Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері


Мәтін сенімділігінің түрлері



бет2/9
Дата08.03.2016
өлшемі0.61 Mb.
#46475
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мәтін сенімділігінің түрлері


Сөзбе-сөз аударма

Аударма түпнұсқаға сөзбе-сөз әлде тым жақын болса. Аудармада түпнұсқаның орынсыз синтаксистік құрылымы анық көрінерлік.



Шетелшілдік

Аударма еркін сезіледі, бірақ кішкене шетелсымақ. Аударма, түпкі мәтін емес болып көрінеді.



Тездік

Аударма сонша оңай оқылады, аударма тілінде жазылған болып көрінеді. Оқырман мәтіннің аудармасы болғанын еске түсірмейді.



Түйіндеме

Аудармада түпнұсқаның негізгі жақтары немесе мәні баяндалған.



Түсіндірме

Аудармада түпнұсқаның бүркеме күрделелері анықталған, түпнұсқада тек қана тұспалданған пікірлер толық баяндалады.



Түсініктемемен түйіндеме

Аудармада кейбір жақтары қысқаша ашып берілген, басқа жақтары толық баяндалған. Ең маңызды бөліктері түсіндірілген, аса елеулі емес өз сөзімен қысқаша берілген.



Бейімделу

Аударма түпнұсқаны бағытталған аудиторияға (баяндама тындаушыларға) әсер ету үшін бейімдей отырып жеткізуге тырысады және өзгеше баяндайды. Бұл аудитория түпнұсқа аудиториядан басқаша. Мысалы, үлкендерге арналған мәтін балаларға арналған сияқты болып аударылады; жазбаша мәтін теледидарға арналып, өзгертіледі немесе жарнамалау науқаны мәтіндерін аударғанда тауарды белгілі жағдайға пайдалануға шақыруымен байланысты жағдайлар, жергілікті реалияларды есепке ала отырып таңдалады.



Шифрлау

Аудармашы түпнұсқаны баяндайды, оның мәнін немесе ең басты идеясын оқырмандардың бір тобынан жасыру үшін, бірақ басқа топқа түсінікті болу үшін ақырғысы аударманы ұғуға жол біледі.


Аудармашыға сенімділік

Бірақ тек қана мәтін емес тапсырыс берушіге маңызды сенімділіктің элементі болады; аудармашы да сенімді болу керек.

Аудармашыға қойылатын талаптардың мерзім дәлдігінің дәстүрлі талабымен байланысына назар аударыңыз, бірақ аудармашының сенімділігі дәлдігі болмағанымен, кәсіби іс.

Сенімді аудармашы барлық жағынан өзін-өзі кәсіби ұстайды Қысқаша мазмұндамаға тапсырыс берген және оның дұрыс немесе дәл аудармасын алған клиент аудармашыны сенімді деп атамайды және ол ешқашан сондай аудармашыға бармауы мүмкін. Ойшыл аудармашы адамның бабын табуға тырсады, егер тапсырыс дәл аударма ретінде қажет болмаса, тапсырыс берушіге баяндаманың, түсініктеме мен, бейімделудің, мәтін шығармашылығын басқаша айналдырып басқа түрлермен үйлестіру қажет және онымен байланысты ашық нұсқаулар берілмесе, ол – жорамалдарын тексеріп, тек қана содан-соң аудармаға кіріседі.



Аудармашының сенімділігіне қатысты ұғымдар

Толықтығына назар аудару

Аудармашы контекстегі әр сөздің әлде сөйлемшенің ерекшеліктерін толық талдайды.



Тапсырыс берушінің талаптарын түсіну

Аудармашы тапсырыс берушінің нұсқауларын ықыласпен тындайды, оған қандай аударманың түрі қажет, жылдам және толыққанды түсінеді, оларды дәл қолдануға тырсады.



Зерттеу

Аудармашы қалай аударуды білмеген сөздерді де есепке алады, көмескі анықтамалар пайдаланбай немесе мәтінде сұрау белгісін қалтырмайды. Ол мәселені жете зерттейді, анықтамалықтарды және интернетті (ғаламтор) пайдаланады, телефон, факс, электрондық пошта арқылы сұрау салады.



Тексеріп шығу

Аудармашы мұқият өз жұмысын тексеріп шығады, егер ол сезіктенсе аударма ана тілге емес басқа тілге аударылса, ол алдын-ала аударманы сарапшыға тексеруге береді. Оның үстіне аудармашы оның аудармасының күдікті жерлерін әрқашан біледі.


Клиентке сенімділік

Икемділік

Аудармашы әр түрлі салада немесе басқа тілде жазылған мәтінді жақсы білмесе, аударылған мәтінді ол мамандарға тексеріске беру керек. Сонымен бірге аудармашы, қандай жаңа тапсырысты орындай алады, қандай тапсырыстан бас тартуы керек, осыны анықтай білуі керек, өйткені оны орындауға біліктілігі жетпейді.


Уәделер

Тапсырыс берушілерге тек қана орындалатын (уақытында) уәде беру үшін аудармашы өз мүмкіншіліктерін, жұмысының графигін айқындайды. Егер бір жағдайға байланысты ол тапсырысты уақытында орындамаса, не онда жаңадан келісім жасайды не аударманы басқа аудармашыларға тапсырады.



Достық қатынас

Аудармашы жылы шырайлы және әрқашан телефон арқылы немесе жеке сөйлескенде көмектесуге дайындығын білдіреді. Онымен қызықты әңгімелесуге болады, ол әзіл-оспақты түсінеді, жақсы кеңес бере алады (мысалы, кім эстон немесе урду тілінен бір парақты аударалады), пайдасыз кеңес бермейді.



Құпия

Аудармашы бөтен кісілерге құпия аударма немесе келіссөз кезінде алған ақпаратты хабарлауға тиісті емес.


Техникалық жабдықтың сенімділігі

Компьютерліқ және бағдарламалық жабдық

Аудармашыда заманауи компьютер, Microsoft Word-тың ақырғы нұсқасы, Интернетпен пайдалану рұқсат (аса жылдамы жақсы болар еді), электрондық поштаның мекен-жайы және факс аппараты болу керек. Ол ТМ (Translation Memory – накопитель переводов) категория бағдарламаға ие болады және оны тұрақты пайдаланады әлде клиент ұсыныс жасаған бағдарламаны сатып алуға және оны пайдалануды үйренуге дайын.

Енді аудармашының сенімділігі тек қана, оның мәтінмен қандай операциялар орындайтығымен анықталмайды. Сұраныс берушілерге сенімді, редакцияламайтын мәтін беретін және оны сенімді, дұрыс жасайтын аудармашылар қажет. Келісімде көрсетілген шарттарды сақтап және аударманы уақытында алғанды сұраныс беруші жақсы көреді. Мысалы, файл түрінде, электронды пошта арқылы жіберілген, бір сөзбен айтқанда, аудармашының алдына қойылған міндеттерге байланысты. Сұраныс беруші – өз ісінің маманы, телефон арқылы көмек беріп, сұрақтарды дұрыс қоятын шапшаң шешім қабылдайтын, тіпті ол үшін қосымша жұмыстар болса да мысалы, маған суреттері бар бүкіл мәтінді факспен жіберіңіз, мен сізге 10 минуттан соң телефон шалып, сосын бұл сұранысты ала алмайтымды айтамын.

Аудармашы өзі жұмысты орындай алмаса да, басқа кімге жүгінуге болатынын айтса, сол сұраныс берушіден келесі тапсырманы да алуы мүмкін. Ал, өрескел, шыдамсызданып жауап берген аудармашы, телефон қоңырауын бөгет жасаушы деп және трубканы тастап жіберіп, міңгірлеп жоқ десе, ол тапсырма алмауы мүмкін. Егер екі сенімді аудармашы бірдей тілге аударушы болса, онда жағымды, дұрыс адамға көңіл аударады.



Мезгілінде орындалған аударма

Сұраныс беруші аударма және аудармашы сенімді болуы жеткіліксіз, уақытында аударманы алу өте маңызды, оны керек кезінде алу және оның маңыздылығы жайылмай алғысы келеді: Көркем не библиялық аудармалардың аудару мерзімі созылыңқы деп емес, оларды мәңгі деп есептеледі, шындығында ол олай емес, тек уақытқа шектеуі маңыздылығы бұл аударманың ауқымы кең. Король Яков 1 библиясын аудармасына төрт жұз жылдай болса да, қазіргі дейін қолданылып келеді, бірақ ол да мәңгілік емес. Көптеген шіркеулерде оны қазіргі нұсқаларымен ауыстырды. Нақты консервативті шіркеулерде бұл аударма мың оданда ұзақ уақыт қолданылуы неғайбыл. Ерте ме кешпе оның қолданылуы тоқтауы мүмкін.

Енді мынадай жағдайларды – өз уақытында орындалуын басқа талаптармен байланыстылығын қарастырайық:

а) Финляндия провинциясының губернаторы Кениядан келген қонақтармен ағылшын тілінде сөйлескісі келді. Ағылшын тілін нашар меңгергендігін, ол мәтінді фин тілінде жазып, оны ағылшын тіліне аударуға сұраныс береді. Егер аударма біріккен түскі ас кезіне дайын болмаса, ол қажетсіз болып қалады. Губернаторға мәтінді алдын ала жазуға уақыты болмай, бұл жағдай жиі кездесетін құбылыс, сондықтан ол мәтінді қабылдау болатын күннің таңертенгілігінде жазып бітеді және оның қызметкерлері жергілікті аудармашыларға телефон шалып әбігер болады, бір парақ құжатты түске дейін аударып үлгеретін аудармашы адамды табу үшін университеттің ағылшын тілі оқытушысы бұл жұмысты орындауға кіріседі, оған курьерді жібереді, ол аударма біткенге дейін, кабинетте тосып отырады, содан соң оны губернаторға жеткізуі керек;

б) Қытайдағы болат құятын өнеркәсіпке жаңарту қажет. Жарияланған тендерге жауап ретінде бес ұсыныс түседі. Біреуі – Жапониядан, екеуі – АҚШ-тан, біреуі – Испаниядан және біреуі – Мысырдан. Тендер талаптарына сәйкес барлық ұсыныстар ағылшын тілінде жазылған, оны басшылық оқи алады. Бірақ ұсыныстарды алып, директорлар өздерінің ағылшыншалары жеткіліксіз екенін көреді, әсіресе Жапония, Мысыр, Испаниядан түскен ұсыныстар оқу үшін жеткіліксіз болады, үйткені оны жазған адамдарға ағылшын тілі ана тілі болып саналмайды.

Осы құжаттар жеқе алмайтын қиындыққа ұшыратады. Тендер өткізуге он күн қалғанда барлық бес ұсыныстарды қытай тіліне аудару туралы шешім қабылданады. Ұсыныстарды оқып және бағалау үшін кемінде төрт күн керек, алты күнде жиырма мың сөзді аударатын жеткілікті аудармашылар табу қажет болады. Ағылшын тілі оқытушылары және олардың студенттері жұмысқа кірісті. Осы уақытқа университеттегі сабақтарды алып тастады. Егер аударманы қолдану нақты мерзімге белгіленсе, онда бұл мерзім өте қатаң болады.

Өз уақытында орындауға қойылатын талаптар орынды, дұрыс, бірақ аудармашылар жиі риза еместіктерін білдіреді, олардың айтуынша тапсырыс беруші аударма жасау үшін қанша уақыт керектігі туралы ойларына ешқандай ой келмейді. Тапсырыс берушілердің көбі өздері ұсыныстарды не тендер құжаттарын өздері құрастырады, олар өз қызметкерлеріне 40 бетті мәтінді құрастыруға екі апта уақыт беруге дайын. Олар ешуақытта өздері аудармамен айналыспағандықтан, аудармашылар бұндай құжатты аударуға екі күнде жеткілікті деп есептейді.

Аударма кезкелген және басқа үрдістер мәтін құрастырарда шектен тыс көп уақыт алады, бұл факт машинамен аударманы армандауға әкеледі.

Адам есептеулерді, аударуды бірнеше сағат, не күн не тіпті апта бойы орындауы мүмкін, ал компьютер наносекунд ішінде есептеулер мен аударманы орындайды, ал армандаған елестеткен машиналық аударманы мәтінді бірнеше секундта аударатынды, оны бес адам екі апта орындайды.

Тапсырыс берушінің аудармаға көзқарасы соңғы өнімге бағытталған: аудармаға тапсырыс оның қажеттілігінен – өте қысқа мерзімде орындау қажеттілігінен туындайды. Ол нәтиже: қалай іске асырылады, оған қандай күш жұмсалады – ол маңызды емес. Егер бекітілген штатты аудармашылар құжаттарды тапсыру кезінде қиындықтар болғанын айтса, ол агенттіктердегі қанша уақыт және еңбегі сіңген, аударманы орындау кезінде жұмсалғанын түсіндіреді, тапсырыс беруші дәл келетін бағдарламамен қамтамасыз етуді не тіпті өз компаниясына арнайы аудармалық бағдарлама жасау тапсырады. Бастысы аудармалар – сенімді, дұрыс, тез және арзан орындалғаны керек. Егер адамдар тіпті баяу жұмыс істесе, онда компьютерді қолданып көру керек.

Көптеген жағдайларда аударманың қазіргі заманға сай болуы, оның дұрыс, сенімді теориялық нормаға сайлығымен, дұрыстығы мен эквивалентілігі талаптарымен байланыстығын түсінбейді.

Негізінде өз уақытында орындалу сенімділіктің бір түрі: соңғы өнімге бағытталғанда маңыздысы сол, ол үрдіс толық сенімді болу, яғни керек кезінде аса қымбат емес абсолюттік сенімді өнім туғызуы керек – ол бізге қазір қажет және жақсы сапалы. Егер адам бұны тез және дұрыс орындаса, ал егер олай болмаса, онда оны істей алатын машинаны жасап шығарыңдар. Тапсырыс берушінің соңғы өнімге қызығушылығы зиянды, не кесір деп айтуға болмайды. Бірақ аудармашыға жиі, ол қатал, сезімсіз көрінсе де, аудармашы қызықсыз мәтінді аудару үшін мұқшыйып отырады, тіпті өкпе айтуға да мүмкіндігі болмаса да, ол керісінше осы жұмыс болғанға алғыс айтады.

Дегенмен, өзінің осындай болғанына дандайсымауы керек: қызықсыз, іш пыстыратын тапсырмаға көп уақытын жіберетіндер тек қана аудармашылар емес. Аудармашыдан тез және сенімді жұмыс күтетіндер де, өздері шаршататын жұмыс басты болады. Өмірде, әсіресе, бизнесте, көлемі үлкен жұмысты дәл қазіргі уақытта орындау жиі болады, оған көз, қол және ойлау да жетіспейді. Әрине ақиқаты өмірде ешкім де іш пыстыратын жұмыс істемейді.

Дегенмен, ол өмірді әлі құрып болмағандықтан, нақты бар өмірде, шындыққа жатпайтын уақыт мерзімі бар жағдайда өмір сүруге тұра келеді.



Баға

Сенімді, тез және бәрінен де арзан. Дүниежүзіндегі аударманы баға билетеді. Егер тапсырыс беруші аударма өте қымбат десе, ол ондай аудармаға тапсырыс бермейді. Егер аудармашы тапсырыс тиімді емес десе, оны ол алмайды. Кей кезде жекелеген адамдар нарықтағы аударма бағасын білмей, аудармашы кітапшаларды қанша тұратынын телефон шалып, сұрайды. Жобалаған бағаны естіп, олар таңқалып: “Біз екі жүзден ойласақ, ал Сіз бес мың дейсіз!” Аудармашылар кәсіптік одаққа бірікпесе, бұл жағдай көп елдерде бар жалған кәсіпкерлердің кіші тобы нарықтағы бағаны бұзып жіберуі мүмкін. Солардың арқасында нағыз мамандардың бағасы өте жоғары болып көрінеді, тіпті аптасына қырық сағаттық жұмыс қамында бірде жетіп бірде жетпей жүрсе де. Егер нәтижесінде сапа не сенімділік нашарласа, онда тапсырыс беруші өзінің ренішін аудармашыға жабады.



Ымыра

Тапсырыс берушінің көзқарасы бойынша нақты аударма абсолютті сенімді, бұнда ол қолма-қол және тегін болуы керек.

Көптеген идеалдар сияқты, ондай аударма мүмкін емес: абсолютті сенімділік болмайды, барлығына уақыт керек, ал тегін құймақ мүлде болмайды. Дегенмен идеал өмірде ең жақсы нәтижеге жетуге үміттенуге болады: белгілі дәрежеде сенімді және салыстырмалы қымбат емес аударманы уақытында алады. Өкінішке орай тіпті төмен талаптар қойылса да, үнемі қанағаттанарлық нәтижеге жету мүмкін емес, сондықтан келісімге баруға тұра келеді:

Тапсырыс берушінің назарына, бірақ бұнымен аудармашыларда қолданады, аргумент ретінде.

Неғурлым үлкен сенімділікке қол жеткізгіңіз керек болса, соғұрлым аударма қымбат және ол көп уақыт алады. Екі-үш аудармашылар басқалардың жұмысын тексереді, бұл сенімділікті жоғарылатады, сонымен бірге уақыт және қаржыны да өсіреді.

Аудармаға неғұрлым аз уақыт берілсе, ол соғұрлым қымбат аударма және соғұрлым көп уақыт алады,(егер жұмысқа, барлық басқа жұмыстарды алып қойып, бір аудармашы кіріссе, асығыстық жасап және жиналған шаршағандықтан ол түкке тұрмайтын қателер жіберіп және оларды аңғармауы мүмкін, ол бұл жұмыстың құнын жылдам орындау тарифімен алады; егер тапсырманы бірнеше аудармашыларға берсе,онда терминдерді әр түрлі болып), жұмыс қымбатқа түседі.

Неғұрлым аударма үшін аз төлеуге бейім болсаңыз, соғұрлым сенімділігін қамтамасыз ету қиын және қисынсыз шығыннан қорғау қиын болады (төмен тарифпен тек мамандығы жоқтар істейді; олардың аударма дағдысы, тілді білуі, анықтама әдебиетпен және басқа құралдармен жұмыс істеу, сол сияқты редакциялау жеткіліксіз, одан басқа, мамандығы жоқ аудармасы жалғыз жұмыс істесе, ол жұмысты жалғастыруды басқаға бере алмайды, не оған мамандыққа сай тәртіп, қажетті ырғақта істеу жетпейді) Тегін және дұрыс аударма туралы идеалды арманға нақты жағдай шек қойылады, бұл аудармашыға қажет. Егер тапсырыс беруші өзіне алғысы келгенін алса, онда оларға аудармашы керек болмас еді, немесе олар орындау үшін талаптарын айтып және істелген жұмысқа ақша төлеуді де өздері шешкен болар еді, аудармашылардың талаптарына құлақ аспай. Біз орындалған жұмыс үшін ақша алғымыз келетіндіктен, біз мүмкіндігінше тапсырыс берушінің талаптарын орындауымыз керек. Талаптарды толық қанағаттандыру мүмкін болмайтындықтан, тапсырыс беруші де осыны түсінуі керек. Сенімді аударма алу үшін нарық бағасын төлеп және шын мерзімін тағайындайды; сенімді аударма тез алу үшін, жоғары ақы төлейді. Бұл экономикалық қарапайым заң, ал экономиканы тапсырыс берушілер біледі.

Аудармашы-мамандар базалық қызмет көрсетеді. Олардың жасайтын өнімдері дүниежүзілік экономиканың жұмыс істеуіне, саясатына, медицинаға, заң шығаруда маңызды роль атқарады. Тапсырыс беруші шектеулерді, аудармаға нақтылық әсер еткенмен оны айналып өткісі келгенмен, олардың қайраткерлігі аудармашыларға тәуелді, сондықтан олармен санасады.

Аудармашы тәжірибесінен

Мен контракт бойынша үлкен компанияда істеймін, онда жалпы қосқанда екі жарым жылдай жұмыс істеймін. Қазір мен толық жалақы аламын, кейде жартысын, және жиі жұмыстан соңғы уақытта жұмыс істеймін.

Жұмыс көлемі тұрақты, олар менің қызметімнің керек екендігін көріп, біледі. Бірақ олар мені тұрақты қызметке алғылары келмейді Тіпті: олар жиі екі тілде білетін инженерлерді жұмысқа алады, бірақ олар да лингвистикалық білімдері жоқ, не аудармашы тәжірибесі, қабілеттері де жоқ. Басшылар аударма сапасын ойламайды, тіпті дәл аударма мен сәл, немқұрайды аудармалар арасындағы айырмашылықтарды аңғарса да, себебі олар нашар жалған аудармадағы қателерді түзету үшін ақша мен уақыт жұмсайды. Олар мені тұрақты жұмысқа алатынына мен толық сенемін.

Басқалар орындаған аударманың кондициясыз екенін айту мен үшін ыңғайлы сияқты. Менімен жұмыс істеген инженерлерге мен толыққанды ақпарат беруге тырысамын, олар оны түсінеді, егер жиналыста жақсы аудармашы қатысса, онда жиналыс пайдалы, тиімді өтеді. Сол сияқты тұтынушыны хабарландыру аудармашының міндеті болып табылады. Мен тырыстым ... өкінішке орай. Рина

Бұл мысалдан әр уақытта аудармашы жағдайды меңгермейді және жағдайды басқара алмайды не тапсырыс беруші үміті мен талабын жоққа шығарады.

Егер тапсырыс беруші аударманың сенімділігін көтергісі келсе, сонымен бірге оның жылдамдығы жоғарылатып және ақысын төмендетсе, онда аудармашы олардың ойын алдын ала білуі тиіс.

Аудармашы не істеп жүр, сол кезде не сезеді, жұмыс кезінде ризашылық алды ма әлде жоқ па, тапсырыс берушіге бәрібір.

Аудармашы тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыру керек екенін естен шығармауы керек. Тапсырыс берушілер аудармаға қызмет ретінде емес, өнім ретінде қарайды.

Сіз нанды сатып алғанда, оның түріне, дәмділігіне қарайсыз, оны кім және қалай пісіргеніне көніл бөлмейсіз. Бұл сыртқы көзқарас.

2 Аудармашының көзқарасымен аудармашы кәсібі жайлы түсінік
Дәрістің тезисі. Тапсырыс берушінің талабын орындау – аудармашыға тіршілікке қажетті, бірақ аудармашы оны жұмысқа өзінің көзқарасы бойынша түсіну керек, тапсырыс берушінің алдында сенімділігіне кепіл болу, кәсіби мақтанышы туралы ұмытпай, жұмысқа берілгендігін және этикалық ережелерін сақтауға тырысу керек. Уақытында тапсырылған аударма – аудармашының табысын көбейтуге мүмкіндік береді, оған жетуге жылдамдату және жұмысты тиімді бөліп беру, мамандықтың мәртебесін көтеруіне әсер етеді. Аудару жұмысы оған тек қана рақаттылық әкелуіне сену керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет