1-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру
және олардың қызметтерi
49-тармақ. Жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясында оның өз өкiлеттiгi мерзiмiне құрамында төрағасы және мүшелерi бар тұрақты комиссиялар құрылады. Олардың саны жетеуден аспауы тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
50-тармақ. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.
51-тармақ. Тұрақты комисиялар өздерiн сайлаған аудандық мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.
52-тармақ. Тұрақты комиссия өз құрамына кiретiн депутаттар арасынан комиссия төрағасын және комиссия хатшысын өз құрамының көпшiлiк дауысымен ашық дауыс беру арқылы сайлайды.
53-тармақ. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз қызметін жүргізу әдісін еркін таңдайды, мәселенің шешімдерін көпшіліктің жария талқылауы жағдайында, тұрғындармен және жұртшылықпен тығыз байланыста ұйымдастырады.
54-тармақ. Бірнеше тұрақты комиссиялардың қарауына жататын мәселелер комиссияның немесе аудандық мәслихаттың, не оның хатшысының тапсыруы бойынша бірлескен отырыста қаралуы мүмкін. Мұндай жағдайда жұмысты үйлестіруді, ұсыныстар мен ескертпелерді қорытуды мәселені енгізген жетекші комиссия жүзеге асырады.
55-тармақ. Тұрақты комиссия қарауына жататын мәселелер бойынша өзге тұрақты комиссиялардың пiкiрiн сұрай алады.
2-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының
қызметi мен өкiлеттiгi
56-тармақ. Тұрақты комиссиялар өз қызметiн комиссия отырысында белгiлеген жоспар негiзiнде жүзеге асырады.
57-тармақ. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кем дегенде төрт рет шақырылады. Отырыстар аудандық мәслихат сессиялары аралығында өткiзiледi және құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, отырыс заңды болып есептеледi. Тұрақты комиссияның мүшесi отырысқа келе алмайтын жағдайда ол туралы комиссияның төрағасына және аудандық мәслихат хатшысына хабарлайды.
58-тармақ. Комиссия өз құзыретiндегi мәселелер бойынша отырысқа қатысқан комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қаулылар қабылдайды.
Бірнеше тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаулылар әр комиссия құрамына кіретін, отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Тұрақты комиссиялардың отырысын осы комиссиялардың төрағалары өзара келісуі бойынша жүргізеді.
59-тармақ. Тұрақты комиссиялардың отырысына комиссия мүшесі болып табылмайтын аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері кеңесші дауыспен қатыса алады.
Тұрақты комиссиялардың отырысына жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
60-тармақ. Тұрақты комиссиялардың мәжілістері ашық түрде өткізіледі. Қажет болған жағдайда, тұрақты комиссия жабық отырыс өткізуге құқылы.
61-тармақ. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы:
-
комиссияның отырысын шақырады және мәжіліске қажетті материалдарды ұйымдастырады;
-
отырысты жүргізеді, депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, комиссия жұмысы жоспарының жобасын дайындайды, оны комиссияның бекітуіне ұсынады;
-
комиссия мүшелеріне тапсырмалар береді, оларға комиссия қызметіне қатысты материалдар мен құжаттарды жолдайды;
-
комиссиялар мен топтардағы әзірлік жұмыстарына қатыстыру, өзге де тапсырмаларды орындату үшін комиссия мүшелерін шақырады;
-
қажет жағдайларда аудандық мәслихат хатшысына комиссияда қаралған мәселелер, сол сияқты комиссия қаулыларының орындалу жайы туралы хабарлайды;
-
комиссия қаулыларының орындалуына бақылау ұйымдастырады және комиссия мүшелеріне олардың барысы туралы хабарлайды;
-
комиссия жұмысы туралы аудандық мәслихат сессиясында есеп береді;
-
комиссия отырысы кезінде дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
62-тармақ. Тұрақты комиссияның хатшысы:
-
комиссия жұмысын ұйымдастыруға қатысады;
-
жұмыс жоспарының орындалуын бақылайды, тұрақты комиссия орындаған іс-шаралардың есебін жүргізеді, комиссия мүшелерінің тапсырмаларды орындауын қадағалайды;
-
тұрақты комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді;
-
комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.
63-тармақ. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.
3-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты
комиссияларының міндеті
64-тармақ. Тұрақты комиссиялар:
-
аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ аудандық мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша аудандық мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;
-
өздерiнiң құзырына жататын әрі аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
-
өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
-
өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгiзуге;
-
комиссияның жұмысын аудандық мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
65-тармақ. Әкімдік, орталық мемлекеттік органдардың жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлiмшелерiнiң, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
4-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты
комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар
66-тармақ. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе аудандық мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiк тыңдаулар өткiзе алады. Тұрақты комиссиялар бiрлескен тыңдаулар ұйымдастыра алады.
67-тармақ. Көпшiлiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.
Көпшiлiк тыңдауларды әзiрлеу үшiн уақытша комиссиялар құрылуы мүмкiн.
Көпшiлiк тыңдаулардың тақырыбы, өтетiн уақыты мен орны туралы ақпарат көпшiлiк тыңдау өтетiн уақыттан кемiнде 7 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына берiледi.
Көпшiлiк тыңдауларға шақырылатындардың құрамы мен дербес тiзiмiн аудандық мәслихаттың тыңдауды өткiзетiн тұрақты комиссиясы анықтайды.
68-тармақ. Көпшiлiк тыңдаулар бұқаралық ақпарат құралдары үшiн ашық. Қажет жағдайда, тұрақты комиссиялардың шешiмi бойынша жабық көпшiлiк тыңдаулар өткiзiлуi мүмкiн. Көпшiлiк тыңдауларды аудандық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссия төрағасы жүргiзедi.
Тыңдаулар төрағалық етушiнiң талқыланып отырған мәселенiң мазмұны, мәнi, отырыстың өткiзу тәртiбi, шақырылғандардың құрамы туралы қысқа кiрiспе сөзiмен ашылады.
Көпшілік тыңдауларда баяндама үшін сөз 30 минутке дейін беріледі, содан кейін аудандық мәслихат депутаттарына және қатысқан азаматтарға сөз беріледі. Көпшілік тыңдаулардың төрағасының рұқсатымен шақырылған азаматтарға сөз сөйлеуге 10 минутке дейін уақыт беріледі.
69-тармақ. Баяндамадан және сөз сөйлегеннен кейін көпшілік тыңдауларға шақырылған азаматтарға аудандық мәслихат депутаты және басқа қатысқандар сауалдар қояды, олар ауызша немесе жазбаша түрде жауаптар береді.
Шақырылған азаматтарға көпшілік тыңдаулардың жүргізу тәртібіне араласуға, оны жағымсыз не болмаса жағымды сөздермен бөлуге құқығы жоқ. Төрағалық етуші жұмыс жүргізуге кедергі жасаған азаматтарды мәжіліс залдан шығарып жіберуге құқылы.
70-тармақ. Көпшілік тыңдаулардың қорытындысы бойынша түскен ұсыныстар қатысқан аудандық мәслихат депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданады.
71-тармақ. Көпшілік тыңдаулардың отырысында хаттама жүргізіледі. Көпшілік тыңдауларда түскен ұсыныстар ақпарат басылымдарында жариялануы мүмкін. Жабық көпшілік тыңдаулырдың құжаттары, тек қана тиісті аудандық мәслихат депутаттары мен аудан әкімдігіне және көпшілік тыңдауларға қатысқан органдарға жіберледі.
5 тарау. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары
72-тармақ. Аудандық мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарау мақсатында аудандық мәслихат немесе аудандық мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгілейді.
73-тармақ. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |