Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы мм-нің басшысы Г. Аманкосова «31» шілде 2015 жыл


Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын



бет2/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.53 Mb.
#175557
1   2   3   4

8. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын

конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы

және конкурс жеңімпазын анықтау
      37. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссияның төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронология тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

38. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

39. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

41. Конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысу-шының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

42. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.


9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік

сатып алу туралы шарт
44. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

45. Заңның 37-бабының 5,6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасау туралы ережелерді қамтыуы тиіс.

      46.Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды камтуы тиіс.

      47. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, шарттың 3 (үш) проценті мөлшерінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жагдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарған болып саналады.

48 Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

1) тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушсы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарумен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы

.

Конкурстық құжаттамаға



1-қосымша   
Сатып алынатын қызметтер тізбесі

2015 жылы Әйтеке би ауданында мемлекеттік жастар саясаты саласында іс- шараларды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс

Лот





Тапсырыс берушінің аты


Қызметтер атауы*


Өлшем бірлігі


Саны, көлемі


Жабдықтау шарты


(ИНКОТЕРМС
2000 сәйкес)

Қызмет көрсету мерзімі


Қызмет көрсету орны


Аванстық төлем көлемі,


%

Конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сома (лот № бойынша),


теңге


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Әйтеке би аудандық ішкі саясат болімі» ММ





Жастарды кәсіп таңдау мен кәсіпкерлік негіздеріне үйрету, әлеуметтік қолдау және мүгедек жастарға колдау көрсету бойынша ісшаралар ұйымдастыру

Қызметтер

1

Техникалық ерекшелігіне сәйкес (қосымша №2)




2015жыл

Әйтеке би ауданы

0%

350 000 теңге

2.

Аудан тұрғындары мен жастар арасында патриоттық және этнос аралық тәрбие, діни экстреммизм мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс- шаралар ұйымдастыру

Қызметтер

1

2015жыл

Әйтеке би ауданы

0%

350 000 теңге

3




Әйтеке би ауданның қоғамдық - саяси ахуалын, халықтың көңіл – күйіне әлеуметтік зерттеулер жүргізу


Қызметтер

1




2015жыл

Әйтеке би ауданы

0%

3000 000 теңге

 * Көрсетілетін қызметтердің толық сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі.

Ішкі саясат басқармасының басшысы


Г.Амангосова___________________  
Күнi______________                    
М.О.                                

Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

Сатып алынатын қызметтердің

техникалық өзіндік ерекшелігі
Конкурстық өтінімнің бөлігін құрайтын және көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапалық және техникалық сипаттамалары көрсетілген құжаттар жобалар түрінде берілуі және мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:


  1. 1-қосымшаға сәйкес лоттың нөмірі және көрсетілетін қызметтің атауы:
    ______________________________________________________________.

  2. Сатып алынатын қызметтің ұйымның миссиясына сәйкес келуінің негіздемесі (құрылтай құжаттарына сәйкес ұйым қызметінің негізгі бағыттарына, мақсаттарына сәйкес келуі):________________________________.

  3. Ұйымның конкурсқа қатысудағы мақсаты: ________________________.

  4. Қызметтерді көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспары:________________.






Іс-шара

(нысаны мен атауын көрсете отырып)

Мақсаты

Өткізу мерзімдері

Өтетін орны

(ауданды және елді мекенді көрсете отырып)


Мақсатты топтар және жоспарланған өкілдер саны

1

2

3

4

5

6

5. Тапсырыс беруші белгілеген сомадан аспайтын, қызметтерді көрсетуге арналған, жоспарланған шығыстар:






Шығыстардың түрі

Көрсетілетін қызметтердің Тапсырыс беруші белгілеген жалпы құнының %

1

2

3

ЖИЫНЫ




6. Жобаны жүзеге асыруда қосымша қаржы тарту мүмкіншілігі туралы мәліметтер: _________________________________________________________


7. Жобаны іске асырудағы меншікті салымының көлемі:

________________________________________________________________

8. Қызметтің тиімді көрсетілуін қамтамасыз ету үшін олардың мақсатқа лайықтылығына негізделген жұмыс әдістері мен түрлері, соның ішінде ұйымның (қатыстырылатын мамандардың) қызметті қолдану жөніндегі жұмыс тәжірибесі, олардың табыстылығы жөніндегі нақты мысалдар: ____________________________________________________________________.
9. Сандық және сапалық параметрлерімен өлшеу арқылы көрсетілген жобадан күтілетін нәтижелер, соның ішінде:

жоспарланған іс-шараларды өткізудің нәтижесінде қамтылатын азаматтардың нақты саны: _____________________________________________;

мақсатты топтардың өкілдеріне қатысты пайда болатын жағымды өзгерістерді сипаттау _________________________________________________;

жоспарланған іс-шаралардың «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында және басқа стратегиялық құжаттарда белгіленген мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына ықпал ететін жоспарланған әсері: ____________________________________________;


Ескертпе. 1-9 тармақтар міндетті толтыруға жатады. Бұдан әрі ұсынылатын ақпарат техникалық өзіндік ерекшеліктің бөлігі болып табылады және ол өнім беруші конкурсқа қатысу туралы шешімді қабылдаған кезде және техникалық өзіндік ерекшеліктің мәтінін әзірлеу барысында ескерілуі тиіс. Ұсынылып отырған мәтін көшірілмеуі және өнім беруші әзірлейтін техникалық өзіндік ерекшеліктің мәтініне енгізілмеуі тиіс.
1. Қызмет:

техникалық тапсырмаға сәйкес және ақпараттық талдау және ұсыныстар дайындау арқылы

Тапсырыс беруші белгілеген мерзімде;

Тапсырыс беруші мақұлдаған іс-шаралар жоспары бойынша;

мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі.
Есеп тапсыру талаптары:

Әлеуетті өнім беруші Тапсырыс берушіге бекітілген сметаға сәйкес бюджеттің тармақтары бойынша барлық шығындар көрсетілген қаржылық есепті тапсыруы қажет. Есепте барлық қаржылық құжаттар (келісім-шарт көшірмелері, шот фактурасы, накладной, орындалған жұмыстар актісі т.б.) көшірмесі тапсырылады. Сонымен қатар, өткізілген іс-шаралар жөнінде мәліметтер (бағдарламалар, қатысушылардың тізімі, баспасөз-парақтары, фото-видео материалдар, БАҚ-та жарияланған мақалалардың көшірмесі, таратылған материалдардың данасы) тапсырылуы қажет.

Қаржылық есепке ұйым жетекшісі мен бухгалтер қол қойып, мөр басылуы керек.

Жобаның жүзеге асырылуы барысында туындаған мәселелер жөнінде өнім беруші Тапсырыс берушіні уақытылы ақпараттандырып, жобаның кедергісіз жүзеге асырылуы үшін Тапсырыс беруші тарапынан қабылданатын тиісті шешімдер мен түзету жолдарын ұсынуы қажет.


2. Рұқсат етілген шығыстар: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы «Республикалық және жергілікті бюджетті орындаудың Ережесін бекіту туралы» №220 Қаулысына 26 ақпандағы № 220 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы Ережесін ескере отырып:

іс-шараларды өткізу үшін ғимараттарды жалдау; баспаханалық шығындар, жарнамалық өнім, соның ішінде бейнематериалды әзірлеу; іс-сапар шығыстары; қоюшы-режиссерлік топқа ақы төлеу жөніндегі шығындар; іс-шараның салтанатты ашылуын және жабылуын материалдық қамтамасыз ету (реквизитті, костюмдерді, керек-жарақты, жабдықтарды, жарықпен және дыбыспен сүйемелдеуді жалға алу); орын-жайды безендіру; әдістемелік әдебиет сатып алу; марапаттау; көліктік шығыстар (егер көліксіз қызмет көрсету мүмкін емес болған жағдайда); көрсетілген қызметтің ерекшелігіне сәйкес болған жағдайда тамақтандыру; залды, спорттық құрылғылар мен спорт жабдықтарын жалдау; жоба қатысушыларының салық салу есепке алынған еңбекақысы;

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаражат тек көрсетілетін қызметтің жүзеге асырылуымен байланысты іс-шараларға ғана бағытталып, тиісті құжаттармен бекітіліп, қаржылық есепте көрсетілуі тиіс.
3. Қаржылық операциялардың жүзеге асырылуына қойылатын талаптар:

қызметті орындау үшін қатыстырылатын қызметкерлерге (соның ішінде жобаның үйлестірушілеріне, бухгалтерлерге, хатшыларға, сарапшыларға, жаттықтырушыларға және т.б.) еңбекақы төлеу келісім-шарт негізінде жүргізілуі және салықтарды есепке алғанда, жобаның жалпы құнының 30%-нан аспауы тиіс;

полиграфиялық өнімді әзірлеудегі шығыстар жобаның жалпы құнының 10%-нан аспауы тиіс;
4. Халықты жобаның іс-шараларымен қамтуды жоспарлау кезінде мынадай сандық көрсеткіштерді ескеру қажет:


Іс-шараның нысаны

Қатысушылардың саны

Облыстық деңгей

Аудандық деңгей

конференция

кемінде 50 адам

кемінде 30 адам

дөңгелек үстел

кемінде 30 адам

кемінде 20 адам

семинар

кемінде 25 адам

кемінде 15 адам

тренинг

кемінде 20 адам

кемінде 10 адам

акция

кемінде 70 адам

кемінде 50 адам


5. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен көрсетілетін барлық қызметтер Тапсырыс берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің сыртқы мониторингіне жатады.
6. Қызмет көрсетумен байланысты барлық іс-әрекеттер Тапсырыс берушімен келісілуі қажет. Қызмет көрсетудің нәтижелері конкурс қорытындысы бойынша өнім берушімен жасалатын қызметтерді көрсету туралы келісім-шартта бекітілген тәртіпте және мерзімде Тапсырыс берушіге берілуі тиіс.



Лоттың №


Көрсетілетін қызметтің атауы



Көрсетілетін қызметтің сипаттамасы



Мерзімі

( көрсетілетін қызметтің барлығы 2015 жылдың ішінде ұсынылуы қажет)




Жастарды кәсіп таңдау мен кәсіпкерлік негіздеріне үйрету, әлеуметтік қолдау және мүгедек жастарға колдау көрсету бойынша іс шаралар ұйымдастыру .


1. Ауданның 4 елді мекенінде (Қарабұтақ, Ақкөл, Жабасақ, Басқұдық) жастарды кәсіп таңдауға және кәсіпкерлік негіздерін үйретуге арналған семинар өткізу.

- бос жұмыс орындары туралы ақпараттық материалдар тарату;

- әдістемелік – ақпараттық құралдар: кітапша, буклеттер тарату;

- бос орындар жәрмеңкесін өткізу.

2. Жастарды әлеуметтік қолдау және мүгедек жастарға қолдау көрсету

- мүгедек жастармен мүмкіндігіне қарай қолөнерімен айналысу жұмыстарын үйрету семинар тренингі;

- әдістемелік құралдар, буклеттер әзірлеп тарату:

- осы тақырыпта бейнероликтер көрсетуді ұйымдастыру:

- іс – шара туралы бұқаралаық ақпарат құралдарында 2-3 мақала жариялау.

2015 жыл




Аудан тұрғындары мен жастар арасында патриоттық және этнос аралық тәрбие, діни экстреммизм мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс- шаралар ұйымдастыру.

  1. «Діни экстремизм мен лаңкестік шынайы діннің жауы» атты жоғары білімді теолог мамандардың қатысуымен елді мекендерде (Аралтоғай, Комсомол, Әйке, Құмқұдық) 4 кездесу өткізу.

  • Кездесулерде діни тұрақтылық бағытында бейнероликтер көрсетілімін ұйымдастыру;

  • Әдістемелік – ақпараттық, буклеттер, кітапшалар тарату (200 данадан кем емес);

  1. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау және ұлы тұлғаларымыздың өмірлерімен таныстыру мақсатында Ақтасты ауылдық округі Толыбай селосында «Әбілхайыр – дара тұлға» атты жастар конференциясын өткізу

  • Әбілхайыр хан мемориальдық кешені, мазарымен таныстыру

  • «Ұлтымызды ұлықтайық» атты байқау.

2015 жыл




Әйтеке би ауданы қоғамдық саяси ахуалына, халықтың көңіл – күйіне әлеуметтік зерттеулер жүргізу



Аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейі

  • Аудан тұрғындарының дінге көзқарасы, аудандағы діншілдік деңгейін анықтау.

  • Аудан тұрғындарының ұлттық құндылықтарға, тілге, рәміздерге құрмет ерекшелігін анықтау.

  • Аудан жастарының саяси процестерге, басқару жүйесіне, білім, денсаулық, құқық қорғау салаларына басқа да өзекті мәселелерге көзқарасы.

  • Қоғамдық – саяси ахуалдың тұрақтылығы, аудан тұрғындарының қоғамдық – саяси жағдайға, саяси процестерге көзқарасы.

  • Аудан кәсіпкерлерінің мемлекеттік саяси процестерге көзқарасы.

2015 жыл




Конкурстық құжаттамаға

3-қосымша


Конкурсқа қатысуға өтiнiм
(заңды тұлғалар үшiн)

 Кiмге
__________________________________________________________________


  (мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетiледi)


Кiмнен
__________________________________________________________________
       

  (әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы көрсетiледi)

1.Конкурсқа қатысуға үмiткер заңды тұлға (әлеуеттi өнiм берушi) туралы мәлiметтер:

Әлеуеттi өнiм берушiнiң заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары




Заңды тұлғаның банктiк деректемелерi (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететiн банктiң немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы




Заңды тұлғаның бiрiншi басшысының аты-жөнi



2.______________________________________________________________________


(заңды тұлғаның толық атауы көрсетiледi)

осы өтiнiммен конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға ниет бiлдiредi және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi - қажетiн көрсету керек) жүзеге асыруға келiсiм бiлдiредi.

3. Әлеуеттi өнiм берушi осы өтiнiммен "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердiң бұзылуы жоқтығын растайды.

Осымен әлеуеттi өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алу (тауарды (ларды), жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi – қажеттiсi көрсетiлсiн) туралы шартты бұзуға келiсiмi де бiлдiрiледi.

4. Әлеуеттi өнiм берушi конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзiнiң құқықтық қабiлеттiлiгi, бiлiктiлiгi, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берiлетiн тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi - қажетiн көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiгi, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулердi сақтауы туралы хабардар етiлгендiгiн растайды.
      Әлеуеттi өнiм берушi осы конкурсқа қатысуға өтiнiмде және оған қоса берiлетiн құжаттарда мұндай дұрыс емес мәлiметтердi бергенi үшiн өзiне толық жауапкершiлiктi қабылдайды.

5.Осы конкурстық өтiнiм___күн iшiнде қолданылады.

6. Бiздiң конкурстық өтiнiм жеңдi деп танылған жағдайда, бiз мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгiземiз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзу көзделген болса көрсетiледi).

Бiздiң конкурстық өтiнiмiмiз жеңдi деп танылған жағдайда бiз мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi авансқа тең мөлшерде енгiземiз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу конкурстық құжаттамада мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемiнде үш пайызына тең болуы тиiс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетiледi).


       7. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасу сәтiне дейiн конкурсқа қатысуға осы өтiнiм Сiздiң оны жеңдi деп тапқан хабарламаңызбен бiрге бiздiң арамыздағы мiндеттi түрдегi шарт рөлiн орындайтын болады.
_________________________________________________
______________________________/__________________/
____________________________________________________________
(Заңды тұлғаның - әлеуеттi өнiм берушiнiң лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет