Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет95/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   255
Оралбаева

Key words: Syntagma, semaciology, semantics, communication, syntax, syntagmatics 
of variance, syntagmatics of evasion, syntagmatics of amplifi cation, syntagmatic synonymy, 
syntagmatic valence.
Синтаксистік синтагма – тілдік қатынас теориясындағы грамматикалық категорияға жа-
татын ілім. Қазақ тіл білімінде тілдік қатынас теориясының негізін салған профессор Ф.Ораз-
баеваның«Тілдік қатынас ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік бірліктердің таңбалық 
жүйесі мен дыбысталу қасиеті нəтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық бірліктердің семан-
тикалық бірлікпен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін 
қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тəн күрделі тілдік қоғамдық-əлеуметтік процесс»[1, 
236 б.]деген пікірі коммуникативті грамматиканың бастауы болатын тұжырым. Ғалым атап 
көрсеткен «ойлау мен сөйлеудің қатысындағы тілдік бірліктер», «семантикалық бірлікпен 
байланысу заңдылықтары»деген тұжырымдардан сөйлеу лингвистикасына тəн заңдылықтар-
ды көруге болады. Ойлау мен сөйлеудің қатысы негізінде семантикалық байланысқа түскен 
тіл бірліктері ғана тілдік қатынас құралы бола алатыны сөзсіз. Солардың бірі синтаксистік 
синтагмалар болып табылады. Бұл мақалада сөз тіркесіне тəн синтаксистік синтагма мəселесі 
сөз болады. Синтаксистік синтагма сөйлеу ағымына түскен сөздердің тіркесімділік қасиетін 
анықтайды. Сөйлеу ағымындағы сөздердің тіркесімділігін семантикалық жақтан жəне типо-
логиялық жақтан жіктеуге болады. Семантикалық тіркесімділік семантика-грамматикалық 
байланысқа негізделіп, атауыштық мəндегі синтаксистік синтагма жəне семасиологиялық 


150
мəндегі синтаксистік синтагма түрінде жіктеледі. Бұл мəселе ғылыми еңбектерде жарияла-
нып жүргендіктен, бұл мақалада синтаксистік синтагманың типтерін айқындайтын катего-
рияларға тоқталамыз. Олар: варианттылық синтагмасы, жылысу синтагмасы, күшейту 
синтагмасы, синтагмалық синонимия, синтагмалық валенттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет