«Ауыз қуысы ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу» Мақсаты: емдік Көрсеткіштері: стоматиттер Құрал-жабдықтар


Стандарт №2 Алгоритм: «Энтеробиозға қырынды алу техникасы»



бет2/4
Дата11.09.2023
өлшемі20.88 Kb.
#477146
1   2   3   4
Стандарт алг

Стандарт №2 Алгоритм: «Энтеробиозға қырынды алу техникасы»


Мақсаты: энтеробиозға зерттеу. Құрал - жабдықтар: - заттық әйнек –2 дана; - 50% глицерин ерітіндісі; - тамызғыш; - әйнек таяқшасы; - жолдама; - стеклограф; - стерильді емес резиналы қолғап;
- ҚЖК; - - крафт-қағазы, резиналы сақина.


Міндетті шарттар: зерттеу алдында баланың жынысын жумау.


Іс – шара алгоритмі:
1. Науқастың аты- жөнін сәйкестендіріңіз.
2.Баланының анасын зерттеу жолымен таныстырып, жақсы қарым қатынас орнатыңыз.
3. Қолды жуып, кептіріңіз
4. Керек жабдықтарды дайындаңыз
5. Стеклографпен заттық әйнегіне белгі қойыңыз. 6. Заттық әйнегіне глицериннің тамшысын тамызыңыз.
7. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріп, стерильді емес қолғап киіңіз.
8. Баланы сол бүйіріне жатқызып, жоғарғы аяғын тізе буынында бүгіп, жоғары қарай бұрыңыз.
9.Cол қолдың саусақтарымен бөксесін ашып, жазып ұстап тұрыңыз. 10. Заттық әйнегіне тамызылған глицерин тамшысына әйнек таяқшасын батырып, тік ішектің төменгі бөлігінің анальді қыртысынан қырындыны алыңыз. 11. Заттық әйнегіндегі глицерин тамшысына әйнек таяқшасымен жағынды жасаңыз.
12.Бірінші әйнекке екінші әйнекті салып, резиналы сақинамен біріктіріп, крафт-қағазына ораңыз.
13.Тезірек материалды зертханаға жеткізіңіз.
14.Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз;
15.Қолды жуып, кептеріңіз.


Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.


Стандарт №3.1 Алгоритм:БАБЖ бағдарламасы бойынша диарея кезінде жедел көмек көрсету.
Науқастар категориясы- «Диарея»дигнозымен 2 айға дейінгі балалар,2 айдан-5 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгі «Диарея» диагнозымен балалар.
Көрсеткіші:
-су электролит теңдігін қалпына келтіру;
-дене қызуын қалпына келтіру;
-улану белгілерін жою;
-нәжісін қалпына келтіру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет