Аудандық мәслихат депутаттары өкiлеттiгiн жүзеге асырудың тәртiбi
және олардың жауапкершiлiгi. Депутат этикасының Ережелерi
1-тарау. Аудандық мәслихат депутаттарының өкiлеттiгi
74-тармақ. Аудандық мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
75-тармақ. Аудандық мәслихат депутатының өкілеттігі аудандық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркелген кезден басталып, аудандық мәслихат өкілеттігі тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
76-тармақ. Аудандық мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:
1) депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
2) депутатты әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет ету қабiлетi шектеулi деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;
4) депутат қайтыс болған, депутатты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi не оны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының немесе құрамына өзi сайланған мәслихат органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса.
77-тармақ. Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен аудандық мәслихат сессиясында ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
78-тармақ. Аудандық мәслихат депутатының құқықтары:
-
сайлауға және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
-
аудандық мәслихаттың сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
-
өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
-
сессияда аудан аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының аудандық мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
-
аудан әкiмдігі отырыстарының жұмысына қатысуға;
-
аудандық мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
-
фракциялар мен депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы;
-
заңдарда және аудандық мәслихаттың осы Регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
Мәслихат депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша аудан аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы.
Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға және оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге міндетті.
79-тармақ. Мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері.
1) мәслихат өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген оның өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
2) мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Қазақстан Республикасының Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда тоқтатылады.
80-тармақ. Депутаттың міндеті:
-
аудандық мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
-
өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзiнiң депутаттық қызметiнiң барысы туралы, жылына кемiнде бiр рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
-
сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
-
тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе тұруға міндетті.
81-тармақ. Аудандық мәслихат депутаты аудандық мәслихаттағы және оның органдарындағы мiндеттерiн, депутат этикасы талаптарын орындамаған жағдайда оның әрекетi аудандық мәслихатта немесе оның тиiстi комиссиясында қаралуы мүмкiн.
82-тармақ. Аудандық мәслихат депутаты аудандық мәслихат сессиясында қаралатын кез-келген мәселе бойынша дауыс құқығын пайдаланады.
83-тармақ. Аудандық мәслихат депутаты жарыссөзге шығып сөйлеуге, баяндамашыларға, сондай-ақ төрағалық етушiге сұрақтар қоюға, дауыс берудiң жүйесi туралы өз ұсынысын негiздеп сөйлеуге, анықтамалар беруге, аудандық мәслихат депутаттарын азаматтардың қоғамдық мәнi бар үндеулерiмен таныстыруға құқылы.
84-тармақ. Аудандық мәслихат депутаттарының енгiзген ұсыныстары мен ескертулерi аудандық мәслихат сессиясында қаралады және аудандық мәслихат шешiмдерiн толықтыру және қабылдау кезiнде ескерiледi.
85-тармақ. Аудандық мәслихат депутаттары сессияның күн тәртiбiндегi негiзгi мәселелердi талқылау барысында айтқан ұсыныстары мен ескертулерiн аудандық мәслихат аппараты қорытындылайды және аудан аумағында орналасқан мемлекеттiк органдарға, қоғамдық ұйымдарға, кәсiпорындар мен мекемелерге, ұжымдарға және лауазымды адамдарға жiбередi. Олар бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей ұсыныстарды жүзеге асыру шараларын аудандық мәслихат аппаратына тапсырулары тиiс.
Ұсыныстардың қаралуын және орындалуын қадағалауды аудандық мәслихат аппараты және оның комиссиялары жүзеге асырады.
86-тармақ. Аудандық мәслихаттың және оның органдарының тапсыруы бойынша аудандық мәслихат депутаты Қазақстан Республикасы Заңдарын, аудандық мәслихат шешiмдерiн аудан аумағында орналасқан мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауын тексередi. Тексеру нәтижелерi туралы аудандық мәслихат депутаты аудандық мәслихат пен оның органдарын хабардар етедi. Қажет жағдайда, анықталған кемшiлiктердi түзету, заңсыз шешiмдердi бұзу, Заңды бұзуға жол бергенi немесе аудандық мәслихаттың шешiмiн орындамағаны үшiн лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзедi.
87-тармақ. Аудандық мәслихат депутаты сайлаушылардан түскен ұсыныстарды, өтiнiштердi және арыздарды қарайды, оларды шешуге шара қолданады, сайлау округiндегi елдi мекендерде сайлаушыларды қабылдайды. Аудандық мәслихат депутаттарының сұрануы бойынша ол жүргiзетiн қабылдауға мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың және мекемелердiң аудандық мәслихат депутаты шешуге тиiстi мәселеге қатысы бар лауазымды қызметкерлерi қатыса алады.
88-тармақ. Аудандық мәслихат депутаты ұдайы, бiрақ жылына бiр рет өз қызметi, аудандық мәслихат және оның органдарының жұмысы туралы сайлаушыларының алдында есеп бередi.
Аудандық мәслихат депутатына есеп беру және сайлаушылармен кездесуi үшiн қажеттi жағдайлар жасалады. Бұл мақсаттар үшiн жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдар аудандық мәслихат депутаттары үшiн орын-жай бөлуге, азаматтарға депутаттық есеп беретiн уақыты мен орны жайлы хабарлауға ықпал етедi, осы шараларға өз өкiлдерiн жолдайды, өзге де ықтимал көмектер көрсетедi.
89-тармақ. Аудандық мәслихат депутатының есеп беруi және сайлаушылармен кездесуiне қажеттi ақпараттық материалдарды аудандық мәслихат депутаты аудан аумағындағы мемлекеттiк органдардан, кәсiпорындардан талап ете алады.
90-тармақ. Аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихаттағы мүмкiндiктер шегiнде депутаттарды қажеттi бөлмемен, байланыс құралдарымен, көбейту-баспа техникасымен қамтамасыз етедi.
91-тармақ. Аудандық мәслихат депутаты өз өкiлеттiгiн, әдетте өндiрiстiк немесе басқа да қызметтерден қол үзбей жүзеге асырады.
Депутат осы регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
2-тарау. Депутаттық сауал
92-тармақ. Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.
Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.
Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.
93-тармақ. Аудандық мәслихат депутаты сауал салынған нақты лауазымды тұлғадан немесе қызметкерден күтiлетiн жауаптың түрiн (жазбаша немесе ауызша) атап көрсетуi тиiс.
-
депутаттық сауал жазбаша түрде аудандық мәслихат сессиясында енгiзiледi және аудандық мәслихат сессиясының күн тәртiбiне мiндетті түрде қосылу керек;
-
депутат өз сауалын аудандық мәслихат сессиясының күн тәртiбiне ұсыныс жасап күн тәртібіне енгiзуге сұранады;
-
сессияда салынатын сауал бiр немесе бiрнеше депутаттар тарапынан ұсынылуы мүмкiн;
-
сауалдың мазмұнын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жариялау керек;
-
аудандық мәслихатқа және депутаттық сауал бойынша тиiстi органдар немесе лауазымды адамдар толық және нақты жауап беруге мiндеттi;
-
сессияда берiлген депутаттық сауал бойынша органдар немесе лауазымды тұлғалар мәселе бойынша зерттеуге уақыт қажет болса, онда аудандық мәслихат жауапты беру мерзімін келесу кезектi сессияға қалдырады;
-
депутаттық сауалдың жауабына уақыт немесе талқылау дайындығы қажет болса, онда аудандық мәслихаттың сессиясының мерзiмiн белгiлейдi;
-
депутаттық сауалға мемлекеттiк органның атынан берiлген жауапты лауазымды адам кезектi сессияда жариялауы қажет;
-
депутаттық сауалға берiлген жауап аудандық мәслихатта талқыланып, талқылау қортындысына сәйкес шешiм қабылданады.
94-тармақ. Аудандық мәслихат аппараты депутаттық сауал жария етiлген үш күн мерзiм iшiнде, оны аудан аумағында орналасқан тиiстi мемлекеттiк органның, ұйым мен мекеменiң лауазымды қызметкерiне қарауды және аудандық мәслихат депутатына отыз күннен кешiктiрмей жазбаша жауап қайтаруын талап етiп, жолдайды. Депутаттық сауалдың қаралуын аудандық мәслихат аппараты бақылауында ұстайды.
95-тармақ. Егер депутаттық сауалға ауызша жауап берiлуi тиiс болса, онда лауазымды адам аудандық мәслихат сессиясына шақырылады.
Сұрау салуға жауап және оның қорытындылары бойынша аудандық мәслихаттың шешiмi қабылданады. Сұрау салу және оған берілген жауап ақпарат құралдарында жариялануы мүмкiн.
3 тарау. Депутат этикасының Ережелерi
96-тармақ. Аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық этикасы Ережелерi өз өкiлеттiктерiн, сондай-ақ, өкiлеттiктен тыс атқару кезiнде басшылыққа алатын мiнез-құқық нормаларын айқындайды.
-
Депутаттардың өзара қарым-қатынастары тең құқылық негізде болады. Депутат басқа депутаттардың әлеуметтiк мәртебесi мен саяси бағыт-бағдарына қарамастан қарым-қатынастарын қалыпты жағдайда болуы керек;
-
депутаттар өз жұмысында тиісті мәселелерді көпшілікпен еркін талқылап шешедi және көпшiлiктiн пiкiрiн сыйлайды, дөрекiлiкке салынып, негiзсiз айыптауға жол бермейді, даулы мәселелерді шешудің жолдарын іздестіреді;
-
депутат өзінің көзқарасын, позициясын өзгеге зорлап тануға, қоқан-лоққы қорлау, мұқату жасау әрекеттерiн жасауына, үзілді-кесілді шарт қоюына жол бермейдi;
-
депутат өз бетінше мәжiлiстiң жұмысын тоқтатпаққа әрекеттеніп қарсылық жасап залдан шығып кетуге, мәжiлiске кедергi жасауға, сөз сөйлегендерге сөз бермей, күн тәртiбiне сәйкес емес мәселе бойынша кие-жарып сөйлеуге, дауыс көтеріп баяндама жасағандардың сөзiн бөлуге жол бермейді;
-
комиссиялардың жұмыстарына және жұмысшы топтарына қатысу кезiнде депутат комиссия төрағасына, хатшысына, депутаттарға, атқарушы органдардың қызметкерлерiне және басқа да азаматтарға әдептiлiкпен, құрметпен, сыймен қарау қажет;
-
депутат өз сөзiнде дөрекi және әдепсiз сөздердi қолданбауы қажет;
97-тармақ. Аудандық мәслихат депутаты заңдармен қорғалатын, мемлекеттiк құпия ақпараттарды, олардың құпиялық мазмұнын сақтаудың белгiленген тәртiбiн қатаң ұстай отырып, пайдалануға мiндеттi.
Аудандық мәслихат депутаты депутаттық бланктердi тек ресми сауалдарға, хаттарға, құжаттарға пайдалануға, оларға өзi қол қоюға мiндеттi.
98-тармақ. Аудандық мәслихат депутаты бұқаралық ақпарат құралдарында, баспасөз конференцияларында, митингiлерде, өзге де көпшiлiк алдындағы сөздерiнде және мәлiмдемелерiнде шындыққа сәйкес және тексерiлген фактiлердi ғана пайдалануға, қоғамдық пiкiрдi шатастыратын тұжырымдарға жол бермеуге және кез-келген азаматтың ар-ожданына нұқсан келтiретiн пайымдауларды пайдалануға тиiс емес.
Егер сынаған сөздерiнде қасақана немесе байқаусыз шындыққа сәйкес келмейтiн және тексерiлмеген фактiлердi қолданып қойған жағдайда жазықсыз жапа шеккен ұйымдар, органдар мен жеке адамдардан көпшiлiк алдында кешiрiм сұрау - депутаттың парызы.
99-тармақ. Осы регламент бойынша белгiленген депутат этикасының Ережелерiн бұзған жағдайда, аудандық мәслихат сессиясы төрағасының ұсынуы бойынша аудандық мәслихат депутатына мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн:
1) депутаттың бетіне басу;
2) көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүрлеу;
3) кезектi сессияда сөз сөйлеуден шеттету;
4) аудандық мәслихат отырысынан шығарып жiберу.
Депутатқа қолданылатын жоғарыда аталған барлық шараларды сессия төрағасы сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылдайды, ол сессия хаттамасымен рәсiмделедi.
4-тарау. Аудандық мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктер
100-тармақ. Аудандық мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Депутаттық топтың құрамында аудандық мәслихаттың кемінде бес депутаты болуға тиіс.
Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу аудандық мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта болады. Депутаттық топтардың өкілеттігі, қызметін ұйымдастыру аудандық мәслихаттың жұмыс регламентімен белгіленеді.
Аудандық мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кiре алмайды.
101-тармақ.
1) Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның қызметi ҚР Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, партияның Жарғысына, партияның Саяси кеңес Бюросының шешімдеріне және осы аудандық мәслихаттың регламентіне негiзделедi;
2) Фракция жетекшілігіне ұсынылған үміткерді Саяси кеңес бюросының ұсынуы бойынша, жоғарғы партия органдарымен келісілген түрде, фракция мүшелері сайлайды;
3) Фракция жетекшісінің орынбасарын жетекшінің ұсынуы бойынша көпшілік дауыспен фракция мүшелері сайлайды;
4) Фракцияның органдары болып: Фракцияның мәжілісі және Кеңесі болып табылады;
5) Фракцияның мәжілісі өз жұмысында шешім қабылдайды.
102-тармақ. Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның құзыретiне мыналар жатады:
1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
2) атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау және тиiстi органдарға мәслихат шешiмдерiн орындамағаны үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
3) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актісіне сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін жасырын немесе ашық дауыс беруді өткізу жолымен сайлау;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жасау;
5) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту;
7) аудандық мәслихаттар құзыретiне қалалар, тиiстi аудан аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекiту де жатады;
8) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады;
9) аудандық мәслихат сессиясында аудан әкіміне үміткерді талқылау;
10) әкiмiнiң ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкiмият жанындағы консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын аудандық мәслихаттың сессиясына дейін талқылау;
11) жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру барысында жергілікті мемлекеттік органдарының атқарған жұмысын талқылау;
12) өкілеттігін тоқтату бойынша аудандық мәслихат депутаттарына қолданылған шаралар туралы мәселелерді дайындауға қатысу және талқылау;
13) басқа саяси партиялармен жұмыс жүргізу;
14) мемлекеттің қоғамдық саяси және экономикалық өміріндегі партияның көзқарасын аудандық мәслихатта жүргізу;
15) аудандық мәслихаттың сессиясында маңызды шешімдер және кадрлік мәселелер бойынша дауыс беру барысында партияның бірауызды дауыс беру принципын қамтамасыз ету.
103-тармақ. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттіктерін, сайлау округтерiндегі бiрлескен жұмысын жүзеге асыруға арналған бiрлестiгі.
Фракция – заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол мәслихатта тиісті саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің мүдделерін білдіру мақсатында құрылады.
104-тармақ. Депутаттық топтың құрылғаны туралы, оның атауы, мақсаты, құрамы және депутаттық топтың атынан сөйлеуге өкiлеттi адам туралы мәлiметтер аудандық мәслихаттың сессиясында депутаттардың назарына жеткiзiледi. Ол мәлiметтер аудандық мәслихат сессиясының хаттамасына енгiзiледi.
105-тармақ. Депутаттық топ оның құрамына жаңа мүше кiрген немесе одан депутат шыққан кезде аудандық мәслихатқа хабарлайды.
106-тармақ. Депутаттық топтың төраға өкiлдерi топ атынан:
-
аудандық мәслихат сесиясының күн тәртiбiне, қаралатын мәселелердiң мазмұны және қаралу тәртiбi туралы ескертулер мен ұсыныстар енгiзуге;
-
аудандық мәслихат сессиясында сайланып, басқа жұмыстан босатылған негiзде жұмыс iстейтiн кандидатуралар жөнiнде пiкiр бiлдiруге;
-
депутаттық топтарда қабылданған шешiмдердi, азаматтардың үндеулерiн аудандық мәслихат депутаттарына таныстыруға;
-
жарыссөз тоқтатылған соң депутаттық топ атынан сөз сөйлеудi талап етуге құқылы, ондай жағдайда сессияда төрағалық етушi оларға сөз беруге тиiс.
107-тармақ. Депутаттық топтардың iшкi қызметiн олар өз бетiнше ұйымдастырады.
V БӨЛIМ
Аудандық мәслихаттың аппараты, аудандық мәслихатта босатылған негiзде жұмысын жүзеге асыратын қызметкерлердiң өкiлеттiгi және оларды сайлау тәртiбi
1-тарау. Аудандық мәслихат аппараты
108-тармақ. Аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
109-тармақ. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
110-тармақ. Аудандық мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, аудандық мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
Аудандық мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
111-армақ. Аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихат хатшысы сайланғанға және жаңадан сайланған аудандық мәслихат органдары қалыптастырылғанға дейiн аудандық мәслихаттың бiрiншi ұйымдастыру сессиясын әзiрлеудiң барлық ұйымдастыру-техникалық мәселелерiн шешедi.
2 тарау. Аудандық мәслихат хатшысы
112-тармақ. Аудандық мәслихат хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны аудандық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен аудандық мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
113-тармақ. Аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының үштен бiрiнiң жазбаша талабы бойынша аудандық мәслихат сессиясының күн тәртiбiне аудандық мәслихат хатшысын қайта шақырып алу туралы мәселе енгiзiлуi мүмкiн. Ол аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қызметiнен босатылады.
Аудандық мәслихат хатшысының өкiлеттiгiнен өз еркiмен бас тарту оның өтiнiшi бойынша аудандық мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар жалпы санының көпшiлiк дауысымен жүзеге асырылады.
3 тарау. Аудандық мәслихат хатшысының өкiлеттiгi
114-тармақ. Аудандық мәслихат хатшысы:
-
аудандық мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге аудандық мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
-
аудандық мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды аудандық мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
-
депутаттар саулдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
-
аудандық мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
-
сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
-
аудандық мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
-
өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
-
аудандық мәслихат тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
-
мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда аудандық мәслихат атынан өкiл болады;
-
аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
-
аудандық мәслихаттың шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды;
-
аудандық мәслихат хатшысының аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
115-тармақ. Аудандық мәслихат хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн аудандық мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
116-тармақ. Аудандық мәслихат хатшысы тұрақты комиссия төрағаларының, депутаттық топтардың ұсыныстарын ескере отырып, аудандық мәслихаттың перспективалық және ағымдағы жоспарын жасайды, аудандық мәслихат сессияның бекiтуiне ұсынады және орындалуын жүзеге асырады.
117-тармақ. Аудандық мәслихат хатшысы аудандық мәслихаттың марапаттау комиссиясының ұсынысы бойынша, азаматтарды ауданға сiңiрген еңбегi үшiн аудандық мәслихат Грамотасымен марапаттау туралы өкiм шығарады.
4-тарау. Аудандық мәслихатта босатылған негiзде
жұмысын жүзеге асыратын лауазымды адамдарды сайлау тәртiбi
118-тармақ. Аудандық мәслихат хатшысы қызметiне үміткер «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының отырысында талқыланып, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері сессия күн тәртібіне ұсынады.
119-тармақ. Аудандық мәслихат хатшысын сессия барысында ашық немесе жабық дауыс беру арқылы аудандық мәслихат депутаттары сайлайды.
120-тармақ. Үміткерге аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының жартысынан астамы қолдап дауыс берсе, сайланды деп саналады.
121-тармақ. Жаңадан сайланған аудандық мәслихат хатшысына аудандық мәслихаттың ұйымдастыру сессиясында қорытынды сөйлеу құқығы берiледi.
122-тармақ. Аудандық мәслихат хатшысының сайланғаны туралы аудандық мәслихаттың шешiмi қабылданады.
VI БӨЛIМ
Аудандық мәслихат қызметiндегi заңдылықты қамтамасыз ету
және негiзгi талаптар мен шектеулер
123-тармақ. Аудандық мәслихат өз қызметiнде:
-
жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
-
ұлттық қаупсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
-
қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
-
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi;
-
аудандық мәслихатқа Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады;
-
аудандық мәслихат қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.
124-тармақ. Аудандық мәслихаттың жергілікті бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешiмдерiнiң жобалары аудан әкiмiнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
125-тармақ. Аудандық мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн аудандық мәслихаттың өзiнiң жоюы немесе сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.
VII БӨЛIМ
Қорытынды қағидалар
126-тармақ. Аудандық мәслихат Регламентiнiң талаптары сақталмай өткiзiлген аудандық мәслихаттың кез-келген отырысы заңсыз деп табылады. Ондай отырыстарда қабылданған актiлер жарамсыз деп саналады.
127-тармақ. Аудандық мәслихаттың осы Регламентi аудандық мәслихат сесиясында бекiтiлген уақыттан бастап күшiне енедi.
Достарыңызбен бөлісу: |