Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы:Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу
Мақсаты: а. Оқушыларға Ч.Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы, эволюциялық теорияның негізгі ұстанымы, эволюцияның синтетикалық теориясының шығуы туралы толық мәлімет беру.
б. Оқушыларды табиғатты аялауға қорғауға, аялауға, патриоттыққа, жеке бас гигиенасын ұстануға, ойлау сөйлеу және жазу мәдениетіне тәрбиелеу.
в. Оқушылардың интерактивті тақта арқылы видеоматериал, слайд, логикалық тапсырмалар көрсету арқылы ой өрісін дамыту.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, видеоматериал, слайд, венн диаграммасы.
Сабақ типі: Жарыс сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап.
жаңа сабақ: Эволюциялық ілімнің бастапқы қалыптасу кезеңі ертедегі грек философтары Аристотель, Гераклит, Демокрит, Лукреций, Эмпедокл, т.б. еңбектерімен тығыз байланысты. Олар табиғаттың өзгеріп отыратындығын, организмдердің тарихи дамуы туралы жазды. Қайта өркендеу дәуірінде (15 – 16 ғасыр) жаратылыстану ғылымының дамуына байланысты түрлі тұжырымдар қалыптасты. Мысалы, креационистік тұжырым – тіршілікті жаратушы құдіретті күш бар деп есептесе, трансфоризмдік тұжырым – тірі организмдердің өзгеретіндігін мойындағанымен, олардың тарихи дамуын дұрыс түсіндіре алмады. Мұндай көзқарасты жақтаушылар: Д.Дидро, И.В. Гете,Р.Гук,Ж.Бюффон, Эразм Дарвин, Ж.Сент-Илер, т.б. болды. Эволюциялық ілімнің пайда болуына үлкен әсер еткен К.Линнейдің тірі организмдерді жеке жүйелік топтарға жіктеуі болды (қ. Бинарлық номенклатура). Ең алғашқы эволюция ғылым көзқарастың қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген Жан Батист Ламарк болды. Ол 1809 жылы “Зоология философиясы” атты еңбегінде эволюцияның ұзақ уақытқа созылатын тарихи процесс екендігін атап көрсетті. Тіршіліктің қарапайым түрлерінің біртіндеп күрделілене түсетінін мойындап, тірі организмдерді күрделілену сатысына сәйкес орналастырды. Ол эволюция процесінің негізгі факторы тұқым қуалайтын өзгергіштік деп атап көрсетіп, өз жүйелеуінде туыстық белгілеріне байланысты жіктеуге айрықша көңіл бөлді. 19 ғасырдың алғашқы жартысында Эволюциялық ілімнің дамуына жаратылыстану ғылымдарының дамуы мен қоғамның әлеуметтік-экономика жағдайларының өркендеуі де әсер етті. Бұл кезде микроскоптың шығуы мен жасуша теориясының ашылуы тірі организмдердің шыққан тегінің бір екендігін дәлелдеп берді. Палеонтология, салыстырмалы анатомия және салыстырмалы эмбриология ғылымдарының жетістіктері, сондай-ақ ағылшын геологы Ч.Лайелльдің (1797 – 1875)Жер ғаламшарының қалыптасуы туралы теориясы да Эволюциялық ілімнің дамуына ықпал жасады. 1859 жылы Ч.Дарвиннің эволюция теорияны қалыптастыруы Эволюциялық ілімнің ғылым негізін салды. Ол организмдер эволюциясының қозғаушы күшін ашты, яғни эволюция тұқым қуалаушылық өзгергіштіктің негізінде, тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталудың нәтижесінде жүзеге асатынын атап көрсетті. Осының нәтижесінде дарвиндік теория қалыптасты (қ. Дарвиншілдік). Эволюция теорияны Э.Геккельдің белгілі бір жақын түрлердің тарихи дамуын анықтауда үштік параллелизм әдісін (палеонтология, салыстырмалы анатология және салыстырмалы эмбриология) қолдануы толықтыра түсті. Эволюциялық ілімнің дамуына биогенетикалық заңның ашылуы зор әсер етті. 20 ғасырдың басында Г.Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдары ашылғаннан кейін Дарвиннің Эволюциялық ілімне сын айтулар көбейді. Бұл кезеңде түрдің пайда болуы біртіндеп емес, кейде секірмелі түрде жүретіндігі туралы болжамдар айтыла басталды. Дарвиннен кейін молекула биология мен генетиканың жетістіктеріне байланысты жаңа деректер Эволюциялық ілімге ұштасып, барлық органика дүние туыстас деген пікір айқындала түсіп, жаңаша талдаулар жасала бастады. Мысалы, орыс ғалымы С.Четвериков (1880 – 1954) популяцияда мутантты гендер (гетерозиготалы) көп болады, бұл тұқым қуатын өзгергіштікті жинақтайды, осыған байланысты жеке белгілер бейімдеуші болуы мүмкін деген пікір айтып, ғылымға “Тіршілік толқыны” деген ұғым енгізді. Ал америкалық ғалым С.Райт (1889 – 1959) гендердің дрейфі деген ұғымға ерекше мән берді. 20 ғасырдың 30-жылдарында микро- және макроэволюция туралы қалыптасқан кешенді көзқарастар – эволюцияның жасанды теориясы деп аталды. Оның негізгі қағидалары: тұқым қуалаушылық өзгергіштіктің бірден-бір көзі болып саналатын – мутация эволюцияның материалы болады; эволюция факторлар – тіршілік толқыны, оқшаулану, гендердің дрейфі кездейсоқтық және бағытталмаған сипатта болады; эволюцияның қозғаушы күші – табиғи сұрыпталу; жүйелік топтардың эволюциясыбиология прогресс және биология регресс жолдарымен жүруі мүмкін; биология прогресс арогенез, идиоадаптация арқылы өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады; эволюция ұзақ уақыт арқылы бағытталмаған әрі алдын ала ойламаған сипатта болады.
Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасында дүниеге келген.
1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесінде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты. Экспедицияның басты мақсаты -Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді. Экспедиция Чили, Галапагос, Таити аралдарынан Жаңа Зеландия, Тасманиямен Оңтүстік Америкадан өтті. Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды. Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді.
Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты.Болашақ әйгілі ғалым ағылшынның шағын қаласы Шрусбериде туды.
1831 жылдың көктемінде Чарльз Кэмбридж университетінің дін ілімі факультетін бітіреді, бірақ поп болып істеуден бас тартады. Оны өсімдіктер мен жәндіктерді зерттеу ісі қызықтырады.
Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің өзара бәсекелестік, күреске шыдамды, бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны Ч.Лейльдің жұмыстары дәлелді. Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатынын көрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты. Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын - «Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы» жарыққа шығарады.
Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы бар. Олар:
«Адамның шығу тегі және жыныстық тандау» (1871 ж.)
«Адам мен жануарлардын мінез–құлықтары» (1872 ж.). Осы жұмыстар Ч.Дарвиннің жалпы теориясын адамның шығу тегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады. Дарвиннің теориясында «адам маймылдан шықты» деп тұжырымдады.
Дарвинизмнің ең басты қателігі оның “өмір – бұл күрес” дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті әрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, өйткені күшті әлсізді табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты қолдануға болмайды. Дарвинге жүгінсек, “артықшылықты раса” өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасайды. Мысалы Дарвин былай деп жазады: “Тек ғасырлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өркениетті раса оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфты маймылдар “яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар” да құртылып жіберіледі.
Адам мен оның жақын тектері арасындағы алшақтық жедел қарқынмен ұлғая түседі, өркениетті адамдар мен жабайылар арасындағы айырмашылық мысалы Кавказхалықтары мен гиббондар арасындағы сияқты алшақтайды, қазіргі кезде ол негр немесе автралиялықтар мен гориллалар арасындағыдай сипатта”. Міне, атағы әлемге әйгілі ғалымның сөзі осындай. Дарвиннің өз теориясын жасау кезінде идеялық “серпілісті” сол кездегі зиялылар ортасында кеңінен танымал болған британдық экономист Томас Мальтустың кітабынан алғандығы белгілі. Ол жер бетіндегі адамдар саны өте көп, олардың көбеюінің жолын кесу қажет дейді. “Соғыс, аштық жәнежұқпалы аурулар сияқты алапат апаттар халықтың санын азайтуға қажетті механизм болып табылады, өйткені адамдардың белгілі бір бөлігі, басқаларының жақсы өмір сүруі үшін өлуі тиіс. Тек осындай “(үздіксіз) перманентті соғыстың” нәтижесінде ғана адамзат өмір сүре алады”, – деп санайды Мальтус.
Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан күштісі және жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты тұрғысынан өзін ақтай алады деп мәлімдеуі содан. Өнегелік құндылықтар мен рухани жетілу оның іштен шыққан “шұбар жыланы” — “өмір сүру үшін күрес” идеясының басты жауы болды