- доминантты – басқа адамның әсерін төмендету;
- драмалық – эмоционалды баяуды әсерлеу;
- дауласу – дәукес не бір нәрсені дәлелдеу;
- тынышталатын – қоғамдағы және қоршаған адамдарда үрейді қорқынышты төмендету;
- әсерлеу – сөйлесушіге әсер етугетырысу;
- дәлме-дәл – дәлдікке және ұқыптылыққа ұмтылу;
- аңғарымпаздық – сөйлеушіні тыңдай білу;
- шаббытану – вербалды емес құралды жиі қолдану;
- достық – сөйлесушіні мадақтап әрі қарай қарым қатынасқа тарту;
- ашықтық – өз ойын, эмоциясын,өз сөзімен көрсетуге ұмтылу
Гуди Кунст, голандиялық ғалым: АҚШ-та көңіл болу, айтысу, әсер Жапонда тынықтандыру, драмалық, ашықтық қарым-қатынас басым.
Комуникациялық жеке тұлғалық факторлары
Жеке тұлғаны сипаттау мен оның коммуникация процесіне әсер етуі формалды жеке бастық белгілер емес, ал жыныс, жас, отбасылық жағдайы болып табылады. Әйелдің, ерлердің, балалардың социумында өз ережелері бар. Бұлардан басқа коммуникацияға және психологиялық мінез-құлық жағыда әсер етеді.
Қарым-қатынасқа бейімделулігі адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға тәуелділігі.
Қарым-қатынасқа бейімделуі темперамент типімен анықталады.
Байланыса білу – еш қиындықсыз байланысқа түсу және сендік негізінде өзара келісіммен қарым-қатынас жасау қабілеті
Коммуникативті сәйкестенушілік – бірін-бірі қанағаттандыру, жайлы жағдай туғызуға дайындық және жасау.
Бейімделушілік – өзгеретін жағдайларға ыңғайлы әсер ету, әдетке айналған ұғымдарды қайта қарауға дайын болу. Жақсы бейімделік контактқа түсудің жоғарғы сатысы.
Өзің-өзі бақылау – әлеуметтік адекваттылыққа жету мақсатында өзің-өзі бақылау, өзің-өзі қортынды жасау.
Жеке тұлғалық өзінің саналылығы – өзінің ішкі не сыртқы іс-әрекетін және әрекеттерін бағыттаудың тұрақты қасиеті жекетұлғалықтың үш аспектісі бар өзінің ойына және өзіне сендіру жекетұлғалық.
Жұртқа әйгілеу – өзі туралы басқа адамдардың субъектісін қабылдау әлеуметтік қорқыныш үрейлену басқа адамдар болғанда жайсыз сезіну әр категорияда бұл үш аспектке әр түрлі басымдылық болады.
Коммуникативті түсінік – әр және тұлғаға тән белгілі қарым-қатынасқа бағыттайды. Коммуникативтік түсінік жоғары болуы адам жалғыздыққа бейім, әлеуметтік оқшауда болады. Басқа сөзбен айтқанда, тұйық, консервативті адамдар оңашалануға бейім адам нақты және берілген, әлеуметтік табысты адамдарға қарағанда.
Коммуникацияның жағдайлық факторлары
Адамдар қарым-қатынасы айналаның арнайы жағдайы не нақты әлеуметтік ортада болатын одан басқа бізге қарым-қатынасқа әр түрлі адамдар саны қатысқан әсер етеді.
Әлеуметтік топ екі не одан көп жеке адамдардың қызығушылықтары жалпы, нормалар мен бағалығы, өздерін сол топтың мүшесі сезінетін адамдар, бір адам әр түрлі топтарда болуы мүмкін от басы, студенттер, әр жыныстылар.
Коммуникация рөліне сәйкес әр адамнан белгілі типті не мінез-құлық моделі күтіледі. Әр түрлі коммуникацияда бұл типтер не модельдер әр түрлі болуы мүмкін.
Кез келген мәдениетте жыныстық түр роль атқарады. Жеке мәдениеттерде горизонталь байланыстар маңызды, ал ұжымда вертикалды байланыс.
Американдық психолог Берн әлеуметтік мінез-құлық формалары былайша жіктейді:
тұйықтық – адамдар арасында коммуникация болмайды шектелуі ситуация;
салт жоралары – ойлану салмағы жоқ әдеті, қайталанатын іс–әрекет . Салттар адамдар бір - біріне жақындаспай, уақыт өткізуге мүмкіндік туады қабылдау, марапаттау, қарсы алу;
уақыт өткізу – проблемалар мен жағдайлар туралы жартылайритуалды сөйлеу. Уақыт өткізу әлеуметтік бағдарламалынған, үйткені белгілі стильде және рұқсат етілген тақырыпта сөйлеуге рұқсат етілген бірін - бірі танымайтын адамдар қатысқан кештер. Достық қарым - қатынас және байланыстар мен танысуларды қолдауға мүмкіндік туады;
біріккен іс-әрекет мақсатқа жету эффектісі үшін жұмыста адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас;
ойындар – өте күрделі іс-әрекеттер типі, онда әр жақ басымдылыққа қол жеткізіп, марапат алғысы келеді;
жақындасу – ойыннан бос іс-әрекет, адамдар арасында жылы қызығушылықпен байланысқан әрекет. Бұл адамдар қарым-қатынастың қалыптасқан формасы.
4.9 Мәдени орта
Дәріс тезисі. Мәдениет ерекшеліктері, оқу кезінде пайда болатын тәжірибе – аудармашы ойлағанынан әлдеқайда күрделі құбылыстар. Белгілі бір мәтінді аударғысы келетін аудармашы неғұрлым тек пен мәдениет арасындағы қарама–қайшылықтарға терең үңіліп түсінетін болса, соғұрлым кәсіби жағынан олжалы табысқа жетеді.
Жоспар:
1) мәдени ортаны зерделеу;
2) қоршаған ортаға қарай өзіңді кескіндеу.
Мәдени ортаны зерделеу
Аудармашылар атам заманнан бері әр түрлі мәдениет арасындағы ерекшеліктерге көңіл бөліп, олардың аудармаға тигізетін маңызын білген. Ежелгі Рим теоретиктерінің өзі мәдениаралық ерекшеліктер мен мәдениетті білумен байланысты мәселелерді мойындаған, ал аудармашылар болса, бұл қиыншылықтарға теоретиктер қалыптастыруынан бұрын тап болған. Қайта өркендеу дәуірінде мағынасына қарай аударылған аударма идеясын қолдағандар ортағасырлық сөзбе-сөз аудармашыларды мәдениет ерекшеліктері туралы білмейді деп кінәләған. Бірақ бұл шындыққа сай келмейді, өйткені ортағасырлық аудармалар өзінде мәдени және тілдік ерекшеліктерді жинаған.
Зерделеу ортасы болып табылған мәдени орталар мен мәдениаралық ерекшеліктерден басқа, реалии, яғни басқа мәдениеттің ауызша немесе ауызша емес тәсілдерімен анықтауға болмайтын, бір және тек қана жалғыз мәдени ортамен тығыз байланысқан сөздер мен қалыптасқан сөздер. Көптеген аудармалар жарамсыз болып қалды, себебі қандай жағдайда аударманың бейнелеп түсіндіретін аударма болу керек екендігін (жапон сөзі wabi «бүтіннен әдемілік беретін бір бөлікті алып тастау» дегенді білдіреді), қандай жағдайда аударма тілінде жақын аналогын іздеу керек екендігін (мысалы неміс сөзі gemütlich «ыңғайлы», «жайлы» дегенді, ал итальян сөзі attaccabottoni «тынышсыз адам»), қай жағдайда жаңа сөз жасау арқылы сөзбе–сөз аударма қажет екендігін (неміс сөзі Gedankenexperiment «ойдағы тэжірибе», Weltanschauung «дүниеге көзқарас»), ал қай жағдайда шетел сөзін сақтап қалу немесе транслитерация арқылы беру керек екендігін (санскриттан алынған «майя», «мантра», француздің ệpater les bourgeois, savoir faire т. с. с.) анықтау керек. Аударуға болмайтын және тастай қылып мәдени ортамен байланысқан реалийлер бүгінгі күннің өзінде де аудармашылар мен аудармаға үйретушілер назарын аудартуда.
Дегенмен, қазіргі кезде мәдени ортаны аударма теориясына салып зерттеудің жаңа бағыттары бар: мысалы, қоғамның мәдени ортаны қалыптастыруда қатысуына аса көңіл бөлінеді. Нақтырақ келетін болсақ, яғни идеологиялық түсініктердің бір не басқа бір мәдениетті зерттегенде, сол мәдениет мәтіндерінің басқа тілге аударылатын аудармасында қалай байқалатынына аса назар аударылады. 1970 жылдар аралығында Израиль мемлекетінде және Бенилюкс мемлекеттерінің бір топ ғалымдарымен мәдени ортаның аудармаға тигізетін әсері туралы мәселе көтерілді. Ал 1980 жылдар аяғында бір топ ғалымдар отаршылдықтың жаңа замандағы аудармаға деген ықпалын зерттей бастады. Әсіресе, үшінші дүниежүзілік елдер мен дамыған елдер экономикасы мен идеологиясында ерекшеліктер байқалатынын есепке алып, аударма тәжірибесін де байқайды.
Басқа маңызды мәселені Энтони Пим былай қарастырады: «Мәдениет дегеніміз не?» Содан барып, Соссюрдің диахроникалық лингвистикасымен таныс адамдардың «тілдер арасында шекаранын болмайтынын» білетінін айтады.
«Бір мәдениеттің қайдан аяқталып, екінші мәдениеттің қай жерден басталатынын қалай анықтауға болады? Бұл шекараны анықтау барысында біреу математикалық теория арқылы, енді біреуі мәдениеттер қактығысуын шындыққа сыймайтын нәрсе деп түсіндірсе де, математика да, идеологиялық релятивизм де аударманың мәдениеттер арасындағы белсенді байланыстырушы буын ретіндегі рөлін теріске шығара алмайды.
Мәдениаралық меже деп шегінен өткенде аударманы талап ететін шекараларды айтуға болады. Егер мәтінді аударманың көмегінсіз орыннан ауыстыра алатын болсақ, нәтижесінде бұл мәтін барабар қабылданатын болса, онда мәдени орта бірдей. Ал егер мәтінді аударатын болсақ, онда біз екі мәдениетпен байланысып отырмыз».
Мәтіндер кеңістікте (қағаз тасушы көмегімен, пошта арқылы, факс арқылы, электрондық пошта арқылы) уақыт бойымен (келесі ұрпаққа мұра ретінде қалады) орын ауыстырады. Мәдениеттер арасындағы айырмашылық ең басты автор мен оқырман арасындағы қашықтықпен өлшенеді; бұл қашықтықты аударма актісі деп белгілеуге болады: қазіргі ағылшын тілін иеленушілер Диккенсті түпнұсқасында оқиды, ал Чосер тілін болса Шекспир тілмен беру арқылы қазіргі кездегі мәнерге салады. Жалпы басқа мәдениеттің басталар шегіне жақындай бере, «ауыстырылған» мәтіндер анағүрлым түсініксіз болып келеді, соның нәтижесінде бізде өзіміздің әрекеттерімізден бас тартып, аударманы талап ету қажеттілігі пайда болады. Дәл осы кезде, Пимнің ойынша, біз мәдениеттер шеқарасынан өткенімізді байкаймыз дейді.
Қоршаған ортаға қарай өзіңді кескіндеу. Бұл анықтама небір қиындықтар туғызады. Отарлықтан кейінгі аударма теоретиктері былай деген: мәтіннің бізге түсінікті тілде жазылғандығынан біз оны толық түсінеміз деп сеземіз, бірақ шындығына келсек, бұл мәтін біздің мәдениетімізден қатты ерекшеленетін мүлдем басқа мәдениетке жатады. өз ана тілі американ ағылшын тілі болса, ол ауыз екі ағылшын тілінен шатасады. Олай болса, шотландық немесе ирландық ағылшыннан ше ?
Әйел мен ер адам формальды түрде бірдей мәдениетке жатса да, барлық жағдайда түсінісе ала ма? Дебора Таннен ойынша, жоқ. Бұл ерекшелік үшін «гендерлект» терминін енгізді. Ал үлкендер мен кішілер бір мәдениетке (бір жанұяға) жата тұрып түсінісе ала ма? Иә да, жоқ та. Кейде біз өзіміздің түсіну деңгейін асырып жібереміз (негізгі түсінудің дереккөзі мәдениет ерекшеліктерін елемейміз), кейде, керісінше, жете бағаламаймыз - бір әлеуметтік топтың басқа әлеуметтік топ туралы қате түсінігінің арқасында адамдар арасындағы айырмашылықтарды асыра көрсетеміз.
Феминистік және отарлықтан кейінгі бағыттың аудармалары аркасында 80-ші жылдарда мәдениет пен мәдениаралық ерекшеліктер мәселесі бойынша, шектен тыс ішкі түйсік пен «абдукцияға» сену болмайтыны анықталды. Мәдениеттердің тоғысқан жерін бір бүтін және үйлесімді мәдениеттің өзінде кездестіруге болады. Доминантты мәдениеттердің басқа мәдениеттерді артқа шегіндіруі. Бұл тек қана артқа шегінгендер бойына күш жинап, сөз сөйлегенде ғана білінеді.
Нәтижесінде бір сөздің, сөйлемнің, мәтіннің мағынасына байланысты мәдениаралық интуцияның, абдуктивті болжамдардың болуына кәміл сенім туады. Қазіргі кездегі «дамыған елдің аудармашысы үшінші дүниежүзілік елде жазылған мәтінді аудару барысында ешқашан өзінің ішкі сезіміне сүйенбеуі абзал» деген әнұран аудармашылар конференциясында айтылып, сол сияқты мыналар мысал бола алады: ер адам әйел адамның жазған мәтінінің аудармасы кезінде өз интуициясына жүгінбеу керек.
Lantra L және басқа электрондық конференцияларда орын алып жатқан саясибиязылық туралы даулар көп аудармашылардың ызасын тудырды. Олар бұл тәсілді американ теоретиктерінің ойдан шығарып алғандары деп американдықтардың жаңалық ашудың шеберлігін мойындайды. Ал американ және канадтық мамандар интуитивті болжамдардың үшінші дүниежүзілік елдерден бастау алатынын білмесе, бұған сенуге дайын еді.
Бұдан біз өзіміздің лингвистикалық және мәдениеттік әдеттерімізбен қаншалықты тәуелділікте екенімізді және осы әдеттердің біздің қабылдауымыз бен болжамдарымызды қалай басқаратынын анықтаймыз. Интуитивті тәсілді қайта жасау өте көп еңбекті керек қылатын және егер сіз өзіңізде тұрақты күмәнданушылықты тәрбиелегіңіз келсе, тым жағымсыз әрекет. Сонда кәсіпкер адамға тілдік сезімі бар жағдайда өзіне «мен өзім бірдеңе түсіндім деп сезінгенде, негізінен менің қателесуім мүмкін» деу өте қиынға соғады.
Алайда бұл сенімсіздік жолын жаңа ғана салып келе жатқан кез-келген аудармашының әрдайым қиын мәтін кезедестіргендегі сенімсіздігінен ешқалай асырып ерекшеленбейді.
Мәтінді түсіну оңай емес, миға келген бірінші мағына тіпті сай келмейді, бірақ одан басқа ештеңе ойлап табуға болмайды. Бұл кездегі аудармашының әрекеті қиыншылық кездескен жерге үңіліп қарап отыру, біртіндеп авторға жұмысты қиындатқаны үшін, ал өзіңізге жеткіліксіз білім үшін, қиялдаудың жеткіліксіздігіне ызаланасыз. Бұл аудармашыларға өте таныс жағдай.
Бұл ызаның ең кемінде екі себебі бар. Біріншісі, егер кәсіби қоғам сіздің өз жұмысыңызды қиындатуыңызды талап етсе, сіз оны орындаудан қаша алмайсыз. Екіншісі, егер өзіңізге үқсамайтын адамдарды сыйласаңыз, онда әдейі оларға ауыр тиетін сөздерді қолдана бастайсыз, олар өз сөздерінің астарында сіз айтқыңыз келіп тұрған сөздер мағынасын білдіру керек екендігіне сенесіз және салдары ретінде егер адал болғыңыз келсе, өзіңізге өмірді қиындатуға тура келеді.
Әрине бұл арада мағыналы сұрақ туады – шынымен де кәсіби қоғам сіздің құқықтарға қысым жасау немесе қорлауды талап ете ме? Әлде, қоғам бөлігі ме? Тек Солтүстік Африкада ғана ма? Бұл сияқты сауалдарға нақты және қарапайым жауап жоқ. Сондықтан аудармашы бірде - бір бағытсыз, кәсіби этиканы сақтауға және адалдықка сүйеніп жұмыс істейді.
4.10 Егер әдет көмектеспесе
Жоспар:
1) аналитикалық талдаудың маңыздылығы;
2) мидағы сигнал беру - ретикулярлы қарқынды жүйесі;
3) нормаларды сақтау (дедукция).
Мәтінді тіл, мәдениет, философия, тіпті саясаттану тұрғысынан талдау аудармашы үшін өте маңызды. Кез-келген аудармашылық курстар сабақтарында мәтінді талдау шеберлігіне үйретеді. Аналитикалық талдау келесі принциптерге негізделеді:
Түп мәтінді толық түсінемін деп ешқашан есептемеңіз.
Түп мәтінді нақты түсінгеніңіз соншалықты, оны барабар аударамын деп болжамаңыз.
Әрқашан да мәтіннің түрін, жанрын, қызметтік стилін, риторикалық қызметін және т.б. талдаңыз.
Мәтіннің негізгі мазмұнын, жасырын және тұспалдаған ақпаратты түсінгеніңізде сенімді болу үшін әрқашан мәтіннің синтаксистік және семантикалық құрылысын талдаңыз.
Мәтінге барлық керекті түзетулерді енгізу үшін түп мәтіннің және аударма тілінің барлық синтаксистік, семантикалық және прагматикалық байланыстарын талдаңыз.
Әрқашан тапсырыстың деректерін (кім, не, кім үшін, қалай аудуру), тыңдаушылырдың қажеттіліктері мен табиғатын еске алыңыз.
Егер сіз жеткіліксіз ақпаратқа ие болсаңыз, тапсырыс берушімен хабарласыңыз. Тапсырыс берушінің өзі білмесе, кәсіптік тәжірибені пайдаланып, аудиторияны өз алдыңызға елестетіңіз.
Өзінің алғашқы мәтінімен жұмыс істеп отырған бастаушы аудармашы оның алдында қанша «қақпандар» күтіп тұрғанын білмей, нәтижесінде көптеген орынсыз қателерді жібереді. Әрине, жетік меңгерген тілден аударғанда, берілген мәтіннің мазмұнын толық білемін деп болжауға болады, сонымен бірге, түп мәтін мен аударма тілдерінің құрылымы жағынан ешқандай айырмашылықтары бар деп болжап, мәтінді сөзбе-сөз аударып, ақырында қанағат етерлік аударма шығады деп ойлауға болады.
Берілген жорамалдар қаншалықты дұрыс болғанымен, соншалықты қате. Сондықтан аудармашылар олармен жоламауға үйренеді – бұл қандай да бір аналитикалық жұмысты талап етеді. Мұндай сақтық өз - өзінен келмегендіктен, оған үйрену керек – тәжірибе алу арқылы немесе оқытушы көмегімен.
Көбінесе кәсіби аудармашылар аналитикалық тәсілдерін саналы қолданады, себебі бұл тәсілдер олардың екінші болмысына айналды. Аналитикалық тәсілдерге үйретіп, оларды түйсіксіз, жылдам, дағдылы дәрежеге жеткізу- кәсіптік оқытудың негізгі мәселесі.
Бірақ саналы талдаудың маңызын да кемітпеу қажет. Түпнұсқа мәтіні ешқандай қиыншылықтар тудырмаса, аудармашы жеткілікті білім мен дағдыларға ие болса, мәтінге жылдам түйсіксіз талдау жасауға болады. Ал егер де берілген мәтін түсініксіз және қиыншылықтар тудырса немесе аудармашының тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз болған жағдайда, мәтінді түйсіксіз талдауға болмайды, бұл жағдайда аудармашы саналы жұмыс күшіне келтіруі керек.
Кәсіби аударма әрқашан да түйсіксіз және әдет деңгейінде өтеді, егер де, аудармашы бұрыңғы қиыншылықтармен кездессе, ол оларды түйсіксіз шешеді, ал аудару үрдісі жаңа қиын мәселелерді тудырса, аудармашы оларға саналы талдау жүргізеді. Бұл талдауға ережелер мен теорияларды еске алу (дедукция), синонимдер мен синтаксистік-прагматикалық құрылымдарды сұрыптау (индукция) және ақырында, дұрыс болып көрінетін бір шешімге келу (абдукция) кіреді. Әрине осының бәрі көп жағдайда шындыққа дәл келмейтін дәріптеген үлгі.
Аудармашының неғүрлым аз тәжірибесі болса, соғұрлым өз аудармаларын саналы деңгейде көп жүргізеді және соғүрлым баяу аударады.
Тіпті тәжірибесі мол аудармашылар да орынсыз қателіктерді жібереді
Кей-кезде тәжірибелі аудармашылар аналитикалық құрылымдарды саналы түрде талдап, бірде-бір қиыншылыққа кездеспей аудару үрдісін баяулатады, себебі олардың жылдам аударғылары келмейді немесе мәтіннің жазылғаны соншалықты керемет одан ляззат алғылары келіп тұрады.
Қорыта келгенде, дәріптеген үлгі кез-келген үрдісітң түсінігін реттеуге және нәтижесінде пайдалы орындауға көмектеседі. Алайда, берілген үлгі шындықты жеңілдетеді, сондықтан оның ойлауды баяулататынын еске алу қажет.
Мидағы сигнал беру - ретикулярлы қарқынды жүйесі
Біздің жүйке жүйеміздің жасалғаны сондай – жиі қайталанатын әрекеттер дағдыға айналады. Мысалы, өзіңіздің машина жүргізуді үйренуге қанша уақыт керек болғанын және қазіргі кездегі машинаны лезден жүргізетініңізді, әсіресе, жақсы таныс көшемен, жұмысқа не жұмыстан келе жатқаныңызды салыстырыңызшы.
Марш командасынсыз-ақ, жүйке жүйесі барлық жол тораптарын танып, әдеттегі жерде бұрылып, т.с.с. іс-әрекеттерді орындайды. Бүкіл жиын талдауы түйсіксіз деңгейде іске асады – тежеуіш фаралардың жарығы мен бұрылымдықтардың жыпылықтауы нені білдіретінін, акселераторды қандай күшпен басу керек екендігі.
Бірақ күндердің бір күні сіздің маршрутіңіздің жолын ремонтқа жауып тастаған. Нәтижесінде басқа бір маршрутпен келе жатқанда, бір бала порковаттелген машиналар артынан шыға келді. Яғни дағдысыз нәрсе орын алды. Осы кезде сіз дереу қиялдан оянып, мұқият сақ болуыңыз керек, әдеттегіден де ықыластырақ болып, сізді не қоршап тұр барлығын да есте сақтап қалу керек.
Мидың бұл қызметі ретикулярлы қарқындату деп аталады. Мидың дәл осы функциясы туралы «Мида сигнал берілді» дегенде айтылады. Ол дегеніміз – ұйықтамау және жоғары норадреналин деңгейіне кенет көшу. Тек қана қайсыбір жедел өзгеріс арқасында әрекеттер автоматты түрде орындалады. Бұл сырттағы өмірде өзгеріс болуы мүмкін, мысалы, машина алдынан бала жүгіріп шығады, көрші бөлмеде біреу айқайлап жатыр. Немесе өзгерістер іштей болуы мүмкін, мысалы біз бір нәрсе ұмытып кеткеніміз (бір кездесу бар шығар) жайлы айтайын дегенмін. Немесе сіз ойламай бір ессіз жағдайға тап боласыз. Кенеттен өзіңіздің өрескел нәрсе жағандығыңызды түсінесіз, мүмкін сіз бірден бір әрекет жасай алмайсыз, бірақ сіздің деңеңіз де солай өзгереді.
Адам миы белсенділік пен белсенділіксіздік, жандылық әлде солғындық, ұйықтамау мен ұйқышылдық деңгейін реттеп отырады. Нейрофизиологтар әдетте айқын сананы ұйықтамау деп атайды және оған жауапты мидың сопақша бөлігінде орналасқан жүйке ұлпаларын жатқызады. Бүл жүйке ұлпасы ретикулярлы формация деп аталады. Осы формация іске қосылғанда – аксон арқылы қатер, үрей немесе тағы баска бір қырағылықты талап ететін нәрсе туралы ақпарат жібереді. Нәтижесінде бұл қозу норадреналин арқасында бас миы қьгртысына беріледі: тікелей және ақпараттың бас миы қыртысының аналитикалық орталықтарына баратын жолындағы ең басты транзитті станция - гипоталамус арқылы. Нәтижесі қоршаған ортаға деген жоғары зейін (сыртқы қоздырғыштарды бақылау) болып табылады – талдау мен рефлекс процестері сана арқылы өтіп жатады.
Ретикулярлы қарқындату аударма процесінде пайда болып, әдетте, ешқандай қатты физиологиялық әрекеттерді көрсетпейді. Жоғарыда мысалдар келтірілгендей, ешқандай кенет қорқыныш, естен тану немесе сандырақ, абыржу дегендер болмайды; норадреналиннің артуының қаттылығы сонша жеткілікті – кенеттен қозғалу немесе басқа да сәйкес ұқсас сезімдер мүлдем болмайды. Алайда кейбір аудармашылар ретикулярлы карқындатуға физикалық әрекеттер арқылы жауап қайырады – атып тұрып, бүкіл бөлмені шарлап жүреді, анықтама кітаптарды қарастырып, не одан басқа тез креслоның арқасына қарай жатып, қолдарымен үстелдің үстінде немесе тағы басқа жерде саусақтарымен соға бастайды. Бірақ бұл оларға тез шешімді табақтың үстінде әкеліп бермейді. Көбін өздерінің шешім қабылдау әлсіздігі қатты алаңдатады. Сондықтан олар осы мәселенің алып тасталуына дейін саналы түрде жұмысқа қайтадан тез уақыт ішінде орала алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |