Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет54/103
Дата16.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#486808
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103
audarmanyng ozektigi Kulmanov

телқұжат, телнұсқа терминдері қолданылып жүр. Оригиналды 


159
түпнұсқа деп қалыптастырсақ дубликатты телнұсқа деп 
қалыптастыруға әбден болар еді. 
«Протокол» терминінің аудармасы ретінде осы уақытқа 
дейін мәжілісхат, хаттама сөздері қатар қолданылып келді. 
Мәжілісхат терминінің мәжілістің мәжілісхаты сияқты 
қолданыстардағы үйлесімсіздігіне байланысты соңғы уақытта 
хаттама сөзі термин ретінде көп қолданылып, қалыптаса 
бастады. Бірақ хаттама термині мекеменің, ұйымның жиналысы 
мен мәжілістерінде қаралған, қорытындыланған мәселелерді 
көрсететін, тіркейтін құжат атауына сәтті табылған балама 
болғанымен, «дипломатиялық акт тәртібін реттейтін ережелер мен 
дәстүрлер жиынтығы» ұғымында қолданылатын дипломатический 
протокол, Протокольная служба президента сияқты тіркестерде 
қолданысқа жарай алмай тұр. 
Хаттаманың қолға берілетін белгілі бөлігін (выписка из 
протокола) осыған дейін хаттамадан көшірме деп атап келдік. 
Енді осындағы көшірме сөзі копия сөзінің аудармасы және оның 
мағынасын дәл беретіндіктен және копия мен выписканы бір-бірімен 
шатастырмас үшін хаттамадан көшірме емес, хаттаммадан 
үзінді деген қолданыс дұрыс. Біріншіден, екі терминді бір сөзбен 
атағанша, әрқайсысының өз атауы болғаны дұрыс, екіншіден, копия 
мен выписка бір нәрсе емес, үшіншіден, үзінді сөзі хаттамадан 
үзінді (выписка из протокола) деп аталатын құжаттың мағынасын 
көшірмеге қарағанда дәл ашады. Хаттамадан көшірме деп 
аталатын құжат хаттаманың бүкіл мазмұнының көшірмесі емес, 
тек қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін 
нұсқасы. Кез келген құжаттың үзіндісі құжаттың толық мәтіні 
қажет болмаған жағдайда, құжатта жазылған бірнеше мәселенің 
ішінен біреуі ғана қажет болғанда немесе құжаттың толық 
мазмұнын құпия ұстау қажет болған жағдайда дайындалады. 
Құжат үзіндісінде жазылған мәліметтің растығын, дұрыстығын 
дәлелдеу үшін орыс тілінде «выписка верна» деп жазылып, 
жауапты қызметкердің қолы қойылып, мекеме мөрі басылады. 
Құжат үзіндісінің дұрыстығын, растығын дәлелдейтін жазба 
үзіндісі рас, үзіндісі заңды, үзіндісі дұрыс т.б. бірнеше нұсқада 
қолданылып жүр. Бұлардың ішінен үзіндісі дұрыс деген нұсқа 
ісқағаздар тілінде қолдануға икемді, растайтын жазба ұғымын 


160
бере алады. Құжаттың үзіндісі емес, көшірмесі берілген жағдайда 
көшірмесі дұрыс деп жазылады.
Статус сөзінің орнына мәртебе сөзін терминдік балама 
ретінде қолдана бастадық. Мәртебе тілімізде жағымды реңк беретін 
сөз екені белгілі. Мәртебесі арту, мәртебесі көтерілу, мәртебесі 
өсу сияқты тіркестер тілімізде жиі қолданылады. Мәртебе сөзі 
ұлттық университет мәртебесі, мемлекеттік тіл мәртебесі
депутат мәртебесі, азаматтық мәртебе сияқты тіркестерде сәтті 
қолданыс болғанымен, статус беженца, статус безработного, 
статус оралмана тіркестерін аударған кезде қарама-қайшылыққа 
ұрындырады.
Ісқағаздары мазмұны мен қызметіне қарай жеке адамға 
қатысты және қызметтік деп бөлінетіні белгілі. Бүгінгі таңда 
жеке адамға қатысты құжаттардың ішінен заман талабына қарай 
ең жиі қолданылатындарының бірі – резюме. Резюме сөзі түйін, 
түйіндеме, тұжырым, тұжырымдама деп аударылып жүр. 
Қазақ ісқағаздары терминдерінде бірізділіктің болмауы оны құжат 
мәтінінде жазу-жазбау тығырығына тірейді де, осыдан келіп құжат 
толтырушылардың көпшілігі орыс тілі арқылы енген нұсқасын 
пайдалануға мәжбүр болады. Резюме – француз тілінен алынған 
термин. Айтылған немесе жазылған мәселенің қысқаша түйіні 
деген мағына береді. Белгілі бір шығарманың, айтылатын ойдың, 
ғылыми жұмыстың т.б. резюмесі болады. Адамның жеке басына 
қатысты ісқағазының бір түрі ретінде жазылатын резюмеде белгілі 
бір адамның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, 
біліктілігі, икемділігі т.б. жайлы нақты, қысқа мәлімет беріледі. 
Қазақша айтқанда резюме деген тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні 
болғандықтан түйіндеме оның сәтті баламасы. Қазір резюменің 
бірнеше аудармасы да, орыс тілі арқылы енген нұсқасы да қатар 
қолданылып жүргенімен түйіндеме термині сәтті балама ретінде 
ісқағаздар тілінде орнығары сөзсіз.
Терминге лексикология тұрғысынан да, концептология 
тұрғысынан да қарай отырып, оның термин-сөз, термин-ұғым 
деп аталатын екі қырына бірдей мән берілуі қажет. Термин-
сөздің термин-ұғымды дәл беруі дегеніміз оның өзге ұғымдардан 
айрықша, өзіне тән басты белгілерін көрсете білуі, ұғым мен 
атаудың бір-бірімен ұштасып жатуы. Қазір қолданылып жүрген 


161
ісқағаздары терминдерінің ішінде атауы мәтінде берілетін мән-
мағынамен, мазмұнмен сәйкеспей жататындары да кездеседі. 
Мұндайда ресми құжаттың мазмұнына үңіліп барып, оған сәйкес 
атауды таңдап алу қажеттігі туындайды. Мәселен, жиі жазылатын 
ісқағазының бір түрі – арыз. Арыз – ұйым басшысының, лауазымы 
жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, 
мәліметті, өтінішті жеткізу мақсатында немесе жеке адамның 
қандай да бір ұйымға немесе заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен 
мүдделерін іске асыру, қорғау үшін жазылатын ісқағаздарының бір 
түрі. Арыз көбінесе жеке адамның атынан жазылады. Іс жүзінде 
қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе үлкен ұжымның 
мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де кездеседі. Арыз 
белгілі бір себеппен ғана жазылады, әдетте онда бір ғана мәселе 
көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам 
атына жазылады. Қазір арыз, шағым, өтініш атауларының аражігі 
ашылмай қолданылып жүр. Себебі арыз сөзі осы уақытқа дейін жиі 
қолданылып, жұмысқа қабылдауды сұрасақ та, жұмыстан босатуды 
сұрасақ та, материалдық көмек, пәтер, жатақхана сұрасақ та, 
жалақыны көтеру туралы, басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш 
жасасақ та, наразылық білдіріп, біреудің үстінен шағымдансақ та 
арыз деп ат қойып, айдар тағып келдік. Бірақ арызда өтініш, тілек, 
талап ету реңкінен гөрі көңілге қонымсыздық, теріс әрекеттерге 
қарсы реніш білдіру, шағымдану реңкі басым. Сондықтан 
азаматтардың заң арқылы қорғалатын құқықтары ескерілмей, 
оны қалпына келтіру туралы талап қойылған жағдайда, құжатты 
жазушының құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мекеменің 
немесе лауазымды адамның атына сын айтылғанда, әлеуметтік 
әділетсіздік, жалпы келеңсіз жағдай жайлы жазылатын ісқағазының 
түрін арыз деп атап, ал жеке тұлғаның немесе ұйымның заңмен 
бекітілген түрлі қажеттіліктерін өтеу үшін, өздеріне берілген 
түрлі құқықтарды пайдалану үшін өтініш жасап жазған ісқағазын 
өтініш деп атаған дұрыс. Себебі термин саналы түрде жасалатын 
болғандықтан оның жасалуына негіз болған тілде бұрыннан бар 
сөздің мағынасын тарылтуға да, оған қосымша мағына үстеуге 
де, ол сөздің негізінде жаңа термин жасауға да, мағынаны, 
термин-ұғымды дәл бермеген жағдайда қолданыстан шығарып, 
басқа сәтті баламасын қолдануға да болады. Ісқағаздарында жиі 


162
қолданылатын рапорт термині бар. Рапорттың табиғатында хат, 
арыз, өтініш, баяндау, есеп беру сияқты бірнеше ұғым бар. Қазір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет