- көлемі 2300 * 4700 * 7600 мм болатын тікбұрышты металл каркасты сипаттайтын павильон;
- температура, ылғалдылық, жел бағыты мен жылдамдығын өлшеуге арналған, павильон төбесінде орналасқан, метеобергіштер кешеніне ие мачталық құрылғы;
- жылыту, сəулелену, желдету, кондиционерлеу жəне өрт сөндіру құрылғылары;
- көмір оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді, диоксиді жəне оксидтер жиынтығының газдық анализаторлары, көмірсутектердің метансыз жиынтықтары;
- микро ЭЕМ базасында ақпаратты жинау жəне өңдеу құрылысы.
АНКОС жүйесі мен ақпаратты өңдеу орталығы арасындағы ақпарат алмасу жалпы пайдаланатын телефон желілері бойынша мəліметтерді беру ақпараттары (МБА) мен мəліметтерді беру мультиплексоры (МБМ) көмегімен жүзеге асырылады. АНКОС станцияларында орнатылатын МБА ақпарат өңдеу орталығының МБА мен МБМ – мен бірге қала немесе аймақ бойынша орналасқан АНКОС жүйесінен шығатын ақпарат өңдеудің автоматты орталықтанған жүйе астын қалыптастырады. Ақпарат өңдеуші орталықтың техникалық құралдарының құрамы:
- ЭЕМ базасындағы арнайы есептеуші кешен;
- Микро ЭЕМ базасында мəліметтерді беру мультиплексоры;
- Диспетчер пульті;
- Сызба;
- Көмекші жəне қызметтік құрылғы;
- Бағдарламалық қамтамасыздау ( өлшеу мəліметтерін алғашқы жəне екінші реттік өңдеу бағдарламаларының пакеттері, мəліметтер банкісі, диспетчерлік бағдарламалар жəне т.б.).
АНКОС – АГ жəне орталық жүйелері мыналарды қамтамасыз етеді:
- атмосфералық ауаның берілген параметрлерін жүйелік өлшеу;
- АНКОС станцияларынан ақпаратты автоматты түрде жинау;
- Бақылаудың автоматтандырылмаған желілерінен ақпарат жинау ( мысалы, тұрақты жəне қозғалмалы бекеттерден);
- ШМК-ның белгілі мəндері бойынша жағдайды оперативті бағалау;
- Бағаланатын қоспалар мен ластану деңгейін қысқа мерзімдік болжау;
- Ақпаратты өңдеу мен беру.
Математикалық қамтамасыздаудың құралдарына мəліметтерді өңдеудің келесі негізгі алгоритмдері кіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |