165
тиістіміз. Кезінде мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі маман
ретінде алынған барлық мекемелердегі қазақ тілі мамандары
қазірде аудармашыларға айналған. Тіпті, кейбір мекемелерде қазақ
тілді мамандарға бұл мәселемен –
мемлекеттік тілдің қолданыс
аясын кеңейту, мемлекеттік тілді мекемелер мен кәсіпорындарда,
ұлттық компанияларда, министрліктер мен ведомстволарда
енгізу мәселесімен қосымша айналысуды тапсырып үлгерген
қызметкерлердің негізгі жұмыстарына мемлекеттік тіл
мәселесінің қосымша тапсырылуы,
бір жағынан, қазақ тіліне
деген көзқарастың, қатынастың қоғамда қандай деңгейде екендігін
білдірсе, екінші жағынан, осылайша қазақ тілін мемлекеттік тіл
ретінде енгізумен қосымша айналысу, мақсатты түрде айналыспау
қандай нәтиже беретіндігін, жауапкершілікті қажет етпейтіндігін
көрсететіндігі өздігінен түсінікті. Қысқасы, бұл – қазіргі Қазақстан
мемлекетіндегі аудармашы мамандардың,
мемлекеттік тілге
жауапты мамандардың жағдайы. Барлығы болмаса да, басымының
осы жағдайды бастан кешіп отырғандығы анық.
Сондықтан ендігі жерде, қазақ тіліне аударылып жатқан
мәтіндердің, жекелеген сөздердің, сөйлемдердің, тілдік оралымдар
мен құрылымдардың сапалы, тілге жатық аударылуына мән
беруден басқа амал қалмайды.
Алайда аудармаға баруға мәжбүр
болып отырғандығымызды
мойындаумен қатар, аударманың дұрыс жақтарын да айта
кету керек. Аударма нәтижесінде қазақ тілінің құжаттық стилі
күрделі оралымдармен, заңдық ұғымдарды,
ойларды берудегі
мүмкіндіктермен толығып отырған екінші қырын да аңғаруға
тиістіміз. Әрине, қазақ тілінің сөйлем құрылымдарын шұбалаңқы
өзге ойлау жүйесіне де салып жатқан тұстар, осы бағыттағы
қазақ тілінің табиғатын бұзудағы кемшіліктер аз емес. Біздіңше,
бұл да аудармашылардың шеберлігіне
немесе тәжірибесіздігіне,
қабілетсіздігіне орай болып жатқан жайттар. Олай дейтін себебіміз
жоқ емес. Қазіргі аудармада орыс тілінде жазылып тұрған сөйлемнің
ішіндегі бірде-бір сөзді жібермей аударуға тырысу процесі бар.
Осы процес сөзбе-сөз аударуға, құрылымды өзгертпей аударуға
деген ұмтылыстан туындайды. Ал табиғаты екі бөлек тілдер
арасындағы аударма үнемі теңбе-тең, бірге-бір келе бермейді. Оған
алшақтауға, осы кемшілікті түзетуге жетелейтін тәсіл – мазмұнды
166
ұғынып, соны беруге ұмтылатын аударма болып саналады деп
ойлаймыз. Мазмұн қазақ тілінде қалай
берілу керектігін ескере
отырып жеткізілсе, қазақ тілінің сөйлем сақталып, мазмұнға
нұқсан келмеген болар еді. Бұл процестің кең етек алуына әсер
етіп отырған қозғаушы күштер де жоқ емес. Соның бірі – орысша
ойлайтын, орыс тілді басшылардың немесе орыс тіліндегі нұсқа
мен қазақ тіліндегі нұсқаның сөзбе-сөз
сәйкес келуін талап
ететін, маманға сенім білдірмейтін басшылардың әрекеті. Мұндай
әрекеттер маманды қате аудармаға итермелеп, мазмұнды беруден
гөрі, қалыпты (форманы) сақтауына, нәтижесінде сапасы төмен
аударма жасауына ықпал етеді. Осы сияқты дәйектер қазіргі кезде
жарнама материалдары мен құжаттарда, кейбір ғылыми әдебиеттер
мен нұсқаулықтарда жиі кездесіп отыр.
Қазіргі іс жүргізудегі аударма материалдарды былай
топтастыруға болады: а) салалық құжаттар тіліндегі оралымдардың
аудармасы; ә) салалық кәсіби сөздердің аудармасы; б) жекелеген
жаңа сөздердің аудармасы (қазіргі тіл білімінде терминдердің бір
түрі ретінде пайда болып, жасалып, өзге тілдерден алынып жатқан
ұғымдарды неонимдер деп атайды – Е.Ә.); в) салалық терминдердің
аудармасы және т.б. деп топтастырып көрсетуге болады. Осының
барлығын терминдер, термин сөздер, терминдік бірліктер ретінде
қабылдайтындығымыздан, барлығын да терминдердің мәселелері
ретінде қарап жүргеніміз тағы бар.
Дегенмен, аударма мәселелеріне байланысты тиімді болу үшін
бірқатар жиі құрылымдардың аудармасына байланысты ойларды
да қозғап өткен орынды. Құжаттар тілінде жиі кездесетін және
әртүрлі қолданыс тауып жүрген сөздердің бірі – «бекітілді» сөзі
және онымен байланысып тұратын сөйлем құрылымдары. Орыс
тіліндегідей қалыпта көбінесе бұл сөзді
БЕКІТІЛДІ, БЕКІТЕМІН
немесе
БЕКІТІЛГЕН деген нұсқада береміз де, астына сөйлемі
байланыспай тұрса да «
Ғылыми Кеңес шешімімен», «
Басқарма
Достарыңызбен бөлісу: