176
5-принцип: (бұрынғы принциптің жаңаша баяндалуы): Тіліміз
үшін қажет, бірақ дәл баламасы жоқ, аударуға келе бермейтін
интернационалдық терминдер мен
атауларды қазақ тілінің өз
ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау.
6-принцип: Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген
термин-атауларды мүмкін болғанынша қазақша аударып қолдану;
аударуға келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес,
қазақ
тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау.
7-принцип: (қысқартылған терминдер мен атаулар жайында):
Салалық күрделі терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз негізінде
алғашқы әріптері мен буындары бойынша (сөз араластырып
та) кеңестік-интернационалдық термин-атаулардың үлгісімен
қысқартып қолдануды заңдастыру.
8-принцип: Күн санап толассыз туындап жатқан терминдік
ұғымдарға тілімізден дәл балама іздеуде де, термин-атауларды
жаңадан жасауда да жалпы терминдерге тән талаптарды сақтай
отыра, дәстүр мен шарттылық заңдылығын мойындау.
9-принцип: Тілімізге қабылданатын терминдер мен атаулардың
мағыналық, тұлғалық жағынан
жақындарын өзара топтастырып,
салыстыра отырып, лексикалық байлығымызды салалық жүйе
бойынша жіктеп, саралап пайдалану.
10-принцип: Тіліміздегі ұлттық және интернационалдық
термин-атаулардың сандық және сапалық арасалмағын табиғи
қалыпта сақтаудың жолдарын іздестіру.
11-принцип: Терминдер мен
атаулардың емлесін тіл заңына,
жазу дәстүріне сәйкес реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: