ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Оқу сауаттылығы – мәтінді түсіну, пайдалану, бағалау, ой елегінен өткізу, ақпаратты интерпретациялау және мәтінмен жұмыс жасау қабілеттері арқылы адамның біліміне, әлеуетіне және қоғамға араласуына, өз мақсаттарына жетуіне ықпал етеді (ЭЫДҰ, 2019).
ББЖМ шеңберінде осы бағыттағы тест тапсырмасы оқушылардың оқу әрекеті процесінде функционалдық сауаттылық деңгейін бағалау болып табылады. Төртінші сынып оқушыларынан мәтінді оқу және түсіну, мәтінен қажет ақпаратты табу, талдау және осы ақпараттың негізінде қорытынды шығару талап етіледі.
Оқу сауаттылығы бағыты бойынша тапсырмалардың орындалуы, % 53%
Оқу сауаттылығы бағыты бойынша нәтижелер, балл Бағыт бойынша орташа балл – 5.3Бұл деңгейде оқушылар бағыт бойынша келесі дағдыларға ие:
әңгіме, ертегі, халық ауыз әдебиетінің шағын жанрдағы шығармаларының ерекшеліктерін анықтау;
кейіпкердің сыртқы түрін сипаттау, оның іс-әрекеттерін бағалап, себептерін анықтау, олардың рөлдерін салыстыру; бейнелеу; пейзажды анықтау, сонымен қатар
көркем шығарманың эпизодын суретте көрсетілуімен салыстыру.
Тестілеу нәтижесі бойынша ең төмен балл – 3.Ең төмен нәтиже көрсеткен білім алушылар саны – 1.
Тестілеу нәтижесі бойынша ең жоғары балл – 6.Ең жоғары көрсеткен білім алушылар саны – 1.
Оқу сауаттылығы бағыты бойынша тест тапсырмалары үш күрделілік деңгейінде ұсынылған: базалық, орташа және жоғары.
Күрделілік деңгейлері бойынша дұрыс орындалған тапсырмалар үлесі, Оқу сауаттылығы, % Оқу сауаттылығы бағыты бойынша оқу мақсаттары, 4-сынып
4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарды талдау және салыстыру
базалық
63
4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерд, шешендік сөдерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
орташа
67
4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
базалық
39
4.2.4.1 аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
орташа
52
4.2.5.1 шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау
базалық
55
4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
орташа
52
4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және қолдану
жоғары
46
4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
жоғары
50
4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
базалық
59
Оқу сауаттылығы бағыты бойынша білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруда келесі дағдыларды жетілдіру ұсынылады:
мәтіннің тақырыбы мен негізгі ой өрісін анықтау;
мәтіннің әр бөлігінде жасырылған бөліктерін табу және анықтау;
оқиғалар арасындағы кейіпкерлердің іс-әркеттері, ниеттері мен сезімдері арасындағы байланысты түсіндіру үшін мәтіннің әр бөлігінде астарлы тұжырымды негіздеу;
мәтін мазмұнын түсіну үшін тарихи оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің мағынасын бағалау; кейбір тілдік сипаттамалардың мағынасын түсіну.
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
PISA математикалық сауаттылық туралы білім алушының алған білімін экстраполяциялау және оны мектепте де, одан тыс жерлерде де таныс және бейтаныс жағдайларда қолдану қабілеті ретінде кең түсінік береді. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг тапсырмалары мониторингке қатысушыдан математикалық білім мен дағдыларды пайдалана отырып ой қорытуды, қорытындыларды негіздеуді және шешім қабылдауды талап етеді.