Аудандық ішкі саясат бөлімінің 9 ай көлемінде атқарған жұмыстары бойынша ақпарат



Дата24.02.2016
өлшемі65.82 Kb.
#14757
Аудандық ішкі саясат бөлімінің 9 ай көлемінде атқарған жұмыстары бойынша ақпарат
Ауданда түсіндіру жұмыстарын құрамында 206 адамы бар 43 ақпараттық-насихат тобы жүргізеді.

Ақпараттық-насихат топтары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын Зайсан ауданында насихаттау және түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс істейді.



2010 жылдың 16 ақпан күні Жолдауды түсіндіру және оның жүзеге асырылуы барысы жөнінде актив жиыны өткізілді. Онда ақпараттық-насихаттық топтарының сапарлар кестесі бекітіліп, ауылдық насихат топтарының жұмысы ұйымдастырылды. Сапарлар кестесінің орындалуы бөлімнің айрықша бақылауына алынған.

Осындай жиындар 8-15 ақпан аралығында қала, ауыл округтерінде өткізілді. Осы уақытта барлық еңбек ұжымдарында Жолдаумен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Ақпан айында жас ерекшеліктеріне қарай ауданның барлық мектептерінде Жолдауды оқып түсіну жұмыстарын ұйымдастырылды.

Аудандық АНТ ақпан айында Жолдау мәтінімен, наурыз айында «Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымастық жөніндегі ұйым» туралы, сәуір айында «Кедендік одақ-кемелдену кепілі», мамыр айында «Ардагерлерге қамқорлық-біздің ортақ міндетіміз» тақырыптарында елді мекендерді аралап, барлығы 133 кездесу өткізілді. Аудандық насихат тобының ұйымдастыруымен 12, ауылдарда 28 «дөңгелек үстелдер» өткізілді.

15-17 ақпан аралығында бөлім облыстық АНТ жұмысын үйлестіріп, Бақасу, Саржыра, Ақарал, Біржан, Көкжыра, Жамбыл, Тасбастау, Кәкенталды, Қарасай, Мұқашы, Сәтбай елді-мекендерінде Жолдауды насихаттады.

2-3 наурыз аралығында бөлім қызметкерлері республикалық АНТ және облыстық АНТ жұмыстарын ұйымдастырып, Дайыр, Біржан, Кеңсай, Айнабұлақ ауылдарында кездесулер өткізіп, Зайсан қаласында азаматтарды қабылдауын үйлестірді.

3 сәуір күні су тасқыны зардаптарының алдын-алу шараларын түсіндіру бойынша аудандық АНТ - 7 ауылдық окруте болып қайтты. Кездесулерде су тасқыны кезінде құтқару шаралары жөнінде жадынамалар таратылды.

20-24 қыркүйек аралығында ақпарат насихат топтарының кезекті кездесулері өткізілді. Қамтылатын тақырыптар: «Абай Құнанбаевтың туғанына 165 жыл», «Мемлекеттік тіл – мемлекеттілік негізі», а) қысқа дайындық жұмыстары, өртке қарсы, ауданның 2010 жылғы 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде.

Бөлім тарапынан су тасқынына байланысты Тасбастау ауылын 3 рет бейнетаспаға түсіру ұйымдастырылды.

Жолдауға байланысты ай сайын көмекші методикалық құралдар дайындалып, таратылды. Ондай материалдардан ақпан айында 200 дана, наурыз айында 100 дана, сәуір айында 200 дана, маусым айында 300 дана таратылды. Олар: Жолдаудың толық мәтіні, «Қазақстан – 2030» стратегиясы, «Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымастық жөніндегі ұйым» туралы, су тасқыны кезінде құтқару шаралары жөнінде жадынамалар, Зайсан ауданының 2009 жылғы және 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы, Ұлы Отан соғысының Жеңісіне байланысты және Мемлекеттік Рәміздер туралы материалдар.

Барлық бұқаралық шараларда Жолдау бағыттары бойынша логотиптер, слогандар пайдаланылады. Жолдау идеяларын насихаттау жөнінде 15 баннер, 8 қалқанша дайындалып, орнатылды.

Жолдаудың байланысты көрнекіліктердің үлгісі дайындалып әкімшілік, мекемелер ғимараттарында, кітапханаларда, мәдениет үйлерінде, мектептерде тұрақты көрнекіліктер орналастырылды.

Сондай ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт плакатының үлгісі жасалып, аудан мекемелерінде орнатылуы ұйымдастырылды.

Тамыз айында республикалық, облыстық телеарна журналистерімен ауданда теле түсірілімдер жүргізілді.

Жолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік органдар жанынан басым салалар бойынша лекторлар тізімі жасалып, олардың жұмысы ұйымдастырылды.



13 қаңтар күні «Менің Қазақстаным» атты жастар форумы өтті. Онда өткен жылы жастармен атқарылған жұмыс жайлы есеп және жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

19 ақпан күні «Туған жерге тағзым» акциясы өтті. Акция нәтижесінде алыста жүрген және ауданымыздың кәсіпкерлері арқылы ауданның дамуына 1 млрд. 13 млн теңге кәсіпкерлердің қаражатына жұмыстар атқарылатын болады.

15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 21 жыл толуына байланысты патриоттық әндер кеші өткізілді. Ұрпақтар сабақтастығымен үндескен бұл шарада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп мен жас ұрпақ оқушылардың қатысуы қамтамасыз етілді.

3 наурыз күні №11 кәсіптік-лицейде жастардың «Жас қалам» атты әдеби кездесу кеші өткізілді.

5 наурыз күні «Ақ босағаның алтын діңгегі» атты дөңгелек үстел өтті. Онда қазіргі таңның басты мәселесі гендерлік саясат төңірегінде, отбасы құндылықтары жөнінде аудан әйелдері бас қосып, өз пікірлерін білдірді.

6-наурыз күні 8-наурыз-Халықаралық әйелдер күніне байланысты мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

15 наурыз күні «Аудандағы нашақорлықтың алдын алу шараларының жағдайы.» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

27 Наурыз күні - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай халықтық тойлау өткізілді.

31 наурыз күні АНТ 2017 әскери бөліміне ақпараттық - насихат бағдарламасымен барды. Онда әскери қызметшілерді Елбасының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымастық жөніндегі ұйым және кедендік одақтың қызметі жайлы ақпарат берілді.

9 сәуір күні «Зайсан ауданындағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын-алу жұмыстары» туралы дөңгелек үстел отырысы өтті.

28 сәуір күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты жастар ұйымдары өткізетін іс-шараларының желілік кестесі бойынша жоспарланған шаралар аясында «Жастар біртұтас Қазақстан үшін» атты жастар форумы өтті.

30 сәуір Зайсан ауданында Қазақстан халқының бірлік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда қаланың 389 соғыс және тыл ардагеріне «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медальдары тапсырылды.

1-мамыр-Қазақстан халқының бірілігі күніне арналған мерекелік шаралар өткізілді.

9-мамыр –Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған барлық шаралар Елбасының Жолдауындағы басты назардағы «Ардагерлерге қамқорлық» тармағына сәйкес жүргізілді.

31 мамыр күні «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

4 маусым күні «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігін паш ететін нышандар» атты автокеруен белгіленген маршрут бойынша ауданның 7 ауылдық округінде болып қайтты. Автопоезд жұмысы «Біздің Ту! Біздің Елтаңба! Біздің Әнұран» атты акцияда жалғасты.

«Астана күні» мерекесіне орай Зайсан ауданында мерекелік іс-шаралар 5-6 шілде күндері ұйымдастырылды.

Соған байланысты, 5 шілде күні «Шылымсыз 1 күн» атты жастар шеруінде арнайы маршрут бойынша жастар Зайсан қаласының орталық көшелерінен жүріп өтіп, сыйлықтар, брошюроларға қала тұрғындарының шылымдарын айырбастап, темекінің зияндығы туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Сол күні «Зайсан ауданы жастарының әлеуметтік белсенділігін арттыру механизмдері» атты семинар өтті. Онда аудан жастары осы тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Сондай ақ «Астана-бұл жаңа, серпінді дамушы Қазақстанның көрінісі, жаңғырудың белгісі, біздің республикамыздың тәуелсіздігінің нышаны», «Зайсан ауданын туристік базаға айналдыруға бола ма?» тақырыбтарында облысымыздың зайсандық, өскемендік, көкпектілік, тарбағатайлық жалынды жастары пікір алмасты. Зайсан ауданы әкімінің Кубогына арналған облыс жастарының жазғы КВН ойындары жазғы ойындары өтті. Бұл шараға 4 команда, бақ сынасып, ауданннан 700-ге тарта жастар қатысты. Ойында бас жүлдені «Нұр Зайсан», 1-ші орынды «Жүгірмектер», 2-ші орынды «Толағай тентектері», 3-ші орынды «Төртеу түгел болса» командалары иеленді. Ойынға қатысушыларға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сол күнгі жастардың Зайсанда бас қосуы кешкі тақырыптық би кешіне ұласты.

6-шілде «Аста күні» орталық алаңда «Елордаға тарту» атты жастардың патриоттық әндер кеші ұйымдастырылды. Онда 14 жас өнер көрсетіп, бас жүлдені 2017 әскери бөлімінің қызметкері Нұғыманов Мерей, 1-ші орынды Кеңсай ауылдық округінен Ризабекова Жұлдыз, 2-ші орынды Айнабұлақ ауылдық округінен Аубакирова Іңкәр, 3-ші орынды Біржан ауылдық округінен ауылдық округінен Минат Ержан, Айнабұлақ ауылдық округінен Кәкімов Еркебұлан иеленді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Бастау - Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігі және 2017 Әскери бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауын насихаттау , 18-тамыз шекарашылар күніне, 30-тамыз Конституция күніне арналған «Ата Заңымыз. Елбасының саясаты-біздің болашақ» атты жастар агитпоезды құрылды. Тамыз айының 23-24-күндері үгіт тобы «Шілікті» шекаралық комендатурасында, «Күзен», «Шаған - Оба», «Майқапшағай», «Майшелек» заставаларында болып, шекарашы сарбаздармен кездесіп, «Жолдау жастармен жасампаз» тақырыбында пікір алысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдығын мерекелеуге дайындық қызу басталды. Еліміздің мемлекеттік мерекесіне орай аудандағы «Жол картасы» бағдарламасы аясында жөнделген мектептер мен жөнделген жолдардың ашылу салтанаттары өтті.

Зайсан ауданында 27 тамыз күні Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституциямыздың 15 жылдық мерейлі күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

30 қыркүйек күні Халықаралық қарттар күніне орай аудан Әкімінің мерекелік қабылдауы болып өтті.

Мерекелік жиынға қала, ауылдық округтерден қарттар шақырылып сый сыяпат көрсетілді. Аудан Әкімі С.З.Зайнулдин жиылған қарттарды мерекелерімен құттықттап, сыйлықтар таратты. Аудандық ақсақалдар алқасының мүшесі С.Ілгекбаева сөз алып, мемлекет, аудандық әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерге алғыс айтып, рахметін жаудырды.



Қазан айының 2 – сі күні Ертіс өзеннің бойында қалыптасқан дәстүр бойынша «Туған ел –алтын бесігім» акциясы аясында Зайсан ауданының күні өтті.

Арнайы алыстан ат терлетіп келген Зайсан ауданы «Зайсан күндерін» қала тұрғындарына арналған концерттік бағдарламадан бастады. Саханада аудан мақтаныштары әсем әуенді әншілер, мың бұралған бишіле, домбыранның құлағында ойнаған күйшілер өз өнерін ортаға салды. Аудан өнерпаздар концертінің соңы ауылшаруашылық өнімдері сатылған жәрмеңкеге ұласты.



Бөлімдегі жұмыстар жоспарлы түрде жалғастырылуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет