Желілік техникалық құралдар –компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.
Желілік программалық құралдар-компьютерлік желіә жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.
Интерфейстер- желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралы.
Протоколдар- желінің функционалдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.
28.2. Негізгі желілік топологиялар
Желінің атқаратын қвзметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.
Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе могистральға(кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларыныңбарлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайд(28.1).
Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін- желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырад(28.2 сурет). Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп бпрлық жұмыс ст\анцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясыныңістен шығуы жалпы байланысты бұзады.
28.3. Желілік техникалық құралдар
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады :
Ақпараттық құралдар:
-кабельдер;
-серверлер;
-желілік интерфейс тақшалар(NIC,Network Neterface Card);
-концентраторлар;
-айиақтық тармақталңан желілер үшін бағдарлауыштар(маршуртизаторлар);
-аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;
-аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер;
Серверлер. Клиент\ сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютерлер болып табылады. Бұған қоса серверлерде желілік операциялық жүйе (NOS,Network Operating System) орнатылып, ол шеткері құрылғылард(принтерлер тәрізді) да басқара алады.
Достарыңызбен бөлісу: |