- статикалық өңдеу алгоритмі (метеорологиялық параметрлердің, ластану параметрлерінің сандық, ықтималдық сипаттамаларын анықтау);
- алғашқы өңдеу алгоритмі (ластану туралы қызметтік ақпараттың сенімділігіне көз жеткізу, ақпаратты өңдеуге ыңғайлы түрге келтіру жəне т. б.);
- берілген уақыт сəтінде қаланың барлық аудандарында ластану күйі туралы экспресс – ақпараттың алгоритмі;
- ауа ластануының қысқа жəне ұзақ мерзімді болжамының алгоритмі;
- жүйе жұмысының уақыттық режимін, қалыптасу сатыларының кезектілігін, жүйенің жұмысқа қабілеттілігін бақылауды, мəліметтерді өңдеу бағдарламаларының приоритетін жəне т. б. анықтайтын басқару алгоритмі. Қоспа концентрациялары туралы мəліметтерді орташалау уақыты 20-30 минуттан кем емес, бұл уақыт жұту құралдарының сынамаларды таңдау уақытына сəйкес келеді. Автоматтандырылған жүйенің ақпаратты беру жиілігі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейінгі уақытты құрауы мүмкін.