Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным


Тригонометриялық тегістеу бекеттерінің биіктіктерін есептеу журналы



бет19/24
Дата29.06.2016
өлшемі6.93 Mb.
#166629
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Тригонометриялық тегістеу бекеттерінің биіктіктерін есептеу журналы

№ 12 сызықтардың ұзындықтарын өлшеу журналы, 8-бет



№6 жаяу жүргіш жолы

№12 бұрыштарды өлшеу журналы, 9-бет (жүріс)

Мерзімі

Негізгі деректер _________ №2 каталог, 5-бет Есептеген:



Жүріс жақтары


Өлшенген бұрыш (δ)



Келтірілген көлденең төсем, S, м

tg δ

S·tg δ, м

Аспаптың биіктігі, i, м


Нысаналау биіктігі ν, м


Өсу


h', м

Орташа өсу

hср

Бекеттің биіктігі


Бекет


20-21

21-20


+22º10'22"

-21 24 00



44,814

44,815


0,407538

0,391896


18,263

17,563


-1,238

-1,580


+1,301

+0,820


18, 326

-18,323

+5

18,324



-101,712

-83,383


20

21


______________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

27 - қосымша




Геометриялық тегістеу журналы

Жұмыс орны 6-с. Штрек Мерзімі

НЗК № 00676 аспап Орындаған

станция

бекеттер, пикеттер


Есептеу

өсу


Орташа өсу



Ескерту






артқы


ортаңғы

аралық











1
2

3
4


Рп 4-22
22-23
У.г.р

23-24
24-Рп6



1169

5859


1212

5899
1350

6039

-1250


-5938

1018

5706


1316

6001
-1152

-5841

1114


5796

1250

+151

+153


-104

-102
+2502

+2506

-2364


2360

+152
103

+2504
2362






Әр беттік бақылау

Σ З

14340


Σ П

13958





Σh

+382


Σhcp

+191





___________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

28 - қосымша



Геометриялық тегістеу биіктіктерін есептеу журналы
6-жүріс солт. Штрек Мерзімі

Бекеттер, пикеттер


Орташа өсу, мм


Биіктіктер, м


Ескерту


Рп 4
22
23
24
Рп 6

+2

152


+2

-103


+2

2504


+2

-2362


-352,849
-352,695
-352,796
350,290
-352,650

Негізгі деректер (осы журналдың 14-бетін қараңыз)

Негізгі деректер (№ Н-2/84 тегістеу журналы, 26 бет)





Σh=+0.191



Pп6-Рп4=+0,199

fh=-0.008

fhдоп= 50√¯L=50√¯0.4=32мм





______________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

29 - қосымша



Жарықтық қималар мен дыбыстық локация әдістерімен

жер асты тау-кен орындарын түсіру
Үлкен қиманың тазаланған және дайындалған кен орындарын түсіру берілген арақашықтық арқылы кен орынының осьіне перпендикулярды бағытталған жарықтық бағыттарын фотоға түсіру жолымен жүргізілуі мүмкін.

Жарықтық бағыттар серпіліс шамымен – аспаптың діңіне перпендикулярлы, жарығы тороидальды линзамен жазықтыққа жиналатын тұтанумен, кен орнының көлденең қимасының енсіз жолағын жарқыратады. Ұштарында маркалы телескопиялық штангы түріндегі екі өзара перпендикулярлы базистермен жабдықталған суреті фото түсірмелерді масштабтау үшін қолданылатын аспап. Тұтану қуаты 120 Дж кезінде кен орындарын қимамен түсіру 10х10 м дейін қамтамасыз етіледі. Импульстік жарықтандырғыштың оны орнатуға қажетті штативімен бірлескен салмағы шамамен 8 кг құрайды. Кен орындарының жарықтық бағыттарын түсіру үшін МСТ 10691.2-84 сәйкес фокустық қашықтығы 50 мм аспайтын объективтермен жабдықталған фотокамераларды және жарық сезгіштігі кемінде 250 бірлікті құрайтын пленканы қолдану ұсынылады.

Импульстік жарықтандыруды жер асты түсіру тораптары бекеттерінен шығарылған түсірме діңі бойынша алынған арақашықтықтар арқылы орнатады.

1-сурет. Қима кен орындарының жарықтық бағыттары түсірмесінің сызбанұсқасы: 1 - фотокамера; 2 – базистердің маркалары; 3 – импульстік жарықтандырғыш; 4 - жарық бағытының жазықтығы
Фотокамераның импульстік жарықтандыруына дейінгі d қашықтығын берілген масштабтағы фотопленкада қималардың суретін алтындай етіп алынады,

d=fm,


мұнда f – фотокамера объективінің фокустық қашықтығы; т – түсірме масштабының қорытындысы.

Қималардың ұлғайтылған суреттерін алу үшін түсірмелерді базистердің суреттері бойынша масштабтап фотоқағазда жобалық басып шығаруды қолданады.

Кен орындары қималарының негізгі көлемін жарықтық қималар әдісімен анықтау кезінде орташа шаршы қателік 0,1 - 0,2 м құрайды.

Қол жетпейтін тазартқыш камераларын түсіру үшін «Сфера» типті дыбыстық локаторларды пайдалануға болады. Локатордың акустикалық жүйесін штангінің көмегімен камераның қуысына шығарылады (2-сурет). Түсірме торабының бекетінен акустикалық жүйе ортасының координаттарын және акустикалық сәуленің бастапқы бағытының дирекциялы бұрышын анықтайды. Аспап камераның бір нүктеден тазартқыш жазықтықты тұйық тік және көлденең қималар бойынша бірізді дыбыстық локациялы шолу жолымен толық түсіруін жүзеге асырады. Әр қиманың пішінін берілген масштабта айналмалы диаграммада жазады.

Дыбыстық локатордың жұмыс істеу қашықтығы 60 м; қашықтықты өлшеу қателігі 4 % аспайды; бір қиманы жазуға 6 минуттан аспайтын уақыт қажет; жинақтың салмағы 24 кг, сонымен қатар акустикалық жүйенің салмағы 6 кг құрайды.

Әртүрлі мақсаттағы ұңғымалардың тереңдігін өлшеу үшін «Пульсар» типті жаңғырық локаторларын пайдаланады. Аспаптың акустикалық бастиегін ұңғыманың сағасына орнатады, өлшенетін қашықтықтардың мәнін индикатордың шкаласы бойынша есептейді. Жаңғырық локаторлары тереңдігі 60 м және диаметрі 50 - 220 мм дейінгі ұңғымаларды өлшеуге мүмкіндік береді; өлшемдердің қателіктері 3 % аспайды; ұңғыма тереңдігін өлшеу уақыты 30 с дейін; аспап салмағы 6,5 кг.

Бұрғылау тәсілімен жүргізілетін үлкен диаметрлі ұңғымалар мен шахталық оқпандарды түсіру және бақылау үшін «Калибр» типті дыбыстық локаторлар пайдаланады. Дыбыстық локациялы тәсіл ұңғылау ерітіндісімен толтырылған тік кескіндер мен оқпанның көлденең қималарын алуға мүмкіндік береді. Түсірме жасау үшін ұңғымалық снарядты акустикалық жүйемен ұңғымаға кабел арқылы түсіреді. Қималардың пішінін немесе берілген масштабтағы қабырға кескінін тіркеу аспаптың төменгі жағында өздігінен жазатын аспаппен жүргізіледі және осциллограф бойынша көзбен шолып бақыланады.

Түсірменің шекті тереңдігі 1000 м; дыбысты локатордың жұмыс істеу қашықтығы ортаның тығыздығына байланысты 0,3 - 10 м; қималардың радиустарын өлшеудегі қателік 4 % аспайды; бір қиманы жазу уақыты 1,2 мин; өлшегіш снарядтың салмағы 65 кг.




2-сурет. Камераның дыбысты локациялау түсірмесінің сызбанұсқасы:1 - акустикалық сәулені қабылдап шашыратқыш; 2 - тік шолу механизмді рама; 3 – көлденең шолу механизмі; 4 - штанга; 5 - керме тіреу; 6 - өздігінен жазып тіркегіш (өздігінен жазатын); 7 – камераның тік және көлденең қималарының нұсқасы

____________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

30 - қосымша

Құрылыс-монтаждау жұмыстары кезіндегі геометриялық

параметрлердің шекті ауытқулары
Шахталық қабаттың салынып жатқан ғимараттары мен құрылыстардың геометриялық параметрлерінің шекті ауытқулар ҚР Мемқұрылысымен бекітілген нормативтік құжаттар талаптарының негізінде анықталған.

«Жиналмалы бетон және темірбетон құрылымдары. Жұмыстарды жүргізу және қабылдау ережесі» ҚНжЕ сәйкес жөнделген құрылымдардағы элементтер қалыптарының шекті ауытқушылықтары төмендегі шамалардан аспайды, мм.

Бөлу шүлдіктеріне қатысты іргетастық блоктардың шүлдіктері мен іргетастардың стакандарын ығыстыру 13

Іргетас элементтерінің жоғарғы тірек қабаты таңбаларының жобадағыдан ауытқуы .....................…………………………………………………………...............................................10

Іргетас стакандары түбі таңбасының жобадағыдан ауытқуы ......……………...........................20

Бөлу шүлдіктеріне немесе бағыттау мүмкіндігіне қатысты төменгі қимадағы қабырғалардың, бағаналардың және көлемді блоктардың шүлдіктерінің немесе панельдері шектерінің ығысуы..................................................................................5

Биік бағаналардағы бөлу шүлдіктеріне қатысты ғимараттар мен құрылыстардың бағаналары шүлдіктерінің ауытқуы, м:

дейін 8 20

астам 8 дейін 16..……....................................................................................25

астам 16 дейін 25............................................................................................32

астам 25 дейін 40............................................................................................40

Тірек құрылымдарындағы шүлдіктерге қатысты төменгі белдік бойынша ригелдер мен өрістердің, сондай-ақ фермалардың (арқалықтардың) шүлдіктерінің ығысуы ………….............................................................................................................................................5

Жоғары белдік деңгейінде жабын фермалары (арқалықтары) шүлдіктерінің арасындағы жобадан ауытқу ............................................................................................................................±20

жоғары қимадағы қабырғалық панельдер жазықтығының тігінен (қабаттың немесе қыртыстың биіктігі бойынша) ауытқуы ..………………...........................................................10

Бір қабатты ғимараттар мен құрылыстардың бағаналарының үстінің немесе олардың тірек алаңдарының (кронштейндердің, консолдардың) жобадағыдан ауытқуы ......………………......……............................................................................................................±10

Көп қабатты ғимараттар мен құрылыстардың әрбір қабаты мен қыртысының бағаналарының үстінің немесе тірек алаңдарының, сондай-ақ салыстырылатын учаскенің бір қабаты ғимараттарының қабырғалық панельдері таңбаларының айырмасы:

түйістіріп орнату (мұндағы n – қыртыстың реттік нөмірі).......................................12+2n

маяктар бойынша орнату...……..…………………………………..................................10

Бағаналардың тірек қабатындағы (алаңындағы) кран астындағы арқалығының бойлық шүлдігін ығыстыру .........................................................................................................................8

Қатардың бойымен екі көршілес бағаналарындағы және аралықтың бір көлденең қимасындағы екі бағананың жоғарғы бөліктерінің таңбаларының ауытқуы……………………………………………….……….....................................................±16

Кран рельсі шүлдігінің кран арқалығының шүлдігінен ығысуы ………..................................20
1-кесте


Ауытқулар


Шекті ауытқулар

Құрылымның барлық биіктігі бойынша тігінен немесе жобалық көлбеуден олардың қиылысу жазықтықтары мен сызықтары:

-іргетастар үшін

-монолиттік жабындар мен аралықтарды ұстайтын қабырғалар мен бағаналар үшін

-аралық жабындар болмаған жағдайда жылжымалы қалыпта тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстардың қабырғалары үшін

- аралық жабындар болған жағдайда жылжымалы қалыпта тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстардың қабырғалары үшін

Салыстырылатын учаскенің барлық жазықтығы бойынша көлденең жазықтықтар

Құрылымды тірек қабаттарынан басқа ұзындығы 2 м мөлшерқадамен тексеру кезінде бетон қабатының жобадағыдан жергілікті ауытқуы

Элементтердің ұзындығында немесе аралығында

Элементтердің кесе-көлденең қимасының өлшемдерінде

Металл немесе құрастырмалы темірбетон бағаналары мен басқа да құрастырмалы элементтері үшін тіректер ретінде қызмет ететін қабаттар мен тығындау бөліктеріндегі таңбаларда

Анкерлік бұрандамалардың орналасуында:

-тіректің ішкі контурының жоспарында

-тіректің биіктігі бойынша контурдан тыс жоспарында

-биіктігі бойынша


±20 мм

±15 мм
100 мм

1/100 биіктіктер, бірақ 50мм аспайтын

±20 мм
±5 мм

±20 мм

+6 мм; -3 мм



-5 мм

5 мм


10 мм

+20 мм


Аяқталған бетон және темірбетон құрылымдарын қабылдау кезінде «Монолиттік бетон және темірбетон құрылымдары. Жұмыстарды жүргізу және қабылдау ережесі» ҚНжЕ талаптарын басшылыққа алады. Өлшемдердегі және жылжымалы қалыптағы мұнаралық копраны тұрғызу кезінде дайындалған құрылымның қалыптарындағы ауытқулар 1-кестеде келтірілген шамадан аспайды.


2-кесте


Ауытқулардың атауы



Шекті ауытқу



Цемент ерітіндісімен тексерілген және құйылған үстіңгі беті сүргіленген болат тірек тақтайдың үстіңгі жазықтығы:

биіктігі бойынша

көлбеу бойынша

Бағаналардың табандарының цемент ерітіндісін құймай-ақ жобалық таңбасына дейін тұрғызылған іргетастың үсті және бағаналарды цементпен іргетасқа құя отырып тегістелген тірек бөлшектерінің таңбалары:

биіктігі бойынша

көлбеу бойынша

Жоспардағы анкерлік бұрандаманы ығыстыру:

- құрылымдар тіректерінің контурының ішінде орналасқан

- құрылымдар тіректерінің контурынан тыс орналасқан

Анкерлік бұрандаманың үстіңгі кесігінің жобадағыдан ауытқуы

Бөлу шүлдіктеріне қатысты бағаналар мен тіректердің шүлдіктерінің ығысуы (төменгі қимада)

Бағаналар мен тіректердің шүлдіктерінің төмендегідей биіктіктерде жоғары қимада тігінен ауытқуы, м:

15 дейін

15 астам
Иілу жебесі (қисықтық):

бағаналар

тіректер
Оқпан шүлдігі мен мұнара белдіктерінің жобалық қалыптан ауытқуы


± 1,5 мм


1/1500

± 1,5 мм


1/1500
5 мм
10 мм
+20 мм; -0 мм
±5 мм

15 мм


0,001 бағаналардың немесе тіректердің биіктіктері, бірақ 35 мм аспайтын
1/750 бағананың биіктігі, бірақ 15 мм аспайтын

1/750 бекіту нүктелері арасындағы элементтердің ұзындығы, бірақ 15 мм аспайтын

0,003 іргетастың үстіндегі тексерілетін нүктенің биіктігі

Металл мұнаралық копралар қыртыстары құрылымдарын дұрыс монтаждауды бақылау кезінде «Металл құрылымдар. Жұмыстарды жүргізу және қабылдау ережесі» ҚНжәнеЕ тарауларының талаптары басшылыққа алынады.

Іргетастардың бетінің, тірек құрылғыларының анкерлік бұрандамалардың болат құрылымдарына ауытқуы, сондай-ақ жөнделген құрылымдардың жобалық қалыптан ауытқуы 2-кестеде келтірілген шамалардан аспайды.

«Жерасты тау-кен қазбалары» ҚНжЕ талаптарына сәйкес бекіту қабырғаларының оқпан центрінен радиусы бойынша ауытқуы монолитті бетон және темірбетон бекітпелері үшін шамамен 50 мм, шығыршықты бекітпелер үшін шамамен 30 мм болады.

Монолитті бетон және темірбетон бекітпелерінің аралас кірмелерінің түйіндеріндегі бекітпе кемерлерінің шамалары 40 мм дейін болады.

Шығыршықты сақиналардың көлденең жазықтықта шамамен ± 20 мм ауытқуына жол беріледі.

__________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

31 - қосымша

Мұнаралық копердің құрылысын маркшейдерлік

қамтамасыз ету

1. Ірге тастарды салу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
Құрылыс жұмыстарын бастар алдында ірге тастың негізгі діңдері мен котлаван шекарасын бөлуді жүргізеді. Котлаван пішінін тік бұрышты формалы ленталық ірге тасқа, сондай-ақ терең (қадалы және бағаналы) салынған ірге тастардың үстіңгі қабатын бөлуді перпендикулярлар тәсілі бойынша жүргізеді. Алынған жобалық пішіннің нүктелерін уақытша белгілермен белгілейді.

Котлаван пішінін сақиналық формадағы ленталық ірге тасқа бөлу кезінде алдымен оқпан діңдеріне салынған нүктелерді бекітеді. Шеңберлік пішінді жердің бетіне, оқпанның ортасынан котлаван радиусын қалдырып немесе нүктелерді пішіннің осьтік нүктелерін байланыстыратын хордтан перпендикулярлары бойынша жердің бетіне шығарады. Перпендикулярлы кесінділердің ұзындығын графикалық түрде ірге тас сызбасын 1:50 немесе 1:100 масштабында қолдана отырып анықтайды.

Есеп беру мерзімінде шығарылған жер массасын анықтау үшін котлаванның түсірмесін жасайды және өлшемдер жүргізген кездегі котлавандардың жобалық пішіндері мен нақты орны көрсетілетін жоспар жасайды (1-сурет).


1-сурет. Мұнаралық копердің ірге тасы астындағы котлаванның жоспары: 1 - котлаванға бұрылма; 2 – котлаванның жобалық пішіндері
Жерді қазу мен котлаван түбін тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін түзеткіш түсірмені жасайды. Котлаванның түбіне ірге тас қабырғасының діңдерін бөлу жүргізілетін оқпанның діңдерін түсіреді. Ірге тас қалыптамасы тақтасының тік жазықтықтағы ауытқуы 15 мм аспайды.

Ірге тас қабырғасын және оның жабындысын бетондауды аяқтағаннан кейін ірге тастың жалпы көлемін, биіктігі мен жабындылардың тіктігін тексереді. Ірге тастың шығыңқы бөлігінде оқпанның діңдері белгіленетін бекітпелерді немесе маркаларды салады.

Котлаван түбіне қадалық ірге тасты салған кезде оқпан діңдерінен басқа қаданың әр сыртқы қатарын кемінде төрт белгілермен бекітеді және қаданы салғаннан кейін түзеткіш түсірмені жүргізеді. Қадалардың жобалық және нақты орындарын жоспарда 1:50 масштабында көрсетеді.

Терең салынатын ірге тастарды ысырмалы құдықтарды немесе шурфтарды өткізуді қолдана отырып салу кезінде котлаванға құрылыстың негізгі діңдерін шығарғаннан басқа ысырмалы құдықтардың немесе шурфтардың осьтерін бөлуді жүргізеді. Ысырмалы құдықтың пішінін кескіш табандар секцияларының ұзындықтарына тең арақашықтықтар арқылы айналмалы қисық бойынша таңбалармен белгілейді. Табанның тіктігін оның периметрі бойынша симметриялы орналасқан секцияларды нүктелерде тегістеу арқылы тексереді. Табанның тік жазықтықтағы орнын құдықтың діңі бойынша бекітілген орталық тіктеуіштен секцияға дейінгі қашықтықтарды (радиустарды) өлшеу арқылы бақылайды. Осындай тәсіл бойынша құдықтың қабырғасын бетондау үшін қалыптаманы орнатудың дұрыстығын тексереді. Нақты қашықтықтар жобалықтан15 мм артық ерекшеленбейді.

Кіші диаметрлі ысырмалы құдықтың тіктігін (15 м дейін) марканың ортасына қатысты тіктеуіш астында орнатылған тіктеуіштің орны бойынша тексереді. Ұзындығы 1 м тіктеуішті құдықтың төменгі бөлігіндегі қабырғаның ішкі жағына кронштейнмен бекітеді. Тіктеуіш астындағы кронштейнде екі өзара перпендикулярлы тік, ортада және қоршаған радиустермен 5, 10, 15, мм қиылысатын дискіні бекітеді. Түзулігі құдықтың діңдеріне қосарлас, ал ортасы құдықтың қабырғалары тік болған кезде тіктеуішпен сәйкес келеді.

Диаметрі 15 м артық ысырмалы құдықтардың тіктігін бақылау үшін құдықтың негізіне оның периметрі бойынша әр 5-6 м аралықта салынатын қада белгілерді пайдалану ұсынылады. Қада белгілерді құдықтың қабырғасында бір тік жазықтықта бекітеді. Құдықтың еңісі мезгіл өткен сайын қада белгілерін тегістеу арқылы тексеріледі.

Ысырмалы құдықтың орны батырылғаннан кейін метр сайын тексерілуі қажет. Құдықтың тік жылжуы батырылған тереңдіктен 0,01, ал ауытқу бұрышының тангенсі оның тігінен -0,01 аспайды.

Бағаналық ірге тастарды салу кезінде шурфтардың өтулері мен бекітулерін бақылау нөлдік жақтауда бекітілетін орталық тіктеуіштің көмегімен жүргізіледі. Бекітілген шурф қабырғасының тіктіктен ауытқуы 50 мм аспайды.

Ірге тас негізін қалағаннан кейін ашылған жұмыстарға түзеткіш сызбанұсқа жасайды. Сызбанұсқада шурфтардың немесе құдықтардың орындарын, сондай-ақ діңдері бойынша олардың тік қабаттарын көрсетеді.

Ірге тасты құрама болат конструкция астына салу кезінде үстіңгі қабатты бетондағанға дейін ерітіндіні арматураға тірек тақталарды және төменгі ярустың бағаналарын бекітуге арналған ойықтық болттардың діңдері арқылы шығарылады. Ойықтық болттардың діңдерін бөлуді копердің немесе оқпанның негізгі діңдеріне байланысты жүргізеді. Болттар мен салынатын бөлшектер уақытша бекітілгеннен кейін олардың орындарын тік жазықтықта және биіктігі бойынша тексереді. Жұмыс аяқталғаннан кейін ірге тастың, ойықтық болттардың және салынатын бөлшектердің түзеткіш түсірмесін жүргізеді. Түсірменің нәтижелерін ірге тас жобасының жұмыс сызбасының көшірмесінде белгіленеді (2-сурет).







  1. Копер мұнарасын жылжымалы қалыптамада салу кезіндегі

маркшейдерлік жұмыстар
Копер мұнарасын салу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстарға: ірге тастық тақтадағы жылжымалы қалыптаманың бастапқы орнатылу орнын тексеру; қалыптаманың жоспардағы орнын және биіктігі бойынша, сондай-ақ мұнаралардың қабырғаларын көтеру кезіндегі жұмыс еденінің тегістігін тексеру; салынатын бөлшектерді, деталдарды орнатуға арналған ойықтар мен тесіктердің орындарын тексеру; қабат аралық жабындыларды, бункерлер мен машина залын орнату үшін тұрақты қалыптамаларды бөлу; копердің шөгуін бақылау кіреді.

Ірге тастық тақтада монтаждалған жылжымалы қалыптаманың дұрыс орналасуын қалыптаманың үстімен оқпан осьінің бойымен әр қалқанның жұмыс жүргізілу төбесіне дейін тартылған сымды өлшемдермен орнатылады. Түсірменің нәтижелері бойынша жылжымалы қалыптаманың көлемдері мен орындарының түзеткіш сызбанұсқасын жасайды.

Қалыптаманың жұмыс жүргізілетін жер еденінің тіктігін және биіктігі бойынша көтергіш жақтауларды орнатудың дұрыстығын жұмыс жүргізілетін еденді секция бұрыштары мен көтергіш жақтаулардың ригелдерінде тегістеу арқылы тексереді.

Қалыптаманы 1,5-2 м биіктікке көтергеннен кейін копер қабырғаларының сыртқы және ішкі жағынан жақын орналасқан осьтік бекеттерден оқпан діңдерін теодолиттің көмегімен ауыстыратын бекітпелер салады.

Копер мұнарасын салу кезінде жылжымалы қалыптаманың жоспардағы орнын тік көзбен шолу немесе тіктеуіш аспаптарының көмегімен бақылайды. Биіктігі 50 м дейінгі коперлерді салу кезінде маркаларды әдетте оқпандық бөлімшелердің бұрыштары бойынша және лифтті бөлімшеде (1 марка), жоғары биіктік кезінде маркаларды, сондай-ақ копердің сыртқы қабырғаларының бұрыштары бойынша орналастырылады.

Нысаналық маркаларды сантиметрлік тордың көлеміндей 40х40 см тұнық негізде дайындау ұсынылады. Маркаларды жылжымалы қалыптаманың элементтеріне бекітеді. Маркілерді бекіту кезінде олардың шкалалары оқпанның діңдеріне қосарлас болатындай етіп, ал цифрлаудың артуын – х және у діңдеріне қарама-қарсы бағытта бағдарлайды.


2-сурет. Жұмыс жобасы сызбасындағы метал мұнаралы копер астындағы ірге тастың бөлігіне өлшемдер нәтижелерін енгізудегі түзеткіш жүйенің мысалы: 1 – ойықтық болттың діңі; 2, 3 – ойықтық болттардың діңінен ұзындық бойы А және бөлу осьінің 1 көлденеңіне дейінгі қашықтық (алымда – жобалық, қорытындыда - нақты); 4 – тірегіш қабат; 5 – ірге тас пішіні.


3-сурет. Тік бұрышты қималы коперлерді салу кезінде маркаларды орналастырудың түбегейлі сызбанұсқасы:

1 – нысаналық марка; 2 - жоғарғы (Ж) және төменгі (Т) шкалаларды цифрлаудың арту бағыты; х және у – шартты координат жүйесінің діңдері (оқпан діңдері)




4-сурет. Жылжымалы қалыптаманы бақылау кезіндегі нысаналық маркалар мен зенит-аспаптардың орны: 1 - сұлама-тіреу бекеті: 2 – зенит-аспап; 3 – қалыптаманың қалқаны; 4 – қалыптаманың жұмыс жүргізілетін едені; 5 – жұмыс жүргізілетін еденге бекітілген нысаналық марка ; 6 – қалыптаманың шеттеріне бекітілген сұлама-тіреудегі нысаналық марка; 7 – қалыптаманың күн қағарына бекітілген нысаналық марка; 8 – сыртқы аспалы төсеме тақталар; 9 – ішкі аспалы төсеме тақталар; 10 - төсеме тақталардағы нысаналық маркаларды бақылауға арналған тесіктер.

Қалыптаманың орнын бақылау үшін зенит-аспапты ретімен сұлама-тіреу бекеттеріне орнатады және есепті маркалардың шкалалары бойынша жүргізеді (4-сурет). Тік жазықтықтағы жылжымалы қалыптаманың бастапқы қалпына қарай ығысуын бастапқы және кейінгі есептер бойынша табады.

Қалыптаманың орнын тіктеуіштермен тексеру кезінде олардың шығу нүктелерін ортаға дәл келтіретін пластиналармен немесе бағыттағыш блоктармен бекітеді.Ортаға дәл келтіретін пластиналарды қалыптаманың жұмыс жүргізілетін еденіне бекітеді, ал бағыттағыш блоктарды қалыптаманы 1,5-2 м биіктікке көтергеннен кейін жұмыс жүргізілетін еденнің астына немесе көтергіш жақтаулардың шеттеріне, тіреулеріне кронштейнмен бекітеді. Қалыптаманың ауытқуын тіктеуіш ұшының орны бойынша нөлдік алаң деңгейінде бекітілген пластиналардың осьтеріне қатысты немесе тіктеуіштен копер мұнарасының қабырғасына дейінгі өлшемдермен анықтайды. Пластиналарды олардың діңдерінің копердің діңдеріне қосарлас болатындай етіп бекітеді.

Қалыптаманың орнын бақылаудың нәтижелері бойынша копердің бірқатар қималарының тік жазықтықтағы жобалық сызбасын немесе копер қабырғасының кескіндік сызықтарының сызбасын жасайды. Кескіндерді жасауды I - II - III - IV копердің жобалық қимасын 1:20 - 1:50 масштабында сызудан бастайды (5-сурет). Қималар бұрыштарында 1:1 - 1:5 масштабындағы D, E, F, G нысаналық маркалардың шкалаларын сызады. Маркалар шкалалары діңдерінің бағытын сызбада 180° нақтыға байланысты өзгертеді. Шкалаларды I, II, III, IV бұрыштық нүктелердің орны шкалалар бойынша бастапқы есептерге сәйкес келетіндей етіп ортаға дәл келтіреді. Қалыптаманы үнемі бақылау нәтижесінде алынатын нысаналық маркалар немесе нөлдік алаңдағы тіктеуіштердің жылжуы бойынша есептерді сызбаға енгізеді және осылайша барлық қималар үшін ретімен копердің бұрыштық нүктелерінің орнын табады. Әр қима үшін биіктік белгісін көрсетеді.

Мұнаралық копер қабырғасының кескіндік сызықтарын маркалардың немесе тіктеуіштердің екі өзара перпендикулярлы тік жазықтықтардағы ауытқулары бойынша салады. Кескіннің тік масштабын 1:100 или 1 :200 тең қабылдайды.

Копердің тік жазықтықтағы ауытқуларын 1:5 немесе 1:10 масштабына сәйкес көрсетеді.

Жұмыс жүргізілетін еденнің биіктігін мұнараның бұрыштық және түйіндік бөлігінің арматурасына бекітілетін дециметрлерге бөлінген ағаш рейкалардың көмегімен анықтайды. Рейкаларды қалыптаманы монтаждағаннан кейін және оны көтерген сайын жүйелі түрде ұлғайтып отырып, олардың биіктігін нөлдік алаңға қатысты белгілеп орнатады. Рейкаларды сондай-ақ қалыптаманың жұмыс жүргізілетін еденінің тегістігін жедел түрде бақылау, салынатын бөлшектер мен жабынды құрылғыларын орнату биіктігін анықтау үшін пайдаланады. Қалыптаманы әр 20-30 м жылжытқан сайын жұмыс жүргізілетін алаңның биіктігін копердің төменгі жағында салынған қада белгіден өлшеу арқылы тексереді.

5-сурет. Мұнаралық копердің көлденең жазықтықтағы қималарының сызбалары: MNPQ - қабаттағы копер қималарының кескіні + 44,7 м

Қабырғалардың көтерілу биіктігіне байланысты копер жабындысының қабаттарына жабдықтың бөлу (монтаждық) діңдері салынатын оқпанның діңдері анықталады. Монтаждық қабаттарда биіктіктері копердің нөлдік деңгейдегі қада белгілердің өлшемдерімен анықталатын қада белгілер бекітіледі.



3. Металл мұнаралық коперлердің негізгі қаңқасын салу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
Болат құрылымды монтаждау алдында ірге тастың үстіңгі тақтасына және оның шегінде бағаналардың діңдері арасындағы қашықтыққа сәйкес келетін қабырғалардың көлеміндей монтаждық тор қояды. Торды салуды бөлу торабын топтастыру арқылы жүргізеді. Монтаждалатын торлар қабырғаларының ұзындығы жобалықтан 5 мм артық ерекшеленбейді.

Тірек тақталарын орнату кезінде олардың бөлу діңдеріне қатысты қалпын, биіктігін және үстіңгі жазықтықтың тіктігін бақылайды. Тақтаның үстіңгі қабатының биіктік таңбасы жобалықтан 1,5 мм, ал оның еңісі 1:1500 артық ерекшеленбейді. Тақтаны жобада қарастырылған жерге орнатқаннан және оны бетонмен құйғаннан кейін бақылаулы тегістеу жұмыстарын жүргізеді. Тірек тақталарына керндермен немесе қатермен жұмыс жүргізілетін қабаттарда белгіленетін бағаналардың діңдерін ауыстырады. Діңдерді бөлудің дұрыстығын барлық аралықтардың ұзындықтарын өлшеу арқылы тексереді. Өлшемдердің нәтижелерін жобаның жұмыс сызбасына тақталардың үстіңгі қабаттарының биіктік таңбаларын көрсете отырып енгізеді.

Мұнаралық копердің негізгі қаңқасын салыстыруды бөлек ярустарды салуға байланысты жасайды. Әр қаңқа ярусын монтаждауды аяқтағаннан кейін оқпанның екі діңдеріне қосарлас салынған бағаналар қатарының тік проекциядағы сызбаларын жасайды. Сызбаларда әр бағананың жобалық қалпынан миллиметрлік ауытқуларын, ярустардың биіктік таңбаларын, тірек тақталарына бекіту орындарындағы бағаналардың діңдері арасындағы қашықтықты көрсетеді.

Жабынды қабаттарында қаңқаны салуға байланысты оқпан діңдерін шығарады және металл конструкцияларда керндермен немесе қатермен биіктіктер белгіленеді. Жабындыларды салғаннан және қабырғалық панельдерді орнатқаннан кейін оқпан діңдерін қабырғаларға ауыстырады және қапсырмалармен бекітеді.

Кейінірек жобалық орнына жылжытылатын монтаждық қабырғада мұнаралық коперді жинау кезінде: монтаждық қабырғаның және қабатталатын жолдардың ірге тастарын бөлу, ірге тастардың жоспардағы қалпын және қабырғаның үстіңгі тірегінің, қабатталатын жолдардың және негізгі ірге тастың биіктік таңбаларын тексеру; монтаждық қабырғада копер қаңқасын жинаудың тіктігін бақылау; копердің жылжу көлемін анықтауды және топтастыру кезіндегі шөгуді өлшеу, коперді жобада қарастырылған жерге орнатуға бақылау жүргізу жұмыстарын жасайды.

Еңісті тіректік тіреулері бар мұнаралық коперлерді ярустарды монтаждық торға бірізді арту тәсілімен салу кезінде оны сүйір ұшы проекцияның ортасы болып табылатын тік бұрыш түрінде салады (тіреудің ағаштық тірек қабаты копердің нөлдік қабатына шығарылады (6-сурет).




6-сурет. Еңістік тіреулері бар металл мұнаралық копердің сызбанұсқасы: 1 – тірек бөлігі; 2 – мұнаралық бөлігі; 3 – ірге тасы; 4 – бөлу осьтері

Сонымен қатар тордық сызықтарын копер пішінінен тыс әр жағынан кемінде үш жерден бекітеді. Тірек табанының және станоктың тіректік жақтауының діңдерін бөлуді ірге тастарды және кесілген болат коперлерді салу кезіндегі копер астындағы жақтауды бөлуге ұқсас жасайды. Тірек бөлігін монтаждау кезінде монтаждық тор бекетінен әр тіреудің екі өзара перпендикулярлы жазықтықтарда орнатылуын бақылайды. Копердің тірек бөлігін монтаждауды аяқталғаннан кейін әр тірек қабатының биіктік таңбасын анықтайды және копердің бастиегіне мұнаралық бөліктегі тірек діңінің қозғалуын анықтайтын оқпан діңдерінің бағытын жылжытады. Бақылаулық және түзеткіш өлшемдердің нәтижелерін жобаның жұмыс сызбаларына енгізеді.

_____________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

32 - қосымша

Бір арқанды көтергіш қондырғының геометриялық элементтерінің

ара қатынасын тексеру
Көтергіш қондырғыны монтаждағаннан кейін геометриялық элементтердің ара қатынасын тексереді (1-сурет). Көтергіштің шүлдігіне қатысты орындалған өлшемдер нәтижелері бойынша көтергіш арқандардың девиация бұрыштарын есептейді:

көтергіш машинаның барабандарында



;

копер тегершіктерінде β=а-γ cos φ

Бұл формулалардағы уш, уб – координаттар жүйесіндегі барабан мен тегершіктен арқанның шығу нүктелерінің ординаталары, Оу шүлдігі басты біліктің шүлдігімен біріктіріледі; γ - Ох шүлдігіне қатысты тегершік жазықтығы бұрылысының бұрышы; l және φ – тегершік білігінің шүлдігі мен басты білікті қосатын сызықтардың ұзындығы және көлбеу бұрышы.

1-сурет. Бір арқанды көтергіш қондырғының геометриялық элементтері мен өлшемдері:

1 және 2 – біліктердің шүлдігі мен копер тегершігі симметрияның шүлдігі; 3 – көтергіш шүлдігі; 4 және 5 – центр мен көтергіш машинаның басты білігінің шүлдігі; 6 – көтергіш ыдыстың тік шүлдігі; 7 – көтергіш арқанды бекіту нүктесі; 8 - өлшемдер деңгейжиегі; lmin – басты арқанның ең қысқа ұзындығы; l және φ – тегершік білігінің шүлдігін және басты білікті қосатын сызықтың ұзындығы мен көлбеу бұрышы; а1, а2, а3, а4 және β1, β2, β3, β4 – көтергіш машиналар мен біліктерінің барабандарына сәйкес арқандардың девиация бұрыштары; ωх- х жазықтығында басты көтергіш арқанның ауытқу бұрышы.

γ бұрышы көтергіштің шүлдігіне параллель төменгі білік алаңына шығарылған қосалқы шүлдікке қатысты анықтайды:



,

мұндағы γа, γb – көлденең жазықтықтағы копра тегершіктері ағысының оның орталығы арқылы өтетін ординаталары; Dш - копра тегершігінің диаметрі.

Басты арқандардың тік қалпынан ауытқу бұрыштары

ωх және ωу көтергіш ыдыстың төменгі және жоғарғы қалыптағы арқандар шүлдігінің абсциссаларының (ординаталарының) айырмасы және копра тегершігі білігінің шүлдігінен копра бағаналарының қабатындағы өлшемдер деңгейжиегіне дейінгі h1 қашықтығы бойынша анықталады. ε көтергіш машиналардың біліктері шүлдігінің көлбеу бұрыштары мен δ копер тегершіктерін диаметрді ескере отырып, білік мойны биіктіктерінің айырмасы бойынша анықталады.

Өлшемдердің шекті ауытқулары 1-кестеде келтірілген.

1-кесте



Таңбалануы

Шекті ауытқулар

Негіздеме

а, β

а1, (β1)

а4,4)

а, β



1°30'

2° шағын барабанның науаланатын бетінде БЦК машиналары үшін


2°30' ұңғылама жүк таситын шығыршықтар үшін

Кен, кенсіз және кенқайрандардың орындарын жерасты әдісімен қазу кезіндегі бірыңғай ереже.

Көмір, тақтатас шахталарын техникалық пайдаланудың ережесі



ωх, ωу

ωх, ωу



1° қатты әбзелдеу кезінде

30' арқанмен әбзелдеу кезінде






ε

δ


2' монтаждау кезінде

4' монтаждау кезінде






ε

δ


20' барабан диаметрі 5 м кем болған жағдайда;

14' барабан диаметрі 5 м астам болған жағдайда; (пайдалану барысында)

20' пайдалану барысында


Құрылыстар мен объектілерді көмір кеніштеріндегі жерасты тау-кен қазбаларының зиянды әсерінен қорғау ережесі

___________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды

жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымға

33 - қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет