Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі61.4 Kb.
#7531
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы ақпарат
Өнеркәсіп

. 2012 жылы 1263,6 млн.теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлемі индексі 101,0 % құрайды. Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда Ырғыз селосында 200 тонналық сыйымдылықтағы көкөніс сақтау қоймасы құрылысын салу жобасы жүзеге асырылуда, Жобаның құрылысы 2012-2013 жылдарға жоспарланған.



Ауылшаруашылығы

2012 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6407,8 млн.теңгені немесе нақты көлем индексі 101,3 пайызды құрады.



Ауылшаруашылығы саласына 2012 жылы 263,3 млн.теңгенің инвестциясы тартылды, бұл өткен 2011 жылдан 4,6 есе артық. «Ырғыз селолық несиелік серіктестігінен» 8 құрылым 54,3 млн. теңгенің мал мүлкін, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша барлығы 7 құрылым 56,1 млн. теңгеге мүйізді ірі қара, «Шалғайдағы жайылымдық қой шаруашылығының пилоттық жобасын дамыту» бағдарламасы негізінде 20 шаруашылық 152,1 млн. теңгеге 6038 бас қой малын сатып алды. Ауылшаруашылығы техникаларын жаңалауға 15,3 млн.теңгеге қаражат тартылды.

Мал басы аудан бойынша мүйізді ірі қара 27354 бас немесе 2011 жылға қарағанда 90,1%, қой-ешкі 96357 бас, немесе 83,3%, жылқы 6016 бас, немесе 108,3%, түйе малының басы 1080 бас, немесе 102,9%,құстар 8000 бас, немесе 100,0

2012 жылдың соңына ауданда 214 ауылшаруашылығы құрылымдары жұмыс жасайды.

Жер қатынастары

Ауданның жер қоры 4151,2 мың гектар. 2012 жылы ауылшаруашылығы жер пайдаланушыларының саны -210 бірлік, пайдаланудағы жер көлемі 879,8 мың гектар..

Жер учаскесін сатудан 2,9 млн.теңге, жалға беруден 8,3 млн.теңге бюджетке кірістелді.

2012 жылы жүргізілген ауылшаруашылығы жерлерін түгендеуге байланысты пайдаланылмай отырған 21 жер учаскесі 35107 гектар жер анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды.



Шағын кәсіпкерлік

Аудан бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері саны 468 бірлік, 2011 жылғы деңгейде. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 51-і заңды тұлға, одан белсендісі 45 бірлік, немесе 88,2 пайызы. 417-сі жеке кәсіпкерлер, шаруа шаруашылықтары. Шағын кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындар саны 1860 адам (өсім 0,4 пайыз), шағын кәсіпкерлікте өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 840 млн. теңге (өсім 20,7 пайыз), кәсіпкерліктен салық түсімі 144,7 млн.теңге (өсім 25,6 пайыз) .

Шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында «Ырғыз-несие» МКҰ арқылы 2 жобаға – 0,9 млн.теңге, «Облыстық ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 12 жобаға -13,5 млн.теңге барлығы 14,4 млн.теңгеге қаржыландырылды.

Бөлшек сауда айналымы 590,3 млн.теңгені құрап, нақты 2,4 пайызға өсті.



Инвестиция

Негізгі капиталға 2012 жылы 2145,6 млрд. млн.теңге тартылды, бұл 2011 жылға 82 %.



Қаржыландыру көздері бойынша

2011 жыл

2012 жыл

%

Бюджет қаражаты

2159,5

1425,6

66,0

Жеке сектор мен үй шаруашылығынан

455

720

158,1

барлығы

2614,5

2145,6

82,0

Бюджет қаражатына барлығы 11 жоба жүзеге асырылды, олардың 5-уі толық аяқталып, 6-уы бойынша 2013 жылы жалғастырылуда.



Құрылыс

2012 жылы барлығы 6305 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. бұл 2011 жылмен салыстырғанда 100,2 пайыз.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша несие алған 2 кәсіпкерлік нысаны инженерлік инфрақұрылыммен қамтылды.

Инфрақұрылымның жайы

Жол. Ауданның жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы - 233 км. Жолаушы тасымалын қамтамасыз етуде Ырғыз селосынан Ырғыз-Нұра, Ырғыз-Тәуіп, Құтикөл, Жарма, Құрылыс бағыттарында және Ақтөбе-Ырғыз бағытында автокөлік маршруты жұмыс жасайды.

Ауыз сумен қамту. «Су шаруашылығы» кәсіпорынында 124,6 шақырымды құрайтын магистралды су құбыры, 22,4 шақырым селоішілік су құбырлары, 86 су беру колонкалары жұмыс жасап, халыққа ауыз су беруде.
Салық-бюджет жайы

2012 жылы бюджетке салық және басқа да түсімдерден 299,0 млн.теңге кірістелді, бұл 2011 жылға қарағанда 34 пайызға артық. Барлық болжам 248,4 млн.теңге, немесе болжам 20,4 %- ке артық.

Жергілікті бюджетке түсім 217,2 млн.теңгені құрады, немесе 2011 жылдан 19,3 пайыз артты. Жергілікті бюджетке кіріс болжамы 195,3 млн.теңге, немесе болжам 111,2%-ке орындалды.

Бюджеттің шығысы жоспары 2635,8 мың теңге,нақты 2631,7 мың теңге болып 99,9 пайызға атқарылды. Салық базасын ұлғайтуда атқарылған жұмыстар нәтижесінде бюджетке қосымша 6839,2 мың теңге салық есептелінді.

Еңбек нарығы

Аудандағы тіркелген жұмыссыздар саны 27 адам. 2012 жылы 275 жаңа жұмыс орны қосылды, 318 жұмыссыз еңбекке орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа 370 жұмыссыз бағытталды, 53 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орыны ұйымдастырылды, жастар практикасы бойынша 36 жас жұмыспен қамтылды.

2012 жылы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша 187 адам еңбекке орналастыруға өтініш білдірген, одан «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 1- бағыты бойынша 65 адам әлеуметтік жұмыстарға, 49 жұмыссыз жастар практикасына тартылған, 29 адам кәсіптік оқуға тартылған, 3 адам біліктілігін арттыру курсынан өткен. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2 -бағыты бойынша 8 адам кәсіптік білім, 12 адам 20,1 млн.теңге несие алды. Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 3-бағыты бойынша Қалалыкөл ауылынан 4 отбасы Ақтөбе қаласына қоныс аударып, арнайы төлемдері жасалды. Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 4- бағыты бойынша ауылдық елді мекендерді көркейту жобасынан «Орталық аудандық аурухананың» күрделі жөндеу жұмыстарына 14 жұмыссызға жолдама берілді.

Әлеуметтік қорғау

Аз қамтылған азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда - ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге барлығы 256 адамға 11736,1 мың теңге көмек берілді.

2012 жылы барлығы 188 адамға 5916,3 мың теңге коммуналдық төлемдерден жеңілдіктер төленді.7 адамға 1062,4 мың теңге басқалай әлеуметтік көмек төленді.

16 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар 43 отбасына ай сайын 3000 мың теңге қосымша көмек, 7 мүгедек балаға үйден әлеуметтік көмек, 7 мүгедекке жеке көмекші тағайындалды 6 мүгедек баланың ем алу кезіндегі жол ақысы төлем жасалды.

17 адамға 275,9 мың теңгенің мемлекеттік атаулы көмегі,18 жасқа дейінгі 1665 балаға 23006,9 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалды.

Білім

Мектепке дейінгі тәрбие беретін 13 мекемеде 755 бала, 16 шағын орталықтарда 286 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту-92,2 %.

23 жалпы білім беру мектептерінде (орта-14, негізгі-7, бастауыш-2) 2012/2013 оқу жылында 3147 оқушы білім алуда. Өткен оқу жылын 181 оқушы аяқтап, 137-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, аудан бойынша ортақ балл 67,7.

Мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуда жергілікті бюджеттен Темірастау, Шеңбертал орта мектептерінің базасы жаңаланды, М.Төлегенов атындағы орта мектепке республикалық бюджет қаражаты есебінен химия кабинеті алынды. 2012-2013 жылдарға жоспарланған Құтикөл және Құйлыс ауылдарында орта мектеп құрылысы салынуда, Жайсаңбай ауылында 60 орындық орта мектеп құрылысының жобалау сметалық құжаты дайындалуда.

Мектептен тыс тәрбие беретін 3 мекеме жұмыс жасайды.

Денсаулық

Денсаулық сақтау саласында ауданда 1 аурухана, 14 медициналық пункт, 5 дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды.

Медициналық демографиялық көрсеткіштері төмендегідей: 2012 жылы жалпы өлім көрсеткіші-5,2, ана мен бір жасқа дейінгі бала өлімі тіркелмеген.

Ооблыстық бюджет қаражаты 15,0 млн.теңгеге Ақши аулында медициналық пункттің жаңадан құрылысы салынды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының аясында орталық аудандық аурухана мен емхана сыртқы күрделі жөндеуден өтті.

Мәдениет

Халыққа қызмет көрсететін 29 мәдениет мекемелері жұмыс жасайды. 2012 жылы 600 көркемөнерпаздар концерті, 460 жастар кеші, 554 тақырыптық кештер, 56 байқау барлығы 1670 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, ақылы қызмет көлемі 2604,7 мың құрады. Кітап қоры 139656 дана. Үйірмелер саны 135, оларға 1397 адам мүшелікке қамтылған..



Дене шынықтыру және спорт

Ауданда 60 спорттық құрылғылар бар. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Аудандық деңгейде спорттың 13 түрінен 64 рет жарыс өткізіліп, облыстық дәрежедегі жарысқа спорттың 7 түрінен 178 адам , республикалық дәрежедегі жарысқа спорттың 2 түрінен 4 рет 35 адам қатысты . «Көркейе бер, туған жер» акциясының аясында Ырғыз селосыда бокс залының құрылысы, Қарақұдық ауылында спорт алаңы салынып, ауыл жастарының спартакиадасы өткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет