Диареяның жеңіл дәрежесінде – А жоспарымен ем жүргізіледі:
Жеңіл сусыздануды үй жағдайында емдеу.
Анасына үйде емдеудің 4 ережесін түсіндіреміз:
1.Сұйықтықты мол беру,
2.Мырыш препараттарын беру,
3.Тамақтандыруды жалғастыру,
4. Қандай жағдайларда емханаға қайта қаралу керектігін.
1.Қосымша сұйықтықтарды беру. Анасына ұсынамыз:
Жиі емізуді және емізу ұзақтығын арттыруды,
-Егер бала тек ана сүтін еметін болса, қосымша тұзды ерітінді, қайнаған су беру керек.
-Егер бала аралас және жасанды тамақтандырылса,келесі сұйықтықтарды беруін түсіндіреміз:
ОРС ертіндісі, сұйық тамақ, таза су.
Анасына ОРС ертіндісін қалай дайындау және қалай беру керек екенін түсіндіреміз.Үйге 2 ОРС қалташасын беріміз. Берілетін ОРС мөлшері 2 жасқа дейінгі балаларға әрбір сұйық нәжістен кейін 50-100 мл , 2 жастан ересек балаларға 100-200 мл. Егер бала құсса 10 мин. үзіліс жасап әрі қарай жалғастыру керек. Қосымша сұйық беруді диарея жойылғанша жалғастырамыз.
2. Анасына мырыш препараттарын қалай беруді түсіндіру керек.
6 айға дейінгі балаларға тәулігіне 1/2 таб.10-14 күн
6 айдан асқан балаларға тәулігіне 1 таб.10-14 күн.Нәрестелерге мырыш таблеткасын қайнаған суға,сауылған сүтке ерітіп береді.Ересек балаларға шайнап жегізуге болады.
3.Қосымша сұйықтықтарды диарея тоқтағанша беріңіз.
4.Тамақтандыруды жалғастыру.
5.Анасы қандай жағдайда баланы медицина мекемесіне қайта әкелу керектігін білу керек:
-сұйықтықты іше алмаса және емшекті еме алмаса;
-баланың жағдайы нашарласа;
-қызуы көтерілсе;
-баланың нәжісінде қан көрінсе;
Диареяны емдеудің Б жоспары (сусызданудың орташа түрінде):
Орташа сусыздануды ОРТ-дың көмегімен емханада емдеңіз.
1.Қажетті ОРТ-дың мөлшерін баланың салмағын 75 көбейтіп шығарыңыз.
2.4 сағат ішінде өлшенген мөлшердегі сұйықтықты ішкізіңіз.
3.Егер бала есептелген мөлшерден көп сұйықтықты ішкісі келсе көп мөлшерде бере беріңіз.Баланың сұрауы бойынша емізуді жалғастырыңыз.
4. 4 сағаттан кейін баланың жағдайын бағалап сусыздану жағдайын анықтаңыз.Егер орташа сусызданудың 2 одан да көп белгілері сақталса, Б жоспарымен емдеуді тағы 4 сағат жалғастырыңыз.
5.Емхана жағдайында оралды регидратациядан нәтиже болмаса,баланы ауруханаға ем алуға жолдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |