Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Cудың физикалық қасиеттерін анықтау



Pdf көрінісі
бет27/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79
Зоогигиена каз китап

4.1 Cудың физикалық қасиеттерін анықтау
Жұмыстың мақсаты: су сынамасын алуға арналған әдістермен,
құралдар және қондырғылармен танысу және судың физикалық
қасиеттерін зерттеу.
4.1.1 Су сынамасын алу ережелері
Суды зерттеуде нақты нәтижелер алу үшін су сынамаларын алу,
сақтау және тасымалдаудың орнатылған ережелерін ұстану қажет. 
Су сынамасын зерттелетін судың бүкіл салмағына сәйкес
келетіндей етіп алу қажет. Егер сынама алғанда қате кетсе, бұл теріс
бағалауға алып келеді.
Су сынамасын алған құмыралар тазаланып жуылуы қажет.
Шыны және полиэтилен құмыраларды концентрлі техникалық тұз
қышқылымен жуады, ал зарарсыздандыру үшін синтетикалық жуғыш
заттарды қолданады. 
Содан кейін ыдысты дистилденген сумен жақсылап шайқайды.
Сынама алар алдында ыдысты зерттеуге алынатын сумен бірнеше рет
шайқайды, содан кейін оны тығынға дейін сәл ғана ауа кеңістігін
қалдырып толтырады.
Ағынды сулы су қоймаларынан сынаманы малдың су ішетін
жерінде, одан жоғары және төмен алады. Құдықтан суды су алардан
бұрын таңертеңгілік және кешке су алынып болғаннан кейін бетінен
0,5 – 1,0 м тереңдікте, ал ашық су қоймаларынан– дәл сол тереңдікте,
бірақ 1 – 2 метр қашықтықта алады.
49


Су сынамасын құбыр кранынан, құдық насосынан немесе
артезиан скважинасынан алғанда, құбырларда тұрып қалған суды
тартып немесе ағызып тастап, 10 – 15 минуттан кейін алады. 
Талдау үшін сынаманы арнайы батометр көмегімен немесе 2-5 л
көлемді құмыраға алады.
Су сынамасына қоса берілетін жолдама қағазда: сынама номері,
алынған жылы, айы, күні және сағаты, су көзінің атауы және
орналасқан жері, сынама алу жері, алу әдісі, қандай мақсатта, кімнің
тапсырмасы бойынша алынғаны, сондай ақ судың физикалық қасиеті
көрсетіледі.
Зертханаға жеткізілген су сынамасын жылдам зерттеу қажет;
оларды тоңазытқышта немесе мұздықта: ластанбаған су сынамасын –
72 сағатқа, ластанған су көзінен суды алғаннан бастап, 48 сағатқа
сақтауға рұқсат етіледі. 
Егер су сынамасын зерттеуге жеткізгенде 5 сағаттан артық
уақыт кетсе, онда жазда сынаманы қыздырудан, қыста қатудан сақтау
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет