- атмосферадағы қоспалардың трансшекаралық тасымалдануы туралы ақпаратты жинау, талдау жəне сақтау;
- метеорологиялық мəліметтер негізінде қоспалардың тасымалдануын болжау;
- қалдықтар мен көздер орналасқан аудандарды сəйкестендіру;
- атмосфералық ауадан төселме беткейге келіп түскен қоспаларды есептеу жəне тіркеу жұмыстары.
Əртүрлі географиялық жəне уақыттық жағдайларда алынған бақылаулар нəтижелерін сəйкестендіру мақсатында сынамаларды таңдау мен талдау, ақпаратты өңдеу мен берудің біртұтас жалпыланған əдістері қолданылады. Бақылау торабында алынған ақпарат жеделдік дəрежесі бойынша үш категорияға бөлінеді: шұғыл, оперативті жəне режимдік. Біздің елімізде іс жүзіндегі атмосфералық ауа ластануын бақылаудың торабына ауа сынамаларын қолмен таңдау бекеттері жəне қоршаған ортаны бақылау мен реттеудің автоматты жүйесі кіреді (ҚОБРАЖ). Ластануды бақылау бекеттері (ЛББ) стационарлық, маршруттық жəне қозғалмалы (шырақ асты) болуы мүмкін. Талдау үшін алынған сынамалар қолмен таңдау бекеттерінен химиялық лабораторияларға жеткізіледі. ҚОБРАЖ жүйелері стационарлы болып келеді, олар ауа сынамаларын талдау мен үздіксіз таңдау жəне ақпаратты байланыс каналдары бойынша басқару орталығына беру жəне берілген режимде атмосфера ауасының күйін реттеу құрылғыларымен жабдықталған.
Атмосфералық ауа ластануын бақылайтын бекеттер. Бақылаудың стационарлы бекеті – бекітілген бағдарлама бойынша ластаушы заттар концентрациясы мен метеорологиялық параметрлерді тіркеуге арналған аппаратура орналасқан арнайы жабдықталған павильон. Стационарлы бекеттердің ішінде негізгі немесе кең таралған ластаушы заттар құрамының ұзақ мерзімдік өзгерісін анықтауға арналған тірек стационарлы бекеттерді ерекше айта кеткен жөн. Стационарлы бекеттерді орнатуға арналған орын ереже бойынша, атмосфералық ауаның ластану деңгейлерінің қалыптасуын метеорологиялық жағдайларды ескере отырып таңдалады, яғни, міндеттер қатары алдын – ала анықталады: орташа айлық, маусымдық, жылдық жəне максимальді бір концентрацияларды бағалау, ШМК-нан көп концентрациялардың туындау ықтималдығы жəне т.б.
Бекетті орнатудан бұрын мыналарды талдап алған дұрыс: барлық стационарлы жəне жылжымалы көздердің тасталымдардың жиынтығынан бастап концентрациялардың барлық ингредиенттері бойынша есептік алқаптарын; жергілікті жер рельефі мен құрылыс ерекшеліктерін; тұрғын үй құрылысының даму жəне өндіріс мекемелерінің, энергетика, коммуналды шаруашылықтың кеңею болашағы; көлік жəне қала шаруашылығының басқа да салаларын; таңдалған аймақтың функционалды ерекшеліктері; халық тығыздығы; жергілікті жердің метеорологиялық жағдайларын жəне т.б. Бекет ғимараттың аэродинамикалық көлеңкесі мен көгал аймақтардан тыс орналасуы керек, оның территориясы жақсы желденуі керек, жақын орналасқан, төмендегі көздердің (автомашина тұрақтары, аз қалдықты кішігірім мекемелер) əсеріне ұшырамауы керек. Қай қалада болмасын, стационарлы бекеттер саны тұрғын халық санымен, жер рельефімен, өндіріс ерекшеліктерімен, функционалды құрылыммен (тұрғын, өндіріс, жасыл алқап жəне т.б.), зиянды заттар концентрациясы алқаптарының кеңістік жəне уақыттық өзгерісімен анықталады Рельефі күрделі жəне ластау көздері көп елді мекендер үшін əрбір (5-10) шаршы шақырымға бір бекет қою ұсынылады. Ауа ластануы туралы ақпарат қала ерекшеліктерін де қамтуы үшін бекеттерді əртүрлі функционалды аймақтарда – тұрғын, өндіріс жəне демалыс аймақтарында орнату ұсынылады. Автокөлік қозғалысы қарқынды қалаларда бекеттер сонымен қатар, автомагистральдар маңына да орналастырылады. Бақылаудың маршруттық бекеті – қаладағы белгілі бір маршруттағы орын. Ол бақылаулар кезінде жергілікті жердің белгілі нүктесінде ауа сынамаларын тұрақты таңдау үшін арналған. Мұндай бақылаулар қозғалмалы аппаратура көмегімен жүргізіледі. Маршруттық бақылаулар маршруттық бекеттерде автолабораториялар көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай қозғалмалы лаборатория жылына шамамен 5000 таңдама өндіреді. Осындай машинада күніне ауа сынамасының 8-10 таңдамасын алуға болады. Маршруттық бекеттердің жүру тəртібі ай сайын ауа сынамасын таңдау əрбір бекетте тəуліктің түрлі уақытында өткізілетіндей етіп ауысып отырады. Мысалы, бірінші айда машина нөмір өсу тəртібімен, екінші айда – олардың кему тəртібі бойынша, ал үшінші айда – маршрут ортасынан аяғына қарай жəне басынан ортасына қарай, жəне осылайша бекеттерге жүріп отырады. Жылжымалы (шырақ асты) бекет берілген көздің əсер ету аймақтарын анықтау мақсатында түтінді шырақ астында сынаманы таңдауға арналған. Шырақ асты бақылаулары арнайы жасалған бағдарламалар бойынша жəне берілген мекеме қалдықтарына тəн спецификалық ластаушы заттар маршруты бойынша жүзеге асырылады. Сынамаларды таңдау орны шырақ асты бақылаулары кезінде атмосферадағы ластаушы заттардың таралу заңдылықтарын ескере отырып, ластану көздерінен əртүрлі қашықтықта опналасатындай етіп таңдайды. Ауа сынамасын таңдау тұрақты тастау көзінен (0,2-0,5); 1, 2, 3, 4, 6, 8, 10, 15 жəне 20 км қашықтықта жел бағыты бойынша, сонымен қатар, көздің желденетін жағынан жүргізіледі. Шырақ астында бақылаулар берілген мекемеге тəн ингредиенттердің тасталу көлемі мен олардың улылығын ескере отырып жүргізіледі. Максимальді ластану зонасында (есептеулер мен тəжірибелік өлшемдер мəліметтері бойынша ) 60-тан кем емес ауа сынамалары алынады, ал басқа зоналарда минимум 25-тен кем болмауы керек. Ауа сынамаларын таңдау шырақ асты бақылауларын жүргізген кезде жер бетінен 1,5м биіктікте 20-30 минут бойы бір уақытта үш нүктеден кем болмайтындай етіп жасалады. Жұмыс күні уақытында шырақ астында сынамаларды 5-8 нүктеде кезекпен таңдауға болады.
Отандық өндірісті стационарлы бақылаудың оптимальді жағдайларын қамтамасыз ету үшін ПОСТ типті кешенді лабораториялар немесе стандартты павильон-бекеттер шығарылады. Мұнда ауа сынамаларын алуға арналған жəне жел жылдамдығы мен бағыты, температура, ылғалдылық сияқты параметрлерге метеорологиялық өлшеуге жүргізуге арналған құралдар мен жабдықтар кешені орналасқан. Ластануды реттейтін шамамен барлық стационарлық бекеттер ПОСТ-1 кешенді лабораториялармен жабдықталған. Сынаманы таңдауды өндіру жəне автоматизация деңгейі жөнінен ерекшеленетін ПОСТ-2 жəне ПОСТ-2а лабораторияларының жаңа модификациялары да шығарылады жəне орнатылады. Атмосфералық ауаның ластануын жəне метеорологиялық параметрлерді бақылайтын стационарлы бекеттерде бақылаулар ауа райы жағдайларына қарамастан жыл бойы, барлық маусымдарда жүргізілуі керек. Бақылау бекеттеріне арналған ереже бойынша бақылаудың үш бағдарламасы енгізілген: толық, толық емес жəне қысқарған бағдарламалар. Толық бағдарлама бойынша бақылаулар күнде жергілікті декреттік уақыт бойынша 1, 7, 13 жəне 19 сағаттарында (демалыс–сенбі, жексенбі кезектеседі) немесе ауыспалы график бойынша сейсенбі, бейсенбі, сенбі; сенбіде – 7, 10 жəне 13 сағаттарда; дүйсенбі, сəрсенбі, жұма – 15, 18 жəне 21 сағаттарда жүргізіледі. Бақылаулар бірінші бағдарлама бойынша ауадағы негізгі, сонымен қатар спецификалық ластаушы заттар құрамын өлшеуді қарастырады. Толық емес бағдарлама бойынша бақылаулар күнделікті (жексенбі мен сенбі кезектеседі), бірақ тек жергілікті декреттік уақытпен 7, 13 жəне 19 сағаттарда ғана жүргізіледі. Ауа температурасы 45 °С - тан төмен аудандарда бақылаулар қысқартылған бағдарлама бойынша жексенбіден өзге күндері жергілікті декреттік уақыт бойынша 7 жəне 13 сағаттарда жүргізіледі. Қысқартылған бағдарлама бақылаулары жəне орташа айлық концентрация пайдаланып отырған əдіс бойынша өлшенген қоспа диапазонының төменгі шегінен аз немесеШМКмр 1/ 20 – аз болатын жерлерде өткізіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде (тұман, температураның ұзақ инверсиясы жəне т.б) ауа сынамасын таңдау бақылаудың əрбір бекетінде 3 сағат сайын жүргізілуі қажет. Бір уақытта халық тығыз орналасқан территорияларда негізгі ластау көздерінің шырақ астында таңдамалар алынуы керек. Шырақ асты бақылаулары берілген мекемеге тəн қоспалар үшін жүргізіледі. Атмосфера ауасының радиоактивті заттармен ластануын реттейтін стационарлы бекет ПОСТ типті стационарлы бекетті немесе көлемі 3*3*3 м болатын үйді сипаттайды. Ол ереже бойынша ұяшығының көлемі 10*10 см металл тормен қоршалған, арнайы жабдықталған гидрометеорологиялық станцияларда (ГМС) орналасады. Қоршаған алаң ауданы – 5-10м, ал тор биіктігі – 1,2-1,5 метр. Алаң жақын маңдағы ғимараттан 10 метрден кем емес жəне жолдардан 30км қашық жерде орналасуы керек. Алаңның шөп жамылғысы болуы қажет, бұталар мен ағаштарды айтпағанда, басқа өсімдіктер мұнда отырғызылмауы керек.
Қоршаған ортаны реттеу жəне бақылаудың автоматты жүйесі ( АНКОС – АГ) атмосфералық ауаның ластану деңгейі туралы ақпаратты автоматты түрде жинауға, өңдеуге жəне беруге арналған. Жүйе елді мекендерде жəне ірі өндірістік мекемелердің маңында метеорологиялық параметрлер мен қоспалар концентрациясы туралы ақпаратты үздіксіз алып тұруға мүмкіндік береді. Атмосфералық ауаның ластануы туралы мəліметтерді тіркеудің, берудің, сақтаудың жəне өңдеудің техникалық мүмкіндіктері атмосфералық ауа күйін бақылайтын автоматы жүйелердің қалыптасуының негізгі принциптерін жасауға мүмкіндік береді. Отандық өндіріс жасап шығарған АНКОС – АГ құрамына келесі техникалық жабдықтар кіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |