Атмосфера дегенiмiз


Суарудың микроклиматқа әсерi



бет61/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

Суарудың микроклиматқа әсерi. Суғару дегенiмiз ауыл шаруашылығы дақылдары қажетсiнуi негiзiнде, танапқа жанасқан атмосфералық төменгi қабатына ылғал әсерiн тигiзе отырып, суды топыраққа енгiзу үрдiсi. Егер топырақтың пайда болу үрдiсiндегi негiзгi фактордың бiрi – су екенiн және оның басқа факторлармен тығыз байланысты болатынын ескерсек, суғару барысында топырақ пен ол жанасқан ауа қабатында әртүрлi физикалық құбылыстардың орын алатынын түсiну қиын емес. Ғалымдардың деректерiне қарағанда судың топыраққа, дақылдарға және қоршаған ортаға әсерi кейде пайдалы, ал кейде зиянды екен. Сондықтан агрономның мiндетi суғарудың пайдалы әсерiн арттырып, өсiрiлiп отырған дақылдан мол табыс алу болып табылады. Ол үшiн суарудың микроклиматқа әсерiн бiлген жөн.
Микроклимат деп, танаппен шектес жатқан атмосфераның төменгi 1,5-2 метр қабатының физикалық жағдайын айтады. Егер ауа температурасы 30 градустан жоғарылап, ал ылғалдылығы 30 проценттен төмендесе, фотосинтез үрдiсi уақытша немесе мүлдем тоқталады. Мұндай жағдай суғарылмайтын егiстiктерде жиi кездеседi және сол жерлердегi егiн түсiмдiлiгiнiң ұдайы төмен болуы басты себептерiнiң бiрi болып табылады.
Егiстiктi суғару барысында тек топырақ қана ылғалданып қоймай, жерге жанасқан ауа қабаты температурасы төмендеп, ылғалдылығы артатыны белгiлi. Мұның нәтижесiнде фотосинтез үрдiсiнiң ұзақтылығы және өнiмдiлiгi суғарылмайтын егiстiкке қарағанда 30-40 процентке ұлғаяды.
Бiзге белгiлi суғару тәсiлдерi iшiнде өсiмдiкке ең қолайлы микроклимат – жаңбырлатып суғару кезiнде пайда болады. Соңғы кезде қолданыла бастаған аэрозольды және импульсты жаңбырлату тәсiлдерi негiзiнен егiстiк танабы микроклиматын жақсарту мақсатымен жүргiзiледi. Мысалы, аэрозольды жаңбырлату тәсiлi Грузияда кеңiнен қолданылады. Себебi, мұндағы негiзгi дақыл – шай, ал ол ауа ылғалдылығының өте жоғары, ал температурасының қоңыржай болғанын қалайды.
Суарудың микроклиматқа әсерiн зерттеу үшiн осы оқулықтың авторы Атақұлов Т.А. 1973-1975 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында далалық тәжiрибелер жүргiзген болатын. Салыстыру үшiн үш нұсқада суару тәсiлдерi зерттелдi: жаңбырлатып, топырақтың жоғары қабаты арқылы суарулар және суарылмайтын танап. Бақылаулар 0,2 және 2 метр биiктiкте ауа ылғалдылығына, ауа және топырақ бетiндегi температураларға жүргiзiлдi. Шiлде айында жүргiзiлген бақылаулардың көрсеткiштерi: суарылмайтын танапта ауа ылғалдылығы 20%, топырақ бетiмен суарғанда 55-70% болды. Ең жоғарғы (max) топырақ бетiндегi температура суарылмайтын танапта 700С жеттi, ал суарылатын нұсқаларда 400С тан аспады Сонымен қатар, тәулiк бойында ауа ылғалдылығының және температураның өзгерулерiне зерттеулер жүргiзiлдi.
Байқаулар: суарудан үш күн бұрын, суарылғаннан соң (сол күнi) және суарылғаннан үш күн кейiн жүргiзiлдi. Бақылаулар нәтижесiнде байқалғаны – суарылмайтын танапта суаруға дейiнгi үш күнде суарылатын танаппен салыстырғанда ауаның ылғалдылығы 5-15% төмен, ал ауа температурасы 1-30С жоғары, ал суарылғаннан үш күн соң бұл көрсеткiштер одан да жоғары болды – 25-30% және 3-40С. Өйткенi, суарылған танапта ауа ылғалдылығы жоғарылады да, температура төмендедi.
Осы келтiрiлген мәлiметтерге сүйене отырып, дақылдарды суару сол танаптың және айналасының микроклиматын жақсартып және өсiмдiктердiң өнiп-өсуiне, өнiмдiлiгiне әсерiн тигiздi деп қорытуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет