Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері



бет9/9
Дата08.03.2016
өлшемі0.61 Mb.
#46475
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ресей. Кәсіби аудармашыларды оқыту «Лингвистика және мәдениетаралық қарым- қатынас» немесе «Филолог» базалық мамандықтарының шеңберінде жүзеге асырылады. Аудармашыларды дайындайтын ең танымал университеттерінің бірі МГЛУ болып табылады. Оқыту 5 жылға дейін созылады. Ауызша немесе жазбаша аударма бойынша мамандандыру ІІІ курста орын алады. Ауызша аудармаға ауызша дәйекті және синхрондық аудармалар мен аудармашылық жазба техникасы жатады; жазбаша аудармащылар ғылыми-техникалық, заңгерлік және әдеби мәтіндерді аударуға оқытылады. Университеттердің (Санкт-Петербург сияқты) филологиялық факультеттерінде аудармаға оқыту бағдарламасы не 5 жыл бойындағы филологиялық білімге енеді, не қосымша екіжылдық мамандандыру ретінде IV–V курстарда ұсынылады. Әдетте осында студенттер ауызша және жазбаша аудармашы біліктілігін алады.

Аудармашылық оқытудың өзіндік бағдарламаларын жетілдірген мемлекеттік емес жоғары оқу орындары бар. Осындай университеттердің бірі Шетел тілдерінің институты (Санкт–Петербург) болып табылады. Ондағы ауызша және жазбаша аудармаға оқыту ІІІ курстан басталады, бірақ басқа пәндер бойынша бағдарламалар (орыс тілі, шетел тілі, екінші шет тілі) болашақ мамандыққа дайындауға бағытталған.

Сонымен қатар Ресейдің түрлі қалаларында референт-аудармашы мамандығына ақылы курстарда оқуға мүмкіншілік бар.
7 Аудармашылардың кәсіби одақтары (ұйымдары)
Дүние жүзінің аудармашылары кәсіби құқықтарын қорғау, имиджін бекіту, кәсіби ақпарат алмасу, кәсіби тәжірибе алмасу, еңбек нарығына қатысып, реттеу үшін кәсіби одақтарға, оғамдастықтарға және ұжымдарға бірікті.

Халықаралық аса белгілі аудармашылар ұжымдарының арасынан мыналарды атауға болады: FIT (Federation Internationale des Traducteurs) – Халықаралық аудармашылар федерациясы (ХАФ); AIIC (Association Internationale de Conference) – Халықаралық ауызша конференц – аудармашылар қоғамдастығы, CEATL (Conseil Europeen des Association de Traducteurs) – Еуропалық әдебиет аудармашылар қоғамдастығы және басқалары. Аудармашылар одақтары әр елде бар. Мысалы, АҚШ-та бұл АТА – Американ аудармашылар қоғамдастығы, Германияда – BDÜ ауызша және жазбаша аудармашылардың федералды одағы, VdÜ – көркем және ғылыми әдебиеттер аудармашылардың федералды одағы және басқалары. Бұл ұжымдардың көбі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аудармашылық кәсіби мәртебені алғаннан соң пайда болды.

Ресей аудармашылар одағы 1991 жылы құрылды және 1993жылы ХАФ (FIT)-қа толық қанды мүше болып кірді. 1992 жылы халықаралық ғылыми қоғам , аударматануды өз алдына ғылыми пән ретінде позициясын бекіту үшін – Еуропалық аударматану қоғамы құрылды.

Соғыстан кейін кезеңде аудармаға қатысты арнайы ағымдағы баспа басылымдар пайда бола бастады. Халықаралық басылымдар арасынан 1955 жылы шыға бастаған “Babel” (Вавилон) журналын, материалдарды ағылшын, неміс, француз және испан тілдерінде басатын жыл сайын шығатын “TEXTconTEXT.Translation – Theorie-Didaktik-Praxis” 1986 жылы ұйымдастырылды. 1990 жылы шыға бастаған Австрияның “Ü wie Übersetzen” көркем және ғылыми әдебиеттер аудармашылар қоғамының ұлттық аудармашылар ұйымдарының журналдарын атауға болады. Ресейде қазіргі кезде аудармаға арналған басылымдар шығармайды. Бірақ көптеген аударма мамандары көркем аударма мәселелеріне арналған 1960–1970 жылдары шыққан жыл сайынғы “Мастерство перевода” басылымын еске алады. 1970-1980 жылдар шығып тұрған Л. С. Бархударовтың редакциясымен “Тетради переводчика” жинағы, онда талқыланатын мәселелер диапазоны көркем аударма, техникалық аударма, аударма практикасы кең түрде қаралды. Халықаралық аудармашылар ұжымдарының қаражаты мен жеке адамдардың Еуропалық біріккен ұжымдар, әр елдің министірліктер дотацияларын алып аудармашылардың істерін қолдайтын өзіндік аудармашылар шығармашылық үйлер жүйесі қызмет етеді.

Аса әйгілі шығармашылық Үйлер: Арлда (Франция), Штралендте (Германия), Просидте (Италия), Висбиде (Швеция) атауға болады. Бұнда аудармашылар кез келген көркем әдеби шығармаларды не жоспарлы техникалық аударма жасау үшін компьютер, анықтама материалдарын, әріптестерімен кеңесу, яғни бар керектіні алады. Аударманың құқықтық және қоғамдық мәртебесін, 1991 жылы ХАФ (FIT) Дүниежүзілік аударма күнін бекіту – куә болып табылады.

Бұл байырғы еврей тіліне аударған белгілі жазушы, тарихшы және аудармашы киелі Иеронимның өлген күні 30 қыркүйекке 420 жылы дәлме-дәл келеді.

Сонымен қоғамдық және одақ ұжымдары, шығармашылық үйлер, күнделікті басылымдар, сол сияқты аударма теориясы мен практикасына арналған үнемі әр елде өткізілетін конференциялар, симпозиумдар мен семинарлар аудармашының сенімді құқықтық мәртебесін қамтамасыз ететін күшті эшелон болып табылады


Әдебиеттер
1 Алексеева И. С. Профессиональный тренинг переводчика. –СПб., 2001. – 288 c.

2 Алексеева И. С. Введение в переводоведение : учеб. пособие для студ. филол. и лингв. фак. высш. учеб. заведений. – М. : Издательский центр «Академия», 2010. – 368 с.

3 Робинсон Д. Как стать переводчиком: введение в теорию и практику перевода. – М. : КУДИЦ - ОБРАЗ, 2005. – 304 с.

4 http://kazakheli.kz/scientific-school/archive

5 youreng.narod.ru/mkk.html

Мазмұны





Кіріспе……………………………………………………...................

3

1

Аудармашы емес кісінің көзқарасымен аудармашы мамандығы жайлы түсінік………………………………........................................

4


2

Аудармашының көзқарасымен аудармашы кәсібі жайлы түсінік……………………………………………................................

17


3

Аударма қоғамдық қызмет түрі ретінде……………….. .................

34

4

Аударма процесінің психологиялық және лингвистикалық ерекшеліктері…………………………................................................

36


5

Аудармашының қазіргі заманға сай жұмыс орны……....................

74

6

Аудармашылық білім беру мекемелері………………….................

76

7

Аудармашылардың кәсіби одақтары (ұйымдары)……....................

82




Әдебиеттер…………………………………….…………...................

84




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет