Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру


-бабы 1-тармағының 3), 4), 6), 7) және 7-1) тармақшаларына



бет2/10
Дата08.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#185362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
16-бабы 1-тармағының 3), 4), 6), 7) және 7-1) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғалар алған қолма-қол шетел валютасын аудару жағдайларын қоспағанда, уәкілетті банк Ұлттық Банкке осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес заңды тұлғаның банк шотына қолма-қол шетел валютасын аудару фактісі туралы хабарлайды.

24. Осы Қағидалардың 21-23-тармақтарында жазылған нормалар Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне қолданылмайды.

 

 

5. Тіркеу және хабарлау режимдерінің жалпы ережелері



 

25. Тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік резидент жеке және заңды тұлғаларға беріледі.

Резидент, тиісінше Заңның 8-бабының 3, 3-1-тармақтарында, 9-бабының 2-тармағында айқындалатын мерзімде тіркеу куәлігін алуға өтініш береді, Ұлттық Банкке хабарлайды.

26. Банк болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) тіркеуге және (немесе) осы филиал (өкілдік) жүзеге асыратын валюта операциясы туралы хабарлай отырып өтініш берген кезде тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы куәлік резидент заңды тұлғаға тиісті филиалды (өкілдікті) көрсете отырып беріледі. Бұдан әрі осы операциялар бойынша филиал (өкілдік) есепті ұсынады.

Банк филиалының (өкілдігінің) валюталық операциялары туралы хабарламасымен банк өтініш береді.

27. Резидент тіркеу және (немесе) хабарлау орны бойынша валюталық шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін бере отырып, осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды.

28. Қайта тіркеу және (немесе) хабарлама туралы жаңа куәлік алу бұрын берілген тіркеу куәлігінде және (немесе) хабарлама туралы куәлікте көрсетілген мынадай көрсеткіштер өзгерген кезде талап етіледі:

1) валюталық шарттың жалпы сомасының ұлғаюы;

2) валюталық шарттың валютасы;

3) валюталық шарттың қатысушыларын, егер өзгеріс талаптардың немесе валюталық шартқа қатысушы-резиденттердің міндеттемелерінің өзгеруіне әкелсе;

4) валюталық шарттың қатысушыларының сәйкестендіру деректері (аты-жөні немесе фирмалық атауы);

5) валюталық шарттың мәні;

6) валюталық шарттың қолданылу мерзімі - қысқа мерзімінен (бір жыл және одан аз) ұзақ мерзімге (бір жылдан артық) өткен кезде;

7) резиденттің тұрғылықты жері (тұратын орны) - басқа облысқа көшкен кезде;

8) резидент еместің тұрғылықты жері (тұратын орны) - басқа елге көшкен кезде (жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның тіркелу елінің өзгеруі).

29. Тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік мына жағдайларда:



1) осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген жағдайда, жаңа тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы жаңа куәлік беру кезінде;

2) егер валюта операциясы заңнамада белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылса;

3) Ұлттық Банк резиденттің қолданылу мерзімі аяқталған шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындаудың жоқ екендігі туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін;

4) резидент тікелей инвестор және (немесе) тікелей инвестициялау объектісі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, Ұлттық Банк тараптар арасындағы міндеттемелердің толық тоқтатылғаны туралы резиденттің жазбаша хабарламасын алғаннан кейін, сондай-ақ олардың сәйкестендіру деректері (аты-жөні немесе фирмалық атауы) өзгерген;

5) Ұлттық Банк резиденттің активтерге иелік ету аяқталғаны туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін;

6) Ұлттық Банк резиденттің шетел банкіндегі шоттың жабылғандығы туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін;

7) Ұлттық Банк валюталық шарт тараптарының резиденттілігі өзгергені туралы резиденттің жазбаша хабарламасын алғаннан кейін, оның нәтижесінде операция валюталық реттеу режиміне тап болмай қалған жағдайда;

8) заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне резидент заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы жазба енгізілгенде;

9) қайтыс болуды, сондай-ақ резидент жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы және қайтыс болу фактісін анықтау туралы соттың шешімдерін азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда тіркегенде күші жойылды деп саналады.

30. Валюталық реттеу режимі мыналарға қолданылмайды:



1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы қарыздары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілі бар мемлекеттік емес сыртқы қарыздар туралы келісімдер, сондай-ақ осындай келісімдер шеңберінде жүзеге асырылатын операциялар;

2) мәміле паспорттарын ресімдеу талап етілетін экспортпен (импортпен) байланысты коммерциялық кредиттер;

3) резидент еместердің қайталама нарықта басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес және солардың аумағында шығарылған резидент эмитенттердің бағалы қағаздарын (резидент эмитенттердің бағалы қағаздарына шығарылған депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда) сатып алуы;

4) резиденттердің қайталама нарықта Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздарын (Қазақстандық депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда) сатып алуы;

5) банктердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың аумағында шығарылған резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздарын және резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуға байланысты меншік операциялары;

6) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың аумағында шығарылған резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздарын және резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуға байланысты операциялары;

7) резидент еместердің Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы;

8) банктердің жұмыс және қызмет көрсету экспортымен (импортымен), сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен байланысты меншікті операциялары;

9) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде жүзеге асырылатын валюта операциялары;

10) банктер резидент еместерге 180 күннен асатын мерзімге берген коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар.

31. Егер валюталық шартқа қол қою күні (ол болмаған жағдайда - күшіне енген күні) осындай шарт бойынша жүзеге асырылатын операцияларға валюталық реттеу режимдерінің қолданылуын айқындау үшін қажетті сома және (немесе) өзге де жағдайлар болмағанда валюталық реттеу режимдерінің операцияларға қолданылуы резиденттердің және резидент еместердің валюталық шарт бойынша міндеттемелерінің нақты орындалуын негізге ала отырып айқындалады. Бұл ретте коммерциялық кредит және (немесе) қаржылай қарыз, егер 180 күннен астам мерзімге жасалған тиісті валюталық шарт шеңберінде экспорттың (импорттың) бөліктері бойынша және (немесе) қарыз қаражатын беру және тараптардың әр бөлік бойынша міндеттемелерді 180 күннен аспайтын мерзімде орындауын жүзеге асыру көзделсе тіркеуге, хабарлауға жатпайды.



Тараптардың коммерциялық кредиттер бойынша нақты орындалған міндеттемелері бойынша әрбір келесі төлем (жеткізу) неғұрлым ертерек күнмен жүзеге асырылған жеткізу (төлем) бойынша берешекті өтеу есебіне есептеледі. Төлемнің (жеткізудің) қалған бөлігі келесі төлем (жеткізу) бойынша берешекті өтеу есебіне есептеледі.

Жеткізу (төлем) бойынша берешекті толық өтеу кезінде коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар бойынша тіркеу және хабарлау мақсаты үшін 180 күнді есептеудің басталуы ол бойынша өтелмеген берешегі бар келесі жеткізу (төлем) күніне ауысады. Берешек сомасын есептеу барлық жеткізулер (төлемдер) бойынша ол бойынша берешегі бар валюталық шарт шеңберінде 180 күннен кем мерзімге берешекті қоса алғанда, барлық жеткізулер (төлемдер) бойынша жүргізіледі.

32. Валюталық реттеу режимдерінің таралуын айқындау мақсаттары үшін өзге валютада көрсетілген және шарт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамына нұсқаулар берілмеген шарт бойынша АҚШ долларындағы валюталық шарт сомасының баламасын есептеу валюталық шартқа қол қойылған күнгі (ол болмаған жағдайда - күшіне енгізілген күнгі) валюталар айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген жағдайларда шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін өзге валютада көрсетілген және АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамына нұсқаулар берілмеген валюталық шарт бойынша нақты орындалған міндеттемелер сомасының АҚШ долларындағы баламасын есептеу операцияларды жүргізу күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

33. Ұлттық Банк келісілген тәртіппен банкке, салық қызметі органдарына берілген және күші жойылған тіркеу куәліктері, хабарлама куәліктері туралы ақпарат ұсынады.

34. Уәкілетті банктер ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тіркеу куәлігі, заңды тұлғаларға (банктерді қоспағанда), сондай-ақ жеке тұлғаларға хабарлама туралы куәлік берілген валюталық шарт бойынша қаражаттың қозғалысы туралы есеп ұсынады. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюта операциялары бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы резиденттен түскен осындай ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпарат сол кезеңдегі есепке қосылады.

35. Резидентке тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің түпнұсқасы жоғалған кезде ол өтінішпен хабарласқан жағдайда жоғалған құжаттың дубликаты беріледі.



Резидент дубликатты алу үшін тіркеу немесе хабарлау орны бойынша жоғалту себебі мен жағдайын көрсете отырып, өтініш береді. Ұлттық Банк өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дубликатты ресімдейді және береді. Дубликат бастапқы тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің бастапқы нөмірімен және күнімен «Дубликат» деген сөзді және дубликат берілген күнді көрсете отырып беріледі.

36. Тіркеуді, хабарлама туралы растауды Ұлттық Банк тарапынан тиісті валюталық операцияcы (валюталық шарт) бойынша қатысушылардың міндеттемелеріне қатысты қандай да болмасын міндеттеме алмай Ұлттық Банк жүргізеді.



Тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің болуы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен босату үшін негіз болып табылмайды.

37. Валюталық реттеу режимдерінің шеңберінде ұсынылатын және (немесе) тиісті есептерде көрсетілетін мәліметтердің шынайылығына бақылау жасау мақсатында осы Қағидаларда белгіленген жағдайларда және (немесе) Ұлттық Банктің сұратуы бойынша резиденттер Ұлттық Банкке валюталық шарт бойынша міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:



1) төлем жүргізу не тауар жеткізудің (жұмысты орындау, қызмет көрсету), сондай-ақ активтерді берудің негізділігін растайтын құжаттардың көшірмелері (төлем құжаттарының, тауар декларацияларының және шот фактуралардың көшірмелері);

2) уәкілетті банктің жүргізілген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы анықтамасы;

3) шетел банкінің жүргізілген төлемдер туралы және шетел банкіндегі шоттың жағдайы туралы үзіндісі;

4) Заңның 12-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлардың басталуын растайтын құжаттардың көшірмелері.

38. Резидентте салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін ұсынуын тоқтата тұру туралы шешімі болған кезде осындай шешім қабылданған сәттен бастап және салық есептілігін ұсынуды жаңартқанға дейін олар алған тіркеу куәліктері және (немесе) хабарлама куәліктер бойынша есептілік ұсыну қажет етілмейді.

 

 

6. Тіркеу режимінің жалпы талаптары



 

39. Ұлттық Банк осы Қағидалардың 30, 42-тармақтарында көрсетілген операцияларды қоспағанда, мынадай жағдайларда:



1) мүліктің (қаражаттың) Қазақстан Республикасына түсуін және (немесе) резидентте мүлікті (қаражатты) резидент емеске қайтару міндеттемелерінің туындауын көздейтін валюта операциясының сомасы баламасы бес жүз мың АҚШ долларынан асып кеткенде;

2) Қазақстан Республикасынан қаражат аударуды (мүлікті беруді) және (немесе) резидентте мүлікті (қаражатты) резидент еместің қайтаруы талаптарының туындауын көздейтін валюта операциясының сомасы баламасы бір жүз мың АҚШ долларынан асып кеткенде Заңның 20, 21, 23, 24-баптарында айқындалған валюта операцияларын тіркеуді жүзеге асырады.

40. Валюталық шартты тіркеу үшін валюталық шарттың резидент қатысушысы өзінің тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін) және орналасқан (заңды тұлға үшін) мекен-жайы бойынша орналасқан Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасайды.

Осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тіркеу куәлігі не оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініш берушілер барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2013.26.04. № 110 Қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

41. Резидент тіркеу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) валюталық шарттың тігілген және қол қойылған (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөрмен бекітілген (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі. Егер валюталық шарт шетел тілінде жасалса, онда оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылады;

3) жеке тұлғасын растайтын құжаттың көшірмесі (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

5) валюталық шарт бойынша міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшірмесі.

Осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген жағдайларда жаңа тіркеу куәлігін алу үшін көрсетілген құжаттар Ұлттық Банкке соңғы ұсынған сәттен бастап өзгермесе қайтадан ұсынылмайды.

42. Осы Қағидалардың 10-12-тарауларына сәйкес хабарлауға жататын мына валюта операциялары тіркеуге жатпайды:



1) банктердің өз операциялары;

2) резидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттың негізінде немесе резидент басқарушы компаниямен жасалған инвестициялық портфельді басқару туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын резидент емес (резидент) эмитенттердің бағалы қағаздарымен резиденттердің (резидент еместердің) операциялары;

Осы тармақтың 1) тармақшасындағы ереже тараптардың бірі банк болып табылмайтын резидент валюталық шартқа қолданылмайды. Бұл жағдайларда банк болып табылмайтын резидент тіркелуге өтініш жасайды.

 

 

7. Қаржылық заемдарды және коммерциялық кредиттерді тіркеу



 

43. Қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттерді тіркеуге арналған өтініш көрсетілген қосымшаның жалпы бөлімін және 1-бөлімін толтыра отырып, осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

44. Резидент алынған тіркеу куәлігі бойынша тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда), осы Қағидалардың 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті валюталық шартты тіркеген жерге ұсынады.

45. Қаржы заемы шарты бойынша қаражатты игеру және берешекті өтеу болжамын нақтылау мақсатында Ұлттық Банк осы Қағидалардың 6-қосымшасының 1-бөлімінің 12-тармағында келтірілген нысан бойынша ақпарат сұратады.

46. Заңның 20-бабының 3-тармағының екінші бөлігінде және 23-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда Резидент еместердің барлық жеткізулері (төлемдері) бойынша резиденттің берешек сомасы валюталық шарт шеңберінде баламасы бес жүз мың АҚШ долларынан асып кетсе не резиденттің барлық жеткізулері (төлемдері) бойынша резидент еместің берешек сомасы валюталық шарт шеңберінде баламасы бір жүз мың АҚШ долларынан асып кетсе тіркеуден өткізіледі.

 

 

8. Тікелей инвестицияларды тіркеу



 

47. Тікелей инвестицияларды тіркеуге арналған өтініш көрсетілген қосымшаның жалпы бөлімін және 2-бөлімін толтыра отырып, осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

48. Тікелей инвестор болып табылатын резидент (банктерді қоспағанда) активтерге иелік етуі аяқталғанға дейін алған тіркеу куәлігі бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда), осы Қағидалардың 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті валюталық шартты тіркеген жерге ұсынады.

49. Тікелей инвестициялау объектісі болып табылатын резидент (банктерді қоспағанда) резидент емес инвестордың активтерге иелік етуі аяқталғанға дейін алған тіркеу куәлігі бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда), осы Қағидалардың 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті валюталық шартты тіркеген жерге ұсынады.

50. Өзге жағдайларда резиденттер алған тіркеу куәлігі бойынша міндеттемелерді тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) осы Қағидалардың 9-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті валюталық шартты тіркеген жерге ұсынады.

 

 

9. Капитал қозғалысының басқа операцияларын тіркеу



 

51. Бірлескен қызмет қатысушысының міндеттемелерін орындау үшін зияткерлік меншік объектілеріне айырықша құқықты толық сатып алуға, ақша және басқа мүлік беруді тіркеуге өтініш осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша көрсетілген қосымшаның жалпы бөлімін және 4-бөлімін толтыра отырып ұсынылады.

52. Резидент алынған тіркеу куәліктері бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) осы Қағидалардың 9-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті валюталық шартты тіркеген жерге ұсынады.

 

 

10. Хабарлама режимінің жалпы талаптары



 

53. Резиденттер осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мына:

1) мүліктің (қаражаттың) Қазақстан Республикасына түсуін және (немесе) резидентте мүлікті (қаражатты) резидент емеске қайтару міндеттемелерінің туындауын көздейтін валюталық операцияның сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асқан;

2) Қазақстан Республикасынан қаражаттың аударылуын (мүліктің берілуін) және (немесе) резидентте резидент еместің мүлікті (қаражатты) қайтаруы бойынша талаптар туындауын көздейтін валюталық операцияның сомасы бір жүз мың АҚШ доллары баламасынан асқан;

3) резиденттің резидент емеске және (немесе) резидент еместің резидентке туынды қаржы құралдарымен операциялар (базалық актив үшін төлемді есептемегенде) бойынша, сондай-ақ жұмыстардың, қызметтердің экспортымен (импортымен) байланысты есеп айырысулар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы сомасы бір жүз мың АҚШ доллары баламасынан асқан жағдайлар орын алған кезде, Заңның

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет