Жарық мөлшерi дегенiмiз, болатын жарық күннiң ұзақтылығы. Жарықтың ұзақтылығына байланысты өсiмдiкте болатын әсердi фотопериодизм деп атаймыз. Жарық ұзақтығының әсерiне байланысты өсiмдiктер 3 топқа бөлiнедi:
1. Ұзақ күндi өсiмдiктер, солтүстiк аймақта мұндай өсiмдiктер дiң дамуы жылдамдайды (бидай, арпа, сұлы т.б.)
2. Қысқа күндi өсiмдiктер, оңтүстiкте даму қарқынды жүредi (майбұршақ, жүгерi, мақта).
3. Беторап өсiмдiктер, күн ұзақтығының өзгеруi, даму процесiне әсерiн тигiзбейдi (гречиха, фасоль (бұршақ)).
ФБР – фотосинтетикалық белсендi радиация. Фотосинтез процесiнде пайдаланылатын күн жарығының бiр бөлiгi фотосинтетикалық белсендi радиация деп аталады (ФБР). ФБР-дың көлемi 380-710 ммк толқын ұзындығымен шектелген. Спектр дiң жекелеген бөлiктерiнiң өсiмдiктер өмiрiне тигiзетiн ықпалы әрқалай. Көгiлдiр мен күлгiн сәулелер клеткалардың бөлiнуiне (дамуына) ықпал еткенiмен, олардың өсуiне тежеу жасайды. Қызыл сәулелер, керiсiнше, өсiмдiк органдарының тарамдалып өсуiн жылдамдатады да, клеткалардың бөлiнуiн (дамуын) баяулатады.
Қазақстанның солтүстiк бөлiгiнде күндiзгi жарық көгiлдiр, күлгiн және ультрокүлгiн сәулелерге бай келедi. Осы сәулелер дiң әсерiнен өсiмдiк клеткаларында белок пен май түзiледi. Тiкелей радиация басым болып келетiн Қазақстанның оңтүстiгiнде жарық қызыл, сары, алқызыл сәулелерге бай келедi. Солардың нәтижесiнде өсiмдiк клеткаларында көмiртегi, қант түзiледi, сондықтан оңтүстiк аймақта өсетiн жемiс-жидектер дiң, қант-қызылшасының құрамында қант басым келедi.
Фотосинтетикалық белсендi радиацияны пайдалану арқасында өнiмдiлiктiң 1% қалыптасады, ал минералдық тыңайтқыштармен жақсы қамтамасыз етiлсе өнiмдiлiк 5-10% көтерiледi.
Фотосинтез үрдесiнде құралған органикалық заттардыңрадиация жиынтығына қатынасы ФБР-ны пайдаланудың техникалық коэффициентi деп аталынады.
ФБР-ның ең жоғары қарқындылығы күннiң 350 биiктiгiнде байқалады – 40%, егер күннiң биiктiгi 50 болса – 25%, күн батар алдында – 10%.
Достарыңызбен бөлісу: |