Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным



бет3/24
Дата29.06.2016
өлшемі6.93 Mb.
#166629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

2-параграф. Алаңдарды тегістеу
108. Алаңдарды тегістеу түсірмелерін бульдозерлік-скреперлік және экскаваторлық әдістермен қазу кезінде, дражалық әдіспен қазылатын кенқайрандардағы шымтезектерді алдын ала аршу кезінде шымтезектер мен құмдарды қабат арқылы қазғанда түсіреді, оның орташа айлық алу қуаты 1,5 м аспайды.

109. Шымтезектерді аршығанға дейін әрбір полигон үшін түсіру жобасын дайындайды және тік бұрышты торлардың негізгі бекеттерінің координаталарын бөлу, бекіту және анықтау және алаңдарды тегістеу үшін қазу учаскесін негізгі қадабелгілермен қамтамасыз ету үшін дайындық жұмыстарын орындайды.

110. Тік бұрышты торды кенқайрандардың бойымен, ал тұрақсыз бағытта координаталардың шүлдіктері бойынша бағыттайды.

111. Тік бұрышты торларды бөлу кезінде негізгі тік бұрыштардың бастары полигондарды қазып болғанға дейін, олардың бұзылмаушылығы қамтамасыз етілетіндей етіп бекітіледі. Тордың негізгі тік бұрыштарының жақтарының ұзындығы ең қысқа жақтың еселі ұзындығымен қамтамасыз етіледі. Негізгі тік бұрыштардың бастары түсіру торабының бекеттері ретінде анықталады.

112. Алаңды тегістеу үшін негізгі қадабелгілер кемінде 0,5 км сайын кенқайрандардың қазылатын бөлігінің бойымен орналастырылады.

Әрбір жуу маусымы басталар алдында ІV класты тегістеумен алаңды тегістеуге арналған барлық негізгі қадабелгілердің биіктіктері анықталады немесе тексеріледі.

113. Алаңды тегістеу үшін тік бұрышты тордың ең қысқа жақтарының тиімді өлшемін анықтайды (13-қосымша). Жақтардың қабылданған өлшемдеріне дейін әрбір алаңды тегістеу кезінде торды күрделендіреді.

114. Ауыспалы нүктелердің биіктіктері ІV класты тегістеу арқылы, ал қабаттың қуаты 1,5 м астам болған кезде, техникалық тегістеу арқылы анықталады. Жүріс байламасы ең соңғы жағдайда 3 см аспайды.

Алаңды тегістеуді мынадай талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:

негізгі қадабелгіде немесе ауыспалы нүктеде белгіленген мөлшерқада бойынша есептеу екі рет - станциядағы жұмыстың алдында және соңында жүргізіледі; екі есептің айырмасы 4 мм аспайды;

тегістемеден бастап мөлшерқадаға дейінгі арақашықтық 250 м аспайды;

құрал-жабдықтың деңгейжиегінің биіктігі, мөлшерқадалар бойынша есептеулер сантиметрлермен, жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелердің биіктіктері дециметрлермен жуықтайды.

115. Полигонның бір айдағы қазылған учаскесінің шекараларын түсіру тік бұрышты тораптың басынан бастап тахеометрлік немесе ординаталық түсіру әдісімен орындайды. Қазылған учаскі шекарасы жер бетінде дұрыс көрсетілмеген жағдайда оны тордың жақын орналасқан нүктелерінің ортасымен жүргізеді, оның біреуі есеп беру айы кезінде өзінің биіктігін өзгертіп, келесісінің биіктігі бұрынғыша қалады. Сыртқы үйінділерге орналастырылатын шымтезектерді тасымалдаудың орташа арақашықтығын анықтау үшін алаңдарды тегістеумен қатар үйінділердің ерекше қималарын суретке түсіруді жүргізеді. Бульдозерлік-скреперлік әдіспен қазу кезіндегі тау-кен массасын тасымалдаудың орташа арақашықтығын анықтау 14-қосымшада көрсетілген.

3-параграф. Тахеометрлік түсіру
116. Тахеометрлік түсірмені экскаваторлық, гидравликалық, дражалық, сондай-ақ бір айдағы алынатын қабат қуатының орташа мәні 1,5 м асқан жағдайда бульдозерлік-скреперлік әдістермен қолданады. Түсірмені тірек және түсіру тораптары бекеттерінің негізінде орындайды.

117. Түсіру тораптарының топтастырылуына жақтардың саны үштен аспайтын теодолиттік жүрістерді төсеу арқылы жол беріледі. Жүрістің жалпы ұзындығы 0,5 км аспайды.

2° дейінгі жүріс желілері көлбеулерінің бұрыштарында жақтардың ұзындықтарын жіп тәріздес қашықтықты өлшегішпен өлшеуге болады. Мұндай жүрістің ұзындығы 0,3 км аспайды. Жүріс бекеттерінің биіктіктері тура және кері бағыттағы тригонометриялық тегістеумен анықталады.

118. Тахеометрлік түсіру кезінде 86, 87 тармақтардың талаптарын басшылыққа алады. Жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелерді қабат бетіндегі ерекше орындардан алады, бірақ ол кемінде 40 м сайын болады. Жиектер мен еңістерді түсіру кезінде жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелер жоғары және төменгі жиектердің бойымен арасы 20 м сайын анықталады. Еңістердің пішіні күрделі және тұрақсыз болған жағдайда еңістің ерекше нүктелері түсіріледі. Жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелердің анықталған биіктіктерін дециметрмен жуықтайды.

119. Еңістің төменгі жиегіндегі дражалық қимасын түсірген жағдайда кенжарды қайта қазу кезіндегі төменгі қарпу барабаны (ТҚБ) орталығының қозғалыс ізінің көлденең бетіне бағытталған проекция алынады. ТҚБ орны жобалаушы қашықтықты өлшегіш мөлшерқаданың немесе дражалық палетканың көмегімен тахеометрмен анықтайды. Қима түбінің контуры бойынша жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелер арасындағы қашықтық 10 м аспайды.

120. Дражалық қиманың су үсті жақтауы ұзақ уақыт бойы өз пішінін жоғалтпаса, еңістерді тек олардың үстіңгі жиегі бойынша түсіруге болады.

121. Алынған қабаттың қуатын анықтау үшін дражалық қазу әдісімен қарпу тереңдігін өлшейді. Өлшеуді судың деңгейінен бастап белгі немесе бағыттаушының көмегімен, сондай-ақ дыбыстық локатордың немесе автоматты тереңдік өлшегіштің көмегімен жүргізіледі; есептеулер дециметрмен жуықталады. Дражалық қима түбінің ерекше нүктелерінің биіктіктерін есептеу және кескіндерін құру үшін суды бақылайтын мөлшерқадалардың немесе тегістеулердің көмегімен су деңгейінің биіктігін анықтайды. Су деңгейінің биіктігін өлшенетін тереңдіктің басында және соңында анықтайды.

4-параграф. Кескіндік желілердің тәсілі
122. Кескіндік желілердің тәсілі кенқайрандарда еңістер мен табандардың беттері күрделі болып, суырып алынатын қабаттың қуаты үлкен болған жағдайда, сондай-ақ кенқайрандарды кемерлермен қазу кезінде қолданылады.

123. Қазу басталмас бұрын полигонның ені бойынша кескіндік желілерді өткізеді, оның ұштары қазу шекараларына бекітіледі және бақылау орындарымен және межелермен белгіленеді. Кескіндік желілер арасындағы арақашықтық түсірілетін объектінің күрделілігіне байланысты белгіленеді; бұл қашықтықтар 25 м аспайды. Кескіндік желілердің бекітілген нүктелерінің координаттары түсіру торабы бекетінен полярлық әдіспен анықталады. Кескіндік желілердің бойындағы ерекше нүктелердің орны тахеометрлік түсірмемен анықталады, бұл ретте мөлшерқаданы желінің екі жақты қақпағында көрінетіндей етіп орнатады. Кескіндік желінің бойындағы жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелердің арасындағы арақашықтық 25 аспайды.



5-параграф. Жер бетіндегі стереофотограмметрлік түсіру
124. Жер бетіндегі стереофотограмметрлік түсірмені жердің жуу маусымы бойында сақталатын шамалы салыстырмалы базистер санының болуы мүмкін жағдайда сырма-бульдозерлік, экскаваторлық және гидравликалық әдістермен қазу кезінде, қазылатын полигонның көп бөлігі түсірілген бейнелер қамтамасыз етілетін суретке түсіру кезінде қолдану ұсынылады.

125. Суретке түсіру базистері ең үлкен қашықтық алынатын қабаттың қуаты 1 м мен одан астам болғанда 800 м және қуаты 1 м кем болған жағдайда 400 м – ден аспайтындай есеппен алынады. Базистер мен тірек нүктелерінің ұштарының жоспарлы және биіктік қалпы тірек торабы бекеттерінен бастап карьерлерді 1:2000 масштабта түсіру кезінде түсіру торабы бекеттерін анықтауға қойылатын талаптарды сақтай отырып анықталады. Түсірмелерді өңдеуді және жоспарларды құруды 15-қосымшада келтірілген нұсқауларды сақтай отырып орындайды.



6-параграф. Бұрғылау жұмыстарына маркшейдерлік қызмет көрсету
126. Бұрғылау жұмыстарына маркшейдерлік қызмет көрсету:

жарылыспен қопсытуға жататын қатқан шымтезектердің қуатын анықтауға арналған бақылау ұңғымалары мен шыңыраулардың жобалық орнын, сондай-ақ жер бетіндегі жарылу ұңғымаларын бөлгішті жер бетіне шығаруды;

қатқан жыныстарды гидротескіш тәсілмен ерітуге арналған ұңғымалардың жобалық орнын, сондай-ақ дренаждық-сүзгілеу әдісімен еріту кезінде жыралардың жолдарын бөлгішті жер бетіне шығаруды;

ұңғыма қатарларының арасындағы және қатарларда тұрған ұңғымалардың қашықтықтарын, полигонның әр түрлі учаскелеріндегі ұңғымалардың тереңдіктерін таңдаулы түрде тексеруді қамтиды.

127. Ұңғымалардың жобалық орнын жер бетіне ауыстыру жобалық сызбалардың негізінде түсіру торабы бекетінен бастап, сондай-ақ нақты контурлық нүктелерден бастап жүзеге асырылады. Қопсытуға және ерітуге жататын учаскелерді шектейтін ұңғымалар ғана жер бетіне ауыстырылады.

4-бөлім. Кеніштерді жерасты қазу кезіндегі жұмыстар

8-тарау. Жерасты маркшейдерлік тірек тораптары

1 - параграф. Жалпы ережелер
128. Жерасты маркшейдерлік тірек тораптары тау-кен қазбаларын түсіру және пайдалы қазбалардың кеніштерін дұрыс және қауіпсіз қазуды қамтамасыз етумен байланысты тау-кен геометриялық мәселелерін шешу үшін басты геометриялық негіз болып табылады.

Жерасты маркшейдерлік тірек торабын салу тау-кен жұмыстарын дамытудың перспективалық жоспарын ескере отырып құрылған техникалық жоба бойынша жүзеге асырылады.

129. Кеніштерді штольнялармен және көлбеу оқпандармен аршу кезінде жерасты тірек тораптарын дамыту үшін 22-тармақтың талаптарына сәйкес келетін өту бекеттері, ал кен орындарын тік оқпандармен аршу кезінде тау-кен жұмыстарын жүргізетін әрбір деңгей жиектегі оқпанды қазбаларда бекітілген тораптарды орталықтандыру және бағыттау бекеттері негізгі бекеттер ретінде қолданылады. Тірек тораптарын бағыттау гироскопиялық немесе геометриялық тәсілмен орындалады; тораптарды орталықтандыруды және биіктіктерді беруді шахтаның өнеркәсіптік алаңындағы өту бекеттері мен қадабелгілерден бастап жүргізеді.

Кеніштерді қазу барысында жер бетіне шығатын жолы бар барлық жаңадан өткен негізгі тау-кен қазбаларын жерасты тірек торабының жер бетіндегі тірек торабы бекетіне қабысуы үшін пайдаланған жөн.

130. Жерасты тірек тораптары, әдеттегідей, басты дайындық қазбалары бойынша төселетін полигонометрлік жүрістерден тұрады.

Тірек тораптарын салуды көбінесе полигонометрлік жүрістерді гидроскопиялық бағыттау жақтарымен (гидрожақтармен) секцияларға бөліп орындайды.

Тірек тораптары тұйық, алшақ салынған және аспалы жүрістерің желілері түрінде дайындалады. Аспалы жүрістерді екі рет төсеу немесе гидрожақтарға қабыстырады. Алшақ салынған жүрістерді тораптардың негізгі жақтарының арасына салады.

Бекеттердің биіктіктері геометриялық немесе тригонометриялық тегістеумен анықталады.

131. Гидрожақтармен секцияларға бөлінген полигонометрлік жүрістердің жүйелерін салу тораптардың бекеттерін орталықтандыру нүктелерінен 1,5 – 2 км және одан астам қашықтықта қашықтатқан жағдайда жүргізіледі. Гидрожақтар, әдеттегідей, 20-30 бұрыш сайын орналастырылады немесе олардың орны мен саны торап жобасын дайындау кезінде анықталады.

132. Жерасты маркшейдерлік тірек тораптарының бекеттері олардың жұмыс істеу мерзімі мен бекіту тәсіліне байланысты тұрақты және уақытша түрлерге бөлінеді (16-қосымша).

Тұрақты бекеттер олардың жылжымай және ұзақ уақыт бойы сақталуы қамтамасыз етілетін орындарда топтармен орналастырылады, Әрбір топта кемінде үш бекеттен, ал оқпан жанындағы аулаларда негізгі бағытта кемінде төрт бекеттен болады. Тұрақсыз жыныстарда тұрақты бекеттер мүмкіндігінше орналастырылады.

133. Полигонометрлік жүрістердегі өлшемдердің дәлдігі мынадай көрсеткіштер бойынша сипатталады:

көлденең бұрыштардың өлшемінің орташа шаршы қателігі - 20'', тік бұрыштардікі - 30'';

гидроскопиялық бағыттаудың орташа шаршы қателігі - 1' аспайтын,

жарықты қашықтықты өлшегіш желілерінің екі өлшемі арасындағы айырма – 3 см аспайтын, болат өлшеуіштермен –жақтардың ұзындығы 1:3000.

134. Тау-кен қазбаларын жылжытқанда жерасты тірек торабын мерзім сайын толықтырып отырады. Полигонометрлік жүрістердің бекеттері тау-кен қазбаларының негізгі жоспарлары қазба кенжарларынан 1:2000 масштабта 500 м ал, 1:1000 масштабта 300 м артық қалып қоймайды.

Су басқан және газдандырылған қазбалардың жанындағы қауіпті аймақтардың бекітілген шекараларының қасында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде полигонометрлік жүріс бекеттерін дайындық қазбаларының кенжарынан қашықтатуды қазбалардың аталған шекараларға 50 м қашықтықта жақындағанда, 150 м аймақ шекарасының бойымен қазғанда 30 м астам қолдануға болмайды.

135. Егер тірек тораптарын сырғыту қажет болса, тораптарды толықтыру үшін осы бекеттердің координаттарын мынадай талаптарды сақтай отыра пайдалануға рұқсат беріледі:

төселетін жүрістің алғашқы жағының дирекциялық бұрышы гидроскопиялық әдіспен анықталады;

соңғы сақталған бекеттер арасындағы қашықтық 15 см аспайтындай етіп өзгереді.

Жоғарыда аталған талаптар бойынша тораптарды толықтыру 3 реттен артық болмайды, бұл ретте толықтырылатын торап учаскелерінің жалпы ұзақтығы 11,5 км аспайды.

136. Тау-кен жұмыстарын дамытуда, қажет болған жағдайда, тірек тораптары қайта дайындалады. Тірек торабын дайындағаннан кейін орталықтандыру нүктелерінен біршама қашықтатылған полигонометрия бекеттерінің орындарындағы өзгерістер жоспардағы 1,2 мм аспауына жол беріледі, тік кен қабаттарын қазу кезінде 1,5 мм аспайды. Аталған шектерден асқан жағдайда қолданыстағы тау-кен қазбаларының шегінде бұрын түсірілген түсірмелер қайта есептеледі.

Тірек тораптарын құру тәртібі мен мерзімін оның жай-күйі мен жергілікті тау-кен техникалық талаптарына байланысты тау-кен кәсіпорнының бас маркшейдері белгілейді; торапты құру жобасын жоғары тұрған ұйымның бас маркшейдері бекітеді. Торапты құру жобасының негізгі ережелері 17-қосымшада көрсетілген.

2-параграф. Тірек тораптарын бағыттау және орталықтандыру
137. Жерасты маркшейдерлік тірек торабын бағыттау екі рет (бір немесе әртүрлі әдістермен) жүргізіледі. Бір жақты бағыттау нәтижелеріндегі айырма 3' асуына жол берілмейді. Дирекциялық бұрыштың нақты мәні үшін оның орташа алынған мәнін алады.

138. Жерасты маркшейдерлік тірек торабын бағыттаудың гидроскопиялық тәсілін барлық жағдайларда қолдану ұсынылады. Бағыттаудың бұл тәсілін кен орындарын көлбеу бұрышы 70° астам шахталық көлбеу оқпандармен аршу кезінде қолданылады.

Бір шахталық тік оқпан арқылы геометриялық бағыттау шахталық оқпанның тереңдігі 500 м аспаған кезде қолданылады.

139. Тораптарды орталықтандыру тігінен орналасқан тау-кен қазбаларына түсірілген құламаларға қабыстырып жүзеге асырылады. Құламалардың координаттары жақтарының саны үштен аспайтын 2 разрядтық полигонометриялық жүріс бекеттерінен бастап төсеу арқылы анықтайды.

Тігінен орналасқан бір қазба арқылы екі тәуелсіз жобалау бойынша анықталған бекеттегі айырмашылық Н<500 м болғанда 5 см және Н>500 м болғанда шамасы 0,01Н (см) аспауы қажет, мұндағы Н – оқпанның тереңдігі, м.

140. Гидроскопиялық бағыттау:

1) жерасты тірек торабы жақтарының дирекциялық бұрыштарын анықтау үшін (18-қосымша) маркшейдерлік гирокомпастарды немесе орташа шаршы қателігі 1' аспайтын бағыттауды орындауға мүмкіндік беретін басқа да гидроскопиялық аспаптар қолданылады.

Газ немесе тозаң шығу қаупі бар шахталарда Қауіпсіздік ережесінің талаптарына сәйкес маркшейдерлік гирокомпастар қолданылады;

2) гирокомпасты түзетуді триангуляция жақтарында немесе 1 разрядтан төмен болмайтын дәлдік полигонометриясында анықтайды; жақтардың ұзындығы 250 м кем болмауы ұсынылады.

Белгілі бір орында тұрған нүктедегі негізгі жақтың бекетінің қозғалмауын бақылау үшін аралас жақтардың арасындағы бұрышты өлшейді, орталықтандыру мен редукциялауға енгізілген түзетулерді ескере отырып, бұрын алынған өлшемнен 20'' артық болуына жол берілмейді.

Дирекциялық бұрыштарды триангуляция немесе кластық полигонометрия бекеттеріне жанаса қойылатын қабысу полигонының негізгі жақтары ретінде пайдалануға болады. Полигондағы бұрыштар 1 разрядтық полигонометрия әдісі бойынша өлшенеді, бұрыштардың саны екеуден аспайды;

3) гироскопиялық өлшемді, оларды өңдеуді және есептеуді аспапты пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкес орындайды. Жерасты түсіру торабының жақтарын бағыттау кезінде реверсияның екі нүктесі бойынша сезімтал элементтің тепе-теңдік қалпын анықтауға болады.

Гирокомпасты түзетуді шахтаның (деңгейжиектің) жерасты маркшейдерлік торабын бағыттау бойынша орындалатын жұмыстарды бастамас бұрын және оны аяқтағаннан кейін анықтайды;

4) жерасты маркшейдерлік торабының бағыттаушы жақтарының ұзындығы, әдеттегідей, кемінде 50 м – ден кем болмайды.

Әрбір бағытталатын жақтың гироскопиялық азимуті екі рет анықталады; екіншісі алғашқы нүктеде орындалуы мүмкін, бірақ электрлік қоректендіру блогын өшіріп, гиромотор мен гирокомпасты қайта орталықтандыру толығымен сөнгеннен кейін жүргізіледі;

5) кезекті екі гироскопиялық азимуттің арасындағы айырмашылық немесе түзетулер төмендегіден аспайды

fα = 3mг,

мұндағы mг – гироскопиялық азимутті жекелей анықтаудың орташа шаршы қателігі.

Жақтардың гироскопиялық азимутының нақты мәндері үшін шекті айырмаларда екі анықтаманың ішінен орташа арифметикалық мәнді алады.

Ескертпе: бақылау барысында аспапты тасымалдау мен температура тербелісінің әсерін ескеретін mг қателігінің сенімді бағасы бірнеше қайтара бағыттау нәтижесінде алынады.

141. Геометриялық бағыттау:

1) жерасты маркшейдерлік тірек торабын геометриялық бағыттау тігінен орналасқан тау-кен қазбасы арқылы орындалады.

Жобалау кезінде мынадай талаптар ескеріледі:

сымдарға түсетін жүктеме шекті шамаға тең шамамен 60 % болады;

жүктерді ауа ағынының әсерінен қорғалады немесе сұйықтық құйылған ыдысқа салынады;

егер құламалардың арасындағы қашықтық 50 м – ден кем болса, жобалауды орталықтандыру табақшаларын пайдалана отырып орындалады;

бір оқпан арқылы бағыттаған кезде жер бетіндегі және шахтадағы құламалар арасындағы өлшенген қашықтықтар 2 мм аспайды;

2) бір шахталық оқпан арқылы бағыттау кезінде құламаларды екі жақты қақпақтарға қабыстыру дирекциялық бұрышты негізі жақтан жер бетіндегі құламалардың оқпанына берудің және құламалардың оқпандарынан жер бетіндегі маркшейдерлік тірек тораптарының бағыттаушы жақтарына берудің орташа шаршы қателігі жекелей алғанда 30'' аспайтындай етіп қосатын үшбұрыштардың тәсілімен орындалады. Осы үшін мынадай талаптар сақталады:

құламалардың арасындағы қашықтық ең жоғары болады;

қосатын үшбұрыштардың қабысу және тік бұрыштары үш тәсілді Т15 түріндегі теодолиттерімен, кемінде екі тәсілді Т5, Т2 түріндегі теодолиттермен өлшенеді, бұрыштардың мәндерінің айырмасы 15'' – тан аспайды, ал электрондық тахеометрлермен және теодолиттермен (3-5'') бір тәсіл бойынша өлшенеді;

қабысу бұрыштарының айырмашылығы қосатын үшбұрыштың өлшенген тік бұрышының мәнінен 25'' – тан артық өзгермейді;

қосатын үшбұрыштың жақтары кемінде 5 рет өлшенеді, бір жақтың жеке өлшемдері арасындағы айырма 2 мм аспайды;

құламалар арасындағы қашықтықтың өлшенген және есептелген мәндерінің арасындағы айырма 3 мм болады.

Қосатын үшбұрыштардың шешуі 19-қосымшада келтірілген формулалар бойынша орындалады;

3) тораптарды екі және одан да көп тігінен орналасқан оқпандар арқылы бағыттау кезінде мынадай талаптар сақталады:

қосатын құламаның желілерінің дирекциялық бұрышының жер бетіндегі тірек торабының жақын орналасқан жағына қатысты орташа шаршы қателігі 20'' болуына жол берілмейді;

жерасты торабының бағыттаушы жағының дирекциялық бұрышын анықтаудың орташа шаршы қателігі 1' аспайды.

Екі оқпан арқылы бағыттауды есептеу үлгілері 20-қосымшада, ал үш және төрт оқпан арқылы – 21-қосымшада келтірілген.



3-параграф. Бұрыштық өлшемдер
142. Полигонометриялық жүрістердегі бұрыштар Т15 түріндегі теодолиттермен немесе бұрыштар өлшемінің орташа шаршы қателігі ±5'' электрондық тахеометрмен өлшенеді. 1-кестеде көрсетілген теодолиттер мен дабылдарды орталықтандыру әдістері қолданылады.

Теодолиттер мен дабылдарды орталықтандыру үшін пілтелі құламаларды пайдалану кезінде құламаларды ау ағынының әсерінен қоршау бойынша шаралар қолданылады.

143. Көлбеу бұрышы 30° кем қазбалар бойынша төселетін полигонометрлік жүрістерде бұрыштар бір қайталамалармен немесе оймалармен өлшенеді. Бұрыштарды қайталама тәсілдерімен өлшеу кезінде бұрыштың дара және нақты (орташа) мәні арасындағы айырма 45'' артық болуына жол берілмейді. Бұрыштарды жартылай тәсілдер арасындағы бұрыштар айырмасын қабылдау әдісімен өлшеу 1' аспайды.

144. Көлбеу бұрышы 30° астам қазбалардағы бұрыштарды өлшеу мынадай талаптарды сақтай отыра, қабылдау әдістерімен (кемінде екі) орындауға болады:

әрбір қабылдау алдында теодолиттің тігінен орналасқан айналдыру шүлдігін аспалы қалыпта орнатады және аспапты қайтадан орталықтандырады;

бұрышты қайтадан өлшер алдында бастапқы санақ шамамен 180° өзгереді.

Жекеленген тәсілдер арқылы алынған бұрыштардағы айырмашылық 1' аспайды; жартылай тәсілдер арасындағы бұрыштардың айырмасы 2-кестеде келтірілген шамадан аспайды.

145. Тұрақты тораптар бекеттерін пайдалану алдында бақылау бұрышын өлшейді; бұрыштардың бұрынғы және бақылау мәндерінің арасындағы айырма 1'-тан асуына жол берілмейді.

Бұрыштарды өлшеу нәтижелері бұрыштық және сызықтық өлшемдер журналында жазылады (22-қосымша).

1-кесте



Бұрыштың ең қысқа жағының

көлденең беті, м



Орталықтандыру әдісі

5-10

10-20


>20

Автоматты орталықтандыру

Оптикалық орталықтандыру немесе құламамен екі қайтара орталықтандыру (әрбір орталықтандыру кезінде бұрыштарды өлшеп)

Теодолитті пілтелі құламамен бір рет орталықтандыру

2-кесте



Қазбаның көлбеу бұрыштары

Жартылай тәсілдер арасындағы бұрыштардың

шекті айырмасы






Көлденең және көлбеу қазбалардың қабысуында

Көлбеу қазбада

31-45°

46-60°


61-70°

1'20''

1'50''


2'30''

2'00''

2'30''


4'00''



4-параграф. Сызықтық өлшемдер
146. Полигонометрлік жүрістердегі жақтардың ұзындығы болаттан жасалған салыстыру өлшеуіштерімен, лазерлік қашықтықты өлшеуіштермен, жарық қашықтықты өлшеуіштермен және қажетті дәлдікті қамтамасыз ететін басқа да құралдармен өлшенеді. Болат өлшеуіштер (таспалар) 1:15 000 аспайтын салыстырмалы қателіктермен салыстырылады.

147. Сызықтық өлшемдер салыстыру кезіндегі өлшегіш құрал тұрақты, тепе-тең тартылған жағдайда орындалады. Тарту күші динамометрмен өлшенеді. Егер ауа температурасының өзгерісі салыстыру температурасына қатысты 5° астам болған жағдайда оны ескереді.

148. Екі жақты қақпақтардан бастап аралық құламалардың ауытқуын және нысаналау желісінен бастап биік белгілері 10 м интервалдың ең қысқа ұзындығында өлшеуіштермен өлшеу кезінде 10 см асуына жол берілмейді. Есептеулер миллиметрмен алынады, әрбір интервал кемінде екі рет өлшенеді, екінші өлшем өлшеуішті жылжытып орындалады.

149. Полигонометриялық жүрістің жақтары екі рет тура және кері бағытта өлшенеді. Желілерді жақтардың көлбеу бұрыштарының өзгерісімен аралық құламаларды жылжыта отырып немесе қайтадан өлшеген кезде өлшеуіштерді жылжыта отырып өлшеуге болады.

Гирожақтарға қабысатын аспалы жүрістерде жақтардың ұзындығы тура және кері бағыттарда өлшенеді.

150. Жақтардың ұзындығының екі өлшемінің арасындағы, сондай-ақ көлбеу қазбалардағы көлденең төсемдердің арасындағы шекті айырма 144-тармаққа сәйкес орындалады.



5-параграф. Жерасты тірек тораптарын өңдеу
151. Жерасты тірек тораптарын өңдеу мыналарды қамтиды: өлшемдер журналдарындағы есептеулерді бақылау, өлшенген ұзындықтарға түзетулер енгізу, дәлсіздіктерді анықтау, тораптарды теңестіру, қашықтатылған бекеттер орнының дәлдігін бағалау.

152. Желілердің өлшенген ұзындығына салыстыруға, температураға және кемдікке түзетулер енгізеді. Көлбеу ұзындығын өлшеу кезінде көлденең төсемдерді есептейді.

Референц-эллипсоидтің бетіне келтіру үшін түзетулер + 200 м астам және 200 м кем болатын биік белгілерде енгізіледі, ал Гаусс проекциясының жазықтығына келтіру үшін түзетулер шүлдікті меридианнан 50 м астам қашық орналастырған жағдайда енгізіледі. Түзетулерді арнайы кестелерден алады немесе формулалар бойынша есептейді (23 қосымша).

153. Полигонометриялық жүрістердегі бұрыштық дәлсіздіктер мынадай формулалар бойынша есептелетін шамалардан аспайды:

тұйық полигондарда

fβ =


екі рет өткен аспалы полигондарда:

полигондар секциясында және гирожақтардың арасында төселген алшақ салынған полигондарда:

fβ = ;

мұндағы mβ – бұрыштар өлшемдерінің орташа шаршы қателігі; mα - гирожақтардың дирекциялық бұрыштарын анықтаудың орташа шаршы қателігі; n – полигонометриялық жүрістің бұрыштарының саны; n1 +n2 – бірінші және екінші жүрістердегі бұрыштардың саны.

154. Тұйық полигондардағы сызықтық салыстырмалы дәлсіздік жүрістің ұзындығынан 1:3000, алшақ тұрған полигондарда 1:2000 аспайды. Екі рет өткен полигонометриялық жүрістер арасындағы (бұрыштарды алдын ала теңестірмей-ақ) айырма жүрістердің жиынтық ұзындығынан 1:2000 аспайды. Жүріс ұзындығы 500 м кем болған жағдайда алшақ тұрған полигондардағы абсолюттік дәлсіздік 25 см аспайды.

Секцияларға бөлінген және жүрістің соңында бекетке (құламаға) қабысатын полигонометриялық жүрістерде абсолюттік сызықтық дәлсіздік жоспардағы 0,8 мм аспайды.

155. Жерасты тірек тораптарын қайта құру кезінде өлшемдердің сапасын бақылауды сызықтардың ең қысқа жүрісі бойынша полигондардың дәлсіздіктерінің нақты және шекті мәнін анықтауға мүмкіндік беретін бағдарламалар бойынша ДК орындайды (24-қосымша).

156. Тірек тораптарын толықтыру сатысында әрбір полигонометриялық жүріс жеке теңдестіріледі, ал тораптарды қайта құру кезінде барлық полигонометриялық жүрістер, әдеттегідей, бірге теңестіріледі.

Жекеленген полигонометриялық жүрістерді (жүрістердің жүйелерін) теңестіру түрлі тәсілдермен орындалады: алғашқыда бұрыштық өлшемдерді, одан кейін координаттардың ұлғаюын теңестіреді.

157. Тұйық және алшақ тұрған полигондарды теңестіру кезінде бұрыштық дәлсіздіктер барлық бұрыштарға бірдей кері таңбамен бөлінеді. Түзетілген дирекциялық бұрыштар бойынша координаттардың ұлғаюын есептейді. Кері таңбамен алынған сызықтық дәлсіздіктер әрбір сызықтың ұзындығына пропорционал координаттардың өсуінде бөлінеді (25-қосымша).

Екі рет төселген аспалы жүрістерді теңестіру жалпы жақтардың дирекциялық бұрыштары мен жалпы бекеттердің координаттарының орташа мәндерін алу болып табылады. Жалпы бекеттер арасындағы жүріс учаскелері дербес жүрістер ретінде бөлек теңестіріледі.

158. Полигонометриялық жүрістерді теңестіру және бекеттердің орындарының қателіктерін анықтау дирекциялық бұрыштар мен координаттарды жекелей теңестіруді іске асыратын бағдарламалар бойынша негізінен компьютерде жүргізіледі (24-қосымша).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет