Атмосфера дегенiмiз


Топырақтың су режимiн реттеу



бет38/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

4. Топырақтың су режимiн реттеу
Топырақтың су режiмiн реттеу өсiмдiкке қажеттi ылғалды жинап алу, оны сақтау және тиiмдi пайдалану шараларынан тұрады. Солардың бiреуi-егiстiкте қар тоқтату тәсiлi. Солтүстiк Қазақстанда көктем кезiнде дақылдарды ылғалмен қамтамасыз етудiң бiрден-бiр көзi қар жамылғысы болады. Бұл жерде қар түрiнде жауын-шашынның 60-100 мм түседi. Осы ылғалды сақтап қалғанда топырақтың су жүргiсiн елеулi түрде жақсартуға болады. Жаппай жазықтiлгiшпен өңдеудi енгiзгенде қосымша 15-20 см қар жинап алуға болады. Бiрақ қар тоқтату шараларын жүргiзбесе, аңызда қар толық сақталмайды (жиналмайды). Сондықтан 4-5 м аралығында қыста болатын желге қарсы қар жалдарын жасау керек. Егер егiстiк жер ылдыйлы болып келсе, қар жолдарын оған көлденең жасау керек.
Қар тоқтатудың тиiмдiлiгi оның мерзiмiне де байланысты. Әдетте бiрiншi қар тоқтату желтоқсан айында оның қалыңдығы 12-15 см, тығыздығы 150-200 кг/м3, мұз қабыршағы 3-5 см кезiнде жүргiзедi. Қар тоқтату кезiнде қабыршақ мұз үлкен үгiндiлерге бөлiнiп, жалдың биiктiгiн жоғарылатады. Жалдар таза, топырақ және өсiмдiк қалдықтарымен ластанбаған, биiктiгi қар жамылғысының биiктiгiнен 2-3 есе көп болуы қажет. Қардың қалыңдығы аз болғанда (30-35 см) жалдар биiк болмайды, сондықтан бұл тәсiлдi қайталауға тура келедi.
Қар тоқтау үшiн риджерлi жал жасағышпен (СВУ-7) қатар СВС-3 жал жасағышта қолданылады. Ол қарды бiркелкi жинауға, тарту кедергiсiн бiршама азайтуға мүмкiндiк бередi.
Топырақ ылғалдығын арттыруда арнайы өңдеу тәсiлдерiн қолдану арқылы қар суын тоқтатудың, әсiресе беткейлi жерлерде, маңызы зор.
Далалық, құрғақ далалық және тәлiмi жерлерде ылғал жинау мәселесiнде пардың, оның iшiнде ықтырма пардың алатын орны үлкен. (Топырақ өңдеу тәсiлдерi туралы тарауда кейiнiрек толық айтылады).
Топырақта ылғал жинауда оңтайлы микроклимат жасайтын егiс қорғайтын орман алқаптарының маңызы үлкен. Мұндай алқаптар желдiң жылдамдығын көктемде үштен бiрге, ал жазда 50 төмендетедi, осыған сәйкес 30-40 булану азаяды. Орман алқаптары жоқ жермен салыстырғанда 1,5-2 есе қар көп тоқтайды. Топырақ аз тоңданады, көктемде ертерек жiбидi, ылғалды өзiне жақсы сiңiредi. Аталған алқаптар ауаның ылғалдылығын 1,5-3, ал аңызақ кезiнде 10-15 жоғарылатады. Температура көктемде 1-20 жоғары болса, ал жазды күнi, керiсiнше, бiраз төмен болады. Осы жағдайларға байланысты өсiмдiктердiң өсiп-дамуы жылдамдайды (жақсарады), олар ылғалды тиiмдi пайдаланады, салыстырмалы шығыны азаяды, күздiк дақылдар, көпжылдық шөптер, баулар жақсы қыстап шығады. Орман алқаптарының эрозиямен күресуде де маңыы зор.
Топырақтың су режiмiне (жүргiсiне) тиiмдi әсер ететiн агротехникалық тәсiлдердiң қатарына оны дұрыс өңдеуден басқа арамшөптермен күресу де жатады.
Әрине, топырақтың су режiмiн реттеуде егiстi суғарудың маңызы зор. Уақтылы және дұрыс суарудың арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн бiрнеше есе көбейтуге болады.
Топырақтан ылғалдың шығынын азайтуға бағытталған шаралардың бiрi-топырақ бетiн жабындау: толығымен немесе топырақ (егiстiк) бетiнiң бiраз бөлiгiн сабанмен, қарашiрiндiмен, полимерлi материалдармен ж.б. жабындау (бүркеп қою). Онымен қоса бұл тәсiл топырақтың жылу жүргiсiн жақсы жағына қарай өзгертедi, арамшөптердiң өсуiн қиындатады.
Топырақтың оңтайлы су жүргiсiн жасау шараларының қатарына оның су-физикалық қасиеттерiн (су өткiзгiштiк, сиымдылық, буланғыштық) оң бағытта өзгеруге, өңдеу қабатының құрылысын, құрылымын жақсартуға бағытталған барлық шаралар жатады.
Осы қатардағы шаралардың iшiнде ауыспалы егiстердi, сорттарды дұрыс таңдап алу, тыңайтқыштар енгiзу, оңтайлы себу мерзiмi мен оның тәсiлдерi, егiстi мұқият күту ж.б. жатады.
Суармалы егiн шаруашылығында жер асты сулары жақын орналасқанда топырақ тұзданбас үшiн құрғату жүйесiн (дренаж) қолданады, оның жабық жүйесi басқалардан тиiмдi болады. Каналдарда фильтрацияны болдырмау үшiн темiрбетонды науаларды қолданған жөн. Науа болмаған күнде каналға су жiберу алдында оны жақсылап тазалау керек. Суару мөлшерiн (нормасын) артық қолданбау, жаңбырлата және суарудың басқа да үнемдi түрлерiн, егiстiктi ұқыпты түрде тегiстеу сияқты шараларды қолдану қажет. Тұрақты каналдардың бойына ағаш отырғызуда тұзданумен күресудiң бiр жолы болып есептеледi.
Су шығынының тиiмдi (пайдалы) түрi болып тек мәдени өсiмдiк пайдаланған ылғал саналады. Ал, тиiмсiз (пайдасыз) шығындарға жататындар: топырақ бетiнен ағып кеткен су мен желмен ұшырылып кеткен қар; топырақ бетiнен буланып кеткен су; жер асты суына инфильтрациялануы; арамшөп пайдаланған ылғал.
Транспирация және топырақ бетiнен буланып кеткен ылғал қосындысын жалпы су пайдалану жиынтығы делiнедi. Егiншiлiкте бұл көрсеткiштiң маңызы үлкен. Су пайдалану жиынтығының көздерi болып-топырақтағы ылғалдың табиғи қорлары, жауын-шашын, суғару суы, жер бетiне жақын орналасқанда жер асты суы есептеледi.
Нақтылы дақылдың вегетация кезеңiнде су пайдалану жиынтығының бiр өлшемiнiң оның негiзгi өнiмiне қатынасы су пайдаланудың коэффициентi делiнедi. Басқа сөзбен айтқанда дақылдан бiр салмақтық өнiм алу үшiн қанша су өлшемi керек екенiн (м3/т) көрсететiн шама. Мысалға кейбiр дақылдардың су пайдалану коэффициентiн келтiруге болады: 3-4 т/га өнiмдiлiкте бидайдың коэффициентi 900-1100 м3/т, жүгерi-5-7 т/га болғанда 550-800, қант қызылшасы –40-50 т/га-100-120, қоза-2,5-3,0 т/га-2000-3000 м3/т.
Топырақ бетiнен буланып кететiн пайдасыз ылғалды ауыл шаруашылығы дақылдарын өндiруге интенсивтi (қарқынды) технологияны қолдану арқылы азайтуға болады. Мысалы, қоза дақылында қатараралығын дер кезiнде қопсыту, арамшөптерiн жою арқылы су шығынын недәуiр азайтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет