- Темір
- Хлоридтер
- Сульфаттар
- Фтор қосылыстары
Темір - Темір көбіне жер асты суларының құрамында темірдің дигидрокарбонаты түрінде кездеседі.Су ауамен қатынасқа түскенде темір тотығып, темірдің гидроксидіне айналады.Ол суға қоңыр түс береді.Егер судың құрамында темірдің мөлшері 0,3-0,5мг/лден көп болса судың органолептикалық қасиеті нашарлайды,ал оның мөлшері судың құрамында 1-2мг/л болған кезде,лайлылық пен түсінен басқа судың дәмі де өзгереді.Орталықтандырылған судың құрамында нормада темірдің мөлшері-0,3мг/л, ал жергілікті су көзі суының құрамында 1мг/лден көп болмауы керек.Судың құрамында кальций мен магний тұздарының болуы судың қаттылығына әсер етеді.
- Судың қаттылығы 1,75моль/лге дейінгі суды жұмсақ су,1,75-3,5 дейінгі су- орташа жұмсақ су,35-70 аралығындағы суды қатты,ал 7,0-ден жоғары суды өте қатты су деп атайды.
- Стандарт талаптарына сай ауыз судың қаттылығы нормада 3,5моль/л немесе 7мг-экв/лден көп болмауы керек.
Хлоридтер - Жай ағынды сулардың құрамында көп емес мөлшерде 20-30мг\л дейін кездеседі.Құрамында хлордың мөлшері 350-500мг\л болса,онда суда тұзды дәм пайда болады.Ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді.Стандартқа сай судың құрамында хлоридтер нормада 350мг\лден аспауы керек.
Сульфаттар - Өзен суларында және тұзды көлдердің шөгінділерінде тұрақты түрде кездеседі.Судың құрамында сульфат мөлшері мг\л болса,онда суда ащы тұзды дәм пайда болады.Мұндай суды бұрын қолданып көрмеген адамдарда ол диспепсия туындатуы мүмкін.Стандартқа сай судың құрамында сульфат 500мг\л аспауы керек.
Фтор қосылыстары - Судың құрамында фтор қосылыстарының құрамында фтор ионы сүйектің және тістің минералдануына қатысады.Судың құрамындағы фтордың мөлшері нормада 1,2-1,5мг\л болу керек.
Жұқпалы ауру таралуында су факторының рөлі. - Егер ауыз судың құрамына жұқпалы ауру қоздырғыштары түссе,су эпидемиологиялық жағынан қауіпті болады.Су арқылы мынандай жұқпалы аурулар тарайды:
- іш сүзегі
- тырысқақ
- дизентерия
Достарыңызбен бөлісу: |