Атмосфералық


Атмосфералық жауын-шашын сапасының жай-күйі



бет6/9
Дата27.10.2022
өлшемі1.69 Mb.
#463488
1   2   3   4   5   6   7   8   9
6257a43b82d95inf-byull-kaz-1-kvartal-2022

Атмосфералық жауын-шашын сапасының жай-күйі


2022 жылғы 1 тоқсанындағы Түркістан облысы аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамы.


Атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамына бақылау 2 метеостанцияларда (Қазығұрт, Шымкент) алынған жаңбыр суына сынама алумен жүргізілді (14.4 сур.).


Жауын-шашын құрамында барлық анықталатын заттардың шоғырлары шекті рұқсат етілген шоғырлардан(ШЖШ) аспады.
Жауын-шашын сынамаларында гидрокарбонаттар 47,35%, сульфаттар 21,59%, кальций иондары 12,02 %, натрий иондары 3,61 %, хлоридтер 5,23% болды.
Ең үлкен жалпы минералдылығы Қазығұрт МС – 69,15мг/л, ең азы Шымкент МС – 49,77мг/л белгіленді.
Атмосфералық жауын-шашынның үлесті электрөткізгіштігі Қазығұрт МС
– 111,90 мкСм/см, Шымкент МС – 53,48мкСм/см болды.
Түскен жауын-шашын қышқылдылығы қышқылорта сипатында, 6,12(Шымкент МС) – 6,58(Қазығұрт МС) аралығында болды.
  1. Түркістан облысы аумағындағы жер үсті сулар сапасының мониторингі


Жер үсті су сапасының жай-күйіне мониторинг 6 су объектілерінде, өзендер: Сырдария, Келес, Бадам, Арыс, Ақсу, Катта-бугун, 11 тұстамасында жүргізілді.
Жер үсті суларын зерттеу кезінде су сынамаларында су сапасының 40 физикалық және химиялық көрсеткіштері анықталады: көзбен шолып бақылау, су температурасы, ерітілген оттегі, сутегі көрсеткіші, өлшенген заттар,
мөлдірлік, тұз құрамының басты иондары, биогенді (азот, фосфор, темір қосылыстары) және органикалық заттар (мұнай өнімдері, фенолдар), ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, хром, никель, сынап), пестицидтер (ДДТ, ДДЕ, ДДТ, ГХЦГ альфа және гамма).
Түптік шөгінділер сапасының мониторингі Сырдария өзенінің 2 бақылау нүктелері бойынша жүргізілді. Түптік шөгінділер сынамасында ауыр металдарға (қорғасын, кадмий, марганец, мыс, мырыш, никель, хром) және органикалық заттарға (мұнай өнімдері) талдау жүргізілді.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет