- Жұқпалы сары ауру
- Полиомиелит
- Аденовирустар
- А және Б коксаки вирустары
Қоздырғыштың таралуы - Су жолымен берілу факторы адамдардың туберкулезді жұқтыруында да маңызды,тіпті қоздырғышы жұқтырылған суда шомылғанның өзінде қауіпті боп табылады.Туберкулез милобактериялары су нысандарына туберкулез ауруханаларының,санаториялардың ағынды суларынан,сонымен қатар малдарды суару кезінде түседі.
Қоздырғыштардың таралуы - Адамның су арқылы сібір жарасын да жұқтыру қаупі бар,ол биофабрикалардың және жүн жуатын орындардың ағынды суларын залалсыздандырмай су көздеріне жіберген кезде болады.
- Сумен қамтамасыз ету көзінде санитарлық қорғау аймағының нашар ұйымдастырылуы;
- Су құбырындағы судың нашар тазартылуы және залалсыздандырылуы;
- Су құбырларының ескіруі себебінен сулың екіншілік бактериалды ластануы;
- Ашық су көздерінен алынатын суды өңдеусіз шаруашылық және ауыз су мақсатында пайдалану.
Эпидемиялық қауіпсіздік - Ауыз су құрамында қалыпты жағдайда патогенді микроорганизмдер болмауы керек.Осы мақсатта судың қауіптілігін оның құрмындағы микробтың жұқпалы ауру қоздырғыштары бар немесе жоғымен емес,өйткені оларды анықтау қиынырақ,сондықтан жанама көрсеткіщтермен анықтайды.
Ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін таңдау - Сумен қамтамасыз ету кезінде екі түрлі су көзі қолданылады:жер асты сулары және ашық су көздері.
- Жер асты сулары.Үшке бөлінеді:
- Топырақтық
- Грунтты
- Пластаралық
- Топырақтық су топыраққа атмосфералық түсімдер түскен кезде пайда болады,ол жердің бетінде орналасады.Жаңбыр жауғанда,қар ерігенде оның мөлшері көбейеді,өйткені ол жерге сіңіп үлгермейді.
- Грунтты сулар жер бетіне ең жақын орналасқан су қабаты.Оның астында су өткізбейтін қабат болады.Грунтты су атмосфералық түсімдермен:қар және жаңбыр суымен қоректенеді.Сонымен қатар қоздырғыштармен оңай ластанады.
- Пластаралық сулар екіге бөлінеді:пластаралық қысымсыз су,пластаралық қысымды сунемесе артезианды су.
Достарыңызбен бөлісу: |