Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет160/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   255
Оралбаева

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Байтұрсынұлы. Тіл тағылым.- Алматы: Санат, 1990. -448 б.
2. Оразбаева Ф. Тіл əлемі.Мақалалар, зерттеулер.-Алматы: «Ан-Арыс», 2009.- 368 б. 
3. Пахнова Т.М. Развивающая речевая среда как средства приобщения к культуре // Рус-
ский язык в школе.- 2003 - №5. -С. 63-68.
4. Дəулетбекова Ж.Т., Рай Қ.М.Сөйлей білу –өнері. Көмекші құрал.- Алматы: Ғылым 
ордасы, 2013. - 98 б.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КРИТЕРИАЛДЫ 
БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
 
Дыбысалы Б.,
Абай атындағы ҚазҰПУдың магистранты,
Арын Е.,
Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия
Білім берудің қай саласы болса да, оның оқыту əдістемесі психологиялық негізделуі 
шарт. Білім алушылардың психологиялық ерекшеліктеріне негізделген əдістеме ғана нəти-
ежеге жеткізеді. Осы тұрғыдан оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру-
дағы бағалаудың критериалды бағалау технологиясының психологиялық негіздерін анықтап 
алу керек болады. Онсыз əдістеменің теориялық іргетасы толымдылыққа жетпейді.
Оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастырудағы бағалаудың критериал-
ды бағалау технологиясын қолданудағы мақсат – оны оқушы күнделікті өмірінде қолдануға 
дағдыландыру. Бұл мақсатқа жету үшін, оқушыда білімді меңгере отырып, өзін де, өзгенің 
де білімін бағалау дағдысын қалыптастыру қажет. Бұл дағды бойынша сабақта мұғалім мен 
оқушы, оқушылар өзара білімдерін қадағалап, жауапкершілікпен бағалауға жаттығуы керек. 
Бұл жағдай сабақта мұғалім мен оқушы, оқушылар қарым-қатынасының психологиялық 
жағына көңіл аударуды қажет етеді. 
Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын мұғалім дұрыс басқаруы керек. Мұн-
дай өзара қарым-қатынасты мұғалім дұрыс басқара отырып, оны басқарудың тиісті жолдарын, 
əдіс-тəсілдерін меңгеруі қажет. Мұғалімнің өз басын оқушыға жеке тұлға ретінде танытумен бір-
ге, оқушының да жеке тұлға екенін танып, сыйлап, қарым-қатынасты осы негізге құруы қажет.


275
Мектепте қазақ тілі пəнін оқу арқылы оқушы біртіндеп білім, білік, дағдыларды, тиісті 
ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нəтижесінде оның жан қуаттары (ес, ойлау, қиял), эмо-
ция, ерік-жігер, т.б. үдерістері дами түседі. Қандай да болмасын тілді үйретуде ғалымдар 
психологиялық ерекшеліктерге сүйенеді. 
Қазақ тілін оқушының табысты меңгеруі оның сол тілдік əлемге ұмтылуына, ынтала-
нуына, енуіне байланысты. Бұны психология əлеміндегі тұлғаның мəдениетке бағдарла-
нуы аясында қарауға болады. Психологтар жеке тұлғаның мəдениет пен қоғамға екі түрлі 
бағдарлануы болатынын көрсеткен. Бірінші бағдар - əлеуметтену, екінші бағдар - əлеуметтік 
кемелдену. Əлеуметтену бағдарындағы адам қазіргі уақыттағы жəне осы жердегі қолданы-
стағы əлеуметтік нормаларды ұстануға тырысады. Ал əлеуметтік кемелдікке ұмтылған адам 
өмірдің жеке өзіндік ізгі мəнін іздеуге жəне оны жүзеге асыруға бағыт ұстайды[1,17].
Бұл қағидатты 7-сынып оқушыларының ана тілінің байлығын, оның заңдылығын үйре-
нудегі ұмтылысының сатысы деп алуға болады. Оқушы қазақ тілін меңгеруді қажеттілік деп 
қабылдайды. Яғни қазақ тілін бағдарламалық талап деңгейінде оқып үйренеді. Екінші əлеу-
меттік кемелдікке ұмтылу сатысында оқушы өзінің жас ерекшелігіне сай қазақ тілін меңгеру-
ге жеке өз өмірінің ізгі мəні деп біліп, оны жүзеге асыруға ұмтылады. Бұл сатыда оның қазақ 
тілін үйренуге өз мүддесі басым болады. Əрине, оқушылардың барлығы осы екі сатыдағы 
мақсат үдесінен шығады деп айту қиын, солай болса да, психологтардың бұл көзқарастарын 
ұстанымдық дəрежеде ескеру артық болмайды.
Оқушылардың қaзaқ тілін үйренудегі табыстылығы сондай-ақ оның ниеттілігінің күші-
не де қатысты. Ю.Козелецкий ниеттіліктің деңгейі оқушының табысқa жетуінің маңызын 
аңғара білуіне байланысты [2,293], - деп көрсетеді. Оқушының қазақ тілі пəнін меңгеру ни-
еттілігі күшті болса, ол жеке өзіндік мүдделерімен тілді үйренуге кемелденеді. 
Мектеп оқушыларының қазақ тілін үйренуде ниеттенген болуы үшін оның керектігін ұғынуы 
шарт. Бұл жөнінде ғалымдардың «оқушының табысқа жетуге мотивтелген болуының дамыған-
дығы ... маңызын аңғара білуіне байланысты» деген анықтамасынан аңғаруға болады[3,55]. 
Оқушылардың ниеттілігіне негізделген əдістеменің тиімді болуы - тұлғалық дамудың 
негізгі жолдарының бірі болып табылатын психикалық құбылыс. Өйткені ниеттілік – білім 
алушыда табыс үшін шаттық, қуаныш сезімін арттыра түседі. Уəжге негізделген əрекет шат-
тық туындатады. Сондықтан психолог-ғалым А.А.Леонтьев мұндай əрекетті «қозғаушы күш 
жəне сол əрекетте көрінетін қажеттілік», - деп таниды.[4,147].
Ал мұндай белсенді оқу əрекеті, Ю.С.Мануйловтың айтуынша, қызығушылықты қалып-
тастыру міндетін көздейді [5,21]. Міне, осылайша ниеттеніп уəжделген, шаттық сезімін кү-
шейткен оқу белсенділігі - əдістемені оқушылар бойында пайда болған осы психологиялық 
құбылыстарды сақтауға жəне бекіте түсуге бағыттап тұрады. Ал ондай жағымды психоло-
гиялық құбылыстарды сақтап бекіте түсу үшін, мұғалім мен оқушы арасындағы, оқушылар-
дың арасындағы қарым-қатынас та маңызды рөл атқарады. Мұғалімнің оқушыларды өзінің 
субъект-субъект қатынас əлеміне енгізе білуі шарт. Сондай-ақ оқушылардың өзара ынты-
мақтастығын орнатуға болатын оқушы-оқушы қатынасын құру да маңызды. Бұл сабақта оң 
қарым-қатынас ұйымдастыруға жəне оқыту əдістерінің табысты болуына алғышарт болып 
табылады. Осы ретте А.С.Выготскийдің: «Барлық ең жоғарғы функциялардың, олардың 
қатынастарының ізінде əлеуметтік қатынастар, адамдардың нақты қатынастары тұрады» 
[6,315], - деген пікірі өте орынды деп есептейміз.
Ғылыми-əдістемелік еңбектерден қарым-қатынас - бірлесіп істеуді керек ететін əрекет-
тер талаптарының қажеттілігінен туындайтын адамдар арасындағы тілдесімдіктің, əрекетте-
стіктің сан-қырлы үлгісі екендігі белгілі. Бұл қазақ тілі сабақтарында оқудың топтық форма-
сын ұйымдастыруда негізге алынатын шарттың бірі деуге болады. Өйткені сыныптағы топ 
ішіндегі жəне топтар арасындағы қарым-қатынастың оң қалыптасуы жағдайында оқу əлеу-
меттік рөлге ие болып, білім алушылардың оқу белсенділігі артатын болады. 


276
Шын мəнінде, қарым-қатынастың сапасы, көбінесе, оған қатысушылардың ақыл-ой са-
пасына да қатысты болады. «Ақыл-ой - көп қырлы, көп өлшемді, көп құрылымды айрықша 
құбылыс, ол əрекеттің де көп қырлылығы арқылы көрінеді»,[7,6-9] - деп АҚШ ғалымы Г.Гард-
нердің айтқанындай, оқу топтарындағы жұмыс еркіндігі мен еріктігі олардың өз ақыл-ойла-
рын дұрыс қолдануға, танытуға, көркем мінез-құлық арқылы өзара қатынасты жүйелі құруға, 
біздің жағдайымызда өзінің жəне өзгенің білімін бағалауда да əділ болуға мүмкіндік береді. 
Мұның сабақта пайдаланылатын əдіс-тəсілдердің мақсатқа жеткізуіне қолайлылық жасайды. 
Бұл үдерістің сапасын арттыруда негізгі мақсат білімнің мəнділігін түсіне отырып, сол 
мəнділікке жету жолдарын ақыл-ой əрекеті арқылы меңгеру екенін білу де мұғалім үшін де, 
оқушы үшін де қажеттілік деп есептейміз. Осы ретте «Білім қалыптастыру ешбір пəннің 
міндеті емес, ол оқытуда кез-келген білік пен дағдыларға үйретудің бөлінбес сатысы болып 
табылады»[8, 67], - деген П.Я.Гальпериннің сөзін келтірген орынды. Өйткені оқушы сана-
лы түрде осы мəнділікті қабылдап, түсінігіне айналдырса, кез-келген оқу əдістері үрдісін-
де ол жетекші түрде белсенділік танытатын болады. Олай болса, мектептегі оқу процесінде 
оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыруда жəне оны критериалды бағалау технология-
сын орынды пайдалану арқылы арттыруда психикалық құбылыстарды ескерудің түпкі мəнін 
аша түседі. 
Оқу əрекетінің мазмұнына жаңа білім алу үдерісі жəне əрекеттің тəсілі жатады. Оқу 
əрекетінің амалына: интеллектуалды əрекет (анализ, синтез, жинақтау, жалпылау, жіктеу); 
тілдік, вербалдық амалдар; индивидтің игерген білімі, қоғамдық тəжірибе жатады. Ал оқу 
əрекетінің нəтижесі – игерілген білім, дағды, іскерліктер жүйесі, шығармашылық тəжірибе, 
əлемге мəдени-құнды қарым-қатынастан көрінеді. Оқушылардың оқу əрекетін қалыптасты-
ру – психология-педагогикалық теорияның маңызды мəселесі. Оқытудың психологиялық 
заңдылығын айқындау оқушының жасына қарай психологиялық ерекшелігін білумен бай-
ланысты. Ол белгілі бір жастағы адам жəне жеке тұлға ретінде: психологиялық, əлеуметтік 
жəне биологиялық жақтан сипатталады. Оқушының өмірдегі негізгі бағыты, мақсаты – білім 
алу, білімін толықтыру, интеллектісін дамыту, рухани жағынан өсу, белгілі бір мамандықтың 
иесі болу. 
Оқушыларды оқытуда, олардың бойында білім мен тəрбиенің мықты дағдыларын қа-
лыптастыруда олардың оқу мазмұндарын ұғынып, əртүрлі тапсырмаларды қалайша орын-
дай алу мүмкіндіктерін бақылауда психологиялық заңдылықтар ескерілуі қажет. Оқушының 
оқуға талпынысы мен ынтасының қалыптасу жолдарын, оның түрлі білім, дағдыларды қа-
лайша меңгеріп отырғандығын, əртүрлі мазмұндағы материалды ұғыну ерекшеліктерін бай-
қауда жəне оларды критериалды бағалауға төселдіруде оқушылардың өзіне тəн қайталанбас 
даралық сипаты, қабілетіне де назар аударылуы тиіс.
Əрине, əр адамның даралық ерекшелігінен басқа жалпыға ортақ қасиеті де болады. Жал-
пы оқушыларға тəн тілді оқып үйрену əрекетінің мынадай психологиялық сипаттары бар:
- тілді үйренуге деген қызығушылықтары;
- тілді оқып үйрену мақсаттары мен нəтижелерін анықтай алуы;
-өзінің жəне сыныптастарының жұмыстарының нəтижесін бағалай білулері.
Сонда осы бағытта олар өз білімдерінің жетістігі мен кемшіліктерін білуге дағдыла-
нады. Тек осындай саналы ұйымдастырылған іс-əрекет, еңбек негізінде ғана оқушылардың 
қазақ тілін білу жəне білімін бағалау əрекетінің психологиясы мақсатты түрде қалыптасады. 
Қазақ тілі сабағында тақырыпқа сай өзінің жəне сыныптастарының жұмыстарын тексер-
генде, оқушылардың топтық зейінін ұйымдастыруға болады. Мұндай жұмыс түріне оқушы-
лардың жұппен бірін-бірі жəне топтық жұмысты тексерулері жатады. Бұл қазақ тілі сабағын-
да зейінді ұйымдастырудың ең күрделі, əрі қызықты түрі болып табылады. 
Оқушыға жеке тапсырма беру, бақылау жұмысын орындату, өзін-өзі тексеру барысында 
даралық зейінді ұйымдастыру жүзеге асады. Сонымен қатар зейін қасиеттері əртүрлі таным-


277
дық процестермен, яғни ес, ойлау жəне сенсомоториканың жекелеген көрсеткіштерімен өза-
ра тығыз байланысты болады. 
Қазақ тілінен берілген материалды есте жақсы сақтау үшін мағыналы есте сақтау тəсіл-
дерін пайдаланған жөн. Мысалы, 7-сыныпта шылаулардың жазылу емлесін меңгертуде олар-
дың түрлері жəне жазылуындағы ерекшеліктері жайында оқушыларға үйрете отырып, осы 
тақырыптарға қатысты қандай тəсілдерді қолданған тиімді екенін көрсету керек. Сондай-ақ 
оқушыларға өзін-өзі бағалаудың жолдарын түсіндіру қажет. Өйткені, мəнге ие болатын тақы-
рыптың өзі емес, оны құрастыру кезіндегі ой жұмысы. Жаттағанды есте ұстау түсіну тереңді-
гіне байланысты. Жақсы ұғынылған материал есте жақсы сақталатындығы белгілі жайт. Есте 
ұстау сол сияқты жеке адамның бағдарына да тəуелді. Сабақта оқу материалын мағынасына 
қарай түсініп, есте қалдыру үлкен орын алғанымен, оларды көпке дейін ұмытпайтындай ету 
үшін, қайталап отырудың мəні зор. Сондықтан қайталау жаңа материалды игеру кілті болуы 
қажет. Оқушы өткен материалды қайталай отырып, оны жаңа тануы, ұғынуы керек.
Мектептегі қазақ тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын байытып, сөйлеу дағды-
ларын жетілдіруде психолог Қ.Жарықбаевтың «Ұжымдағы ортақ істің табысты болуына, 
психологиялық үйлесімнің орнауына мүмкіндік беретін психологиялық жағдай»[9,73]- деген 
пікірін келтіруге болады. Ұжымдық жұмыстың сапалы болуы сабақты мұғалімнің дұрыс
жүйелі жоспарлауына байланысты. Қазіргі білім жүйесінде реперсонализациялау деген тер-
мин жиі қолданылады, Яғни мұғалім өзін материал мазмұнын меңгеретін оқушы ретінде 
ұстануы керек деген сөз. 
Өйткені мұғалім мен оқушылар жəне оқушылардың арасындағы түсіністік, қарым-қаты-
нас та тілдік материалдарды меңгеруде, өз білімдерін жəне бір-бірінің білімдерін бағалауда 
басты рөл атқарады. 
Сол сияқты субъектінің психологиялық мүмкіншілігін ескеру қажет. Өйткені мектепте 
білім алу кезеңінде баланың білімі мен дағдысы, мінез-құлқы да қалыптасады. Сондықтан 
«оқыту үдерісінің міндеті – тұлғаны тəрбиелеу, оқыту жəне қалыптастыру»[9,35] болып та-
былады. Оқыту əрекеті оқушыны білім, дағды, іскерлікпен қаруландыру, тілін дамыту, сол 
арқылы оның ішкі дүниесінің кеңеюіне əсер ету, тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау 
мақсатын көздейді. 
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда оқытудың сыни тұрғыда ойлай білу сипатта 
болуы ерекше əсер етеді. Өйткені, оқушыға беретін білімнің бəрін мұғалімнің өзі баяндап 
бермей, олардың алдына сұрау салып, мəселе қойып, соны өздерінше шешуге бағыттау не-
месе білетін мен білмейтіннің арасындағы қайшылықты іздеу, оны шешуге қажетті жетіспей 
тұрған тəсілді табуға дағдыландыру - басты мəселе. Бұлай оқытудың мəні оқушыны дұрыс 
ойлай білуге баулу болып табылады. Ойлауда қарама-қайшылықтың пайда болуы – пробле-
маның тууына жағдай жасайды, тілдік құбылысты талдай білуге мүмкіндік береді.
Мектепте қазақ тілі сабағында оқушының теориялық білім негіздерін меңгеріп қоймай, 
ана тілінде шебер сөйлеуге төселуі де ең қажетті жағдай. Сондықтан оқушылардың жеке ба-
сының мүмкіншіліктерін ескере отырып, танымдық ерекшеліктеріне көңіл бөлінуі тиіс. Олай 
болса, мектептегі сабақ процесіндегі басты міндет – оқушыларға тіліміздің грамматикалық 
құрылысын меңгертумен қатар, оларды өзбеттерімен сыни тұрғыда ойланып, сабақта қол 
жеткізілетін нəтижеге сай өз білімін бағалай білуге дағдыландыру. 
Сөйтіп, оқушының оу-танымдық құзыреттілігін психологиялық тұрғыда талдағанда, 
оның қабылдауы, қызығушылығы, есте сақтауы, ойлауы секілді үрдістер басты рөл атқа-
ратындығы байқалады. Ал қажетті білім, дағдыны меңгеру оқушылардың сөйлеу əрекетін 
белсендіруді керек етеді.
Оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерін критериалды бағалау технологиясы 
арқылы қалыптастыруда зейін, қабылдау, ес, ақыл-ой, интеллектін дамыту жағы ескерілуі 
қажет.


278
Психологиялық еңбектерде көрсетіліп жүргендей, қазақ тіл білімінің қай саласы бойынша 
да оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру үшін бағдарламаға сəйкес əрбір тақы-
рыпты өтуде оқыту мақсаттары мен табыстылық критерииі дұрыс құрастырылуы керек.
Мұғалім мен оқушының оқу процесіндегі қарым-қатынасының ерекшелігі – бұл ортақ 
əрекет, бұл процесте білім ғана беріліп қоймай, əрі тəрбие мен қызығушылық та жүзеге асы-
рылады. Оқушыға мұғалім ғана емес, сол əрекетке қатысып отырған ұжым да əсер етеді. 
Сол оқу тобының іске қатынасы, белсенділігі, жанашырлығы да ықпал етеді. Бұл жерде оқы-
тушының шын жүрегімен берілгендігі, жылылық қатынасы, нəтижеге сенімі, оқушылармен 
дұрыс қатынаста болуының рөлі өте күшті. Осының нəтижесінде əр оқушының өзіне деген 
сенімі артады, сөйтіп өз күшіне баға беруге, өз əрекетін басқара білуге дағдыланады. 
Оқушыларға білім беруде оқу əрекеті жетекші рөл атқаратындығы белгілі. Ғылыми зерт-
теулерде «oқу», «oқу əрекеті», «білім алу» терминдері кейде синоним ретінде де қолданы-
лады. Oқу əрекетінің психологиялық негіздерін кең көлемде қарастырған Д.Б.Эльконин мен 
В.В.Давыдов oқуды адамның түрлі əрекетінің түрі мен қарым-қатынасының фoрмасына қа-
рай игерілетін білім мен іскерлік үдерісі деп есептейді. Жалпы алғанда oқу – белгілі бір мақ-
сат көздеп, арнайы ұйымдастырылып, теориялық білім беретін жəне соның негізінде білім 
алушының теориялық ойлау, шығармашылық қабілетін дамытуға құрылған оқыту үдерісі.
Мұғалім əрекет үстінде сөйлеу дағды-əдеттерін қалыптастыруға ерекше мəн беруі қа-
жет. Мұндай жағдайда мұғалімнің сөйлеген сөзі нақты, дəл, түсінікті жəне дауыс ырғағы аса 
шеберлікпен шығуы тиіс. Бұл ретте психолог ғалым М.Мұқановтың «Сабақта оқушылармен 
байланыс жасаудың негізгі тəсілінің бірі – мұғалім сөзінің нақты жəне оқушыларды сен-
діретіндей болып келуінде. Мұғалім сөзінің сендірімділігі деп, айтылған сөздердің айқын 
бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады»[10,3],- деген пікірін келтіруге болады.
Сонымен қатар мұғалім оқушылардың əрқайсысының қызығуын, сенімін, дара ерекшелігін 
ескере білсе, олармен қарым-қатынас оңай жасай алады. Мұнда оқушының ұсынысы, талабы, 
ынтасы ескеріліп, оған бірден назар аударылады. Сонда оқушының белсенділігі күшейе түседі. 
Қорыта айтқанда, оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерін критериалды бағалау 
технологиясы арқылы қалыптастыруда психология ғылымының заңдылықтары басты рөл 
атқарады, өйткені оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерін дамытуда олардың психо-
логиялық ерекшеліктерін ескеру басты назарда болғанда ғана оқу үдерісі нəтижелі болады 
деп есептейміз. Сонымен, оқушының оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру дегеніміз 
– оның оқуға саналы көзқарасын қалыптастыру, өздігінен білім ала білу іскерлігі мен ойлау 
қабілетін, өзіндік бақылау, бағалау қасиеттерін қалыптастыру немесе əрекет субъектісінің 
өзгеруі, оның білмейтінінен білім, іскерлік дағдыны игерушіге айналуы, сондықтан оқу əре-
кеті – тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі сапалық өзгертуге негіз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет