Аудан әкімі Мирхан Дуанбековтың «Ауданның 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылға міндеттері туралы» есеп беру баяндамасының тезистері



жүктеу 57.34 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі57.34 Kb.


Аудан әкімі Мирхан Дуанбековтың «Ауданның 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылға міндеттері туралы» есеп беру баяндамасының тезистері
Аудан бойынша 2015 жылы 1200 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріледі, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100 пайыз.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 7245 млн. теңге немесе 2014 жылмен салыстырғанда 1,4% артады.

Ет өндірісі 7,7 мың тонна 5,3 пайызға, сүт 9,6 мың тонна 2,4 пайызға, жұмыртқа 1058 мың дана 0,2 пайызға өсім болады. Мал басы: мүйізді ірі қарадан 28993 бас немесе – 2 пайызға, қой ешкіден 98048 бас немесе 1,5, жылқыдан 6910 бас, немесе 9,1 пайызға өсімді көрсетеді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 300 бас сатып алу тапсырмасы, 359 бас болып, 119,6 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 160 бас сатып алу тапсырмасы, 213 бас болып, 133,9 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 690 бас сатып алу тапсырмасы, 710 бас болып, 102,8 пайызға орындалды.

Мал қыстату кезеңіне 148155 тонна мал азығы дайындалып, екі айлық тапсырма 118,7 пайызға орындалды.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 165 млн. теңгенің субсидиясы төленді .

«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында «Наурыз-СИМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3000 басқа арналған жалпы құны 110 млн.теңгенің мал бордақылау алаңы құрылысы салынып аяқталды.

Ауылшаруашылығына барлығы 227,9 млн. теңгенің инвестициясы тартылды, бұл өткен жылға 136,5 пайыз.

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 525 бірлік, өткен жылға 104,2 пайыз. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 7 жобаға 15,7 млн.теңгенің несие алынды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2010-2015 жылдары барлығы 5 жоба мақұлданды, оның ішінде 2015 жылы -1 жоба ( субсидиялау-1, инфрақұрылым жүргізу-3, грант -1).

Бөлшек сауданың көлемі 710 млн.теңге, немесе өткен жылмен салыстырғанда 100,1 пайыз.

Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 2015 жылы 5 млрд. 130 млн. теңге, немесе 2014 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсті.

Құрылыс жұмысының көлемі 3 млрд.574 млн.теңге, немесе 2014 жылмен салыстырғанда 175 пайыз. 7181 шаршы метр тұрғын үй жекелер қаражатымен салынды, өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайыз.

Ырғыз ауылында жеке тұрғын үй салу алаңына 2 445 метр электр энергиясы желісі тартылды.



Жұмыспен қамту саласында 2015 жылы 295 жаңа жұмыс орны қосылды, 630 адам еңбекке орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа - 330, әлеуметтік жұмыс орындарына - 133, жастар тәжірибесінен өтуге 67 жұмыссыз жіберілді.

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасының бірінші бағыты бойынша 2 жобаға мерзімдік жұмыстарға 11 жұмыссыз жіберілді, екінші бағыты бойынша 40 жұмыссызға 66,1 млн. теңге несие берілді. Кәсіпкерлік негізге 15 адам оқытылды. Үшінші бағыт бойынша 48 адам әлеуметтік жұмыспен, 42 адам жастар практикасымен қамтылды. қайта даярлауға 3 жұмыссыз жіберілді.

433 отбасындағы 18 жасқа дейінгі 1331 балаға 24,5 млн.теңгенің балалар жәрдемақысы төленді.

Жергілікті бюджетке 275 млн. теңге кірістелді, болжам 13,1 пайызға, өткен 2014 жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға артық түсім жасалды. Бюджеттің шығысы 99,9 пайызға атқарылды.

Білім беру саласында ауданда барлығы 28 балалардың мектепке дейінгі ұйымдары жұмыс жасайды, оларда 1046 мектепке дейінгі жастағы балалар тәрбиеленуде. Балалардың мектепке дейінгі тәрбие бойынша қамтылуы 0 мен 6 жас аралығында 92,2%, 3 пен 6 жас аралығында 100% құрады. Ауданда 22 жалпы білім беретін мектепте 3038 оқушы білім алуда.

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасының екінші бағыты бойынша «Аққайың» балабақшасы, облыстық бюджет қаражатына №1 қазақ орта мектебі ғимараты күрделі жөндеуден өтті.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ауданда барлығы 9 елді мекен, немесе тұрғындардың 75,6 пайызы орталықтандырылған су құбырымен қамтылған. Биылғы жылы Құйлыс және Жайсаңбай ауылдары ауыз сумен қамтлылды.

Облыстық бюджеттен 2015 жылы қаржысы бөлініп, Ырғыз ауылына кіре беріске дейінгі 0-11,3 шақырым автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмысы аяқталды.



Газбен қамту. «КС-13 Шетырғыз-Ырғыз» газ құбыры құрылысы аяқталуға жақын, қазіргі уақытта Ырғыз ауылында газ құбырларын жүргізу жұмыстары жүргізілуде.

Жылыту маусымы үшін жерігілікті бюджеттен қаржыландырылатын нысандарға 1025 тонна дизель отыны мен 1206 тонна қатты отын жеткізілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 5 ауылда көше жарығы орнатылды, Нұра ауылында клуб, Құмтоғай ауылында кітапхана ғимараттары ағымдағы жөндеуден өтті.
Аудан әкімінің 2015 жылы тұрғындармен есепті кездесуінде

айтылған ұсыныстардың орындалу барысы туралы ақпарат
Аудан әкімінің 2015 жылғы есепті кездесуінде айтылған мәселелерді шешу жөнінде іс-шаралар жоспарына 3 проблемалық мәселе қойылды, 3-уі шешімін тапты.

Құйлыс ауылында сумен жабдықтау обьектісі құрылысын салуға 2015 жылы республикалық бюджеттен 326,3 млн. теңге,жергілікті бюджеттен 93,7 млн.теңге бөлініп жұмыстары толық аяқталды. Нысан пайдалануға берілді.

Жайсаңбай ауылында сумен жабдықтау обьектісі құрылысын салуға 2015 жылы республикалық бюджеттен 343,4 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 74,5 млн.теңге бөлініп, жұмыстары толық аяқталды, нысан пайдалануға берілді.

Жалпы ұзындығы 165 км болатын «КС-13 Шетырғыз-Ырғыз» газ құбыры құрылысына 5594,0 млн. теңге бөлініп, қаржы толық игерілді. Бас мердігер «Окси Билд» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 2015 жылдың 24 желтоқсан күні мемлекеттік комиссия құрылып жұмыс барысы қаралды. Қаңтар айында газ жеткізу жұмысы аяқталады деп күтілуде.

Ырғыз ауыл ішілік төменгі орташа – жоғарғы қысымды газ құбыры құрылысын «СМК технолог инжиниринг» ЖШС-гі жүргізді, 581,0 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 43 км болатын ауыл ішілік газ құбыры құрылысы аяқталды. 2015 жылдың 18 желтоқсан күні мемлекеттік қабылдау комиссиясы құрылыс жұмысын қабылдады.
2016 жылы атқарылатын міндеттер
2016 жылы ауылшаруашылығы өндірісін дамыту, өндірілген өнімді өңдеу саласында жобалар жүзеге асырылады. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» бағдарламалары бойынша жобаларға қаражат тарту жалғасын табады. Сурмалы егіс, бақша жұмыстарына аудан тұрғындарын, құрылымдарды қатыстыруға тарту шаралары белсенді жүргізіледі.

«Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту 2020» бойынша шағын несиелендіру көздері арқылы қаражат тарту және кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру бойынша шаралар жүзеге асырылады.

Салыққа 273,5 млн. теңге кірістеу жоспарын орындауда салық базасын ұлғайту жұмыстары жалғастырылады.

2015 жылы 1,7 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланады.

Ырғыз ауылішілік газ құбыры құрылысына аудандық бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік нысандарды қосу жүзеге асырылады.

«Ырғыз ауылыішілік жолдар облыстық бюджеттен бөлінген 59,5 млн.теңгеге жөндеуден өткізіледі. «Ырғыз-Құтикөл автомобиль жолының 11 шақырымындағы Қарарық өзеніндегі көпірді қайта жарақтандыру» жұмысы жүргізіледі.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында Ырғыз ауылындағы №1 қазақ орта мектебі ағымдағы, «Балдырған» бала бақшасы күрделі жөндеуден өтеді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында барлық ауылдық округтерде 13,8 млн.теңгеге көркейту жұмыстары жүргзіледі.



2016 жылы жүзеге асырылатын барлық іс шаралар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында өткізіледі.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет