Стандарт 3.2 Диареяны емдеудің В жоспары (сусызданудың ауыр түрінде) :
Сусызданудың ауыр түрін аурухана жағдайында емдеңіз.
1.Ол үшін тез арада көк тамырға сұйықтық енгізуді бастаңыз.
2.Тамшылатқыш орнатып жатқанда ,егер бала іше алса ОРС беріңіз.
3.100мг/кг Рингер ертіндісін, ацесоль, физиологиялық ертінді, глюкоза енгіземіз:
Жасы Бастапқыда 30мл/кг салмағына кейін 70мл/кг салмағына
12 айға дейін 1сағат 5сағат
1жастан-5 жасқа дейін 30 минут 2-1/2сағат
4.Әрбір 15-30 минут сайын баланың жағдайын қайта бағалап тұрыңыз.
5.Егер сусыздану дәрежесі жақсармаса тамшылатып енгізудің жылдамдығын ұлғайтамыз.
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
Стандарт №4 Алгоритм: Нәжістен ішекқұрттың сүртіндісін алу.
Сүртінді алудың алдында баланың шап аймағын жуып-сүртуге болмайды.
Жабдықтар:
Сүртіндіні орналастыратын шыны тілімше -2 дана
Глицерин майы 50%
Сорғыш-пипетка.
Бір ұшы күрек сияқты кесілген сіріңке мөлшеріндей ағаш таяқша
Шыныға жазатын қарандаш-стеклограф
Резеңке қолғап, резеңкелі шеңбер, крафт-қағаз
Зертханаға жіберілетін жолдама.
Орындауы:
Анасына мақсатын түсіндіріп, рұқсатын алады
Шыны тілімшіге стеклограф пен керекті номер жазады
Пипеткамен глицерин майын сорып алыпі шыны тілімшіге бір тамшы орналастырады
Медбике қолын жуып, құрғатып, резеңке қолғапты киеді
Баланы сол жағына жатқызып, аяқтарын тізе буында бүгіп, ішіне тартады
Сол қолы мен баланың бөкселерін керіп ашады
Оң қолымен ағаш таяқшаның ұшын глицеринге сүртіп алып, тереңге тік ішекке кіргізіп, ішін сүртіп алады.
Сүртіндіні шыны тілімшіге орналастырып, үстінен екінші шыны тілімшіні салады, екеуін бір-біріне резенкелі шеңбер киіндіріп бекітіп, сыртынан крафт қағазбен орайды.
Қолын залалсыздандыратын ерітінді мен жуып, қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады
Шыны тілімшілерді тез зеотханаға жібереді, жолдамамен бірге.
Достарыңызбен бөлісу: |