым кезінде) 3-4 ретке дейін ұрық алуға болады. Ұрық алуға малды азықтандырып болған соң, 2 сағаттан кейін ғана кірісу ге болады.
Ұрық алу кезінде бөтен кісі, айқай-шу болмауы керек. Егер де аталық малдың жыныстық рефлекстері төмендегі, самарқау тарта бастаса, ұрық алатын орынды, малды (тұлыпты) өзгертіп отыру керек. Тері астына 10 % кофеиннің ерітіндісін (айғырлар мен бұқаға 20-30 мл. тәулігіне 1-2 рет) салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет