- Минералды тұздардың көп концентрациясы суға жағымсыз дәм береді,асқазан-ішек жолдарының қызметіне теріс әсер етеді,ол суларды тұрмыста және өндірісте қолдану мүмкін емес.
- Ішуге қолданылатын су ашық су көздеріне өндірістік мекемелердің тазартылмаған қалдық сулары жіберілсе судың құрамында химиялық заттардың:сынап,мышьяк,қорғасын,хромның улы концентрациясы пайда болады.
Судың физикалық қасиеті Судың мөлдірлігі - Судың құрамындағы қалқып жүрген заттарға байланысты.Ауыз су ретінде қолданылатын судың мөлдірлігі 30 см тереңдікте судың астына қойылған белгі шрифтпен жазылған жазу көрінетіндей болу керек.
Судың түсі - Ашық және терең емес жер асты суларынан алынған судың құрамында топырақтан жуылған гуминді заттардың болуы,су гүлденген кезде және ашық су көздері қалдық сулармен ластану әсерінен болуы мүмкін.Судың түсі нормада 20градустан көп болмауы керек.
Судың дәмі мен иісі - Судың құрамындағы өсімдік тектес органикалық заттардың болуына байланысты,олар суға батпақтың, шөптердің иісіндей иіс береді.Сонымен қатар судың иісіне және дәміне судың өндірістік қалдықтармен ластануы да әсер етеді.Ал жер асты суларының иісі мен дәміне көп мөлшерде еріген минералды тұздар мен газдар да әсер етеді,мысалы,хлоридтер мен көмірсутектер.Суды зерттеу кезінде иісінің қарқындылығын және сипатын анықтайды.
Судың химиялық қасиеті - Санитарлық ережеге және нормага сай су химиялық жағынан зиянсыз болу керек және табиғи судың құрамында кездесетін заттар,суға өңдеу процесінде қосылатын реагенттер,адамдардың іс әрекеттері нәтижесінде суды ластайтын заттардың мөлшері стандарттағы нормативтерге сай болу керек.
- Құрғақ қалдық.Судың құрғақ құрамының жиынтығы құрғақ қалдықпен анықталады,ол 1литр суды булағанда қалатын зат.Ол судың минерализация дәрежесін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |