Ауқымды компьютерлік желілер



бет2/12
Дата08.12.2023
өлшемі144.5 Kb.
#485959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Сабақ жоспары. Тақырыбы Негізгі желілік топологиялар. (2)

Компьютерлік желілер.
Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар.Олардың ауқымыды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар.Бұқаралық ақпараттық жүйеде « 100-мегабитті технологияны... Желілік технологиялар... интернеттегі жанжал... интражелілер...» деген сөздер жиі естіліп жатады.Бірақ біз бұл материалдарды түсындыру кезінде оқушылар желілерімен таныс емес тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса,онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмаймыз. «Атыңыз егер болмаса,жорғасын қайдан білесіз»,-деп өлеңде айтылатын сияқты ... Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге жөнелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады.желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.Ол үшін компьютер желілерінің қолданылатын аймақтарын қысқаша қарастырып өтейік.
Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютердің және де принтер,модем факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жйынын айтады.Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға,қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретәін компьютерлер мынадай жұмыс атқарады:

28.1.Компьютерлік желілердің түрлері.
Жергілікті және аймақтық таратылған желілер.
Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.Аймақтық таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан,бірақ бір компанияға немесе фирмаға,мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желіні ең қарапайым түрі.
Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер,факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады.Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.
Жеогілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды.Оның мынадай ерекшеліктері бар:

  • құқжаттарды бірге пайдалану;

  • құжат айналымын жеңілдету:тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ,жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға,түзетуге,түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

  • компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып,өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

  • сервердегі қодлданбалы программалармен оңай байланысу;

  • қымбат тұратын қорларды – принтерлерді,CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын,қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолдданбалы программаларды бірігіп пайдалануды жеңілдету т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет